БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт



жүктеу 3.92 Mb.
бет12/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.92 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Аумақтық құрылыс


Облыста 15 аудан, 4 қала (соның ішінде облыс орталығы Өскемен қ.), 246 ауылдық округтер. Қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ көптеген елді мекендер жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген. Олардың негізгі орналасулары қазіргі талаптарға сай емес.

Бас жоспарлармен, жеке құрылыс аудандарының бөлшектік жоспарлау жобаларымен, тарихи-мәдени мұраның демалу аймақтарының және ескерткіш орындарының бас жоспарларымен бекітілген елді мекендердің қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде қалмайды. 799 елді мекеннен 209 елді мекен бас жоспарлары бар, 590 түзетуді қажет етеді.

2011-2015 жылдарға облыс бойынша 1402,9 млн. тенңге сомаға 137 елді мекеннің бас жоспарларын және құрылыс сұлбасын және 20 тұрғын ауданның бөлшектік жоспарлауының жобаларын әзірлеу қарасытылған.

Облыстық маңызы бар қалалардың және аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу.

Бас жоспарлар бекітілді:

1) тұрғындар саны 100 мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалар: Өскемен және Семей;

2) тұрғындар саны 100 мыңға дейін облыстық маңызы бар қалалар: Риддер, Курчатов.

19 аудан орталықтары және облыстық маңызы бар қалалардың 18-де бас жоспарларды әзірлеу аяқталды, біреуі бойынша 2015 жылдың соңына дейін аяқталады.

Тірек ауылдардың және шағын елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.

Сондай-ақ 2015 жылға дейін облыс бойынша 351,0 млн. теңге сомаға 74 шағын елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысын орындау үшін облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастырының ақпараттық жүйесі 5 қалада қабылданған болатын: Өскемен, Семей, Риддер, Зыря, Курчатов; 6 аудандық орталықтарда: Аягөз қ., Молодежное а., Ақсуат, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай.

Қалалар және аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жалпы құны 269,6 млн. теңгеге 23 елді мекенде базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілген.

Облыста «Мекен жай регистрі» ақпараттық жүйесі» мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалыптастырудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру және «Жеке тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік мәліметтер базасы үшін мекен жай ақпаратын, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелерді ұсыну болып табылады.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтары:

тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, зоналауды фукнциялау және бұл аймақтар аумағын пайдалануға шектеулік, экологиялық жағдайда жақсарту бойынша шаралар есебімен елді мекеннің , соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қосқандағы дамуының негізгі проблемалары шешілуде.

Әлсіз жақтары:

бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйдің және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының қымбаттауына әкеледі.

Қауіптер:

елді мекендердің бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобаларының келісілген тәртібінде бекітілгендегіде болмаған жер телімдерін беру және объектілер салуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынады.

2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету

Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.

Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық аумақтарда 11 аудандық орталық аурухана, 15 - ауылдық ауруханалар бар, 164 дәрігерлік амбулатория, 57 ФАП, 340 медпункт, 68 жеке үй-жайсыз медициналық қызметкерлер бар.

Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 545 мектеп және онда 72793 бала бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.

Ауылдық аумақтарда 266 кітапхана, 263 клуб және мәдениет үйлері, 1 кинотеатр қызмет көрсетеді.

Облыстың 764 ауылдық елді мекенінің 282 немесе жалпы халық санынан 61,9%-ы (363874 адам) орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзындығы 8 421,8 км. құрайды, оның ішінде асфальтбетондық жолдар – 175,4 шақырым, қара жамылғы – 3357,0 шақырым, қиыршық тас жамылғы – 4132,7 шақырым, грунттық – 756,7 шақырым.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру тасымалданатын суды қолданатын 1993 адамға (Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдарында) су құбыры суын алуға қол жеткізді.

764 ауылдық елді мекеннің 23 (3%) телефон жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

14 ауылда немесе 1,8%-да электр энергиясы жоқ, оның 6-ның 50 адамман аса тұрғыны бар, 8-де 50 адамнан аз.

Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының дамуына бағытталған, біріншіден ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына.

Облыста даму әлуеті жоғары 46 ауыл (6%), даму әлуеті орташа 644 ауыл (84%) және даму әлуеті төмен 74 ауыл (10%) бар.

2012 жылдан бастап облыста тірек ауылдарды дамытудың үшжылдық бағдарламасы басталды. 2012-2014 жылдарға 50 тірек ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша кешенді жоспарлар әзірленген.

673 жобаны іске асыру үшін 2012 жылы 10,8 млрд.тенге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 5,5 млрд.тенге жұмсалған.

2013 жылы 10,8 млрд.тенге сомасына соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 5,6 млрд.тенге сомасына 873 жобаны іске асыру жоспарланған.

Кешенді жоспарларды іске асыру кезеңінде жұмыссыздар саны барлық тірек ауылдарда 32,5% немесе 172 адамға азайды. 7082 қосымша жұмыс орны ашылған. Аз қамтылған отбасылар саны 38,5% немесе 723 отбасыға азайған. Жеке кәсіпкерлер саны 52,2% немесе 442 бірлікке көбейді.

Ауыл шаруашылығы саласында ірі қара мал 31,8%, ұсақ мүйізді мал 35,5%, құс 11,6% көбейді.

Тірек ауылдарды дамытуды қолдау шаралары тірек ауылдарда тұрғындардың 1418 адамға немесе 1,6%-ға көбеюіне жағдай жасады.

Ауылды жаңғырту және ауыл тұрғындарының әл-ауқатының өсімін қамтамасыз ететін шарттар құруға бағытталған мемлекет саясатын іске асыру мақсатында облыста бес жылға арналған 31 тірек ауыл, 11 аудан орталығы және 246 орталық усадьба бойынша кешенді дамыту жоспарлары әзірленді және бекітілді. Экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, көлік қолжетімділігін дамыту және мелмекеттік және коммерциялық қызметтер көрсету орталықтарын ашу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Бүгінде тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту жоспарларын белсенді іске асыру жүргізілуде, мысалы 2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ауылдарды дамытуға 6,7 млрд. теңге (жылдық жоспардан 88,1%), оның ішінде нақты секторға 3,3 млрд.теңге (жылдық жоспардан 94%) бағытталды. 507 жоба іске асырылды және іске асыру сатысында, 1129 жұмыс орны ашылды.

2 бордақылау алаңы, 2 жылыжай, 2 дәріхана, 20 цех ашылды, мал шаруашылығын дамыту бойынша 25 жоба іске асырылды. 17 қызмет көрсету нысаны ашылды (кафе, дүкендер, автошеберхана, нотариус қызметтері). 2 мәдениет нысаны қайта жаңартылды.

11 аудан орталығында жоспарланған құны 8,2 млрд.теңгеге 345 жобадан 9 айдың қорытындысы бойынша 319 жоба немесе 92,5% іске асырылды және басталды, бұл ретте игерілген қаражат 6,6 млрд.теңге немесе 80,5%.

2014 жылғы 9 айда ауылдық округтер, ауылдар мен кенттерді дамыту бойынша жалпы сомасы 21,0 млрд.теңгеге жоспарланған 1246 іс-шаралардан 806 жобаіске асырылды және іске асыру сатысында, бұл ретте игерілген қаражат 18,2 млрд.теңге немесе 87%.

Аудандар, ауылдар мен кенттік округтер әкімдері резервтерді талдау жұмысын жүргізуде, тірек ауылдардың нақты секторына инвестиция көлемін ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылуда.

Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады.

Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 28000 теңгеден жоғары.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азайуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына 1953 отбасы тіркелген (2012 жылдың кезеңіне сәйкес салыстырғанда аз), алушылар – 8079 адам (5507 адамға аз), орташа айлық мөлшері 1847 теңгені құрайды (66 теңгеге көп).

Ауылды мекен бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2014 жылғы 1 қаңтарда 11717 адамды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3% аз немесе 1639 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі н жыл деңгейінде 0,7%.

Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының өсуі халықтың ақшалай табысының өсуіне ықпал етеді. 2014 жылғы 9 айда халықтың жан басына шаққанда орташа ақшалай табысы 47331 теңгені құрады.

Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500-4000 теңгеден келеді.

Ауылда бұқаралық спортты дамыту материалды-техникалық базаның жоқтығынан проблемасы аса маңызды болып отыр. Елді мекендердегі қолда 363 спорт залдардан 361 зал жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу жаттығуларын жүргізу үшін пайдаланылады. Тек 2,6 % спорт имараттары ғана барлық халықтың пайдалануы үшін қол жетімді.

Ауылды мекендегі спорт және спорт-сауықтыру имараттарының желісі олардың жеткіліксіз санымен, нашар жабдықтанумен, төмен сапамен және олардың тегізсіз орналасуымен сипатталады. Бұның салдарынан облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқу процессінде «шаңғы дайындығы», «гимнастика» сияқты тәртіптер орындалмайды немесе толық көлемде орындалмайды.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтары:

ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.

Әлсіз жақтары:

1) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы;

2) жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі;

3) ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.

Мүмкіндіктер:

1) жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;

2) тірек және басқа ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту.

Қауіптер:

ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.

2.2.4.2. Шекаралас өңірлер

Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Шекаралас жерлердің ерекшеліктерін шарттайтын басты факторы географиялық орналасуы болып табылады.

Облыстың шекаралас аудандарының әлеуеті мемлекеттік шекарадан өтумен, көлік шарттарымен, шекаралас өткелдердің және кеден бекетінің инфрақұрылымымен, сондай-ақ тұратын халық санымен байланысты игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен, инвестициялық климаттың ерекшеліктерімен анықталады.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,4 мың кв. км. Облыс халқы – 1393,6 мың адам, соның ішінде шекаралас аудандарда – 383,9 мың адам. Облыста 9 шекаралас аудан бар: Риддер қ. , Бескарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарғай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары.

Бүгінгі күні шекаралас аудандарда халық санының азаю беталысы байқалады, осылайша соңғы үш жылда халық саны 39,4 мың адамға немесе 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 9 % азайған, бұл осы аудандардың дамуына кері әсер етеді.

Халық санының азаюының негізгі себептері жұмыс болмауы, тұрғындардың қалаға және жақын аудандарға көшуі, табиғи азаю, тұрмыс жағдайының болмауы болуы мүмкін.

Шекаралас аудандарда және ауылдық елді мекендерде мынадай проблемалар бар: кейбір елді мекендерде орталық сумен қамту және канализацияның болмауы, әлсіз дамыған әлеуметтік сала мен сауда.

Сонымен қатар әлсіз дамыған нарықтық инфрақұрылым себебінен қолайсыз инвестициялық климат. Сондықтан инвестиция көлемі әзірге экономиканың құрылымдық өзгеруі үшін жеткіліксіз. Нәтижесінде шекаралас саудадан кірістер ұсақ және орта жеке фирмалар қолында қалып отыр.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер аумақтарымен, туристік саланы дамыту, шекаралас сауданы дамытумен байланысты шекаралас аудандардың жоғары әлеуетті дамуын ескеру қажет.

Мысалы, Риддер қ. табиғи-рекреациондық ресурстармен сипататалады (Риддер қ. маңы ландшафтары).

Осы аумақта Кенді Алтайдың негізгі көрекіліктері шоғырланған, мұнда Қазақстан, ТМД және шетеле елдерінен көп туристер келеді

Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы,, Алтай ботаникалық бақшасы «Ак-кем», «Ак-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 2 тау шаңғы базасы, 4 демалыс базасы  - «Синегорье», «Климовка», «Громотуха», «Кедровка» бар.

Катонқарағай ауданында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар.

Күршім ауданында Марқакөл ұлттық қорығы және Марқакөл көлі бар. Тұзсыз, ағынсыз Алакөл көлі Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.

Өңірде төрт шекаралас сауда аймағын құру жоспарланған. Олар Ресей мен Қытай шекараларында, «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кеден бекеттерінде орналасады, олардың басты міндеті шетел әріптестермен бизнес жүргізу, Қытай мен Ресеймен тауарайналымын ұлғайту.

Қазіргі уақытта Бородулиха ауданында «Жезкент» кеден өткелінде шекаралас сауда және бірлескен бизнес жүргізу аймағы құрылуда, мұнда тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған жер телімдері шекаралас сауда объектілері мен бірлескен өндіріс құру үшін бөлінеді. Бұл аймақ құрылысының жобасында шекаралас сауданы жүзеге асыру үшін бөлмежайлар, әкімшілік ғимараттар, қойма бөлмежайлары, туристік инфрақұрылымды дамыту нысандары, өндірістік нысандар қарастырылған.

Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) және көршілес елдермен бірлескен құрылыс жүргізу шараларына және пайдалануға көңіл бөлу қажет.

Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекаралас ынтымақтастыққа көзқарасты өзгерту қажеттігін анықтайды.

«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыстың шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары 8 бағыт бойынша:шекаралас аудандар экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту; табиғат қорғау іс-шаралары мен трансшекаралық өзендерді пайдалану; туристік инфрақұрылымын дамыту; шекаралас сауданы дамыту, жұмыспен қамтуды өсіруге қолдау көрсету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша инвестиция тарту, экономикалық қызметті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қарастырады.

Іс-шаралар жоспарында қарастырылған іс-шараларды іске асыру үшін болжамды мәліметтер бойынша шамамен 49757,9 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 3948,8 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 2730,7 млн. теңге және басқа көздерден 43078,4 млн. теңге қажет. Жоспардың шеңберінде 6713 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысныда 2014 жылғы 9 айда 14,4 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 1,7 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 1,1 млн. теңге және басқа көздерден 11,6 млн. теңге, 684 жұмыс орны құрылған.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.

Әлсіз жақтары:

әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.

Мүмкіндіктер:

туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.

Қауіптер:

халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару.

Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымын: облыстық және 19 аудандық және қалалық мәслихат аппараттары, 272 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (облыс әкімі аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкім аппараттары, 252 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 250 атқарушы орган (226 аудандар бөлімдері және 24 облыстық басқармалар) және 23 орталық органның аумақтық бөлімшелері құрайды.

Облыс әкімі аппаратының қызметі әкімдіктің қызметін тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және басқа да қолдау түрлерін қамтамасыз етуді ғана көздемейді. Қазіргі уақытта жегілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру бірінші жоспарға кіреді.

Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «е-үкіметті» құрастырушының бірі «электронды әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру басталды.

Бүгінгі күні Бірыңғай көліктік орта салынды (бұдан әрі – БКО). БКО құрамына әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің 52 мемлекеттік мекемелері жатады. Шығыс Қазақстан облысының ішкі порталы құрылды (интернет-портал). IBM компаниясының «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған барлық облыс басқармаларында, өңірлік бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық (қалалық) әкімдіктерде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілді (бұдан әрі – ЭҚАБЖ).

2010 жылы электронды құжат айналым еншісі 28%, электронды құжат айналымы жалпы құжат айналымынан 85% құрады. Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта мемлекеттік басқарманың ашықтық деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатпен облыс әкімінің блогы жұмыс істейді, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, облыстық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі, форум жұмыс істейді.

2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа сайт платформасы құрылды. Мемлекеттің жалпы саны 44 452 құрады, оның ішінде – 2938 ақпараттық және 41 514 жаңалықтар мемлекеті. Облыс әкімінің интернет портал жұмысы барынша автоматтандырылған, басқа ресурсты мемлекеттік органдармен салыстырғанда бұл жүйені бірегей қылады.

Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік мекемесінде 125 виртуалды қабылдауы ашылды. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық куәләндыру орталғынан 895 электронды цифрлық кілті берілді

2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Электронды үкімет шлюзі кіші жүйесі сияқты өңірлік шлюзі» («Е-әкімдік» АЖ) ақпараттық жүйесі аясында 25 мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстыру жүзеге асырылады.

Өңірдің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін «Азаматтық интерактивті сұрақ алуды өзіне енгізетін, оларға ұсынылған мемлекеттік қызмет сапасы туралы мемлекеттік қызмет сапасы мониторинг» электронды жүйесі енгізілді. Облыстың 5 мемлекеттік мекемесінде терминалдар орнатылды.

Облыста тұрғындардың компьютерлік сауттылық деңгейін көтеру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Тыңдаушылардың санына қарай компьютерлік сыныптар ашылды, барлық қалалар мен аудандарда оқу жүргізілуде. Курсты бекітілген Бағдарламаға сәйкес, сертификат және кітапшалар тиражымен таратылған оқытушы жүргізеді.

2013 жылы облыс бойынша халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 67,5% (579541 адам) құрады. Көрсеткіштің жоспарлы маңызы бар жетістігі үшін 25084 адам оқытылды.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:



  1. ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы;

  2. мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар;

  3. электрондық қызметтер орталығығында Интернет-портал арқылы 123 электрондық қызмет: 11 интерактивті мемлекеттік қызмет, 112 виртуалдық қабылдау, 1 транзакция көрсетілуде;

  4. сайттың wap нұсқасы жұмыс істеуде;

  5. облыстың ЖАО бірыңғай көлік ортасының болуы;

  6. серверлік, соның ішінде резервтік бөлменің болуы;

  7. бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің болуы;

  8. облыстың елді мекендерінде 153 қоғамдық қатынау пункттері жұмыс істеуде;

  9. мемлекеттік органдардың жеке 50 сайтының болуы;

  10. SMS – мәлімдеу арқылы ұтқыр қызметтердің болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нлрмативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі;

  2. жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметтер тұтынушылармен өзара іс қимылын реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

  3. халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі;

  4. құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы;

  5. бизнестарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған;

  6. интернет-порталдағы әлеуметтік талап етілген интерактивтік, транзакциялық мемлекеттік қызметтердің саны тұрғындардың қажеттілігін жаппайды;

  7. мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы;

  8. мемлекеттік басқару саласын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы;

  9. «Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы;

  10. БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы.

Мүмкіндіктері:

  1. өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы;

  2. ұялы телефондардың кеңәнен таралуы «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін;

  3. «Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі;

  4. мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану;

  5. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие – біріңғай көліктік орта, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, сервистік және желілік құрал, резервті серверлі бөлменің бар болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингің сапасы.

Қауіптер:

  1. ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі;

  2. облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы;

  3. халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы.




        1. Гендерлік саясат

Қазақстанның гендерлік саясатының ерекшелігі ол гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте мемлекет болып табылады, ол гендерлік даму саласында превентивті және озық шаралар қабылдайды.

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 33 қаулысымен әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия құрылған.

Комиссияның негізгі міндеті әйелдер мен ерлердің экономикалық салада тең мүмкіндіктері, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, еңбек нарқында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы қызметтерімен балалар тәрбиесі қызметтерін біріктіру, отбасы институтын нығайту, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктері, отбасыда және жұмыс орнында зорлықты жою және ерлер, әйелдер мен балаларға қатысты зорлықпен күресудің және гендерлік білім және халықты ағартушылық бойынша халықаралық тәжірибесін енгізу.

2011 жылы облыста облыстық Әйелдер форумы өтті, онда қызметтің түрлі салаларынан 500 делегат қатысты. Форумда «Шығыс Қазақстан облысының әйелдер-көшбасшылары» облыстық конкурсы қорытындылары шығарылды. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан 20 әйел.

2014 жылы облыста 1394,1 мың адам тұрған, оның 731,0 адамы әйелдер, 52,4%. Әйелдер ерлермен қатар облыстың экономикалық қызметі саласында белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмысшылар қатарында әйелдердің үлесі 47,9%. Бұл орайда экономика қызметінің кейбір түрлерінде әйелдер көп. Осылай, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында барлық қамтылғандар санына 84% (2010 жылы – 76,7%), жұмыспен қамтылғандардың ішінен қонақ жай-ресторан бизнесі саласында – 83,1% (2010 жылы – 82,7%), білім беру – 75% (2010 жылы –75,3%), қаржы қызметі – 76,6% (2010 жылы – 67,2%).

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталады. Облыс бойынша орташа алғанда ерлердің еңбек ақысы әйелдерге қарағанда 22,5% жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыс, сауда, қаржылық қызмет және басқа қызмет салаларында әйелдердің еңбек ақысы ерлерге қарағанда 11,1-28 % төмен.

2013 жылы ерлердің жалақысы 101582 теңге болды және 2011 жылмен салыстырғанда 37% өсті, әйелдердікі 39,2 % өсті және ерлердікіне қарағанда 76,1% (77353 теңге) құрады.

Бұдан басқа, әйелдер бұрынғыша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктері төмен болып қалуда. 2013 жылы жалпы қамтылғандар санында ерлер 361,7 мың адам, немесе 51,2%, әйелдер – 345,2 мың адам (48,8%). Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 18,2 мың адам немесе 50,6%. 2010 жылмен салыстырғанда 0,8% төмендеген

Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат 320 депутатының 47 әйел, облыстың 73 қала және аудан әкімдері мен орынбасарларының 13 әйел, 249 аудандық маңызы бар қала ауылдық округ, кенттер әкімдері мен орынбасарларының 35 әйел.

Берілген мәліметтерге қарағанда аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өкілетті билік органдарында шешім қабылдау деңгейінде әйелдер үлесі не бәрі 14,7 %, биліктің атқарушы органдарында – 15 %.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары:


  1. атқарушы және өкілетті билік органдары басшыларының арасында әйелдердің үлесінің артуы;

  2. экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым;

  3. әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.

Әлсіз жақтары:

  1. жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,1%;

  2. әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған;

  3. ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.

Мүмкіндіктер:

әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қауіптер:


  1. әйелдердің құқықтарын қадағаламау;

  2. әйелдерді жыныстық дискриминациясы.
        1. Облыс бюджеті


Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің барлық функцияларында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.

Облыс бюджетінің көлемі 2014 жылға 271345,4 млрд. теңге құрады.

Республикалық бюджет трансферттері 2012 жылға қарсы 1,14 есе артты, соның ішінде нысаналы трансферттер - 1,27 есе, субвенция – в 1,1 есе. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 67%, меншікті кірістер үлесі – 29,5%.

2012-2014 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы

млн. теңге

35 сурет


2013 жылы экономика салаларының қол жеткізілген өсім қарқындары және облыста жүргізілген табыс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру жұмыстары арқылы меншікті табыстар өткен жылға қарағанда 14,0% өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,19 есе өсті және 271,9 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2014 жылы 2012 жылға 116,5% есе өсті.

Бюджеттің қалыптасуы түрлі аймақтарда шығындық қажеттіліктерінде айырмашылықпен шартталатын бюджеттік қызметті тұтынушылар және объективті факторларға қарай шығындық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды. «Сметалық» байламнан шығындар деңгейінің айырмашылығын шарттайтын объективті факторлар есебімен формулалық сұлба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санына қарай ағымдағы шығындарды бағалауға көшу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көліктік қол жетімділік және т.б).

Облыстың бюджеттік саясаты облыстың барлық қолға алған міндеттемелерінің толық және уақытында жүзеге асырылуы үшін қаржылық ресурстардың жұмылдырылуына және дайындалуына бағытталған, және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қосқанда облыс халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін бағдарлама.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған, және жоспарланған шығындардың негізгі басымдығы әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім беру, сонымен қатар сапалы дағдарыстан кейінгі облыс экономикасының өсіміне жағдай жасау болып табылады.





1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет