БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт



жүктеу 3.92 Mb.
бет4/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.92 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

2.2.1.2 Өнеркәсіп

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өндірісі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металургия, машинажасау, құрылыс индустриясы, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі шоғырландырылған.

2013 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 998,7 млрд. теңгеге тауар өндірді, бұл қолданыстағы бағада 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,4% есе көп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда екі есеге көбейді. 2013 жылы өндірістің табиғи көлем индексі 105,8% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 3,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Алайда 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Өнеркәсіп өнімінің ТКИ» нысаналы индикаторы сумен қамту, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау және орналастыруға бақылау салалары бойынша натуралды мәндегі өндіріс көлемінің 20,7% төмендеуіне байланысты орындалған жоқ (жоспар 106,8%, факт 105,8%).

Аталған сала бойынша индикаторды орындау үшін ауыз су жеткізудің натуралды мәндегі өндіріс көлемін 8,2%, қайталама шикізат - 0,7% ұлғайту бойынша іс-шаралар қарастырылған.
2011-2013 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

4 сурет.
Өңір өнеркәсібі үш саланы қамтиды: тау-кен өндіру өнеркісібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергия, газ бен суды өндіру және тарату.

Таукен өнеркәсібінің негізін 91 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 9 орта кәсіпорын, 74 шағын кәсіпорын және 8 ірі кәсіпорын құрайды.

2013 жылы тау кен өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің үлесі 9,6% құрайды.

Таукен өнеркәсібінде және карьерлер өндірісінде өндіріс 96,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 22,6 % артық, табиғи көлем индексі 113,2% құрайды.


2011-2013 жылдардағы таукен өнеркәсібіндегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

5 сурет.
Саладағы ақшалай және натуралды мәндегі өндіріс көлемінің 2011 жылмен салыстырғанда азаюы әлемдік металл нарықтарындағы түсті металдарға аға мен сұраныстың өзгеруімен және өндірілетін рудалар қорының азаюымен шартталған.

Өңірдің минералды-шикізат кешенінің перспективті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздестіру- бағалау жұмысын өткізуді талап етеді.

Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібіне келесі кіші салалар кіреді: металлургиялық өнеркәсіп (саладағы үлес салмағы 52,7%), машина жасау (23%), азық-түлік өнімдерін өндіру (10,6%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (құрылыс материалдары) (6,3%), химиялық өнекәсіп (2,1%), басқа өңдеу өнеркәсібі саласында (5,3%).

Өңдеу өнеркәсібінде 776 кәсіпорын, соның ішінде 104 ірі және орта және 672 шағын кәсіпорын қамтылған.

Өңдеу өнеркәсібінің облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесі 82,9% құрайды.
2011-2013 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндіріс көлемі динамикасы

6 сурет.
Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний зауыты»АҚ, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ болып табылады.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібінде 827,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейіне 1,8% артық. Өндеу өнеркәсібінің ТКИ 106,7% құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Өндеу өнеркәсібінің өнімін өндіру ТКИ» (жоспар 107,9%) көрсеткіші машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары натуралды мәндегі өндіріс көлемінің 16,9%, ағаш және тығын бұйымдары - 34,1%, сусындар – 24,6% төмендеуіне байланысты орындалған жоқ.

Сондай-ақ «Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі өсімі» орындалған жоқ (жоспар 109%, факт 83,9%).

Көрсеткіштерді орындау үшін жеңіл өнеркәсіпте 20%, химия өнеркәсібінде 37,5%, металлургияда 11,8%, машинажасауда 19,6% барлық түрдегі өнімдердің өндірісін ұлғайту қарастырылған.


2011-2013 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі өнім өндірісінің табиғи көлем индексінің динамикасы

7 сурет.
Металлургия өнеркәсібінде 2013 жылы 436,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2012 жылға қарағанда 10,6% аз. Металлургия өндірісінің өнімі соңғы бес жылда 2,3 есеге көбейді. Табиғи көлемнің индексі 2013 жылы 102,5% құрады, жоспар 108%.

«Металлургия өнеркәсібі өндірісінің ТКИ» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспар 108%, факт 101,9%) қара металлургия өнімін өндіру көлемінің азаюына байланысты (ТКИ – 44,3%), атап айтқанда тазартылмаған болат 2012 жылға қарағанда 34,9%-ға, метал бұйымдары 16,9%, құйылған металл 9,7% аз өндірілген.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында облыстың металлургия кәсіпорындарының өнім өндірісі көлемдеріне ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Бұдан басқа, негізгі түсті және қымбат металлдарға әлемдегі нарықтардағы бағалар өзгерісіне мониторинг жүргізіледі.

Машина жасау кешені өңірдегі динамикалық дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Өңірде машинажасау өнімін шығаратын 68 аса шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді. Барлық кәсіпорындар типінің өнеркәсіп өндірісі құрылымында 13 ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы артады, олардың машинажасау көлеміндегі үлесі 84% -дан көп.

Машина жасаудағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 23% құрайды.

2012 жылға қарағанда 2013 жылы өндіріс көлемі 190,6 млрд.теңге құрады, бұлл 44,9% артық. 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 143,6% құрады.

Ақшалай жағдайда шығарылатын өнім көлемін «Машзауыт» ЖШС 75%, «Гидросталь» ЖШС 46%, «Өскемен конденсаторлық зауыты» АҚ 13,1%, «Георгиевка сорғы құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС 64% көбейді.

Автокөліктер шығару көлемі «Азия Авто» АҚ 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 1,9 есеге көбейді және 37471 дана құрады.

«СемАз» ЖШС тракторлар шығаруды 2% (1362 бірл.), «Daewoo Bus Kazakstan» ЖШС атобустарды 31,7% (141 бірл.) көбейді.

ШҚ облысында машинажасауды дамытудың басты перспективті бағыты толық циклды автомобильді зауыт және авто компоненттерді шығаратын технопарк құрылысы болып табылады.

Кіші саланың қарқынды өсуімен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар бар:


  1. өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі (43-80%);

  2. шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектелген номенклатура және өнімнің ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;

  3. қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы;

  4. саланың төмен инвестициялық тартымдылығы және кәсіпорындардағы айналым қаражатының тапшылығы;

  5. машинажасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінін айырылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименталды база, сынақ өткізу және техникалық бақылау орталығы);

  6. жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық бұйымдар өндірісіндегі төмен үлес.

Құрылыс материалдарын өндірумен 69 жуық ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімнің үлкен ассортиментін өндіреді: цемент, керамикалық, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдар, шифер, тауар бетоны, бетоннан жинақталған құрылыс құрылымдар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмассалық құбырлар, метал жабынқыш, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдарын, құрғақ қоспалар, лак және бояу материалдарын және т.б. өндіру бойынша өндіріс орын алды.

Алайда, жергілікті тауарөндірушілердің құрылыс материалдарына қажеттілігінің төмен деңгейіне байланысты кәсіпорынның жүктеу күштілігі орташа – 66,2% құрайды.

Құрылыс индустриясы және жер пайдалану кәсіпорындарын «Қолжетімді тұрғын үй 2020», тұрғын үй құрылысы, «Ақбұлақ», бағдарламаларына қатысуға тарту есебінен ТКШ модернизациялау кәсіпорындар саласында жүктеу пайызын ұлғайту және олардың қызметін тұрақтандыру жоспарланған.

Аталған кіші салаларға мынадай проблемалар тән: өндірістің жоғары энергия сыйымдылығы, негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі, өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны.

2013 жылы басқа металды емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 52,5 млрд. теңгеге жетті, бұл 2012 жылғыдан 14,9% артық. 2012 жылға қарағанда ТКИ 118,2% құрады.

Басқа металл емес минералды өнімнің табиғи көлем индексінің ұлғаюы Жарма ауданында «Қазақцемент» ЖШС цемент зауытының пайдалануға енгізілуіне байланысты болды. 2013 жылы зауыт 455,9 мың тонна клинкер және 505,5 мың тонна цемент шығарды.

2013 жылы асбоцемент және фиброцемент бұйымдары өндірісінің 38,9%, және кірпіштің 5,2% төмендеуіне байланысты «Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігі» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспар – 45,8%, факт – 38,4%).

Осыған байланысты, индикаторды орындау үшін портландцемент 16,1%, құрылысқа арналған құрама конструкциялар элементтері, соның ішінде цемент, бетон және жасанды тас өндірісін 12,5% ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарланған.
2011-2013 жылдардағы құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің өзгерісінің динамикасы

8 сурет

Жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80 %-ын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды, сондай-ақ сала кәсіпорындарының 75% ескірген жабдықтармен қамтылған, олардың жұмысының жүктемесі 30-40% аспайды.



2013 жылы былғары бұйымдарының натуралды мәндегі өндірісі 52% төмендеуіне байланысты «Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспар – 2905 млн.теңге, факт – 2838 млн.теңге), бұл «Жеңіл өнеркәсіптегі ТКИ» көрсеткішінің орныдалмауына әкелді, жоспар103,2%, орындалғаны 102,3%.

Жеңіл өнеркәсіпте көрсеткіштерді орындау үшін тоқыма бұйымдарын 6,4%, киім 11,3%, былғары және оған жататын өнімдерді 25% ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Кіші саланың проблемалары:


  1. ішкі нарықтың жосықсыз импорттан қорғалмауы; айналым қаражаттарының жеткіліксіз болуы;

2) технологиялық жабдықтың төмен деңгейі, оның моральдық және табиғи тозуы;

3) екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру ставкаларының жоғары болуы;

4) өндірілетін өнімнің бәскеге қабілеттілігінің төмендігі.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман шикізатын дайындайтын ағаш дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдеу үшін өндіріс әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көп бөлігі арамен кесу материалдарын ағаш дайындау тұрғын үй құрылысына арналған бөренелер, терезе және есікке арналған блоктар, жиһаз өндіруге мамандандырылған шағын бизнес субъектілері болып табылады.

2002 жылдан бастап қолданыстағы орман ресурстарының шикізат базасы тиімді пайдаланылмайды, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаттары орташа алғанда 20-40 % жұмыс істейді. Орман өнеркәсібі кешенінің жалпы ішкі өнімдегі орта әлемдік үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін орман өнеркәсібі кешенінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4,7% жеткен. Бүгінгі күні осы көрсеткіш тек қана 0,2% құрайды.

Сүректі өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 2013 жылы 3,6 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 65,9% құрады.


2011-2013 жылдардағы арналған ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің динамикасы

9 сурет.

Кіші саланың проблемалық мәселелері:



  1. төмен тауарлы және отын сүрегін кәдеге жарату бойынша өндірістің болмауы;

  2. кеден аумағында сыртқы экономикалық қызметке, барлық ағаш тұқымдас өнімдерінің экспорты мен реэкспортына тыйым салу.

Тамақ өнімдерін өндірумен, соның ішінде сусындар өндірумен 198 жұмыс істейтін, соның ішінде 26 ірі және орта кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.

2013 жылы салада 81,1 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, немесе 94,6%, табиғи көлем индексі 98% құрады.

Саланың негізгі проблемасы өндіріс үрдістерін механизациялау және автоматтандырудың төмен деңгейі, сала кәсіпорныбұрын пайдалануда болған өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарақталған, олар физикалық және моральді тозған, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейді.

Өндеу өнеркәсібі жалпы көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 10,6% құрайды.

Соңғы бес жыл ішінде химия өнеркәсібі өнім көлемі 9,2% есеге артты. Табиғи көлем индексі 2013 жылы 100,9% құрады.

2011-2013 жылдардағы тамақ өнімдерінің, соның ішінде сусындардың табиғи көлем индексі және өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы

10 сурет
Химия өнеркәсібі өнімдерін өндірумен 19 кәсіпорын айналысады, оның ішінде 4 ірі және орта кәсіпорын негізінен тау кен және металлургия өнеркәсібі өнімдерін шығарады.

2013 жылы кіші салада 17,5 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен артық.

Алайда, «Химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі» көрсеткіші жыл соңында таулы металлургия саласы өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты орындалған жоқ (17,9 млрд.теңге).

Химия өнеркәсібінде көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тау кен өндіру және металлургия өнеркәсібіне өнім өндірісін ұлғайту бойынша іс-шаралар қарастырылған (қышқыл, газ, жарылғыш заттар және басқа).
2011-2013 жылдардағы химия өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы

11 сурет

Бұл саланы дербес сала ретінде дамыту үшін облыста жеткілікті ресурстық база әлеуеті жоқ (мұнайхимиялық кіші сала жоқ).

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісімен 5 жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады. 2013 жылы фармацевтикалық өнеркәсіпте 1289 млн.теңге сомасына немесе 109,9% тауарлы өнім өндірілді, өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 71,9% құрады.
Бәсекеге қабілетті өндіріс құру, шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту үшін Қазақстанның Индустриаландыру картасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 658,2 млрд.теңгеге 61 жоба енгізілген, оның ішінде 2010-2013жж. 37 инвестициялық жоба іске асырылды. 8 мың жұмыс орны ашылды.

2013 жылы 4,9 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылды. 1167 жұмыс орны ашылды.

1. Ет және үй құсы еті өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы («Айтас МП» ЖШС) – 1594 млн. теңге;

2. Ұсақ үгітінді толтырғыш өндірісін кеңейту бойынша зауыт құрылысы («Alina Pro» ЖШС) - 203 млн. теңге;

3. Демалыс базасының құрылысы («Мелада» ЖШС) - 600 млн. теңге;

4. Жартылай вагондар люктерінің шатырларын дайындау бойынша өндіріс құру («Қамкор Локомотив» ЖШС) - 117 млн. теңге.

5. Тасқора алтын шығаратын фабрика құрылысы («Таскара» ЖШС) – 669 млн. теңге;

6. Семей қ. ТББ бұйымдарын шығаратын индустриялды комбинат құрылысы комбинаты («Сәт-Транс» ЖШС) – 689,8 млн. теңге;

7. Жұмыс істеп тұрған өндіріс алаңдарын құрылыс қолғаптарын шығаратын фабрика етіп ұйымдастыру үшін қайта жаңарту («Технология комфорта» ЖШС) – 500 млн. теңге;

8. Жұмсақ қаптама өндірісін ұлғайту бойынша қайта жаңарту («Полиус» ЖШС) – 595 млн. теңге.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына қарай моноқалаларды онтайландыру бағыты бойынша моноқалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында төрт моноқаланың экономикалық әлеуеті, сондай-ақ перспективалы жаңа маманданулары анықталған.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 6 «зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Зырян қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2015 жылы 3,5 есе, 2013 жылмен салыстырғанда инвестициялық жобаларды іске асыру есебімен 11424,2 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Курчатов қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5994,9 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2013 жылмен салыстырғанда 2322,2 млн.теңге). «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Риддер қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 79290,7 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2013 жылмен салыстырғанда 1,9%), таукен өнеркәсібінің тауар өндірісін ішкі айналымға қайта бөлу есебімен. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Серебрянск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5145,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2013 жылмен салыстырғанда 2172,5 млн.теңге).

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) меншікті материалдық шикізат базасының болуы;

2) шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;

3) әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;

4) шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;

5) бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;

6) ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);

7) өндіріс әлеуетінің болуы;

8) түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі.

Әлсіз жақтары:

1) бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;

2) пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;

3) шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;

4) еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

5) ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;

6) білікті мамандардың тапшылығы;

7) технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;

8) айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:



  1. метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту;

  2. ТМК дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады;

  3. жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;

  4. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді;

  5. ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.

Қауіптер:

  1. ТМК өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

  2. машина, құралдар, механизмдер, импортының көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;

  3. тауар рудасын селективті өндіру және металлоломның экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;

  4. Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

  5. шикізат ресурстарына бағаның құлауы.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет