БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт



жүктеу 3.92 Mb.
бет5/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.92 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Электрмен қамтамасыз ету.


Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (18,1%), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (24,9%), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (29,7%), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (17,7%), «Согра ЖЭО» ЖШС (5,2%), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,7%) және «Риддер ЖЭО» (3,3%) электр энергия өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы соңғы 3 жылда өндіру көлемі барлығы 8,08%-ға, ал тұтыну көлемі – 0,38%-ға азайғанын көрсетті.


2011-2013 жылдардағы электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы

12 сурет
Энергия үнемдеуші саясатты енгізу мақсатында облыстық мәслихат сессиясында (2012 жылғы 17 сәуірде) 2015 жылға дейінгі энергия үнемдеу және энергиятиімділігін жоғарылату жоспары әзірленді және бекітілді.

2012 жылы «Өскемен ГЭС» ЖШС фин технологиясы бойынша техникалық сумен қамту және нөсерлі ағындарды тазарту имараттары жүйесі бар градирна құрылысын жүргізді. Бұл кешен Шығыс Қазақстан облысында алғашқы және жалғыз болып табылады. Электр энергиясын өндіру 145 млн.кВтс/жыл ұлғайды.


«Согра ЖЭО» ЖШС 2012 жылғы желтоқсанда 50 МВт турбоагрегат пайдалануға енгізілді. Согра ЖЭО № 1 жаңа турбоагрегат енгізілгеннен кейін өндіру 113 717 060 кВт сағ ұлғайды.

«Риддер ЖЭО» 2012 жылы 1-ші және 2-ші буысытқышты ауыстырумен №1 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді.

№ 1 гидроагрегатқа технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін қайта жаңартумен және стационарлы мониторинг жүйесін жаңартумен күрделі жөндеу жүргізілді.

2012 жылы Бұқтырма ГЭС «Казцинк» ЖШС № 1 гидроагрегатқа күрделі жөндеу жүргізді, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстырумен ОРУ-220 қайта жаңартылды.

2013 жылы электр энергиясы тапшылығын азайту үшін «AES Өскемен ТЭЦ» АҚ №№9,10,11 турбиналары қызмет ету мерзімін ұлғайту және ұзарту іс-шараларын қарастыратын турбиндік жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бағдарламасын әзірледі.

2013 жылы роторлардың жоғары және орташа қысымы, ЦВД корпустық тетігін ауыстыруымен № 11 турбинаға қайта құру өткізілді және пайдалану мерзімі 220000 сағатқа ұзартылды.

2013 жылы ЦВД жеткізіліміне және 2014 жылы іске асыру мерзімімен №9 ст турбинаның роторларына УТЗ» ЖАҚ шартқа қол қойылды. ЦВД ауыстырылғаннан кейін №9 ст турбинаның парктік ресурсы сондай-ақ 220000 сағатқа ұзартылады.

СЭС Өскеменнің ең ірі жобасы - № 1 гироагрегаттың қайта құру және жаңғырту барысында, гидрогенератордың толық ауыстыруы жасалған, блоктың автоматты басқару жүйесі және гидроагрегаттың дірілдеуік мониторинг жүйесі жөнделді. № 1 жаңғыртылған гидроагрегат 2013 жылдың сәуірінде пайдалануға енгізілген.

Шульбинский СЭС инвестициалық бағдарламаларын іске асыру сенімділік және негізгі және қосымша жабдығын пайдалану қауіпсіздігін, гидротехникалық құрылыс кешенің, сонымен қатар жұмыс параметрлерін оңтайлы таңдау қамсыздандыруымен, гидроагрегаттардың жұмыс тәртібін басқару тиімділігін көбейту.

2013 жылы қорғаулардың қайта құру және жаңғырту, цифрлық реттегіш ауыстыруымен автоматика жүйесі және № 1 гидроагрегатты басқару аяқталды , сенімділігін және жабдықтаудың пайдалану қауіпсіздігін көтеруге мүмкіндік берді.

2013 жылы 2 сатының бумен қатты қыздыру және ауамен ысыту ауыстыруымен № 5.ст қазанға күрделі жөндеу жасалды.

Сонымен қатар, ЖЭО Риддерға жыл сайын турбиналардың біреуіне күрделі жөндеу жасалады.

2013 жылға табиғи монополиялар субъектілерімен инвестициялық бағдарламаларды орындау талдауы, табиғи монополиялар субъектілерінің үлкен бөлігі, толық көлемде инвестициялық бағдарламалардың көрсеткіші орындайды деп көрсетеді,

АЕS компания 2013 жылы инвестициялық бағдарламаларды 9,86 млрд.теңге жалпы сомаға, фактически – 9,93 млрд. теңгеге бекітті.

Соңғы жылдары инвестиция салудың өсу беталысының байқалғанына қарамастан, облыс энергетикасына инвестиция салудың жалпы көлемінің (энергия объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізуге қажетті тиісті инвестиция көлемінің) тек 10%-ын ғана құрағандығын айту қажет.

Осының салдарынан бүгінде энергетикалық жабдықтардың тозу дәрежесі өте жоғары: СЭС бойынша – 30-50%; ЖЭО бойынша – 50-65 %.

Электр станциялардың негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутация аппаратураларының жартысына жуығы пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген және істен апаттық шығу сатысында тұр.

Тозу пайызы 60%-ды құрайтын өңірлік электр желілері өте нашар жағдайда тұр.

«110 кВ және төмен таратушы электр желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі сұлбалары» іс-шараларын іске асыру жоспарына сәйкес 110 кВ және төмен таратушы электр желілерін жаңадан салудың және жаңғыртудың жалпы күрделі қаржы жұмсалымы 103,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 11 млрд. теңгеден кем емес көлемдегі инвестицияны жыл сайын салу дегенді тұспалдайды.

Сонымен бірге облыс шегінен 2012 жылы 848,1 млн.кВт сағат электр энергиясы алынды, ол біршама жоғары бағамен сатып алынған.

«ШҚ АЭК» АҚ өңірлік электрлік жүйелерінің аса қанағаттанғысыз техникалық жағдайы жүйелердегі жоғарғы деңгейлі техникалық шығындарды өршітеді – 460 млн. кВт/сағат немесе тасымалданатын электр энергиясы мөлшерінен 12 %. Техникалық шығындарды сатып алуға жұмсалған шығындар (900 млн.теңге шамасында) тариф есебінен жабылады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 6 740, 90 кВт/сағатты құрады, электр қуатын тұтыну көлемі – 8 203,70 кВт/сағат. Энергияның баламалы көздерін қолдану үлесі жалпы энергия тұтыну көлемінде пайыздық арақатынаста 2013 жылы 7,58 % құрады. 2013 жылда аталған В нысандарымен 54,8 млн. кВт/сағат өндірілді, бұл барлық өңір электроэнергиясын тұтынудан 0,67% құрайды.

Дегенмен 2013 жыл көлемінде қуаттылығын 50 МВт арттырумен Согра ЖЭО турбогенераторын жаңарту, Семей қаласындағы ЖЭО-1 турбогенераторын қайта жайластыру, Өскемен ЖЭО турбогенераторын қайта жайластыру бойынша жұмыстардың жүргізілуі және аталған нысандардың ұзақ мерзімде пайдаланылмауына байланысты «Электр энергиясын өндіруді арттыру» көрсеткіші жыл қорытындысы бойынша орындалмады (жоспар-101,2 %, факт – 98,5%).

Бұдан басқа 2013 жылы жаңа нысандарының құрылысы жөніндегі жобалар іске асырылған жоқ. Осыған байланысты «Жалпы электр тұтыну көлемінде энергияның баламалы көздерінің үлесін арттыру» көрсеткіші орындалмады. Энергияның баламалы көздерінен өндірілген электр энергиясының мөлшері 54 млн. кВт/сағат құрады, немесе 1,78 % жоспарлы мәнінде 0,65 %.

Электр энергиясын 200 млн.кВт.сағат немесе 0,2% арттыру Өскемен ЖЭО градирлік жабдықтарды енгізу, сонымен қатар Согра ЖЭО қуаттылығын 50 МВт арттыру және жаңарту есебінен жоспарланған.

2014 жылдың жарты жылының қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру Бұқтырма суқоймасының толуының артуына байланысты Бұқтырма СЭС 35%-ға және Өскемен СЭС 25 %-ға артты.
Шығыс Қазақстан облысы жаңарған энергия көздерінің үлкен әлеуетіне ие.

Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету және Қазақстанның бірыңғай электрэнергия жүйесімен әлсіз электр байланыстары бар өңірлердің электрэнергиясын қамтамасыз ету мақсатында жаңарған энергия көздерін пайдалануды дамыту қажет.

Жел энергетикасы.

Жасалған зерттеулерге сәйкес республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жел энергетикасын дамыту үшін Шығыс Қазақстан төмен тартымды. Облыстың 2-3 аудандарының телімдерінде ЖЭС құрылысына бірнеше мақсаттылықтар туралы ғана аталады.

Жел энергетикасын дамытуға басты кедергі құрылысқа жоғары жинақ күрделі шығындар және электроэнергияға жоғары тариф болып табылады. Алайда, энергия таратқыштарға бағаның үнемі өсімі, басым қуаттылықты жаңғыртуға және жаңартуға инвестиция тарту жағдайында дәстүрлі көздерден және жел электростанциясынан электрэнергияға баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

Қазақстанды жел энергетикасын пайдалану перспективалары Бірлескен Ұлттар ұйымы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» жобасының аясында қарастырылған болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша жел электростанциясын салу үшін перспективалы алаңдар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қуаты 75 МВт ЖЭС орнатуға Жарма алаңы анықталды, ол Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылды мекенінінен екі километрде орналасқан, биіктігі теңіз деңгейінен 607 м, Қараш тауында.

Солтүстік кент метеостанция мәліметтері және институтта бар мәліметтер бойынша желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,6 м/сек. ЖЭС құрылысына арналған алаң бос, құрылыс жоқ, ауылшаруашылық өндірісі үшін пайдаланылмайды, ЖЭС әрі қарай дамыту перспективасына мүмкіндік береді.

2009 жылы «Spain Consult» ЖШС қазақстан-испан компаниясы Ұлан ауданы Тайынты ауылында жел электростанциясының құрылысы бойынша жоба бастама етілді.

Аталған кезеңде жоба Goldwind компаниясы өндірген 16 жел генераторларын орнатуды көздейді. Бұл қозғалтқыштардың әр қайсысы 24 МВт толық қуаттылық кезінде 1,5 МВт номиналды қуаттылығына ие, Жел электростанциясы шамамен жылына 62 640 000 кВт*сағ өндіреді.

Шығыс Қазақстан облысында Тайынты алаңы жақсы жел әлеуетіне ие, осы орайда турбинаның бекітілген қуатын пайдалану коэффициенті тәртіппен 33,9 % құрайды. ЖЭС электроэнергия өндіру жақын аудандардың электроэнергиясында тұтыну бөлігін жабу үшін жеткілікті, сондай-ақ жартылай жылу қысымымен жабылған. Құралдарды жеткізу бағыты белгілі және қиыншылық тудырмайды, ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу қол жетімді, телім ЖЭС құрылысы кезінде турбиналар үшін фундаменттер жайластыру үшін қиыншылықтар тудырмайды.

Қазіргі уақытта жоба бастаушысымен жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.


Гидроэнергетика.

Қазіргі уақытта Қазақстанның өндірушілік қуаттылық құрылымында ГЭС үлесі 12 % құрайды, бұл Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) 20-30 % тәуліктік максимумына жететін пиктік қысымдарды жабу үшін жеткіліксіз. Жаңа ГЭС құрылысы Шығыс Қазақстанның ғана емес сонымен қатар елдің барлық бірыңғай энергия жүйесінің қысымының артушы пиктік бөлігін жабуға жәрдем көрсетеді.

Облыстың су қоры шағын және ірі ГЭС құрылысы бойынша кең мүмкіндіктерді көрсетеді. Кейбір бағалар бойынша облыстың әлеуетті гидроэнерго ресурстары 61,3 млрд. кВт*с құрайды, оның ішінде пайдалану үшін шамамен 20 млрд. кВт*сағ техникалық мүмкін.

Шағын ГЭС және шағын плотинасы жоқ ГЭС электроэнергия өндірісінің төмен өзіндік құнына ие, сондай-ақ басқа энергия көздерімен салыстырғанда қоршаған ортаға аз қысым көрсетеді.

ГЭС каскадтарының құрылысы құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей қуаттылықтың кезеңдік енгізуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірінші агрегаттарды енгізуді және электроэнергияны алуды жылдамдатады, бұл сондай-ақ қор беру және капиал салу тиімділігін арттырады.

Облыстың Зырян, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында шағын ГЭС құрылысы бойынша уәкілетті мүмкіндіктер бар, олар 30-60 жылдары шағын ГЭС жұмысы есебінен өзінің электроэнергиядағы қажеттілігінің жартысын жабатын және олар қуатты энергия көздерін қолданысқа енгізу есебімен облысты орталық электрмен қамту жүйесі кезеңінде бұзылған болатын.


Күн энергетикасы.

Облыстың географиялық орналасуының солтүстік ендігіне қарамастан күн энергетикасының ресурстары тұрақты және жағымды климатикалық жағдайдың арқасында тиімді болып табылады. Өскемен қаласында гелиоэлектростанция үшін қажетті түйін және құралдар шығаратын жағдайы бар өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан.

Гелиоэлектростанция орналастыруға тиімді аудандар – Тарбағатай және Аягөз аудандары.

Облыста шағын қуатты күн панельдерінен шаруашылық субъектілерді электрлендіру мысалдары бар.

«Казатомпром» Қазақстан ұлттық атом компаниясы Астана қаласында күн батарейлерін өндіру зауытының құрылысына кіріседі, зауыттың металлургиялық кешені Өскемен қаласында орналасатын болады.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:


  1. арзан электр энергиясымен жабдықтаушы су электр станцияларымен өндірілетін электр энергияның жоғары үлесі (2012 жылы өндірілген жалпы көлемнің 74 %-дайы);

  2. кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

  3. жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ, жел энергиясының әлеуеті – 10 млрд. кВт.сағаттан астам;

  4. электр энергия экспортының мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің бар болуы;

  5. отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорының бар болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. генерациялаушы жабдықтың парктік ресурстарын едәуір өндірілуін, ол қолданыстағы электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндігін шектейді (жабдықтың 60 %-дан астам тозуы);

  2. электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (50-65%);

  3. жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

  4. энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен электр энергия жеткізуге тәуелділік.

Мүмкіндіктер:

  1. облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне жаңа энергетикалық қуаттылықтар енгізу есебінен жету;

  2. облыстың энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

  3. электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.

Қауіптер:

  1. мүмкіндігі бар және орнатылған қуаттылықтар арасындағы қуаттылық ажырауының ұлғаюы;

  2. облыс электр энергиясының Солтүстік энергетикалық саланың энергия көздері жұмысының тұрақтылығына тәуелділігі;

  3. едәуір тозудың кесірінен облыс тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені


Облыс экономикасын дамытуда агроөнеркәсіптік кешен маңызды рөл атқарады. Онда біршама экономика әлеуеті топтасқан. Оның дамуы облыстың және республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды айқындайды. Облыс ішіндегі жалпы өнімнің 8%-дан 10%-ға дейін аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 60% құрайды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы, түйе шаруашылығы табысты дамып келеді. Марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты өнімдерін өндіру бойынша облыс республикада монополист болып табылады.

Соңғы үш жылда облыста МІҚ 4%, қой мен ешкі 0,5%, құс 0,9%, жылқы 8,2% артты.

Сонымен қатар, бұл кезеңде облыста шошқа саны 8%, марал 4% қысқарды.

Облыста мал басының азаюы Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Үржар аудандарында және Өскемен мен Семей қалаларында орын алды.

Асыл тұқымды ірі қараның жалпы табындағы үлес салмағы 7,3%, және қой мен ешкі 10,5%, жылқы 7,5%, марал 78,6%, аралар 12,5% құрайды.

Облыстың өсімдік шаруашылығының ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлеміндегі үлесі 40% құрайды. Өсімдік шаруашылығы өнімдері облыста 6 егіншілік аймақта өсіріледі.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және дәнді бұршақ дақылдары өсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (43,2%) және майлы дақылдар (29,7%) құрайды, дәнді дақылдардың егіс алқабы құрылымында 64,2% бидай алады. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (22,9%), картоп (1,9%) және бақшалық дақылдарға (0,7%) тиесілі.

Облыс республикадағы күнбағыс дәнін негізгі өндіруші болып табылады. Республикада өндірілетін күнбағыс дәнінің 60%-дан астамы біздің облыста өндіріледі.

2011-2013 жылдарда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін нақты тұрақтандыру және арттыру ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

2011-2013 жылдары ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 206,8-ден 295,7 млрд. теңгеге немесе 1,4 есе дерлік артты.

2 кесте


Табиғи көлем индексінің 2011-2013 жылдардағы серпіні


Көрсеткіштер/жылдар

2011

2012

2013

Нақты көлем индексі

102

106,2

108,4

оның ішінде өсімдік шаруашылығы

103,3

111,3

117,7

мал шаруашылығы

101,4

103

102,8

Мал шаруашылығы саласы серпінді дамып отыр.

Соңғы 4 жылда асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 113 бірлікке өсіп, 231 бірлікті құрады.

Қабылданған шаралардың арқасында 2013 жылы облыста 276 мал бордақылау алаңы және 56 сүт-тауарлы ферма құрылып, жұмыс істеді.

Соңғы 3 жылда облыста мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 123,4-тен 173,8 млрд. теңгеге артты. Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің нақты индексі орта есеппен 101,4-103% құрайды.

Осыған қарамастан 2013 жылы «Мал шаруашылығы өнімін жалпы шығарудың нақты көлем индексі» көрсеткіші орындалған жоқ (жоспарда 103%, факт 102,8%). Нәтижелерге қол жеткізілмеуіне ет, сүт және жүн өндірудің төмендегені әсер етті.

«МІҚ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында асыл тұқымды 7,3 мың басқа арналған 7 репродуктор құрылып, жұмыс істеп жатыр. Олардың саны 8 бірлікке жеткізіледі, Катонқарағай ауданында (Амир ШҚ) Ангус және Лимузин тұқымды мал өсіретін 1000 басқа арналған репродуктор құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жылы шетел селекциясынан 2 мың бас мал сатып алу жоспарланды. Жыл басынан бері облыста 1322 бас етті мал тұқымы сатып алынған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4,7 мың бас МІҚ, оның ішінде аналық мал – 4,5 мың бас сатып алу көзделді. 9 айда 1335 бас ірі қара малы сатып алынды.

2014 жылы 2,4 мың басқа арналған 8 мал бордақылау алаңы іске қосылды. Жылдың соңына дейін олардың саны 285 бірлікке жететін болады. Мал бордақылау алаңдарында ет өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 16% өсті

«Жайлау» бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2014 жылға 200 млн. теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражатқа 10 мың бас ұсақ мал сатып алынады. Бағдарлама облыстың 5 ауданында іске асырылады.

Одан басқа, 2014 жылдан бастап облыста «Құлан» Алтын асық» бағдарламалары іске асырылып отыр. Бұл бағдарламалар бойынша 20,7 мың бас ұсақ мал және 785 бас жылқы сатып алу көзделіп отыр.

Қолда бар 4 сүт-тауарлы ферманы кеңейту және жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларда жалпы саны 1490 бас мал ұсталады.

АӨК өнімін өндіру көлемін арттыруға инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын мақсатты түрде жүргізу көп ықпалын тигізеді.

Облыс экономикасын көтеру бойынша іс-шаралар жоспарына 2014 жылдың соңына дейін мал шаруашылығы саласының 4 ірі жобасы енгізілді. Ол ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексін көтеруге игі ықпал етеді:

- Бородулиха ауданы «Новая заря» ШҚ СТФ кеңейту,

- Көкпекті ауданы «Талды Екпін» ШҚ 250 басқа мал бордақылау алаңын салу,

- Ұлан ауданы «Болашақ» ШҚ ет және ет өнімдерін қайта өңдеу,

- Семей қ. Бройлер етін өндіру.

Аталған жобалар жылдың соңына дейін аяқталатын болады.


Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша облыс республикада жетекші орындардың бірін алып отыр. 2013 жылы сүт өндіруден облыс республикада - бірінші, ет өндіруден – екінші орында тұр.
2011-2013 жылдарда мал шаруашылығы өнімін өндіру

көлемінің өзгеру серпіні



13 сурет


Сүтті мал шаруашылығы облыстың ірі қалалары төңірегінде орналасқан сүт белдеулеріне кіретін 6 аудан шаруашылықтарында барынша дамыған.

Қалған аудандарда аз тауарлы өндіріс басым, оның 62%-ы тұрғындар шарушылығында орналасқан. Бұл аудандарда сүт өңдеу нашар дамыған.

Сүт малшаруашылығының өнімділігін арттыруға жақсы ұйымдастырылған селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс ықпал етеді.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа облыста омарта, панты өндіретін бұғы шаруашылығы бар. Аталған мал шаруашылығының салалары белгілі бір деңгейде сақталып отыр. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 9,4-9,6 мың басты құрайды. Пантылы бұғы шаруашылығымен облыстың 6 аймағы айналысады.

Бал ара ұяларының саны тұрақты емес, өйткені аралар инфекциялық ауруларға ұшырағыш, бұл тұрақтылыққа айрықша әсер етеді. Бал ара ұяларының трақтылығына сондай-ақ жағымсыз ауа райы жағдайлары да әсер етеді.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың көптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша алынған өнім өндірісі мал шаруашылығы өнімінде облыс тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, сүт тауарлы фермалар, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, ірі және құнарлы жем дайындау ықпал етті.


3 кесте

2011–2013 жылдары мал шаруашылығын дамытудың



негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2011 ж

% алдағы жылға

2012 ж

% алдағы жылға

2013 ж

% алдағы жылға

Мал басы (мың бас):



















ІҚМ

733,7

96,9

740,2

100,9

769,3

103,9

қой мен ешкі

2193,8

95,9

2196,4

100,1

2207,2

100,5

Жылқы

206,8

103,4

216

104,4

233,7

108,2

Шошқа

98,6

108,2

93,5

94,8

85,2

91,1

Марал

9,4

103,3

10

106,4

9,6

96

Құс

2681,9

88,9

2954,3

110,2

3277

110,9

Мал басының өнімділігі:



















1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

2182

100,9

2199

100,8

2141

97,4

1 қойдан қырқылған жүн, кг

2,3

88,5

2,3

100

2,2

96

100 аналықтан алынған төл:



















бұзау, бас

85

98,8

84

98,8

83

99

қозы, бас

92

98,9

93

101

88

95

құлын, бас

81

97,6

80

98,8

73

91,3

торай, бас

1101

97,4

1128

102,5

758

67,2

Өнім өндіру, мың тонна



















ет тірі салмақта

214,6

103,4

224,3

104,5

224,3

100

ет, барлығы сойылған салмақта

122,8

103,5

130,9

106,6

130,6

99,8

с.і.: сиыр еті

58,1

99,1

56,3

96,9

56,4

100,2

қой еті

22,6

109,7

23,3

103,1

24,2

103,8

Шошқа еті

9,9

107,6

10,8

109

6,3

58,3

Сүт

723,8

101,8

740,1

102,3

757,2

102,3

Жұмырытқа, млн. дана

175,6

65,6

135,7

77,3

144,1

106,2

жүн, тонна

4803,7

106,2

4683,9

97,5

4855,1

103,6

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық орындалып отыр.

Облыста негізгі проблема ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезі болып табылады. 2013 жылы МІҚ сарып ауруы бойынша 10 және ұсақ мал бойынша 41 қолайсыз пункт тіркелді.

Өсімдік шаруашылығында егістіктерді кеңейту шаралары жүргізілді. 2013 жылы ауылшаруашылық жерлердің жалпы аумағы 10125,4 мың га немесе жалпы жер аумағының 98% құрады.

Ауылшаруашылық жерлердің жалпы құрылымында егістіктің үлесі 13,3%, немесе 1371,1 мың га, көпжылдық көшеттер – 2,3 мың га (0,02%), тың жерлер – 853,8 мың га (8,4%), шабындықтар – 446,3 мың га (4,4%), жайылым жерлер – 8220 мың га (81,2%).

Шаруашылықтарға бекітіліп берілген ауылшаруашылық мақсаттағы қолда бар егістік жерлер мен тың жерлерге жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы облыстағы егістік жер аумағы 86,2 мың га артты.

2011-2013 жылдар кезеңінде ауылшаруашылық дақылдарының егістігі 117,2 мың гектарға немесе 10% артты.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 43,2% құрайды, бұл 559,2 мың га болды.

Барлық дәнді дақылдардың ішіндегі басым дақыл болып отырған бидай, 359,1 мың га немесе жалпы дәнді дақылдар егістігі құрылымында шамамен 64,2% құрайды.

Облыс бойынша майлы дақылдардың егіс алқаптары соңғы 3 жылда 384,4 мың га дейін ұлғайды.

Сонымен бірге, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты күнбағыстың өнімділігі облыстың әр ауданында 10 цен/гектардан 11 цен/гектарға дейінгі аралықта болады.

2013 жылы күнбағыс дәнінің тазартылғаннан кейінгі салмақтағы көлемі 308,8 мың тонна, яғни 2011 жылғы деңгейден 46%-ға жоғары. Облыста өндірілетін күнбағыс дәнінің көлемі халықтың күнбағыс майына сұранысын толық қамтамасыз етеді, өнімнің біршама бөлігі өңделген күйде облыстан тысқары жерлерге қайта өңделген түрінде сатылады.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшерінің арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Облыстың егістік құрылымында күнбағыстың үлесі 2011 жылы 34%-дан 2013 жылы 30% дейін өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуына әкеліп соқты. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Облыста рапс, сафлор, қытайбұршақ сияқты майлы дақылдар өсіріледі. Алайда олардың дәнінің құрамында майдың аздығына байланысты облыста аталған дақылдар кең ауқымда пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығында жеткілікті мал азығының қорын құру мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі артып келеді. Талдау жасалып отырған кезең ішінде облыс бойынша мал азықтық дақылдар аумағы 13,0% артты және 297 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру жұмыстары басталды және жалғасуда. Егер 2011 жылы ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 289,5 мың гектарда қолданылған болса, аталған технология 2013 жылы 370,8 мың гектарда қолданылды.

Облысың аудандарында су пайдаланушылардың 28 кооперативі құрылды. Тіркеуде тұрған 205,2 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 2013 жылы 85 мың гектары пайдаланылды, ал 120,2 мың га суармалы жер пайдаланылмайды. Су пайдаланушыларда қаражаттың тапшылығы салдарынан 90,0 мың га астам, жердің мелиоративтік жағдайының нашарлауынан - 30,2 мың га және қалған аумақ суару жүйесінің ақаулығынан, қажетті техниканың жоқтығынан және басқа да себептермен пайдаланылмайды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және тиімді мерзім ішінде жүргізу үшін облыстың дихандарына субсидия ретінде қаржылай көмек көрсетіледі. 2012 жылы өсімдік шаруашылығын қолдауға республикалық және облыстық бюджеттен 2,1 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген субсидия көлемі 2,6 млрд. теңгеден артық болды, бұл 2011 жылғы деңгейден біршама жоғары.

Талданып отырған 3 жылдық кезеңнен өсімдік шаруашлығы үшін ең қолайлысы 2013 жыл болды. Облыс бойынша дәнді дақылдардың шығымдылығы 14,7ц/га, картоп – 184,1 ц/га, көкөніс – 252,8 ц/га, құрады. Бұл облыстың ауылшаруашылық тауарын өндірушілеріне 816,8 мың тоннадан астам астық дақылын, 442 мың тонна картоп және 228,2 мың тонна көкөніс, 308,8 мың тонна күнбағыс алуға мүмкіндік берді.

Минералды тыңайтқыштар жеткілікті көлемде болмағандықтан облыста химияландыру деңгейі төмен. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету минималды қажеттіліктің 10% құрайды.



4 кесте

2011 – 2013 жылдары өсімдік шаруашылығын



негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Көрсеткіштер атауы

2011ж.

% алдыңғы жылға

2012ж.

% алдыңғы жылға

2013ж.

% алдыңғы жылға

Егістік көлемі, мың га

1177,1

107,5

1217,6

103,4

1294,3

106,3

а) дәнді дақылдар

520,6

106,3

543,4

104,4

552,2

101,6

б) күнбағыс

402,6

110,4

360,2

89,5

384,4

106,7

в) мал азығы дақылдары

210,2

104,9

262,6

124,9

297

113

г) картоп

24,2

100

23,6

97,5

24

101,7

д) көкөніс

8,9

100

8,8

98,9

9

102,3

Суармалы егістік

219,1

100

205

95,6

205,2

100,1

с.і. тұрақты суармалы жер

75,6

111,3

80

105,8

85

106,2

А/ш дақылдарының орташа шығымдылығы



















дақылдар, цен/га



















а) дәнді дақылдар

10,6

106

11

103,7

14,7

133,6

б) күнбағыс

5,4

100

7,7

142,6

8,1

105,2

В) картоп

156,4

100,5

167,7

107,2

184,1

109,7

г) көкөніс

230,6

104,4

251,4

109

252,8

100,6

Өнім өндіру, мың тонна



















Астық

540,9

115,6

580,9

107,4

816,8

140,6

Күнбағыс

211

111,3

264,7

125,5

308,8

116,6

Картоп

374,7

100

393,8

105,1

442

112,2

Көкөніс

202,8

102,1

219,7

108,3

228,2

103,8

Бақша дақылдары

45,6

110,9

51,5

112,9

76,4

148,3

Облыста тұқым шаруашылығының дамуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұқым шаруашылықтарының саны 28-ден 33 бірлікке дейін өсті.

Облыстың бірегей тұқым өндірушілері 923,9 тонна дәнді дақылдар тұқымын, 17,8 тонна күнбағыс тұқымын, 3,2 тонна көпжылдық шөп, 40 тонна біржылдық шөп және 328 тонна картоп тұқымын өндірді.

Облыс халқын ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз ету үшін 4 жылыжай жұмыс істеп тұр.

Жалпы қуаты 93,6 мың тонна 116 көкөніс қоймасы.

АӨК техникалық жабдықтаудың сапалы өсімі үшін 3 жылда жалпы сомасы 7,7 млрд. теңгеге 1691 мың бірлік техника сатып алынды.

Агросервистік қызметтер көрсету саласын кеңейту үшін облыста ауылшаруашылық техникасын жеткізуші 3 сервистік орталық жұмыс істейді.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:


  1. өндірістік әлеуеттің болуы;

  2. ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты дамуы;

  3. облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтардың тозуы;

  3. суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

  4. асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

  5. мал азығының жеткіліксіздігі;

  6. ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтардың жеткілікті дамымауы;

  8. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

  9. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің төмендігі;

  10. АӨК-де білікті кадрлардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

  1. агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін толық пайдалану;

  2. бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

  3. техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

  4. ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамытуда көделген шараларды іске асыру (СТФ, мал сою алаңдарын және т.б. салу);

  6. ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

Қауіптер:

  1. құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп;

  2. кепілдік мүліктің болмауына байланысты инвестиция тартудағы қиындықтар;

  3. малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Елбасы берген тапсырмаларды орындау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы бұйрығымен ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрін өндіру үшін ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану бойынша ұсынылған өңірлерді мамандандыру сызбасы бекітілді. Сызбада табиғи-климаттық жағдайлар, өңірдің өткізу рыногының болуы және даму әлеуеті ескерілген.

Аталған сызба АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін көтеруге бағытталған. Осыған байланысты Сызбада көзделмеген ауылшаруашылық өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтату қажет.

Ауылшаруашылық өнімі өндірісін Сызбаға сәйкес субсидиялауға кезең-кезеңмен көшу 2017-2019 жылдары субсидиялау Сызбаға 50% сәйкес келтіруді көздейді. Ал 2020 жылдан бастап ауылшаруашылық өндірісін субсидиялау Сызбаға толық сәйкес келетін болады.


2.2.1.4 Туризм

Өңір туристік мүмкіншіліктері жағынан бірегей. Географиялық және саясат ерекшелігі арқасында, ол түбегейлі аумақта қол жетімсіз және экологиялық таза күйінде қалды. Шығыс Қазақстан аумағы бай табиғи жер бедерлерімен ерекшеленеді: шөлімен, қырларымен, тайгасымен, биік тауларымен, көп өзендері және көлдерімен.

Алтай-Саян экологиялық аймақтың бөлігі болып табылатын Қазақстан Алтайының аумағы ерекше көңілге лайық. Өзінің бірегей жер бедеріне және биологиялық әртүрлілігі арқасында, аталған өңір «WWF Living Planet» Халықаралық Ұйым анықтаған екі жүз (200) басым глобалды экологиялық аймақтарға кіреді.

Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге болады:

1) экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында);

2) мәдени – танымдық (Семей қ., Абай және Ұлан аудандары);

3) емдеу - сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары);

4) жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында);

5) тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.).

Облыстағы туризмді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының туризімін дамытудың кластерлік бағдарламасының шебер-жоспары жасалынды және бекітілді (2013 жылғы 7 қарашадағы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің № 350 бұйрығы), шебер-жоспар негізінде облыста Туризмнің жол картасы әзірленді, туризмнің әлеуетті өсім орталықтары анықталды, инвесторлар тартудың бизнес-модельдері енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысының туризімін дамытудың кластерлік бағдарламасының 2020 жылға дейінгі шебер-жоспарын жүзеге асыру барысында жаңадан 15 мың жұмыс орнын құруға, қосымша 10 мың төсек-орынды енгізуге мүмкіндік береді.

Туристік қызметтердің әлемдік нарықтарында облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту мақсатында, жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имидждік іс-шаралар өткізіледі, халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға қатыстырылады бірнеше тілде жарнама-ақпараттық өнімдер шығарылады, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары және туроператор өкілдері үшін ақпараттық турлар жүргізіледі.

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туризм кадрларының болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сондай-ақ туризм саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты.

Туристік кадрларды дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқыту семинарлары, курстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысында «Туризм» мамандығы бойынша 4 жоғары оқу орындары және 5 колледж «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығын және туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, сонымен қатар «Гидтер – экскурсия жетекшісі» мамандығы бойынша оқулар жүргізіледі.

Қызмет көрсететін саладағы төмен сапа, туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкеледі. Сонымен қатар ауылды аудандардың жергілікті тұрғындары экономикалық пайда көрмейді және туризмнің дамуына қызығушылық білдірмейді.

Осыған байланысты, туристерге қызмет көрсету және ауыл туризмін дамыту үшін қонақ үйлерді, кәдесый өнімдерін, азық-түлік сату және т.б. арқылы жергілікті тұрғындарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2013 жылы қолөнершілерге және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында облыс 5 ірі халықаралық туристік көрме мен биржаға қатысты, шетелдік, респубилкалық және облыстық ақпарат құралдарына ақпараттық турлар өткізілді.

Туризмнің басым түрі, тұрақты дамудың факторы, экологиялық туризмді дамыту мақсатында, аса қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық бағыттар және соқпақтар, туристерді тарту мақсатында облыстың мәдени, тарихи, табиғи әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін трансшекаралық бағыттар әзірленіп бекітілген.

5 кесте

2010-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

2013

Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызмет көлемі

млн. теңге

2259,3

2806,5

3181,6

3248,1

Кіру туризмі

мың адам

17,2

20,2

18,4

18,8

Ішкі туризм көлемі

мың адам

288,3

353,5

373,2

377,2

Туристік ұйымдар саны

саны

119

23

63

56

Жүргізілген талдау бірнеше проблемалық мәселелерді анықтады, олардың шешімі Шығыс Қазақстан облысында туризм индустриясын тұрақты дамыту - қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді:

1) орналастыру объектілерінің, яғни қонақ үйлерінің, пансионаттардың, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар сауықтыру-курорт мекемелерінің материалдық базасы тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады;

2) бүгінгі күні туристер үшін туризм масштабтары, түрлері, орналасу орындарының сапасы және оларды ұсыну халықаралық стандарттарға сай келмейді;

3) туристік объектілер жоқ жерлерді және бағыттардың соңында туристерді орналастыру жағдайының болмауы;

4) құнды және тартымды экскурсия объектілеріне немесе әдемі жер бедерлеріне апаратын көлік жолдарының нашар болуы немесе жоқ болуы;

5)шалғайдағы аудандарда бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жедел көмек көрсетуге арналған сенімді мобильді байланыс үшін қаражат пен мүмкіншіліктің болмауы;

6) экскурсия объектілері жағдайының нашарлығы – қолайлы қарау алаңдарының, ақпарат қалқандарының, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың, демалыс базаларының болмауы;

7) Катонқарағай және Күршім аудандарындағы трансшекаралық бағыттардың даму проблемасы (шекара маңы зонасына рұқсатнама рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы);

8) рекрециялық зоналардың экологиялық жағдайы проблемасы (антропогенді жүктеме, жағажай зоналарының бұзылуы).

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1) облыстың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2) жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;

3) отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;

4) туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмі.

Әлсіз жақтары:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;

2) білікті басқару және қызмет көрсетететін қызметкерлердің болмауы;

3) өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

4) туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

5) туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі.

Мүмкіндіктер:

1) туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

2) қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

3) кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту.

4) шебер-жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.

Қауіптер:

1) саланың тоқырауы;

2) қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілер мен ресурстарды жоғалту қаупі;

3) туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;

4) кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;

5) әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіспеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы;

6) туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі;

7) бұқаралық және балалар-жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.



2.2.1.5. Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінгі күні аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәландырады.

Облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 01.01.2014 ж. жағдай бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 270 бірлікке ұлғайып, 5330 бірлікті құрады, бұл 105,3% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 97,1%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарған өнімдері (тауарлар, қызметтер) 536,7 млрд. теңге немесе 2012 жылға 111,5% құрады. Өнім өндірісі индексі 105,8% (орташа республикалық көрсеткіш – 103,3%) құрады.

Шағын және орта бизнесте қамтылғандар саны 241700 адам немесе 2012 жылмен салыстырғанда 108,3% (орташа республикалық көрсеткіш – 108,4%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда түскен салық көлемі 69,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жыл деңгейінен 10,8% немесе 6,8 млрд.теңгеге артық, соның ішінде жергілікті бюджетке осы салық төлеушілерден 28 млрд.теңге аударылды, бұл 2012 жылға қарағанда 111% немесе 2,8 млрд.теңгеге артық.

2014 жылдың басына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 75776 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалардың үлесі 5330 бірлік (7,0%), 526 (0,7%) – орта кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлер -56816 бірлік (75%) және шаруа қожалықтар -13104 бірл, (17,3%) құрады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің құрылымы

14 сурет
2012 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 4,1 %-ға, осы салада қамтылғандар саны 8,3 % ұлғайды.
6 кесте

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің

2011-2013 жылдардағы динамикасы


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2011

2012

2013

Белсенді субъектілер саны, бірлік

66558

69442

75776

Өнім шығару, млрд. теңге

437,0

464,3

536,7

Барлық жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам.

230,8

231,1

241,7

«

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылай қолдау мақсатында басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыс кәсіпкерлеріне екінші деңгейдегі банктер берген кредиттерді субсидиялау қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары шеңберінде 13,6 млрд.теңге сомасына кредиттердің пайыздық мөлшерлемерін субсидиялауға жеке кәсіпкерлік субъектісінің 137 өтініші мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚ филиалы және өңірлер әкімдерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес барлық 19 өңірде 6975 адам қамтылған бизнес негіздеріне оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 18 өңірде (Риддер қ. қатыспайды) 23 оқытушы семинар өткізілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 250,2 млн.теңге сомасына 7181 тегін сервистік қызметтер көрсетілді.

«Шағын және орта бизнес» топ менеджментіне оқыту» компоненті бойынша облыстан «Назарбаев Университет» АҚ базасында 70 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша 78 оқыды, 10 кәсіпкер шетелде стажировкадан өтті (АҚШ, және Германияда).

Жиналыстар, соның ішінде қалалар мен аудандар бойынша көшпелі семинарлар, презентациялар, кездесулер, жеке консультатциялар өткізілуде.

Дамудың оң серпініне қарамастан келесі мәселелер проблемалық болып қалады:

салық салу кезінде даму деңгейі, қызмет түрі және құрылу уақытына қарай сараланудың болмауы

кепілдік қамсыздандыудың болмағандығынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы, яғни бизнес ашуға ниет білдірген азаматтардың бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

бизнес қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің көп болуы;

екінші деңгейлі банктерде сыйақы мөлшерлемелерінің жоғары болуы және оны қайтару тетігінің жетілмеуі.

Сыртқы факторлар: шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылай-кредиттік қолдаудың серпінді дамуы, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдық нысандарының болуы (бизнес-орталықтар, консалтингтік фирмалар, қоғамдық бірлестіктер), сарапшы кеңестер қызметі, шикізат көздеріне және басқа табиғи ресурстарға жақын орналасу.

Ішкі факторлар: Меншікті айналым қаражатының жеткіліксіздігі, жаңа кәсіпорындар құру кезінде старттық капитал құру проблемасы, және қаржы-кредит ресурстарының жеткіліксіз қолжетімділігі сұартылған кредит сомасына кепіл мөлшерінің жетпеуі немесе мүлде болмауы, банктер сарапшыларының кепіл мүлікті төмен бағалауы, жоғары пайыздық мөлшер факторларымен шартталған.

Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті кадрлардың тапшылығы.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында келесілер қарастырылған: салалық шектеулерсіз кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеремеді субсидиялау көлемін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту (индустриялды), жаңа өндірістер құруға 1,5 млн. теңгеден 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар ұсыну, шағын және орта кәсіпкерікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламларды әзірлеу және іске асыру, шағын кредитті, донорлы ұйымдар және ірі компанияларды тартумен жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кешендік қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор қалаларында құру және қалыптастыру, қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру және қалыптастыру.

Іс шараны іске асыру нәтижесінде белсенді қызмет ететін кәсіпкерлер санын 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы Риддер қаласында 33,3% (немесе 288 бірлік), Зырян қаласында 60% (немесе 208 бірлік), Курчатов қаласында ­ 5,8% (немесе 36 бірлік), Серебрянск қаласында – 2,1 есе (62 бірлікке дейін) арттыру жоспарланған.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;

2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;

Әлсіз жақтары:

1) меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

2) кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы;

Мүмкіндіктері:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;

2) кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай құру үшін «сервистік орталық» құру;

3) рұқсат алу құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді (процедураларды) жою.

Қауіптер:

1) қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктің аздығы, бұл кепілдік мөлшерінің несиенің сұралған сомасын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі немесе оның мүлдем болмауы, банк сарапшыларымен кепілдік мүліктің бағалау құнын төмендетуі сияқты факторлармен негізделеді;

2) кепілдік болмағанда нақы секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.



2.2.1.6 Сауда

Аймақта 10837 сауда объектілері (жеке сауда дүкендерінің желісі, палаткалар, дүңгіршектер) қызмет етеді, оның ішінде 10896 орынға 81 сауда орны бар. Облыстағы сауда кәсіпорындарының саны 2013 жылы 2012 жылғы деңгейде қалды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2013 жылы 532,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 27,4% көп, көтерме тауар айналымының көлемі – 548,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 9,2% көп.

Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.


Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2011-2013 жылдардағы

динамикасы

15 сурет


Сонымен қатар, бүгінгі күні аймаққа және бүкіл республикаға сауданың даму бағыттарын анық пайымдаудың жоқ болуы тән, ал ішкі сауда тәртіпсіз дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік қайта құруларды, заңнамалық базаларды жетілдіруді, үдемелі дамудың механизмін дайындауды қажет ететіні анық.

Тұтыныс нарығын дамытудың оң бағыттарының бірі сауда кәсіпорындарын ірілендіру мен мамандандыру, сауданың дүкендік нысанына біртіндеп көшумен байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

Облыста сауданы дамыту үшін бірқатар шаралар жасалуда, соның ішінде сауда саласында қызмет көрсету сапасын жоғарылату және бөлшек сауда көлемін ұлғайту мақсатында қалада, сондай-ақ ауылда ірі мамандандырылған сауда нысандарын ашу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:



  1. сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

  2. сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;

  3. ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

2) бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары.

Әлсіз жақтары:

1) сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;

2) айналым қаражатының тапшылығы;

3) кәсіби-техникалық білім жүйесінің төмендігі, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша.

Мүмкіндіктері:

1) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

2) ішкі нарықты тұтыныс тауарларымен толықтыру.

Қауіптер:

1) азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

2) өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі.





1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет