Бағдарламасы «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы»



Pdf көрінісі
Дата22.03.2020
өлшемі463.64 Kb.
түріБағдарламасы

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 1беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ  



жанындағы медицина колледжі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шымкент, 2018 ж. 

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 2беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 3беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

 



Бағдарлама: 

1.  Алғы сөз 

«Апат  медицинасы»  курсы  оқушыларды  жедел  жағдайларды  бағалауға,  зақымдалу 

ауырлығын  анықтауға,  көмек  көрсеткенде  өзіндік  және  дұрыс  шешім  қабылдауды 

үйретеді. 

   Денсаулық  сақтау  жүйесінде  құрылған  апат  медицинасы  қызметі  барлық 

медициналық персоналдың төтенше жағдайларда жұмысқа дайын болуын талап етеді. 

Оқушыларды ҚР-ның «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 

заңына  сүйеніп  дайындауды  ұйымдастырады  және  жүргізеді.  30.09.1993  ж.  ҚР-ның 

министрлер  кабинетінің  қойған  №969  «Төтенше  жағдайларда  халықты  және 

мамандарды жасайтын әрекеттерді үйрету жүйе шаралары туралы» және 27.09.1994 ж. 

«ҚР-да  төтенше  жағдайлардағы  жедел  көмекті  ұйымдастыру  туралы»  бұйрықтарына 

сүйенеді.  Көп  аумақты  апатта  халыққа  медициналық  көмек  көрсету  қажеттілігі 

денсаулық сақтау мүмкіндіктеріне сай келмейді. 

Пәннің  мақсаты:  авария,  апат,  қауіпті  табиғат  құбылыстары,  індет,  эпизотиялық 

аурулар,  көпшілік  зақымдау  құралдарын  қолданған  кездерде  болатын  төтенше 

жағдайлар  ошағында  халықтың  тіршілік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  туралы  білімді 

меңгеру. 



Пәннің міндеттері

-  бейбіт  және  әскери  уақытта  төтенше  жағдайларда  халықты  қорғаудың  тәсілдерін 

және негізгі принциптерін білу; 

-  халыққа  төтенше  жағдайларда  медициналық  көмек  көрсету  мақсаттарын  және  оны 

ұйымдастырудың принциптерін білу; 

-  төтенше  жағдайлар  ошағында  алғашқы  дәрігерлік  көмек  көрсетудің  дағдыларын 

меңгеру. 

Білім алушы білуі тиіс: 

- «Тіршілік қауіпсіздігі» түсінігін; 

-  қоршаған  орта  және  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіптің  ұлғаюына 

ғылыми техникалық прогресстің әсерін; 

- төтенше жағдайлардың түрлерін; 

- «Зардап шеккен» және «Зақымданушы» түсініктерін; 

- ҚР ТЖ және азаматтық қорғау бойынша таңдалған құжаттарды. 

Білім алушы істей білуі тиіс: 

-  бейбіт  және  әскери  уақытта  төтенше  жағдайлардағы  халықты  қорғау  шараларын 

және негізгі принциптерді анықтау; 

- ТЖ медициналық әсерді бағалау

- кез-келген қиянаттың қауіптігін халыққа жариялау дағдыларын меңгеру; 

- төтенше жағдай ошағындағы зақымдау факторларын анықтау. 



Негізгі құзыреттілік: 

ПК-2.Қауіпсіздік және сапа 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 4беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

ПК-2.1.Зиянды факторлардан қорғау:  



адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен 

қорғау әдістерін қолданады; 

келушілерге препараттарды қолдану қауіпсіздігі бойынша кеңес береді. 

ПК-2.2.Сапасы: 

Фармацияның нормативтік-құқықтық базасын біледі; 

нормативтік-құқықтық құжаттаманы, мемлекеттік фармакопеяны, анықтамалық 

фармацевтикалық әдебиетті пайдаланады;кәсіби қызметте технологияларды 

ауыстыруға дайын. 



 

2.Тақырыптық жоспар. 

№  Тараулар мен тақырыптардың аттары 

Сағат 

саны 


«Фармация» мамандығы 

«Фармацевт» біліктілігі 

Оның ішінде 

Теориялық 

сабақ 

Тәжірибелік 



сабақ 

Кіріспе. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». 



Медициналық апат пәнінің мақсаты. ТЖ-ғы 

тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық 

қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері 



Бейбіт және әскери уақыттағы ТЖ-да халыққа 



көмек көрсетудің медициналық қызметінің 

міндеті, принципі, ұйымдастырылуы. 



 



 



Медициналық сұрыптау. ТЖ ошағындағы 

дәрігерлік көмек шаралары. 





Жер сілкінуінің пайда болуында және қауіпті 

жағдайда халықты қорғау. ТЖ ошағында 

алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру. 



-   



Ұзақ уақыт жаншылу синдромы. 

Зақымданушыға көмек көрсетудің дәрігерлік 

әдісі. 




Төтенше жағдайлардағы психологиялық 

аспектілер. 



ТЖ ошағында эпидемияға қарсы шаралар 



және санитарлық-гигиеналық 

ұйымдастырулар.  





ТЖ ошағындағы хирургиялық профильдің 

емдеу әсері және диагностиканың ерекшелігі. 



ТЖ суға кету ошағында алғашқы көмек 



көрсету. 





 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 5беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

10  Термиялық әсерде дәрігерлік көмек көрсету. 



 



11  Химиялық зақымдану ошағында АХҚЗ 

қолдану кезіндегі медициналық көмек көрсету 

ерекшеліктері. 



12  Химиялық қауіпті ошақтарда тұрғындарды 

қорғау. 



13  Иондық сәулелендірумен зақымданғанда 

медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. 



14  Радиация себептері, түрлері адам ағзасына 

әсер ету дәрежелері. 



15  ТЖ ошағындағы зақымданушыларға және 

зардап шеккендерге қолданылатын 

реанимациялық шаралар. 





16  Жүрек-өкпе реанимациясы. 



17  Реанимациялық шаралардың мақсаты. 





18  ТЖ ошағында халыққа әртүрлі факторлардың 

әсер етуіне арналған дәрігерлік көмек. 





 

Барлығы: 

36 

36 

 

 

3. Пәннің мазмұны 



1. Бөлім. Кіріспе 

1.1.Тақырып  «Медициналық  апат»  Бейбіт  және  әскери  уақыттағы  төтенше 

жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары. 



2. Бөлім. 

ТЖ-ғы 

халықты 

тіршілік 

қауіпсіздігі 

мен 

медициналық 

қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері 

2.1.Тақырып.    Бейбіт  және  әскери  уақыттағы  ТЖ-да  халыққа  көмек  көрсетудің 

медициналық қызметінің міндеті, принципі, ұйымдастырылуы. 

Бейбіт  және  әскери  уақыттағы  төтенше  жағдайларда  тұрғындарға  медициналық 

көмек  көрсету  түрлерін  ұйымдастыру.  Медициналық  жасақтар  бөлімінің  негізгі 

қызметін түсіндіру. 

2.2.Тақырып. Медициналық сұрыптау. ТЖ ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары. 

Төтенше  жағдайлар  ошағындағы  медицина  қызметкерлерінің  дәрігерлік  көмек 

көрсету  шараларын  ұйымдастыру.  Төтенше  жағдай  ошағында  зақымданғандарды 

медициналық сұрыптау түрлері. Медициналық сұрыптаудың мақсаты мен міндеттері. 



2.3.Тақырып. Жер сілкінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау. 

ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру. 



 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 6беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

Табиғи  апат  кезінде  тұрғындарға  медициналық  көмек  түрлерін  көрсету.  Жер 



сілкінісінің  пайда  болуында  және  қауіпті  жағдайда  тұрғындарды  қорғау  шаралары. 

Апат медицинасы бригадасы қызметкерлерінің кезек күттірмейтін көмек көрсету. 



2.4.Тақырып.  Ұзақ  уақыт  жаншылу  синдромы.  Зақымданушыға  көмек  көрсетудің 

дәрігерлік әдісі. 

Оқушыларға  төтенше  жағдай  кезінде  зардап  шеккен  адамдарға  медициналық  көмек 

көрсетуді  түсіндіру.  Ұзақ  уақыт  жаншылу  синдромы  кезінде  науқастарға  алғашқы 

дәрігерлік көмек көрсетудің маңыздылығы. 

2.5.Тақырып. Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер. 

Табиғи  және  техногенді  төтенше  жағдайларда  тұрғындарға  психиологиялық  түрде 

медициналық  көмек  көрсету.  Оқушыларға  алғашқы  дәрігерлік  көмекті  және 

реонимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білуді түсіндіру. 



2.6.Тақырып. ТЖ ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық-гигиеналық 

ұйымдастырулар. ТЖ ошағында халыққа әртүрлі факторлардың әсер етуіне арналған 

дәрігерлік көмек. 

Төтенше  жағдай  ошағында  тұрғындар  эпидемияға  қарсы  шараларды  ұйымдастыру. 

Арнайы  жасақтардың  зақымдану  ошағында  санитарлық-гигиеналық  жұмыстарды 

жүргізу.  Бактериологиялық,  химиялық,  радиациялық  зақымдану  ошағында  карантин 

және обсервацияны ұйымдастыру. 

3.Бөлім. Төтенше жағдай ошағында халыққа әртүрлі факторлардың  әсер етуіне 

арналған дәрігерлік көмек 

3.1.  Тақырып.  ТЖ  ошағындағы  хирургиялық  профильдің  емдеу    әсері      және 

диагностиканың ерекшелігі. 

ТЖ  ошағындағы  тұрғындарға  медициналық  көмек  көрсету  түрлерін  ұйымдастыру. 

Зақымданғандарға хирургиялық профильді емдеу. 



3.2.  Тақырып.  ТЖ  ошағындағы  суға  кету  және  термиялық    әсерде  дәрігерлік  көмек 

көрсету. 

ТЖ  ошағында  тұрғындарға  медициналық  көмек  көрсету.  Бейбіт  жағдайда  суға 

батудан алдын-алу шараларын түсіндіру. Құтқару отряды қызметкерлерінің суға бату 

кезіндегі  көмек  көрсетудің  іс-әрекеттері.  Адам  ағзасына  жоғары  және  төмен 

температураның әсерінен пайда болған термиялық күйіктің түрлері, электр жарақаты 

және  химиялық  радиациялық  күйіктерде  көрсетілетін  медициналық  көмектер.  Үсік 

шалу себептерін анықтау және көмек көрсету. 



3.3.Тақырып. Химиялық зақымдану ошағында АХҚЗ қолдану  кезіндегі медициналық 

көмек көрсету ерекшеліктері. 

Химиялық және бактериологиялық зақымдану ошағында қауіпті заттардың адамның 

ағзасына әсер етуі. Химиялық улы заттардың, химиялық қарулардың маңыздылығын 

түсіндіру.  ТЖ  ошағында  арнайы  жасақ  отрядының  дәрігерлік  көмек  көрсету 

шараларын  ұйымдастыру.  Сәулелену  дозасына  байланысты  сәулелік  ауру  туралы 

қысқаша сипаттама. 


 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 7беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

3.4.  Тақырып.  Иондық  сәулелендірумен  зақымданғанда    медициналық  көмек 

көрсетуді ұйымдастыру. 

Оқушыларға  иондық  сәулелендірумен  зақымданғанда  медициналық  көмек  көрсету 

түрлерін  түсіндіру.  Иондық  сәуле  әсерінен  пайда  болған  ауруларға  қысқаша 

сипаттама, қауіпті объектілердегі тұрғындардың өзін-өзі ұстауы және іс-әрекеттерінің 

тәртібі. Адам ағзасына радиациялық зақымданудың әсер ету дәрежелері. 

3.5.  Тақырып.  ТЖ  ошағындағы  зақымданушыларға  және    зардап  шеккендерге 

қолданылатын реанимациялық шаралар. 

Табиғи  және  техногенді  апат  кезінде  зақымданушыларға  және  зардап  шегушілерге 

қолданылатын  реанимациялық  шараларға  сипаттама.  Адам  ағзасына  келер  қауіп 

қатерді алдын-алу. Алғашқы дәрігерлік көмекті реанимациялық шараларды тез арада 

ұйымдастыра  білу.  Жүрек,  кеуде,  өкпе  реанимациясы  кезінде  медициналық  көмек 

көрсету шаралары. 

4. Оқытудың мен сабақ берудің әдістері  

Дәріс: Тақырыптық презентация, шолулық презентация. 

5. Білімдерін  бағалау белгілері және ережелері: 

Ағымдық бақылау: ауызша  сұрау, жазбаша бақылау. 

Қорытынды бақылау: Дифференциалды сынақ. 

6. Оқу-әдістемелік жабдықталуы. 

6.1 . Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 

Негізгі: 

1. Левчук И.П.,Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010.-сер 248 с. 

2. Сергеев  В.С.  «Защита  населения  и  территории  в  чрезвычайных  ситуациях».-М., 

«Академ-проект», 2010 г. 

3. Хван  Т.А.,  П.А.  Основы  безопасности  жизнедеятельности.  Учебник  «Феникс» 

Ростов-на-Дону. «Феникс»-2010 г. 

4. Нәбиев Е.Н. «Апат медицинасы» Оқу құралы Астана, 2012 ж. 

5. Нәбиев Е.Н. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Оқу құралы Астана, 2012 ж. 



Қосымша әдебиеттер: 

1.Төтенше  жағдайлар  және  азаматтық  қорғаныс  бойынша  ақпарат-әдістемелік 

материалдар жинағы. Төтенше жағдайлар бойынша тоқсандық арнаулы басылым ҚР-

ның агенттігі. 

2.  Төтенше  жағдайлар  және  азаматтық  қорғаныс  бойынша  басқарушы  құрамдарын 

дайындауға  арналған  материалдар  жинағы.  Төтенше  жағдайлар  бойынша  ҚР-ның 

агенттігі. 

3.  А.Р.Алпысова,  Л.М.Матаева,  А.Т.Курманова,  А.А.Ешетова.  «Қатерлі  жағдайлар 

кезіндегі шұғыл әрекеттер» Оқу-әдістемелік құрал «Эверо» Алматы-2015 ж. 

4. С.В. Демичев «Жарақаттар мен аурулар кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем»Оқу 

құралы «ГЭОТАР-Медиа» Мәскеу 2015ж.  

5.  А.Р.Алпысова  «Жедел  жәрдем  дәрігерінің  тәжірибесіндегі  төтенше  жағдайлар» 

Оқу құралы Қарағанды 2016ж. 


 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық»кафедрасы 

 

8 беттің 8беті 



Жұмыс оқу бағдарламасы 

 

6. М.Немеребаев «Тіршілік қауіпсіздігі» «Эверо» Алматы 2014ж. 



 

6.2 Көрнекілік құралдар және ОТҚ 

1. Дидактикалық және көрнекі құралдар

2. Қағаз және электронды нұсқадағы тестілер; 

3. Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар; 

4. Диапозитивтер, оқулық фильмдер; 

5. Тақырыптық плакаттар жиынтығы. 



 

6.3 Тест сұрақтары  

1.ТЖ  ошағындағы  хирургиялық  профильдің  емдеу    әсері      және  диагностиканың 

ерекшелігі. (15 сұрақ) 

 2.ТЖ  ошағындағы  суға  кету  және  термиялық    әсерде  дәрігерлік  көмек  көрсету.  (15 

сұрақ) 

 3.Химиялық  зақымдану  ошағында  АХҚЗ  қолдану    кезіндегі  медициналық  көмек 



көрсету ерекшеліктері. (15 сұрақ) 

 4.Иондық  сәулелендірумен  зақымданғанда    медициналық  көмек  көрсетуді 

ұйымдастыру. (15 сұрақ) 

 5.ТЖ  ошағындағы  зақымданушыларға  және    зардап  шеккендерге  қолданылатын 

реанимациялық шаралар. (15 сұрақ) 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет