БАҒдарламасы шығарылымының проспекті



жүктеу 1.35 Mb.
бет1/10
Дата18.04.2016
өлшемі1.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: attachments -> emi -> bonds
emi -> Проспект выпуска акций Акционерного общества «Автоматика» ао «Автоматика»
emi -> Акцияларды шығару проспектісі
emi -> Проспект выпуска акций
emi -> Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы
emi -> Акциялар шығарудың проспектісі
emi -> «Қалалық электр жүйесі» АҚ «Қалалық электр жүйесі» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымының проспектісі
bonds -> «Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк»
bonds -> Проспект второго выпуска облигаций ао «Альянс Банк» в пределах первой облигационной программы Настоящий выпуск облигаций осуществляется в соответствии с проспектом облигационной программы Акционерного общества «Альянс Банк»
bonds -> Проспект четвертого выпуска облигаций ао «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» ао «фнб «Самрук-Қазына»



«Астана-Финанс»

акционерлік қоғамы





ҮШІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІ









жалпы сомасы 10 000 000 000 (он миллиард) теңге

Уәкілетті органның облигация бағдарламасы шығарылымының проспектін мемлекеттік тіркеуі инвесторларға шығарылым проспектінде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты қандай болса да ұсыныстар беру болып табылмайды және уәкілетті орган осы құжаттың мазмұны үшін жауапты болмайды.



Аудитор:

Deloitte & Touche жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Басқарушы серіктес Ержанов Азамат




  • ҚРҚМ аудиторлық қызметпен шұғылдануға берген, МФЮ сериялы, 21.10.99 ж. №0000008 мем.лицензиясы;

  • банк қызметіне аудит жүргізуге ҚРҰБ-нің 18.04.97 ж. №1050-1900-ТОО (ИУ) мем.лицензиясы


Астана қ.

I. Эмитент туралы жалпы мәліметтер

5. Эмитенттің атауы:

Қоғамның атауы

Толық

Қысқартылған

Қазақ тілінде

“АСТАНА-ФИНАНС ” акционерлiк қоғамы

“АСТАНА-ФИНАНС” АҚ

Орыс тілінде

Акционерное общество

“АСТАНА-ФИНАНС”



АО “АСТАНА-ФИНАНС”

Ағылшын тілінде

“ASTANA-FINANCE”


Joint Stock Company

“ASTANA-FINANCE”

JSC


6. Эмитенттің атауындағы өзгерістер туралы деректер:

Тіркеу (қайта тіркеу) күні

Толық атауы

Қысқартылған атауы

1997 жылғы 23 желтоқсан

«Ақмола арнайы экономикалық аймағының экономикалық және әлеуметтік даму қоры» мемлекеттік мекемесі

«ААЭА ЭӘДҚ» ММ

1998 жылғы 30 сәуір

«Ақмола қоры» жабық акционерлік қоғамы

«Ақмола қоры» ЖАҚ

1999 жылғы 14 тамыз

«Астана-финанс» ашық акционерлік қоғамы

«Астана-финанс» ААҚ

2004 жылғы 30 наурыз

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамы

«Астана-Финанс» АҚ

7. Эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласының Әділет басқармасы берген, 2004 жылғы 30 наурыздағы №9146-1901-АО заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік.

8. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 0314 0012 9573

9. Эмитенттің орналасқан жері, байланыс телефондары мен факстың нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық поштаның мекен-жайы:



Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Бегелдинов көшесі, 12

Пошталық мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Бегелдинов көшесі, 12

Коммуникациялық реквизиттері

Тел.: (3172) 59-19-19, факс: (3172) 59-10-51

Ресми web сайт: www.af.kz , e-mail: af@af.kz




10. Эмитенттің құрылуы мен қызметінің қысқаша тарихы. Эмитентті құрудың және оның қызметінің мақсаттары.

«Астана-финанс» АҚ 1997 жылдың желтоқсанында құрылды. Компания өз қызметінің басында Астана қаласы Арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Әкімшілік кеңесінің қаржы агенті болды. АЭА-ның тіршілігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін, Компанияның мақсаттары мен міндеттері біршама өзгерді. Компания серпінді дами отыра және Қазақстан рыногында ұсынылатын қызметтердің тобын кеңейтіп, Қазақстанның қаржы және қор рыноктарында жайғасымдарын нығайта отыра несиелік оң тарихты қалыптастырып, өз қызметін едәуір кеңейтті. Қазіргі уақытта «Астана-финанс» АҚ экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарға және халыққа банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсететін, Қазақстанның жекелеген аймақтарын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыратын банктік емес қаржы ұйымы болып табылады. Компанияның құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдері төменде берілген.



Негізгі оқиғалардың хронологиясы

1997 жылдың
23 желтоқсаны


  • Компанияның құрылған күні: «Ақмола арнайы экономикалық аймағының экономикалық және әлеуметтік даму қоры» мемлекеттік мекеме болып тіркелді.

1998 жылдың
30 сәуірі


  • Компанияның акционерленген күні: Компания банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын банктік емес қаржы ұйымы “Ақмола қоры ” ЖАҚ болып қайта тіркелді.

1998 жылдың

1 маусымы

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк операцияларын теңгеде жүргізуіне №21 Мемлекеттік лицензиясын алуды.

1998 жылдың

1 қазаны

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк операцияларын теңгеде және шетел валютада жүргізуіне №25 Мемлекеттік лицензиясын алуды.

1999 жылдың

14 тамызы

  • Компанияны “Астана-финанс” ААҚ-на қайта тіркеуді.

1999 жылдың

қазан айы

  • Астана қаласы Мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген қалалық “Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру бағдарламасын” іске асыруды бастады.

2000 жылдың

17 қаңтары

  • Компания акциялары “В” санаты бойынша «Қазақстан қор биожасы» ЖАҚ ресми тізіміне енгізілді.

2000 жылдың

маусым айы

  • Компания акционерлерінің саны 500 адамнан асты.

2001 жылдың

30 қаңтары

  • Компания Астана қаласындағы Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру Бағдарламасын іске асыру жөніндегі қаржы операторын анықтау бойынша тендерді ұтып алды.

2001 жылдың

15 наурызы

  • Компанияға Қазақстан Республикасы құнды қағаздар жөнінде Ұлттық комиссиясы Директоратының шешімімен Ашық Халық Қоғамы мәртебесі берілді.

2001 жылдың

25 сәуірі

  • Жарғының жаңа редакциясын тіркеу: Астана қаласы АЭА-ның 2001 жылы
    1 қаңтарынан бастап таратылуымен байланысты, 2001 жылы 26 қаңтарындағы акционерлердің Жалпы жиналысы шешімінің негізінде Компания Жарғысын қайта тіркеу жүргізілді.

2001 жылдың

25 мамыры

  • «Астана-финанс» ААҚ-ның акциялары «В» санатынан «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-ның құнды қағаздары ресми тізімінің «А» санатына аударылды.

2001 жылдың

29 маусымы

  • Облигациялардың бірінші эмиссиясын тіркеу: құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясымен «Астана-Финанс» ААҚ-ның АҚШ-тың 10 (он миллион) миллион доллар сомасына атаулы купон түріндегі облигациялардың бірінші эмиссиясы тіркелді.

2001 жылдың

2 шілдесі

  • Биржа кеңесінің шешімімен Компанияның қамтамасыз етілмеген бірінші эмиссияның атаулы купондық облигациялары «А» санаттағы құнды қағаздардың ресми тізіміне енгізілді. Компания облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастыруды бастаған күні.

2001 жылдың

6 тамызы

  • Сенімгерлік (траст) операцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Респбуликасы Ұлттық банкінің лицензиясын алды.

2001 жылдың

24 тамызы

  • Компания Атырау қаласындағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Бағдарламасын іске асыру жөніндегі қаржы операторын анықтау бойынша тендерді ұтып алды.

2001 жылдың

23 қазаны

  • Moody’s Investors Service Рейтинг агенттігімен Ва3 (тиянақты келешек) деңгейінде халықаралық эмиссиялық рейтинг берілді.

2002 жылдың

14 ақпаны

  • Орал қаласында филиалын ашты.

2002 жылдың

21 наурызы

  • Облигациялардың екінші эмиссиясын тіркеу: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен «Астана-Финанс» ААҚ-ның 4,5 миллиард теңге сомасына қамтамасыз етілмеген атаулы купон түріндегі индекстелген облигациялардың екінші эмиссиясы тіркелді.

2002 жылдың

29 наурызы

  • Биржа кеңесінің шешімімен қамтамасыз етілмеген екінші эмиссияның атаулы купондық индекстелген облигациялары «А» санаты бойынша ресми тізімге енгізілді.

2002 жылдың

18 маусымы

  • Алматы қаласында филиалын ашты.

2002 жылдың

желтоқсан айы

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен вексельдердің бірінші класстағы эмитент ретінде танылды және вексельдердің бірінші класстағы эмитенттердің тізіміне бір күнтізбелік жыл мерзімге енгізілді.

2003 жылдың

6 наурызы

  • Moody’s Investors Service Рейтинг агенттігімен Компанияның эмиссиялық рейтингісін Ва3 деңгейінен Ва1 деңгейіне жоғарлатты.

2003 жылдың

сәуір айы

  • Landesbank Sachsen Girozentrale-мен (Humboldtstrasse 25, 04105, Leipzig Federal Republic of Germany) (бұдан әрі - Саксония жер банкі) 4 миллион ЕВРО сомасындағы «Кірпіш зауытының құрылысы» жобасын іске асыруға несиелік шарт жасасты.

2003 жылдың

мамыр айы

  • «Казкоммерцсекьюритиз» АҚ компанияның BВ+/тұрақты деңгейіндегі ішкі несиелік рейтингін беруі;

  • Bankgesellschaft Berlin Aktiengesellschaft-пен (BG IN Export Finance, Alekxanderplatz 2, 10178 Berlin Federal Republic of Germany) (бұдан әрі - Банкгезельшафт Берлин) 7 109,7 мың ЕВРО жалпы сомасына ауыл шаруашылық техникасын және жабдығын лизингке беру жөніндегі жобаны іске асыру шегінде несиелік шарттар жасасты.

2003 жылдың

1 шілдесі

  • Компания негізгі мақсаты машина жасау кешенін дамыту және жүк автомобильдерін сату болып табылатын «Казахстан-КАМАЗ» автомобиль консорциумның қатысушы болды.

2003 жылдың

2 шілдесі

  • Компанияның бірінші эмиссиясындағы корпоративтік облигациялары айналымын аяқтады және өтеді.

2003 жылдың

19 қарашасы

  • Облигациялардың үшінші эмиссиясын тіркеу: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1 (бір) миллиард теңге сомаға қамтамасыз етілген атаулы купондық индекстелген облигациялардың үшінші эмиссиясын тіркеді.

2003 жылдың

27 қарашасы

  • Биржа кеңесінің шешімімен «Астана-финанс» ААҚ-ның қамтамасыз етуімен атаулы купон түріндегі индекстелген облигациялары «А» санаттағы құнды қағаздардың ресми тізіміне енгізілді. Қазақстан қор биржасында Компанияның облигацияларын орналастыруды бастаған күн.

2003 жылдың 31 желтоқсаны

  • Қазақстан Республикасының весельдердің бірінші сыныптағы эмитенті ретінде тануы және жаңа күнтізбелік жыл мерзіміне весельдердің бірінші сыныптағы эмитенттерінің тізіміне енгізуі.

2004 жылдың 30 наурызы

  • Компанияны «Астана-финанс» АҚ ретінде қайта тіркеу

2004 жылдың 13 сәуірі

  • Облигациялардың төртінші эмиссиясын тіркеу: Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі сомасы 2 (екі) миллиард теңге атаулы купондық индекстелген облигациялардың төртінші эмиссиясы тіркеді.

2004 жылдың 18 мамыры

  • Биржа кеңесінің шешімімен қамтамасыз етілмеген төртінші эмиссияның атаулы купондық индекстелген облигациялары «А» санаты бойынша ресми тізімге енгізілді. Қазақстан қор биржасында Компанияның облигацияларын орналастыруды бастаған күн.

2004 жылдың мамыры

  • Moody’s Investors Service рейтинг агенттігі Компанияның эмиссиялық рейтингін Ba1 деңгейде растады.

2004 жылдың 27 тамызы

  • «Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (сақтандыру қоры)» ЖАҚ-мен жасалған Бас келісімге қол қою

2004 жылдың қыркүйегі

  • Астана қаласында қуыс бетоннан құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі «Экотон+» ААҚ еншілес кәсіпорнының зауытын жүргізу

2004 жылдың 20 қазаны

  • Көкшетау қаласында Компанияның өкілдігін ашу

2004 жылдың қазан айы

  • Іскерлік қызметіндегі жоғары сапа үшін Халықаралық қоры Басқармасының шешімімен (Швейцария, Женева) «Астана-финанс» АҚ «Іскерлік қызметтегі жоғары сапа үшін» алтын медалімен марапатталды. Медальды алу Компанияның мінсіз беделін және оның іскерліқ қызметте жоғары сапаға ұмтылуын тану болып табылады..

2004 жылдың 5 қарашасы

  • Қарағанды қаласында Компанияның өкілдігін ашу

2004 жылдың желтоқсаны

  • Іскерлік қызметіндегі жоғары сапа үшін Халықаралық қоры Басқармасының шешімімен (Швейцария, Женева) «Атырау-Недвижимость» АҚ еншілес кәсіпорны «Іскерлік қызметтегі жоғары сапа үшін» алтын медалімен марапатталды.

2004 ж. 20 желтоқсан

  • «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы 1 500 000 көлеміндегі жай атаулы акциялардың қосымша эмиссиясы арқылы Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады.

2004 ж. 29 желтоқсан

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі вексельдерді есепке қайта алу лимитін 400 млн. теңгеге ұлғайтып, вексельдердің бірінші сыныптағы эмитенті мәртебесін жаңа күнтізбелік жылға растады.

2005 ж. 5 қаңтар

  • Бірінші облигациялық бағдарламаны және оның шеңберінде облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеу: Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Компанияның сомасы 7 миллиард теңгені құрайтын бірінші облигациялық бағдарламасын және оның шеңберінде сомасы 5 миллиард теңгені құрайтын облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеді.

2005 ж. 21 қаңтар

  • KASE биржа кеңесінің шешімімен бірінші облигациялық бағдарламаның шеңберіндегі бірінші эмиссияның қамтамасыз етілмеген атаулы купондық индекстелген облигациялары «А» санатындағы бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізілді.

2005 ж. 2 ақпан

  • Акциялардың бесінші эмиссиясын тіркеу: Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Компанияның сомасы 2,25 миллиард теңгені құрайтын жай атаулы акцияларының бесінші шығарылымын тіркеді (орналастыру бағасы бір акцияға 1,5 мың теңге болғанда 1,5 млн. дана акция).

2005 ж. ақпан

  • «Астана-финанс» АҚ, «Орталық Азия Отын-энергетика компаниясы» ЖАҚ (ҚР) және «КАМАЗ» ААҚ (РФ) Көкшетау қаласында автобустарды өндіретін «NEOBUS» бірлескен кәсіпорнын құрды.

2005 ж. 1 сәуір

  • Компанияның екінші эмиссияның сомасы 4,5 миллиард теңгені құрайтын корпорациялық облигацияларының айналымын аяқтау және өтеу.

2005 ж. 8 маусым

  • Бірінші облигациялық бағдарламаны шеңберінде облигациялардың екінші шығарылымын тіркеу: Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Компанияның сомасы 2 миллиард теңгені құрайтын облигациялардың екінші шығарылымын тіркеді.

2005 ж. 24 маусым

  • Екінші облигациялық бағдарламаны және оның шеңберінде облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеу: Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Компанияның сомасы 8 миллиард теңгені құрайтын бірінші облигациялық бағдарламасын және оның шеңберінде сомасы 8 миллиард теңгені құрайтын облигациялардың бірінші шығарылымын тіркеді.

Компания қызметінің сипаттамасы.

Компания келесі негізгі бағыттар бойынша қызметтерінің кең спектрін көрсететін банктік емес қаржы ұйым болып табылады:



Банк қызметтері:

Инвестициялық

қызмет:

  • заңды тұлғаларды несиелендіру;

  • жеке тұлғаларды несиелендіру;

  • лизинг операциялары;

  • факторинг операциялары;

  • сенімгерлік операциялар: сенімгердің “Қазақстан ипотекалық компаниясы” ЖАҚ-ның мүддесінде және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

  • кепілдіктер беру.

  • еншілес компанияларды құру арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру;

  • жобалық қаржыландыру;



Компания банктік емес қаржы ұйымы болып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің (Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің) стандарттарына сәйкес банк операцияларының қарыз беру және өзге де жеке түрлерін жүзеге асырады.

Бүгінгі күні Компания банк қызметтерін ғана емес, сонымен бірге еншілес кәсіпорындардан өз желісін құру жолымен Астана, Атырау, Орал қалаларының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына қатысып, инвестициялық қызметті де жүзеге асырады.

Компания қаржы, өндіріс саласында және қызмет көрсету саласында әрекет ететін компаниялардың тобы болып табылады.

Компания бизнесінің кеңеюі қызметтердің аса кең спектрін көрсету бағытында жүзеге асырылады, бұл клиенттердің қажеттіліктерін толық көлемінде қанағаттандырылуына және оларды корпоративтік клиент ретінде Компанияға бекітуге жәрдемдеседі.

Компания бизнесін бөлек бағыттарға бөлуі бас офиспен жүзеге асырылатын негізгі бизнес-үдерістерін және Компанияның еншілес кәсіпорындарымен, филиалдарымен жүзеге асырылатын қосымша бизнес-үдерістерін бөліп шығаруымен Компанияның іріктелген ұйымдастыру құрылымын ұсынуға мүмкіндік береді



Негізгі бизнес-үдерістері (несиелік, лизинг, факторинг операциялары, мүлікті бағалау, инвестициялау, мүлікті сенімгерлік басқару, кепілдіктерді беру, меншікті құнды қағаздардың эмиссиясы) бас офис жүзеге асырады және оларды мына бөлімшелер іске асырады:

Табыс орталықтары




Қаржы жауапкершілігі орталықтары




Қызмет көрсететін бөлімшелер






















1. Несие басқармасы




1. Мониторинг басқармасы




1. Ақпараттық технологиялар бөлімі




1.1. Несиелендіру бөлімі




1.1. Несиелер мен лизингінің мониторингі бөлімі




2. Маркетинг секторы




1.2. Ипотекалық несиелендіру бөлімі




1.2. ипотекалық несиелердің мониторингі бөлімі




3. Қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі бөлім




2. Лизинг басқармасы




2. Кепілдік операциялар бөлімі




4. Кеңсе




2.1. Лизинг бөлімі




3. Ішкі аудит бөлімі




5. Жалпы бөлім




2.2. Ауыл шарушылық техникасының лизингң




4. Заң басқармасы










3. Инвестиция басқармасы




4.1. Сараптау-құқық бөлімі
















4.2. Кінәрат-талап жұмысы бөлімі
















5. Қазынашылық басқарма
















5.1. Қазынашылық операциялар бөлімі










5.2. Қазынашылық операцияларды сүйумелдеу бөлімі










6. Бухгалтерия













7. Жоспарлау секторы













8. Тәуекелдіктерді басқару жөніндегі бөлім







Қосымша бизнес-процестерін Компанияның еншілес кәсіпорындары мен филиалдары жүзеге асырады және олар мынадай негізгі бағыттар бойынша бөлінеді:

  • құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру;

  • энергиямен және газбен қамтамасыз ету саласы (электр энергиясын тарату және тасымалдау, газбен жабдықтау);

  • қызмет көрсету саласы (сауда алаңдарын жалға беру, күзет қызметі).

11. Эмитентке қаржы агенті мәртебесі берілген жағдайда уәкілетті орган қаулысының күні, нөмірі көрсетілсін:

Эмитентке қаржы агенті мәртебесі берілген жоқ.

12. Халықаралық және отандық рейтинг агенттіктерінен рейтинг бар-жоғы туралы мәліметтер:

“Астана-финанс” ААҚ-да «Moody’s Investors Service» жіктеу бойынша “Ba1” рейтингі бар.

«Астана-финанс» ААҚ-ның акциялар мен облигациялар «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесі листингінің «А» санатында орналасқан.

2003 жылғы 23 мамырда «Казкоммерцсекьюритис» АҚ инвестициялық компаниясы эмитентке «ВВ+»/тұрақты несиелік рейтингін берді.


  1. Эмитенттің басқару органдары
13. Басқару органдарының құрылымы

Басқарудың жоғарғы органы – ационерлердің жалпы жиналысы. Егер Жалпы жиналысқа қатысу үшін тіркеудің аяқталған сәтінде дауыс беру акциялардың жалпы елу және одан да көп пайызға ие болатын Акционерлер (Жалпы жиналысты өткізу сәтінде дауыс беру құқығы бар) тіркелінсе, акционерлердің Жалпы жиналысы шешімді қабылдауға құқылы.

Басқару органы – директорлардың кеңесі. Акционерлердің Жалпы Жиналыстары аралығында және Қоғам Жарғысы мен 2003 жылғы 13 мамырдағы “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңның (бұдан әрі – Заң) ережелері рұқсат беретін дәрежеде Қоғам қызметінің жалпы басшылығын, Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын мәселелерін есептемегенде, Директорлар Кеңесі жүзеге асырады.

Атқарушы орган – Басқарма. Ағымдағы қызметті басқару Төраға басқаратын Қоғамның атқарушы органымен – Басқармамен жүзеге асырылады. Басқарма Акционерлер Жалпы жиналысының және Қоғам директорлары Кеңесінің шешімдерін орындайды. Қоғам басқармасы Қоғамның атынан әрекет етеді, оның ішінде оның мүдделерінің өкілі болып табылады, Қоғам Жарғымен белгіленген тәртіпте Қоғам атынан мәмілелер жасайды, штат кестесін бекітеді, Қоғамның барлық қызметкерлерімен орындауға міндетті шешімдерді (қаулыларды, бұйрықтарды және өкімдерді) шығарады және нұсқаулар береді.

Акционерлердің Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:

1) Қоғамның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту;

2) Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

3) Қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешім қабылдау;

4) Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттіктерінің мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

5) Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттіктерінің мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен бірге директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен шарттарын анықтау

6) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;

7) жылдық қаржы есеп беруді бекіту;

8) Қоғамның есептік қаржы жылының таза табысын үлестірудің тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және жыл қорытындылары бойынша Қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденттердің мөлшерін бекіту;

9) Жарғының 8 бабының 8.7. тармақшасында көзделген жағдайлар басталғанда Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылдау;

10) жиынтығы Қоғамның барлық активтерінің жиырма бес (халықтық акционерлік Қоғамның – он) және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы өзге заңды тұлғалардың құрылуы мен қызметіне қатысу туралы шешім қаблдау;

11) Қоғамның ірі мәмілелерді және жасауға Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді жасауы туралы шешімдерді бекіту;

12) Қоғамның міндеттемелерін оның меншікті капиталының жиырма бес (халықтық акционерлік Қоғамның – он) және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ұлғайту туралы шешімдерді бекіту;

13) Қоғамның акционерлерге акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлау нысанын анықтау және осындай ақпаратты баспасөз басылымында орналастыру туралы шешім қабылдау;

14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес Қоғам акцияларды кері қарай сатып алғанда акциялардың құнын анықтау әдістемесін бекіту;

15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

16) акционерлерге Қоғамның қызметі туралы ақпараттыберу тәртібін анықтау, оның ішінде баспасөз басылымын анықтау;

17) «алтын акцияны» енгізу және жою;

18) шешімін қабылдау заңнамада акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.


Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

1) Қоғам қызметінің басым бағыттарын белгілеу;

2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;

3) Қоғамның акцияларын орналастыру және олардың жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылу бағасы туралы шешім қабылдау;

4) Қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы туралы шешім қабылдау;

5) Қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;

6) жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есепті қаржы жылы үшін төленетін дивидендтерді қоспағанда, бір жай акцияға төленетін дивидендтің мөлшерін айқындау туралы шешімдер қабылдау;

7) Қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау;

8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;

10) ішкі аудит қызметін құру және оның жұмыс тәртібін айқындау;

11) бағалаушы мен аудиторлық ұйым көрсеткен қызметтерге төленетін ақының мөлшерін айқындау;

12) Қоғамның резервтік капиталын пайдалану тәртібін белгілеу;

13) Қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту (бұған Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды);

14) Қоғамның Резервтік капиталы туралы ережесін бекіту;

15) Қоғамның резервтік капиталын қалыптастыру үшін таза табыстан жасалатын жыл сайынғы аударымдардың мөлшерін айқындау;

15) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;

16) Қоғамның басқа ұйымдарды құруы және олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;

17) Қоғамның міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын шамаға көбейту;

18) бұрынғы тіркеушімен шарт бұзылған жағдайда Қоғамның тіркеушісін таңдау;

19) Қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметі туралы ақпаратты айқындау;

20) ірі мәмілелер және жасалуына Қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.

Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді атқарушы органның шешуіне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
Басқарманың құзыреті:

Басқарманың құзыретіне Қоғамның Жарғысында немесе Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған ережелер мен өзге құжаттарда анықталған, Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылмаған, Қоғамның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі барлық мәселелер жатады.


Ішкі аудит қызметі

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін мүшелерінің саны кемінде үшеу болатын ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.

Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді.



14. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері

Директорлар кеңесі мүшелерінің аты-жөні, туған жылы

Осы уақытта және хронология тәртіпте соңғы үш жыл ішінде атқарған қызметі


Эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайыз түрінде)

Эмитенттің еншілес және тәуелді ұйымдарына қатысу үлесі (пайыз түрінде)

Исламов Кинталь

Кинтальевич,

1964 ж. туған. - Директорлар Кеңесінің Төрағасы


  • 12.1997-05.2005ж. – ААЭА ЭӘДҚ-ның директоры, «Астана-финанс» АҚ басқармасының төрағасы.

0,0001

Жоқ

Сухотин Александр Владимирович, 1952 ж. туған.

«Астана қаласының коммуналдық меншігі басқармасы» ММ бастығы

  • 2000 жылдың мамыр айынан бастап – «Астана қаласының коммуналдық меншігі басқармасы» ММ бастығы.

жоқ

жоқ

Сұрапбергенов Тимур Дәулеткелдіұлы,

1978 ж. туған.



«Әрекет Жоғары Технологиялар Қоры» АҚ-ның вице-президенті

  • 2004 ж. желтоқсаннан – «Әрекет Жоғары Технологиялар Қоры» АҚ-ның вице-президенті

  • 04.2003-11.2004ж. – «Темірбанк» АҚ Несие тәуекелдіктері басқармасының бастығы

  • 05.2001-04.2003ж. – риск-менеджер, «Темірбанк» АҚ Несие тәуекелдіктері басқармасының аға риск-менеджері




Жоқ

Жоқ

Бөкенбаев Жақып

Құттыбекұлы,

1969 ж. туған.


«Оңтүстік жарық» ЖШС-нің Бас директоры

  • 12.2004ж. желтоқсаннан – «Оңтүстік жарық» ЖШС-нің Бас директоры, Шымкент қ.

  • 09.2004-12.2004ж. – «Туркестанэнерго» АҚ-ның атқарушы директоры

  • 2003-2004ж. – «Туркестанэнерго» АҚ-ның сауықтыру басқарушысы, Шымкент қ.

  • 2002-2003ж. – «Энергоцентр-3» ААҚ-ның атқарушы директоры, бас директоры, Шымкент қ.

Жоқ

Жоқ

Мәмеш Дархан

Әбдімашұлы,

1972 ж. туған.


«Қазақтелеком» ААҚ Орталық аппараты Экономика департаментінің директоры

Жоқ

Жоқ

Савчук Александр

Викторович, 1969 ж. туған.



«Астана-финанс» АҚ-ның Басқарма төрағасы

  • 2005ж. мамырдан – "Астана-финанс" АҚ-ның басқарма төрағасы

  • 01.2000-05.2005ж. – "Астана-финанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары

0,0004

Жоқ

Асқарова Айгүл

Ермағамбетқызы, 1961 ж. туған.



Астана қ. Қаржы департаментінің директоры

  • 2004ж. мамырдан – Астана қ. Қаржы департаментінің директоры

  • 02.2003-05.2004ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінің республикалық бюджетнің жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және шығындарды қаржыландыру басқармасының бастығы

  • 07.2001-02.2003ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінің республикалық бюджетнің жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және шығындарды қаржыландыру басқармасы бастығының орынбасары

Жоқ

Жоқ

Мужчиль Татьяна

Евгеньевна, 1948 ж.туған.



Қазақстан Тауар өндірушілері мен экпортшылары одағының вице-президенті

  • 2004жылғы желтоқсаннан - Қазақстан Тауар өндірушілері мен экпортшылары одағының вице-президенті

  • 1999-12.2004ж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жоқ

Жоқ

Соңғы екі жылдың ішінде Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгерістер:

  1. 2005 жылдың 17 мамырынан – Директорлар кеңесінің әрекет ететін құрамы (Акционерлер жалпы жиналысының №1 хаттамасы);

  2. 2004 жылдың 20 желтоқсанынан 2005 жылдың 17 мамырына дейін (Акционерлер жалпы жиналысының №3 хаттамасы);

  1. 2004 жылдың 27 мамырынан 2005 жылдың 20 желтоқсанына дейін (Акционерлер жалпы жиналысының №2 хаттамасы)

  • Мещеряков Н.И. – Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

  • Сухотин А.В.;

  • Нурпеисов Ж.Б.;

  • Крутиховский И.Г.;

  • Исламов К.К.;

  • Ахметова Ж.А.;

  • Островский А.П.;

  • Фалей М.А.

  1. 2003 жылдың 16 мамырдан - 2004 жылдың 27 мамырына дейін (Акционерлердің Жалпы жиналысының №1 хаттамасы):

  • Н.И. Мещеряков– Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

  • А.В. Сухотин;

  • М.С.Іргебаев;

  • И.Г. Крутиховский;

  • К.К. Исламов;

  • Ж.А. Ахметова;

  • А.П. Островский;

  • М.А Фалей.

  1. 2002 жылдың 16 мамырдан – 2003 жылдың 16 мамырына дейін (Акционерлердің Жалпы жиналысының №2 хаттамасы):

  • Н.И. Мещеряков– Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

  • А.В. Сухотин;

  • Қ.И. Өскенбаев;

  • И.Г. Крутиховский;

  • К.К. Исламов;

  • Ж.А. Ахметова;

  • А.П. Островский;

  • М.А Фалей.

  1. 2001 жылдың 8 қарашадан – 2002 жылдың 16 мамырға дейін (Акционерлердің Жалпы жиналысының №5 хаттамасы):

  • Г.И. Листопадний – Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

  • А.В. Сухотин;

  • Қ.И Өскенбаев.;

  • Т.И. Яковлева;

  • И.Г. Крутиховский;

  • Н.И. Мещеряков;

  • К.К. Исламов;

  • К.М. Дәуітпаева.


15. Қоғамның алқалы атқарушы органы (Басқарма)

Басқарма мүшелерінің аты-жөні және туған жылы

Осы уақытта және соңғы үш жыл ішінде атқарған қызмет


Эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайыз түрде)

Эмитенттің еншілес және тәуелді ұйымдарына қатысу үлесі (пайыз түрінде)

Савчук Александр

Викторович, 1969 ж. туған.



«Астана-финанс» АҚ басқармасының төрағасы

  • 2000ж. қаңтардан – "Астана-финанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары


0,0004

жоқ

Горбунова Любовь

Васильевна, 1954 ж. туған.




«Астана-финанс» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары

  • 2000 жылдың 1 қарашасынан бастап - «Астана-финанс» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.


0,001

жоқ

Ибатуллина Эльмира Павловна, 1974 ж. туған.

"Астана-финанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Заң басқармасының директоры

  • 2005ж. наурыздан - "Астана-финанс" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Астана-финанс" АҚ Заң басқармасының директоры

  • 02.2004-03.2005ж. – "Астана-финанс" АҚ заң бөлімінің бастығы

  • 03.2003-02.2004ж. – "Астана-финанс" АҚ заң бөлімі бастығының орынбасары

07.1999-03.2003ж. – "Астана-финанс" АҚ заң бөлімінің жетекші маманы

0,0017

Жоқ

Ахметова Роза Бижанқызы, 1961 ж. туған.

«Астана-финанс» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

  • 2001 жылдың мамыр айынан бастап - «Астана-финанс» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары;


0,0004

жоқ

Үмбетов Алтынбек Смағұлұлы, 1945 ж. туған

«Астана-финанс» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

  • 2004 жылдың ақпанынан бастап – «Астана-финанс» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары;

  • 06.2001-02.2004 ж. – «Атырау-недвижимость» ААҚ-ның басқарма төрағасы, «Астана-финанс» ААҚ-ның Атырау қаласындағы филиалының директоры.

жоқ

жоқ

Ким Ирина Геннадиевна,

1971 ж. туған



«Астана-финанс» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары.

  • 2004 жылдың 20 мамырынан бастап – «Астана-финанс» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары;

  • 01.04.03ж.-20.05.04ж. – «Астана-Недвижимость» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары

  • 01.06.98ж. – 01.04.03ж. «Астана-финанс» ААҚ несиелендіру бөлімінің бастығы

0,0017

жоқ

Седова Раиса

Идрисовна, 1971 ж. туған



«Астана-финанс» ААҚ-ның бас бухгалтері.

2000 жылдың желтоқсан айынан бастап - «Астана-финанс» ААҚ-ның бас бухгалтері;



0,0056

жоқ
16. Эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген жағдайда
Бұл тармақты акционерлік қоғамдар толтырмайды
17. Директорлар Кеңесінің және Басқарманың мүшелеріне төленетін сыйақы:

(мың теңге)

Атау

Шығару туралы шешімін қабылдаған күнінен алдындағы үш айдың нақты төлемдері (11.04.05 – 11.07.05)

Шығару туралы шешімін қабылдаған күнінен келесі он екі айдың ішінде жоспарланған төлемдер (11.07.05 – 11.07.06)

Директорлар Кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақының сомасы

6 653

42 000

Атқарушы органы мүшелеріне төленетін сыйақының сомасы

31 027

120 000

Барлығы:

37 680

162 000


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет