БАҒдарламасы шымкент 2010 ж. Қабылдау емтиханының бағдарламасы 6D020300 -



жүктеу 232.43 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі232.43 Kb.
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

ҒЗЖ және ХБ жөніндегі проректорына

_______________ Бажиров Т.С.

«_____» _________ 20___ж.

6D020300 - «Тарих» мамандығының (PhD) докторантурасына қабылдау емтиханының


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент 2010 ж.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы 6D020300 -«Тарих» мамандығының Әлем тарихының өзекті мәселелеріне жаңаша көзқарас және Отан тарихының өзекті мәселелеріне жаңаша көзқарас пәндерінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

«___» ________________ 20___, № ____хаттамасы.

Кафедраның меңгерушісі: т.ғ.к., доцент Сапарбаев Б.Қ.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы педагогика және мәдениет факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған __________«___»_________20__ ж. №____

Төрағасы: _____________________

Қабылдау емтиханның бағдарламсы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен келісілген.
ЖООКБББ бастығы:__________________________ Қ. Сыпабек


Кіріспе

6D020300 - «Тарих» мамандығы бойынша докторантура.

Мемлекеттік білім беру стандартының 7.09.07-2008 жылғы жасалған негіздемесі бойынша 6D020300 - «Тарих» мамандығы бойынша докторантура дайындалады. Докторатураның ғылыми-педагогикалық дайындық мерзімі 3 жыл. Докторатураның оқу бағдаламасының құрылымы оқу жұмысының бір қатар түрлерін қамтиды. Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу бағдарламалары (ЖК, ПП,ТК) құрастырылған. Докторанттардың білім алуы білім берудің кредиттік жүйесі бойынша жүргізіледі. Оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, силлабустар бар. 6D020300 - «Тарих» мамандығының талаптарының негізінде докторанттың отандық және әлемдік, ғылыми ақпараттың сақталуы және жетілдіру жөнінде методологиялық және тарих философиясы бойынша теориялық сондай-ақ жоғары мектеп педагогикасы бойынша теориялық-методологиялық білімдері болуы қажет.

Қазақстан тарихының және әлем тарихының өзекті мәселелері бойынша докторлық зерттеулер жүргізіледі. Докторлық зерттеулерге тарих ғылымдарының докторлары жетекшілік етеді. Кафедрада «Қазақстан Шығыс және Батыс өркениетінің өзара байланысы контекстінде» атты жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Докторларды ғылыми-педагогикалық және профильді дайындаудағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты төмендегі мәселелермен қамтамасыз ету;

- ғылыми-педагогикалық білім, отандық және әлемдік тарихи ғылымдар саласында кәсібилікті қалыптастыру, тарихнама деректеме, ғылыми зерттеудің әдісі пәнаралық байланыс, терең теориялық және жеке іс-тәжірибеге дайындау;

- докторанттарды өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға бейімдеу;

- жоғары дәрежелі кәсіби азаматтық ұстанымды, қазіргі кезеңдегі ғылыми және іс-тәжірибе мәселелерін шеше алатын, ЖОО дәріс бере алатын, ғылыми педагогикалық және басқару қызметін атқара алатын мамандарды даярлау.

Әр түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу әдіcтерін меңгеріп, ғылыми іс-шараларға қатысу.

Докторатураны бітіргеннен кейін доктор кәсіби білім алуды әр түрлі ғылыми зерттеу бағытында жалғастырып профессор ғылыми атағын алуға мүмкіндік алады.



1. Пәндердің атауы және олардың бөлімдері

1.1. Әлем тарихының өзекті мәселелеріне жаңаша көзқарас

Деректану, тарихнама

Ежелгі дәуір тарихының тарихнамасы мен деректемесі. Ортағасырлар тарихының тарихнамасы. Жаңа тарих тарихнамасы. Қазіргі заман тарихының тарихнамасы.



Ежелгі дәуір тарихы

Алғашқы қоғам. Адамның қалыптасуы. Қоғамдық құрылыс. Өнер және діни сенімдер. Тұрақтар, еңбек құралдары.

Мысыр табиғаты және ежелгі Мысырдағы жер бөлінуінің дамуы. Ежелгі Мысырдағы топтардың шығуы. Ғылыми білім мен жазудың пайда болуы. Ежелгі Мысырдың өнері. Вавилон патшалығы. Урарту мемлекеті. Үндістандағы мемлекеттер мен топтардың құрылуы. Ежелгі Үндістанның касталық құрылымы және мәдениеті. Ежелгі Қытайдағы мемлекеттердің пайда болуы. Ежелгі Қытайдағы халық қозғалысы. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Греция тұрғындары. Афиналық еңбекқорлар мемлекетінің құрылуы. Александр Македонскийдің мемлекетінің құрылуы және құлдырауы. Грек-Парсы соғыстары және теңіз одақтарының қалыптасуы. Мектеп және жазу. Олимпиадалық ойындар. Ежелгі Грециядағы ғылым мен өнер.

Ежелгі Рим және ондағы мемлекеттердің құрылуы. Б.э.д. Ү-ІІІ ғғ. Рим республикасы. Рим мен Карфаген арасындағы көтеріліс.Спартактың басшылығымен болған құлдар көтерілісі. Октавиан Август кезіндегі Рим. Ежелгі Римдегі өнер мен ғылым. Батыс Рим империясының құлауы.


Орта ғасыр

Варварлардың қоғамдық құрылысы. Келталықтар, германдықтар. Рим империясын варварлардың алуы. Алдыңғы Рим империясының территориясындағы Варварлар патшалығы. Франк мемлекетінің құрылуы. Ұлы Карл және оның жаулаушылығы. Ұлы Карл империясы. Империяның кұлауы. Ұлы Карл билігі кезіндегі мәдениеттің дамуы. ІХ-ХІ ғғ. Франция. ІХ-ХІ ғғ. Германия, Италия, Англия. ҮІІ-Х ғғ. Батыс Славяндықтар. Батыс Европадағы славяндықтардың мемлекетінің құрылуы. ҮІ-ХІ ғғ. Византия империясы. ҮІ-Х ғғ. Оңтүстік Славяндықтар. ІІІ-ҮІІ ғғ. Иран. ҮІ-ХІ ғ. Арабтар. Ерте ортағасырдағы Қытай, Үндістан. Ортағасырлық қалалардың пайда болуы және өсуі. Крес жорықтары. ХІ-ХҮ ғғ. Франция. ХІ-ХҮ ғғ. Англия. ХІІ-ХҮ ғғ. Германия. ХІІ-ХҮ ғғ. Гусшілер соғысы. ХІІІ-ХҮ ғғ. Италия және папалық билік. ХІ-ХҮ ғғ. Испания және Португалия. ХІ-ХҮ ғғ. Скандинавиялық елдер. ХІ-ХҮ ғғ. Польша, Венгрия. ХІІІ-ХҮ ғғ. Византия. XIII ғ. Монғол мемлекеті және оның шапқыншылығы. Орта Азиядағы Темір мемлекеті. ХІІІ-ХҮІ ғғ. Үндістан, Қытай. ХІ-ХҮІ ғғ. Жапония. Батыс Европадағы ортағасырлық мәдениет. Ұлы географиялық ашылымдар және отарлық басып алудың басталуы. ХҮІ-ХҮII ғғ. Италия. Қайта құру және шаруалар соғысы дәуіріндегі Германия. Швейцария және басқа да Европа елдеріндегі қайта құрулдар. Католиктік контрреформация. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Испания. Нидерландық революция. ХҮІ ғ. - ХҮІІ ғ. басындағы Англия. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Франция. ХҮІ-ХҮII ғғ. Скандинавия мемлекеттері. ХҮІ-ХҮII ғғ. Польша, Турция. ХҮІ ғ. Ресей. ХҮІІ ғ. Ресейдің экономикалық, саяси, және мәдени дамуы.

ХҮІ-ХҮII ғғ. Иран, Үндістан, Қытай, Жапония. ХҮІ ғ. бірінші жартысы мен ХҮІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс. ХҮІ ғ. бірінші жартысы мен ХҮІІ ғасырдағы Батыс Европа мәдениет.

Жаңа тарих

ХҮІІ ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы. Англиядағы капитализм. Ағылшын отарының Солтүстік Америкадағы тәуелсіздігі үшін соғысы. АҚШ-тың құрылуы. ХҮІІІ ғ. Ұлы Француз революциясы.

XVIII ғ. бірінші жартысындағы Ресейдің дамуы. ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы ішкі және сыртқы патшалық саясаты. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. Мәдениет және ғылым. Англиядағы өнеркәсіптік қайта қүру. АҚШ-тағы, Германиядағы, Франциядағы өнеркәсіптік қайта құрудың басталуы.

Наполеон Банопарт және оның жаулаушылық әрекеттері. Ұлы конгремм. Европаның саяси картасындағы өзгеріс. 1848-1849 жж. Европадағы революция. Италиядағы, Франциядағы, Австриялық империядағы және Германиядағы революцияның себебі, мақсаты.Германия мен Италияның бірігуі. XIX ғ. бірінші жартысындағы АҚШ-тың саяси дамуы. АҚШ-тағы азамат соғысының себебі, барысы, маңызы. XIX ғ. бірінші жартысындағы Ресей. Қырым соғысы. Токугава Сегунаты кезіндегі Жапония. XIX ғ. бірінші жартысындағы Иран. Бабидтіктер қозғалысы. Франко-Прусс соғысы. Париж коммунасы. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы АҚШ, Жапония, Англия, Ресей, Франция, Германияның саяси дамуы. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы АҚШ, Жапония, Англия, Ресей, Франция, Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі Үндістан, Қытай, Турция, Ауғанстан. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Араб елдері. 1905-1908 жж. Үндістандағы революциялық кезең. 1905-1911 жж. Иран революциясы. 1908 ж. түрік революциясы. XX ғ. басындағы Қытай. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Саяси-әскери блоктардың құрылуы.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басьыдағы империалистік соғыстар. (испан-американдық соғыс, Орыс-жапон соғысы). XX ғ. халықаралык токырау. Ғылым және техника. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы өнер және әдебиет.
Қазіргі заман тарихы

Бірінші дүниежүзілік соғыс. Себебі, мақсаты, қорытындысы. Версаль-Вашингтон жүйесі, маңызы. Германиядағы буржуазиялық-демократиялық революция. Англиядағы буржуазиялық-демократиялық революция.

Венгриядағы революция, Венгер кеңестік республикасы. Ресейдегі азаматтық соғыс және интервенция. Азаматтық соғыстың себебі және басталуы. XX ғ. 20 ж. АҚШ. 1929-1933 жж. саяси дағдарыс және оның АҚШ-та пайда болуы. XX ғ. 20-30 жж. АҚШ-тың сыртқы саясаты. Уақытша түрақтылық кезіндегі Италия. Фашистік Германияның сыртқы саясаты. Фашистердің билік басына келуі. Фашистік Италияның сыртқы саясаты. 1924-1929 жж. Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Англиядағы пайда болуы. XX ғ. 30 жылдарындағы Ұлыбританияның саяси және экономикалық дамуы. Англияның сыртқы саясаты. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы әрекеттері.Дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылысы. Халықаралық қатынастағы өзгерістер.

XX ғ. екінші жартысындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия. XX ғ. 50-80 жылдарындағы Кеңестік Одақ. СССР-дің ыдырауы, ТМД-ның құрылуы. 1945-1989 жж. Орта және Батыс Европа елдері. XX ғ. екінші жартысындағы Иран, Қытай, Жапония. XX ғ. екінші жартысындағы Турция. XX ғасырдың екінші жартысындағы Бангладеш, Иран, Ирак, Пәкістан. XX ғасырдың екінші жартысындағы Африкадағы араб елдері. XX ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америкасы елдері. XX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. XX ғ. екінші жартысындағы мәдениет.


1.2. Отан тарихының өзекті мәселелеріне жаңаша көзқарас

Тарихнама. Деректану

Қазақстан тарихының тарихнамасы. Ежелгі Қазақстан тарихы тарихнамасының кезеңделуі. В.В.Бартольд еңбектері. Түрік жазба тарихнамасы. Қазақстан туралы орыс тарихы ғалымдары. Л.Н.Гумилев және оның еңбектері. Қазақстан тарихы тарихнамасы.


Ежелгі Қазақстан

Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Тайпалық одақ.

Б.д.д. ҮІІІ-Ү ғғ. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар тарихының жазбаша тарихнамасы. Тайпалық одақтардың территориясы, әлеуметтік-саяси құрылымы.

Ғұндар және олардың Орта Азиядағы этникалық процесске әсері. Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы. Ғұндардың орналасуы. Европалық авторлардың жазбасындағы ғұндар.
Қазақстан ежелгі ортағасырда

ҮІ-ХІІ ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер және олардың қоғамдық-саяси құрылысы. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар. Ортағасырдағы отырықшы және көшпелі қатынастар.

Ұлы Жібек Жолының негізгі бағыттары. Қазақстанның мәдени-экономикалық дамунындағы оның орны. Әдеби естеліктер, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Әл Фараби, Ахмет Яссауи және т.б. Ислам дінінің тарауы мен дамуы.

Көне Түркілердің Руникалық жазбалары, Күл Тегін, Білге қаған, Тоныкөк және т.б.


Қазақстан аумағындағы ерте феодалдық мемлекеттер

Түрік қағанаты. Батыс-түрік қағанаты. Қоғамдық құрылыс. Халықаралық байланыстары. Түркештер, қарлұқтар, қарахандар мемлекеті. Феодалдық қатынастардың дамуы. Егін және мал шаруашылығы сауда. Оғыздар, қимақтар, қыпшақтар. Әлеуметтік құрылыс және тайпалық катынастар. ҮІ-ХII ғ.ғ.Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті. Орта ғасырлық жазулар, дін жазу. Түрік мемлекеттерінің құрылуы және олардың әлеуметтік саяси тарихы. Ежелгі орта ғасырлық тайпалар мен халыктардың мәдениеті.


Қазақстан ерте ортағасыр кезеңінде

Шыңғысхан империясының құрылуы. Монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жеріне шабуылы, ұлыстардың құрылуы. Монғол ақсүйектерінің қалыптасуы, Алтын Орданың гүлденуі және құлдырауы. Ақ-Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы. Монғол дәуірінің ерекшеліктері, Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың әлеуметтік, саяси тарихына тигізген әсері. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының қалыптасуы. ХҮІ-ХҮII ғ.ғ. қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы. Қазақ-жоңғар қатынастары. ХV-ХҮIII ғ.ғ. мәдениет. Материалдық мәдениет, әдет-ғұрып, халық-ауыз творчествосы. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ хандығының әлеуметік саяси тарихы.


Қазақстан Ресей империясының құрамында

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

XVIII ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтардың өрістеуі. Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. Ресейдің кіші және орта жүздердегі экономикалық және саяси іс-әрекеттерінің түрлері, әдістері және мазмұны. XIX ғ. шығыстағы және Қазақстандағы Ресей саясатының жаңа бағыты Қазақстанның саяси тәуелсіздігінен айырылуы. ХІХ-ХХ ғ.ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. Қазақстанды Ресей империясының орталауы. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
XIX ғ. екінші жартысы XX ғ. бас кезіндегі Казақстан

60-90 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Қазақстанға тигізген әсері.

XIX ғ. аяғы - ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Ұлт-азаттық қозғалыстар.
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920ж.ж.)

Қазақстан 1917 ж. ақпан революциясы жылдарында. «Алаш», «Үш-жүз» партияларының құрылуы. 1917 ж. Қазан революциясы. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақстандағы азамат соғысы және шетел интервенциясы. «Әскери коммунизм» саясаты. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Патша үкіметі құлағаннан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай. Қоғамдық саяси партиялар және қозғалыстар. Кеңес үкіметінің орнауы.




Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу жылдарында.

Азамат соғысы аяқталғанна кейінгі Қазақстандағы экономикалық жағдай. Жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Елді индустрияландыру, республиканың болашағы туралы идеологиялық күрес. Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу. «Кіші Қазан» саясаты. Ұжымдастырудың салдары. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. 20-30 ж.ж. Қазақстандағы мәдени өмір, оқу-ағарту ісі және ғылым, әдебиет, музыка, театр. Қазақстандағы ЖЭС ерекшеліктері. Индустрияландырудың, үжымдастырудың жолдары және оны жүзеге асырудың әдістері. 20-30 ж.ж. Қазакстандағы қоғамдық-саяси өмір.


Қазақстан екінші дүниежүзілік соғысы және соғыстан кейінгі жылдарда

Ұлы Отан соғысының басталуы. Республика экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта қүру. Қазақстандықтар ҰОС майдандарында. Майдандағы және азат етілген аудандардағы көмек. Соғыстың жеңіспен аяқталуы. Халық шаруашылығын қалпына келтіру. 40-50 ж.ж. қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық зиялыларға қарсы қуғын-сүргін. Қазақстан майдан арсеналы. Қазақстандықтар ҰОС майдандарында. Кейбір халықтарды депортациялау. 40-80 ж.ж. бас кезіндегі саяси қуғын-сүргін.


50-80 ж.ж. бас кезіндегі Қазақстан

Тың және тыңайған жерлерді игеру, экономикалық, экологиялық, демографиялық және әлеуметтік процестер. Партияның XX съезі -сталинизмге қарсы күрес. Партияның XII съезі - партияның үшінші бағдарламасы. 60 жылдардың ортасындағы экономикалық реформалар. XX ғ. 70-ші жылдардағы процестердің күрделілігі және қарама-қайшылылығы. Халык ағарту ісі, ғылым, әдебиет және өнер. 50-80 ж.ж. бас кезіндегі республикадағы қоғамдық саяси өмір. Тың игеру, Қазақстан тоқырау жылдарында.


XX ғ. 80 жылдары мен 90 ж. бас кезіндегі Қазақстан

Қазақстан Респбуликасының 80ж. II жартысы 90 ж. Бас кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы. Алматыдағы 1986 жылгы 16-17 желтоқсан оқиғасы. 80ж. II жартысы 90ж. бас кезіндегі қоғамдық партиялар мен саяси ұйымдар. Қазақстандағы саяси реформалар. Республиканың егемендігі туралы Декларация. Қазақстан қайта қүру жылдарында. Саяси жүйедегі реформалар. Қазақстанның егемендігін жариялау.


Қазақстан - тәуелсіз мемлекет

1991ж. Саяси дағдырыс. КСРО-нң ыдырауы. ТМД құрылуы. Қазақстан Республикасы Президентін бүкілхалықтық сайлау. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Заң. Қазақстан Конституциясын қабылдау. Мемлекеттік рәміздер. Нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар. 2030 ж. дейінгі Қазақстан даму стратегиясы. Қазақстанның халыкаралық форумдарға қатысуы. Сыртқы саяси байланыстардың нығаюы және кеңеюі. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялу. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты.


6D020300 -«Тарих» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтихан сұрақтарының тізімі:

  1. Қазақстан тарихы пәні. Қазақстан тарихындағы қазіргі концептуалдық тұжырымдар.

  2. Қазақстанның тарихы бойынша деректерге сипаттама.

  3. Қазақстан тарихы аса көрнекті шығыстанушылардың (Ш.Уәлиханов, Н.Я.Бичурин, В.В.Бартольд, А.И. Левшин,т.б.) еңбектерінде.

  4. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақстанды зерттеген ғылыми экспедициялар. П.С.Паллас, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, т.б.

  5. XVIII-XX ғғ. Қазақстан тарихы 1940-1980 жылдардағы кеңестік тарихшылардың еңбектерінде.

  6. Қазақстан аумағындағы тас ғасыры және оның кезеңдері. Ежелгі адамның шаруашылық және қоғамдық өмірінің эволюциясы.

  7. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

  8. Қазақстан аумағындағы сақтар бірлестігі: орналасуы, шаруашылығы және саяси – қоғамдық құрылымы. Жаңа әдебиет және тұжырымдар.

  9. Сақ тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті.

  10. «Ежелгі Үйсін Елі» және басқа еңбектер бойынша Үйсін мемлекеттігі: аумағы, басқару жүйесі, шаруашылығы, меншік формалары.

  11. Қазақстан аумағындағы ғұн тайпалары.

  12. ІҮ-Ү ғасырлардағы Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түрік қағанаты: гүлденуі және құлдырауы.

  13. Батыс-Түрік қағанаты («Он оқ будун»): аумағы, этникалық құрамы және басқару аппараты. 28 дәрежелі лауазым туралы.

  14. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Қыпшақ кезеңіне қатысты әдебиет.

  15. Қарахандар мемлекеті: аумағы, этникалық құрамы мен билік жүйесі. Жер иелену формалары.

  16. VI-IX ғғ. I-жартысындағы Қазақстандағы отырықшы және көшпелі өркениет, олардың өзара байланысы және ықпалы. Көшпелі өркениет: мәселеге қатысты пікір- таластар эволюциясы.

  17. Ортағасырлық қала мәдениеті: географиялық орналасуы мен архитектуралық ерекшеліктері (X-XIIғғ.).

  18. Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы басты бағыттары. XXIғ. даму перспективалары.

  19. ІX ғасырдың 2- жартысы мен XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан тұрғындарының материалдық және рухани мәдениеті.

  20. Ортағасырлардағы Қазақстан ғалымдары мен ойшылдарының өмірі мен мұрасы (X-XIIғғ.).

  21. Қазақстан туралы Еуропа саяхатшыларының (Плано Карпини, Гильом де Рубрук, Марко Поло) еңбектері.

  22. Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы. Шыңғыс әулеті ұлыстарының құрылуы.

  23. Алтын Орданың құрылуы. Қазақстан Алтын Орда құрамында.

  24. Ақ Орда: құрылуы, аумағы, халқы, мемлекеттік құрылымы және билік жүйесі.

  25. Қазақстан аумағындағы қалалар мен елді мекендер: мәселенің мәні мен зерттелуі

  26. Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғы шарттары мен заңдылықтары. Дерек көздері және соңғы зерттеу еңбектеріндегі көзқарастар мен ұстанымдар.

  27. Қазақ халқының қалыптасуы: кезеңдері, негізгі аспектілері, проблемалар.

  28. Қазақ жүздері: пайда болуы, аумағы және этникалық құрамы. «Қазақ» этнонимі: мәселеге жаңаша көзқарас .

  29. Қасым ханның қазақ мемлекеттігін нығайту жолындағы күресі. «Қасым ханның қасқа жолы».

  30. Қазақ хандары және хандық институты: эволюциясы және тарихнамасы

  31. XVI-XVIIғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Негізгі категориялары мен топтар. Е.Бекмаханов қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы туралы.

  32. XVI-XVII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиет.

  33. ХҮІІІ ғ. қазақ - жоңғар қатынастары: тарихнамасы, барысы, нәтижелері.

  34. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі патша өкіметінің Қазақстандағы әскери - барлау экспедициялары.

  35. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы әкімшілік және басқару реформалары. Әкімшілік- аумақтық басқару жүйесіндегі өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.

  36. Тарихтағы тұлғалар: Абылайхан тұлғасы және оның мемлекеттік және мәмлегерлік қызметі туралы зерттеулер

  37. Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.): қазіргі зерттеулер бойынша

  38. 38. Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

  39. XVIII-XIX ғғ.бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

  40. Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Жаңа әдебиет және тұжырымдар.

  41. Кіші және Орта жүздердің Ресей құрамына қосылуына қатысты бүгінгі ұстанымдар.К. Тевкелевтің журналы мен күнделігі. («Мәдени мұра» бағдарламасы.)

  42. Тарихтағы тұлғалар: Әбілқайыр хан туралы зерттеулер.

  43. ХҮІІІ-ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

  44. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалысы және оның тарихнамасы.

  45. Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстандағы әскери экспансиясы. Аймақтың Ресей билігіне көшуі.

  46. Қазақстанда капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері

  47. ХІХ-ХХ ғғ. Қоныс аудару қозғалысы: оның кезеңдері, бағыттары

  48. 1867-1868 жж. реформалардың дайындалуы және жүргізілуі. Әкімшілдік- аумақтық және сот жүйесіндегі өзгерістер.

  49. Орал және Торғай облыстары (1868-1869жж.) мен Маңғыстаудағы (1870ж.) қазақтардың көтерілісі.

  50. 1886-1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот жүйесіндегі өзгерістер.(Заңдық актілер бойынша)

  51. Қазақстанда өнеркәсіп ошақтарының пайда болуы және оның жағдайы (XІXғ. екінші жартысы).

  52. XІXғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы сауда және қалалар.

  53. Ш.Уәлиханов – Ұлы ғалым-ағартушы. Ш.Уәлиханов еңбегінде қазақ тарихының зерттелуі .

  54. Ы.Алтынсарин – аса көрнекті педагог – ағартушы

  55. Абай Құнанбаев - ұлы ақын – ағартушы.

  56. XIX ғ. екінші жартысы - XX ғ.басындағы Қазақстандағы халыққа білім берудің дамуы.

  57. Қазақстан 1905-1907 жж. Ресей революциясы жылдарында.

  58. Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы күресі (1905-1910 жж.). Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және басқалары.

  59. Ресейдің Мемлекеттік думасындағы қазақ депутаттарының қызметі.А. Бірімжанов, Б. Қаратаев.

  60. П.А. Столыпин реформасы жылдарындағы патшалықтың Қазақстандағы аграрлық саясаты.Ішкі ресейлік шаруалардың жаппай қоныс аударуы.

  61. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ ауылының экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

  62. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері жөніндегі пікірталастар. 1916 ж. оқиғаларға қазақ зиялыларының көзқарасы.

  63. «Қазақ» газеті және отарлық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуы. ХХ ғ. басындағы қазақ көркем ойындағы негізгі бағыттар.

  64. 1917 ж. Ақпан төңкерісі және оның әсерімен Қазақстанда болған өзгерістер

  65. «Алаш» партиясының құрылуы, бағдарламасы және қызметі

  66. Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

  67. ІІ Жалпықазақ съезінің шешімдері және оның іске асырылуы

  68. Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясы) құрылуы және қазақ қоғамындағы оған қатысты көзқарастар

  69. Азамат соғысы жылдарындағы қазақ қоғамы және Қазақстанда майдандардың құрылуы

  70. Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның құрамына қазақ жерлерінің біріктірілу тарихы

  71. Жер-су реформасының мақсаты және жүзеге асырылмауының тарихи себептері

  72. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.

  73. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: тарихнамасы, мәні мен мазмұны, сипаты және нәтижелері

  74. 1920-1930 жж. Қазақстандағы «Ұлттық ауытқушылықпен» күрес мәселесі.

  75. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны: тарихы және салдарлары

  76. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер: тарихы және тарихнамасы

  77. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс («Мәдени революция» теориясы және большевиктік тәжірибе)

  78. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының тағдыры

  79. Қазақстанға халықтарды депортациялау (1935-1940 жж.): тарихнамасы, себептері және барысы

  80. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерен ерліктері. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы

  81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылдарының күнделікті өмір тарихы: соғыстың адамдардың психологиясына тигізген әсері, билік пен шаруа қатынасы, колхоз жұмысы, отбасы шаруашылығы, бала тәрбиесі, тамақ пен киім мәселесі және т.б.

  82. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ қоғамы: қоғамдық-саяси және әлеуметтік саладағы өзгерістер (1946-1953 жылдар)

  83. «Жылымық жылдарындағы» Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1954-1964 жылдар)

  84. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: барысы, көлемі, салдарлары.

  85. Қазақстан ғылымы мен мәдениеті саяси қуғын-сүргін жылдары (1940-1950 жж.).

  86. «Тоқырау жылдарындағы» Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен мәдениеті

  87. Д.А.Қонаев мемлекеттік қайраткер.

  88. 1970-1980 жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

  89. Қазақстан «Қайта құру» кезеңінде (1985-1991 жж).

  90. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: шығу себептері, көтерілісшілерді қуғындау шаралары.

  91. Қазақстан тарихы «ақтаңдақтарының» зерттелуі. 1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың басы.

  92. Тарихи кезеңдер мәселесі. Қазақстан тарихын кезеңдеу туралы көзқарастар

  93. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануы және оның маңызы.

  94. Қазақстан Республикасындағы отандық тарих ғылымының дамуы, ерекшеліктері, проблемалары.

  95. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарихы жаңа көзқарас тұрғысынан (1991-2009 жж.).

  96. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде.

  97. Қазақстан Республикасындағы мәдени-рухани процестер. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы.

  98. Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің негізгі бағыттары және проблемалары

  99. «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы: қабылдануы, кезеңдері, маңызы.

  100. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың ролі мен қызметі. Қазақстан тарихының проблемалары Н.Назарбаевтың еңбектерінде.

  101. Франция IХ-ХI ғ.

  102. Франко-Прусс соғысы. Париж коммунасы

  103. Ұлы Француз революциясы ХVIII ғ.

  104. Ежелгі Рим және республиканың орнауы.

  105. Крест жорықтары.

  106. Араб елдері. Африка ХХ ғ. екінші жартысында.

  107. Урарту мемлекеті.

  108. Б.з.III-VIIғ. Иран.

  109. Қосөзендегі ежелгі мемлекеттер және Вавилон патшалығы.

  110. ХI- ХVғ. Скандинав елдері.

  111. ХVI-екінші жартысы ХIХғ. Батыс Еуропа мәдениеті.

  112. ХХғ. екінші жартысындағы Жапония.

  113. ХХғ. екінші жартысындағы Түркия.

  114. ХI –ХVғ. Испания және Португалия.

  115. Грек-Парсы соғыстары. Теңіз одағының пайда болуы.

  116. ХХғ. екінші жартысындағы Франция.

  117. Ежелгі Египет өнері.

  118. ХV-ХVIIғ. Италия.

  119. XIII-XVIғ. Индия.

  120. ХХғ. 30ж. Испания.

  121. ХХғ. 30ж. АҚШ Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыты».

  122. Реформация және шаруалар соғысы дәуіріндегі Германия.

  123. VI-XI ғ. Византия империясы.

  124. Ұлы географиялық ашылулар.

  125. ХVI-ХVIIғ. Қытай.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан тарихы. 1-том. А., 1996 ж.

  2. Қазақстан тарихы. 2-том. А., 1997 ж.

  3. Қазақстан тарихы. 3-том. А., 2000 ж.

  4. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993 ж.

  5. Күзембайұлы, Әбіл. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 1998 ж.

  6. К.Рысбаев Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2002 ж.

  7. Қазақтан тарихы : ақтаңдақ беттерінен. А., 1991 ж.

  8. Ч.Мусин Қазақстан тарихы А., 2003 ж.

  9. Кан. Г. История Казахстана. А,. 2000 г.

  10. Қазақтың көне тарихы. А., Жалын. 1993 ж.

  11. Н.Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы. А., Жалын 1994 ж.

  12. Қазақ ССР тарихы. А., 1982 ж. 1-2-3- томдар.

  13. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Астана, 1999 ж.

  14. Қазақ даласындағы ашаршылық. Материалдар жинағы. А., 1991 ж.

  15. Исмайлов А.И. Во имя победы. Шымкент, 2000 ж.

  16. Герой советского Союза –казахстанцы в 2-х томах. А., 1968 ж.

  17. Козыбаев.М.К. 1986 жылғы Желтоқсан, мақсаты мен себептері. А., 1997 ж.

  18. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2004 ж.

  19. Назарбаев Н.А. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде даму стратегиясы. А., 1992 ж.

  20. Назарбаев Н.А. Сындарлы он жыл. А., 2003 ж.

  21. Назарбаев Н.А. Тарих қойнауында. А., 1999 ж.

  22. Назарбаев Н.А. «Қазақстан - 2030». ҚР Президентінің халыққа жолдауы. А., 1997 ж.

  23. И.Я.Златкин История Джунгарского ханства. М., 1964г.

  24. Б.С.Сулейменов Казахстан в составе России. А., 1981 г.

  25. П.А.Турсынбаев Из истории крестьянского переселения в Казахстан. А., 1950 г.

  26. Ж.Момынова Образование казахской народности. Караганда., 1990 г.

  27. История Русской литературы. А., 1979 г.

  28. О.Исмагулов Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. А., 1970 г.

  29. М.Магауин Қазақ тарихының әліппесі. А., 1993 ж.

  30. В.В.Востров, М.Е.Муханов Родоплеменной состав казахов. А., 1974 г.

  31. В.В.Бартольд Туркестан в эпоху монгольского нашествия. М., 1968 г.

  32. К.Аманжолов, А.Тасболатов Қазақстанның әскери тарихы. А., 1999 ж.

  33. К.Аманжолов, Қ.Рахметов Түркі халықтарының тарихы. А., 1997 ж.

  34. Т.Омарбеков XX- ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан. А., 1997 ж.

  35. Т.Омарбеков XX- ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А., 2001 ж.

  36. Т.Омарбеков Зобалаң А,. 1994 ж.

  37. Ә.Бөкейханов Шығармалар. А., 1994 ж.

  38. Т.Жұртбаев Дулыға. А., 1994 ж.

  39. Мұхамед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди. А., 1999 ж.

  40. Л.Н.Гумелев Хұндар. А., 1998 ж.

  41. Л.Н.Гумелев Көне түріктер. А., 1994 ж.

  42. Новая история стран Азии и Африки. XVI - XIX вв. Москва, 2004 г.

  43. История России с начала XVIII в. до конца XIX в. Москва, 1998 г.

  44. Новейшая история зарубежных стран XX век. Москва, 2000 г.

  45. Войны второй половины XX в. Москва, 1998 г.

  46. Новейшая история стран Азии и Африки XX век. 1945-2000 г. Часть

2,3. Москва, 2001 г.

  1. Алтаев А.Ш. Краткие очерки истории Казахстана. Учебное пособие. А,

2008 г.

  1. Алтаев А.Ш. История Казахстана. Хрестоматия. А, 2008 г.

  2. Новейшая история Казахстана (1939-2005 гг.). Хрестоматия. А, 2006 г.

  3. Акимжанов А.К. История Казахстана: курс лекций. Ч.1. А, 1995 г.

  4. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана на ХХ век. А, 1997 г.

  5. Голод в казахской степи. Сб.документов. А, 1991 г.

  6. Конституция республики Казахстан. А, 2007 г.

  7. Оразбаева А.И. Курс лекций по истории Казахстана. Ч.1. Древняя и средневековая история Казахстана. А, 2000 г.

  8. Алаш-орда: сборник документов. А, 1992 г.

  9. История Казахстана. Курс лекций. А, 2008 г.

  10. Кунаев Д.А. «От Сталина до Горбачева» А, 1994г.

  11. Шеретов С.Г. «Новейшая история Казахстана» А, 2003г.

  12. Тарих адамзат ақыл ойының қазынасы: он томдық. – Астана: Фолиант. – 2006

  13. Кадырбаев А.Ш.История Казахстана: первобытный мир и древность.

Алматы, 1998 г.

  1. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех

тысячелетий. Алматы, 1992 г.

  1. Шаймерденова М.Д. История Казахстана с древнейших времен до

середины XX в. Алматы, 1999 г.

  1. Шеретов С.г. Новейшая история Казахстана. Алматы, 2003 г.

  2. Л.Н.Гумилев. «Древние тюрки». Алматы, 1993.

  3. Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. Алматы, 1998 г.

  4. Юдин В.Г. Центральная Азия глазами востоковеда. Алматы, 2001 г.

  5. История древнего мира. Москва, 2007 г.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет