БАҒдарламасы шымкент 2011 Қабылдау емтиханының бағдарламасын 6М072100



жүктеу 317.03 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі317.03 Kb.
түріБағдарламасы
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Ф.7.22-17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасы


Бекітемін

ҒЖ және ХБ Проректоры

______________Бахов Ж.К.

« __ » _________________ 2011 г.



6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтихандарының

БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫМКЕНТ - 2011

Қабылдау емтиханының бағдарламасын 6М072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде профессор. Сырманова К.К. құрастырған.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы «ТНГиП» кафедра мәжілісінде талқыланған « 13 » мамыр 2011ж., № 11 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі ____________Сакибаева С.А.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы химия-технологиялық факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған « 25 » мамыр 20_11__ж., № _11__ хаттамасы

ӘК төрағасы _________________________Бугенбаева С.С.

(қолы, аты-жөні)

Қабылдау емтиханының бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Орталығымен мақұлданған.

ЖООКББО басшысы ________________________ Изтаев Ж.

Кіріспе
Докторантурада ғылыми кадрларды даярлау 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» докторантура мамандығы бойынша жүзеге асырылып, техникалық ғылымдар саласы бойынша философия (PhD) докторы академиялық дәрежесі беріледі.

Философия докторын (PhD) дайындаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу мен педагогикалық бағыттарға ие және фундаментальды білім беру, әдістемелік және зерттеушілік даярлықты жоспарлайды, сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу системалары үшін сәйкес пәндерді терең игеруді көздейді.



6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша доктор дайындаудың білім беру бағдарламасы фундаментальды білім беру, әдістемелік және зерттеушілік даярлықты жоспарлайды, сонымен қатар органикалық заттардың әр түрлі түрлерін өндірудің химиялық технологиясы, көмірсутекті газдар, мұнай өнімдері – отын, мұнай майлары, кокс; мономерлер, полимерлер, эластомерлер, беттік-активті заттар, химиялық талшықтар, синтетикалық жуу құралдарын, еріткіштер, лактейтін материалдар және т.б. бойынша пәндерді тереңірек оқуды көздейді.

1. Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері



    1. .Мұнай, газ және көмірдің химиясы мен физикасы

.

Органикалық заттардың химиясы мен физикасының дамуының тарихы мен негізгі бағыттары. Мұнайдың пайда болуы жайлы гипотезаларға шолу. Д.И. Менделеев гипотезасы. Мұнайдың органикалық пайда болуының гипотезасы. Мұнайдың аналық затының мұнай түзілу процесінде түрленуі.

Мұнайдың химиялық құрамын зерттеудің жалпы принциптері. Көмірсутекті қоспаларды ажырату, бөлу және талдаудың физикалық әдістері. Хроматография түрлері және талдау әдістері.

Метанды көмірсутектер, мұнайдағы, мұнай фракцияларындағы құрамы, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұнайдың газ тәрізді, сұйық және қатты парафинді көмірсутектері.

Мұнайдың нафтенді көмірсутегі, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұнай және мұнай өнімдерінің қанықпаған көмірсутектерінің жалпы сипаттамасы және оларды анықтау әдістері.

Ароматикалық көмірсутектердің жалпы сипаттамасы, мұнайдағы құрамы, олардың қасиеттері және бөліну жолдары. Гибридті және аралас құрылымды көмірсутектер.

Мұнайдың гетероатомды қосылыстары. Мұнай мен газдың оттекті қосылыстары. Нафтенді қыщқылдар, олардың құрамы, мұнайдағы құрамы және дистилляттар бойынша таралуы. Нафтенді қышқылдардың бөліну әдістері және олардың сандық анықталуы. Нафтенді қышқылдардың химиялық сипаттамасы және құрылымын анықтау, олардың қолданылуы. Фенолдар. Мұнайдың күкіртті қосылыстары. Мұнайдағы күкіртті қосылыстардың түрлері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Күкірттің жалпы құрамының сандық және сапалық анықтауы. Мұнайдың әр түріндегі күкіртті қоспалардың құрамы. Мұнай өнімдері қасиеттеріне күкіртті қосылыстардың әсері. Мұнайдың азотты қосылыстары. Азотты қосылыстардың әр түрі, олардың қысқаша сипаттамасы. Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі азотты сандық және сапалық жолмен анықтау. Мұнай өнімдерінің қасиеттеріне азотты қосылыстардың әсері.

Қатты жанғыш қазбалардың органикалық массаларының гетероқосылыстары.

Классификация. Шайырлы заттар тобының сипаттамасы және зерттеу әдістері. Олардың мұнай мен мұнай өнімдеріндегі құрамы.

Мұнайдың минералды компоненттері. Мұнайда табылған минералды тұздар және органикалық қышқылдардың тұздары, феноляттар, мұнайдың металлокомплексті қосылыстары, микроэлементтері. Мұнайдағы су. Мұнайдағы минералды компоненттерді сапалық анықтау әдістері.

Молекулааралық өзара әсерлесулер. Молекула үсті құрылымдар. Ассоциаттар. Комплекстер. Мұнайды қайта өңдеу процестеріндегі шайырлы-асфальтенді заттар мен көмірсутектердегі молекула аралық өзара әсер ету ролі.

Қатты жанғыш қазбалардың түрлері. Торфтар, бурый және тасты көмірлер, антрациттар, сапропелитті көмірлер, сланцылар. Олардың элементарлы құрамы, ылғалдың құрамы, күлділігі, ұшпалы заттардың шығымы, ҚЖҚ жылуөткізгіштігі. Көмір түзілуінің торфты, сұркөмірлі және таскөмірлі сатылары. Көмір түзгіштер өсімдіктерінің құрамы. Көмір құрамын зерттеу. Көмірдің классификациясы. Битумоидтар, торфтар мен көмірлердің гуминді қышқылдары.




1.2. Мұнай шикізатын құрылымын өзгертпей өңдеу процестерінің химиялық технологиясы.

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай химиялық өндірістің даму тарихы. Қазақстан мен ТМД-дағы жылу -энергетикалық баланстың құрылымы. ТМД мен шетелдегі мұнай мен газды бұрғылау мен қайта өңдеудің негізгі аймақтары. Мұнайдың және мұнай кен орындарының пайда болуы. Мұнай ұңғымаларын бұрғылау әдістері және мұнай орындарын даярлау жобасының мәліметтері. Мұнай мен газды алу және тасымалдау. Мұнайдың көмірсутекті емес қосылыстары. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сипаттамасы мен классификациясы. Мұнай мен мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері: тығыздық, молекулалық масса, қаныққан булар қысымы, тұтқырлық, жылулық қасиеттер, лап ету темературасы, тұтануы , өзімен өзі жануы. Мұнайдың өндірістік-жобалық бағасы және оны қайта өңдеу бағыты.


Мұнайлы дисперсті жүйелерді қайта өңдеу жолдары және теориялық, технологиялық негіздері. Газдарды өңдеуге дайындау. Сығылған газдарды сақтау мен тасымалдау. Табиғи көмірсутекті газдарды қайта өңдеудің физикалық әдістері. Газдардан күкіртті өндіру. Процестің химизмі мен негізгі факторлары. Принципиальды технологиялық сызба.

Мұнай мен газды қайта өңдеуге дайындау реті мен әдістері. Мұнай, газды конденсаттар мен газдарды қайта өңдеу процестерінің классификациясы. Мұнайларды тұзсыздандыру және сусыздандыру. Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес. Мұнайдың тұрақтануы. Мұнайды сұрыптау. Мұнай мен газдарды қайта айдау процестерінің теориялық негіздері. Мұнайды біріншілік өңдеу. Біріншілік ретті, көп ретті және біртіндеп буланумен байланысты қайта айдау. Буланғыш агентпен қайта айдау. Вакуумды айдау. Ректификация. Азеотропты және экстрактивті ректификация.

Мұнай, газ және мұнай өнімдерін қайта өңдеуге арналған негізгі аппараттар. Ректификационды колонналар, тарелкаларды таңдау. Материалды және жылулық баланс. Ректификационды колонналардың температуралы тәртіптерін басқару әдістері. Ректификациялы колонналар мен олардың байланыс құрылғыларының классификациясы.

Мұнай мен газдарды айдаудың қазіргі заманғы өндірістік құрылғылары. Өндірістік құрылғылардың типтері. Мұнай мен мазуттарды бірінші ретті айдауға арналған өндірістік құрылғылар. АТ, ВТ және АВТ қондырғылар. Мұнайды бірінші ретті айдауға арналған ЭЛОУ-АТ, ЭЛОУ-АВТ комбинирленген қондырғылары. Тоуарлы мұнай өнімдерін компаундирлеумен даярлау, олардың құрамы мен сапасын оптимизациялау. Отынлы нұсқамен мұнайды өңдеудің ағынды сызбасын талдау.




    1. . Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеу процестерінің химиялық технологиясы.

Кіріспе. Мұнай шикізатын қайта өңдеудің екінші ретті процестерінің жалпы сипаттамасы. Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеу технологиясының ерекшеліктері. Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеу процестерінің жылулық эффекттері. Айналмаған мұнай шикізатын рециркуляциялау. Термиялық және каталитикалық процестерді аппаратуралық рәсімдеу ерекшеліктері.

Мұнай шикізатын қайта өңдеудің термиялық процестерінің теориялық негіздері. Термиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы. Термиялық процестердің химизмі мен механизмі. Термиялық процестердің негізгі факторлары және өнімдердің қасиеттері. Қысым арқылы термиялық крекинг. Шығарылатын реакциялы камерасы бар екі пешті крекинг сызбасы. Висбрекинг. Құрылымын өзгертіп вакуумды айдау. Ауыр мұнай шикізатын кокстеу. Теориялық негіздер. Кокстеудің өндірістік құрылғысы (периодты, жартылай үздік емес, үздіксіз емес кокстеу). Мұнай шикізатын пиролиздеу: негізгі факторлары мен процесті өндірістік қамсыздандыру.

Каталитикалық процестер. Каталитикалық крекинг: катализаторлар мен механизм, процестің негізгі факторлары. Каталитикалық крекингтің өндірістік қондырғысы. Каталитикалық риформинг: катализаторлар мен механизм, процестің негізгі факторлары. Аппаратура мен құрылғы, каталитикалық риформинг қондырғысы. Каталитикалық изомеризация, технологиялық негіздері, өнімдер.

Гидрогенизациялық процесстер. Катализаторлар, механизм және гидрогенизациялық процестердің негізгі факторлары. Дистилляттарды гидротазалау: катализаторлар және процестің негізгі факторлары. Дистиллятты және қалдық шикізаттың гидротазалауының өндірістік қондырғылары. Шикізаттың әр түрлерінің гидрокрекингі.

Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилирлеу: негізгі факторлар мен процесті өндірістік қамсыздандыру. Алкендерді полимеризациялау.

Зауытты көмірсутекті газдарды қайта өңдеу, өндірістік қондырғылар. Газдарды қайта өңдеу процестерінің технологиялық сызбалары (ГФУ,АГФУ және т.б.)

МӨЗ көлемді және комбинирленген қондырғылары. Отынды нұсқа бойынша мұнайды қайта өңдеудің топтық сызбасы. Автомобильді және авиациялы бензиндерді алудың алдыңғы қатарлы процестері. Мұнайды құрылымын өзгертіп қайта өңдеу кезіндегі қоршаған ортаны ластау көздері. НПЗ-дағы қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар.



1.4 Мұнай мен газ технологиясы.
Тауарлы мұнай өнімдерін тазалау мен өндіру. Отын мен майлардың классификациясы. Тауарлы мұнай өнімдері мен оларға қойылатын негізгі талаптар. Көмірсутектер және олардың қоспаларының құрамы мен құрылымының мұнай өнімдерінің сапалық көрсеткіштеріне әсері.

Тазалау процестерінің мақсаты мен міндеті. Отын, майлар, парафиндер, церезиндер және т.б. қажетті және қажет емес компоненттері. Мұнайөңдеу зауыттарындағы жалпы ағымдық сызбасындағы тазалаудың негізгі процестері мен олардың орны. Мұнайды өңдеу өнімдерінен мұнай химиялық синтез және басқа мақсаттар үшін шикізатты бөлу әдістері (ароматты көмірсутектер, қалыпты парафиндер және т.б).

Химиялық реагенттер мен таңдамалы еріткіштерді қолданумен мұнай фракциялары мен қалдықтарды тазалау.

Химиялық тазалау процесінің негізі, қолданылатын реагенттер, негізгі химиялық реакциялар.

Нафтенді қышқылдарды, күкіртсутектерді, меркаптандарды жою мақсатымен мұнай дистилляттарын сілтімен тазалау. Мұнай дистилляттарын күкірт қышқылы ерітінділерімен және олеуммен тазалау және сілті немесе адсорбенттермен бейтараптау. Өндірістік қондырғылар, негізі аппаратура, материалды баланстар.

Мұнай шикізат компоненттерін таңдамалы ерітінділер көмегімен алу және тазалау процестерінің теориялық негіздері.

Полярлы және полярлы емес еріткіштер және олардың мұнай шикізаттары компоненттеріне әсері. Олардың факторларын анықтайтын еріткіш пен таңдамалық.

Дистилляттарды, қалдықтарды және басқа да мұнайды өңдеу өнімдерін тазалау мен бөлуге арналған еріткіштерге қойылатын негізгі талаптар. Пропан, бутан және бензинді (Добен процесі) қолдану арқылы деасфальтизация процесінің мақсаты мен негізі. Компоненттерді алу тереңдігі мен алынған өнімдер сапасын анықтайтын факторлар. Типті өндірістік сызбалар. Технологиялық есептеу элементтері. Аппаратты рәсімдеу.

Таңдамалы еріткіштермен экстракция процестерінің мақсаты мен негізі (селективті тазалау). Ең кең таралған еріткіштер мен олардың бағасы. Компоненттерді алу тереңдігі мен алынған өнімдер сапасын анықтайтын факторлар. Процестердің типті өндірістік сызбалары. Технологиялық есеп элементтері. Негізгі аппаратура..

Отынды және майлы фракциялардың депарафинизациялануы. Карбамидпен депарафинизациялау. Процестің мақсаты мен оның теориялық негіздері. Мочевинасы бар комплекс түзуге арналған құрылымдар. Процестің технологиясы. Карбамидпен депарафинизациялау процесінің материалды балансы мен технологиялық сызбасы.

Еріткіштерді қолданумен майлы фракцияларды депарафинизациялау. Депарафинизациялаудың эффективтілігін анықтайтын процесс ретіндегі қатты көмірсутектердің кристалдануы. Кристалдану процесіне әсер ететін факторлар, кристалданудың оптималды шарттарына қол жеткізу жолдары. Еріткіштер және олардың бағасы. Депарафинизациялау процесінің принципті технологиялық сызбасы. Ірі және комбинирленген қондырғылардың типті сызбалары. Негізгі аппарату, материалды баланс.
1.5 Жағатын майлар мен парафиндерді гидротазалау
Гидротазалау - қажет емес компоненттерді жою әдісі ретінде. Майлар мен парафиндерді гидротазалаудың пирнципиалды сызбасы. Аппаратуралы рәсәмдеу, процестер режимі және қолданылатын катализаторлар. Материалды баланстар.

Құрылымын өзгертіп гидрогенизациялау тұтқырлықтың жоғары индексі мен қатудың төмен температурасын алу әдісі ретінде. Құрылымын өзгертіп гидрогенизациялаумен алынған майлардың қасиеттері мен процестің ерекшеліктері.

Адсорбциялық тазалау және присадка қосу жолымен мұнай өнімдерінің қасиеттерін жақсарту.

Адсорбенттермен отын мен майларды тазалаудың өндірістік жолдары. Адсорбенттер және олардың сипаттамасы. Тазалау эффективтілігін, типті сызбаларды, материалды балансты анықтайтын параметрлер.

Присадкалар классификациясы, оларды қолдану аймағы, ассортимент. Әсер ету механизмі және присадкалардың негізгі топтарының эффективтілігі.

Пластикалық жағатын заттар, мұнай битумдары мен техникалық көміртегіні (сажи) өндіру.

Пластикалық жағатын заттар дисперсті жағатын материалдар ретінде, олардың қасиеттері мен қолданылуының ерекшеліктері. Құрамы және қолданысы бойынша жағатын заттардың классификациясы. Жағатын заттар өндірісіне арналған шикізат сипаттамасы. Процестердің принципті сызбалары.

Битумдар, олардың топтық химиялық құрамы мен қасиеттері. Битумдардың классификациясы мен ассортименті. Шикізат және битумдарды алу жолдары. Битумдарды алудың периодты және үздіксіз процесі.

Техникалық көміртегінің пайда болу процесінің ғылыми негіздері. Техникалық көміртегі классификациясы мен қолданылуы. Шикізат және техникалық көміртегінің әр түрлі маркаларын алу жолдары. Негізгі қондырғы және құрылғы. Жұмыс істеу режимі. Материалды баланстар.



1.6. Органикалық және мұнай химиялық синтез технологиясы.
Органикалық заттар жайлы ғылымның даму тенденциясы мен қазіргі заманғы жағдайы. Бағалы қасиеттерге ие органикалық заттарды қайта өңдеу технологиясына қойылатын жаңа жолдар.

Өндірістің мұнай химиялық саласы – органикалық заттар өндірісінің негізі. ҚР мұнай өңдеу және мұнай химиялық өндірісінің даму жолдары мен қазіргі заманғы жағдайы. Органикалық және мұнай химиялық синтез үшін шикізат алу технологиясы мен негізгі әдістері. Көмірсутекті шикізатты өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерін интенсификациялау: мұнай мен оның құрылғыларын бірінші ретті қайта өңдеу; жоғары сапалы отындарды ауыр мұнай қалдықтарынан алу. Мұнай өңдеуге арналған жаңа каталитикалық жүйелер.

Жаңа полимерлі материалдар мен композиттерді өндіру мен қайта өңдеудің даму қарқыны мен қазіргі заманғы күйі. Полимерлерді өңдеудің жаңа технологияларын даярлаудың алдыңғы қатарлы бағыттары. Мұнай химиялық өндірістің дамуының қазіргі заманғы бағыты. Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының негізін құрайтын негізгі өндіріс, оны дамыту жолдары және негізгі мәселелері. Қазақстанның мұнай химиялық өндірісінің шикізатты базасы және оның өңдеу арқылы алынған өнімдерін органикалық синтез шикізаты үшін қолдану. Жолдағы газдарды утилизациялау.

Мұнай, газ және көмірді өндіру мен өңдеуге арналған қазіргі заманғы, алдыңғы қатарлы, соңғы үлгідегі қондырғылар мен құрылғыларды қолдану. Ректификациялық колонналардың байланыс құрылғыларын, вакуумды колонналардың конденсациялы-вакуумқұрайтын жүйесін, құбырлы пештерді және жылуалмастыпрғыш-салқындатқыш қондырғыларды жетілдіру.

Мұнай мен мұнай химиялық синтез үшін қолданылатын (КМЦУ-Б, Микроцеокар, ГМЦ, КО-9, ОГР-1, КО-9, R-56, ГКД-202П, ГП-497, ГП-544) жаңа және жетілдірілген катализаторлар. Катализатор құрамының мұнайлы көмірсутекті шикізат өңдеуіне және оның механизміне әсері.

Мазут пен мұнайды терең өңдеудің комбинирленген жүйесі. Комбинирленген ЛК-6У, ГК-3, Г-43-107, КТ-1, KT-1y, KT-2, KT-2A қондырғылардың технологиялық және ағымдық сызбалары, олардың бір - бірінен айырмашылықтары мен сипаттамалары. Шетелдік МӨЗ технологиялық және ағымдық сызбалары мен олардың негізгі ерекшеліктері. Мұнай шикізаттарын қазіргі заманғы термиялық өңдеу процестерінің ғылыми және теориялық негіздері. Термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу, пиролиз. Шикізат сапасы мен технологиялық параметрлердің мұнай қалдықтарының термиялық процестеріне әсері. Моторлы отынның жоғары сапалы компоненттерін өндіруге арналған қазіргі заманғы қондырғыларын ауыр мұнай қалдықтарын термолиздеу жолымен өндіру.

Жеке көмірсутектерді мұнай шикізатын өңдеу жолымен пиролиздің жаңа жоғары өндірісті технологиялық процестерін қолдана отырып өндіру.

Производства индивидуальных углеводородов путем переработки нефтяного сырья с использованием новых высокопроизводительных технологических процессов пиролиза.

Мұнай шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің ғылыми және теориялық негіздері. Каталитикалық риформинг, алкилирлеу, изомерлеу, крекинг, цеоформинг. Шикізат сапасы мен технологиялық параметрлердің мұнай шикізатының каталитикалық процесіне әсері. Наноқұрылымды активті және селективті катализаторларды қолданумен мотор отындарының жоғары октанды жеке көмірсутекті компоненттерінің өндірісіне арналған қазіргі заманғы комбинирленген технологиялық қондырғылар.
1.7. Полимерлі материалдарды өндіру және өңдеудің қазіргі заманғы процестері.
Полимерлер мен полимерлі материалдарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерінің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы мәселелері: пластмассалар, эластомерлер, жабындылар және талшықтар. Пластмассалар – инфрақұрылым мен болашақ технологияны дамытудың негізі. Пластмассаларды экологиялық таза және тасымалдаудың экономикалық тиімді көліктерінде, полимерлі электроникада және медицинада даярлау үшін қолдану.

Полимерлер, композициялық материалдар өндірісінің тарихы мен дамудың негізгі бағыттары. Жаңа полимерлі композициялық материалдарды өндірудің жаңа жоғары өндірісті және экономикалық технологиялық процестерін құру және игеру. Полимерлі материалдар мен жоғары эффективті технологиялық процестерді дамыу және ғылыми негіздерін жетілдіру. Полимерлер мен оның негізіндегі пластмассалар өндірісі үшін арналған шикізаттардың негізгі түрлері мен көздері.

Резинал өнеркәсібі. Резина өнеркәсібінің даму тарихы. Резина – көп компонентті жүйе. Полимерлеу реакциясымен алынатын полимерлер негізіндегі пластикалық массалар. Полимерлеуді жүргізу әдісін таңдау. Газды фазада, массада, суспензияда және эмульсияда, органикалық еріткіш ортасында, қатты фазада полимерлеу жүргізу. Осы әдістердің сипаттамасы.

Қанықпағаен алифатикалық көмірсутектердің полимерлері. Полиэтилен. Жоғары және төмен қысымды жоғары мен төмен тығыздықты полиэтилен алу. Технологиялық процестердің ерекшеліктері, оның өндірісі, полиэтилен құрылымына процестің технологиялық параметрлерінің әсері. Полиэтилен қасиеттері. Қасиеттердің алу әдістеріне тәуелділігі. Полиэтиленді қолдану. Полипропилен. Полипропилен өндірісінің даму қарқыны. Полимер құрылымының (кристалды, аморфты) түзілуіне септігін тигізетін факторлар. Катализаторлы комплекс құрамы және оның ролі. Полипропилен қасиеттері мен қолданысы.

Полистирол. Полистиролдың молекулалы массасы шамасы мен молекулалы-массалы таралуына процестің технологиялық параметрлерінің әсері. Әр түрлі әдістермен алынған полистирол қасиеттері.

Пенополистирол. Пенополистиролды сығу және сығуусіз әдіспен алу. Осы әдістердің сипаттамасы. Пенополистирол қасиеттері және оларды қолдану аймақтары.

Стиролдың сополимерлері. Алу әдістері, қасиеттері және қолданысы.

Галогенөндірістік шекті емес көмірсутекті полимерлер.

Поливинилхлорид (ПВХ). Поливинилхлорид өндірісінің даму тарихы. ПВХ өндірісін алуға арналған бастапқы шикізат. Оны алу әдістерінің салыстырмалы бағасы. ПВХ –ны винилхлоридті массада немесе блокта; эмульсия немесе суспензияда полимерлеу арқылы өндіру. Периодты және үздіксіз әдістер. Полимер қасиеттері мен қолданысы.

ПВХ негізіндегі пластикалық массалар. Винипласт және пластикат. Винипласт пен пластикат қасиеттері. ПВХ негізіндегі өнімдер. Алу және қолдану әдістері. Тұрақтандыру және тұрақтандырғыштар.

Поливинилхлорид негізіндегі композициялық материалдар. Пенопласттар. Алу әдістері, қасиеттері және олардың қолданылуы.

Политетрафторэтилен (фторопласт-4).

Полиакрилаттар сипаттамасы. Полиакрилаттар өндірісіне арналған бастапқы шикізат пен мономерлер. Акрилді қышқылдардың полимеризациясы. Блоктағы акрилді және метакрилді қышқыл эфирлерінің полимеризациясы.

Органикалық шыныға қойылатын талаптар. Полиакрилаттар қасиеттері мен қолданылу аймақтары.

Полиакрилонитрил. Полиакрилонитрилді алудың техникалық әдістері. Әр түрлі әдістермен (суда, тұз ерітіндісінде, органикалық ерітінділерде) алынған полиакрилонитрил қасиеті. Полиакрилонитрилді пайдалану.

Поликонденсация реакциясымен алынатын полимерлер негізіндегі пластикалық массалар. Поликонденсация реакциясының жалпы ерекшеліктері. Тепе-тең және теп-тең емес поликонденсация, осы екі процестердің сипаттамалы ерекшеліктері.

Фенолды-альдегидті полимерлер. Олигомерлер мен полимерлерге арналған шикізат сипаттамасы. Фенолформальдегидті олигомерлер мен полимерлер өндірісінің даму тарихы. Фенолальдегидті полимерлер өндірісіне арналған бастапқы шикізат. Фенолальдегидті полимерлер синтезі процесінің ерекшеліктері. Новолакты және резольды олигомерлердің пайда болу механизмі. Периодты және үздіксіз процестер. Новолакты және резольды олигомерлер мен полимерлердің қасиеттері. Фенол мен формальдегид гомологтары негізіндегі полимерлерді алу ерекшеліктері.

Фенолдар мен басқа альдегидтер негізіндегі полимерлер. Модифицирленген фенолформальдегидті полимерлер. Алу жолдары, қасиеттері және қолдану аймағы.

Пластикалық массалар. Фенолальдегидті олигомерлер мен полимерлер (фенопласттар) негізіндегі пластикалық массалар. Композициялардағы байланыстырғыш ролі. Толықтырғыш түрлері ( ұнтақ тәрізді, талшықты, жапырақты). Пресс-ұнтақтарды өндіру ерекшеліктері. Талшықтар. Өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданысы. Қабатты пластиктер. Қабатты пластиктер түрлері. Өндіру технологиясының ерекшеліктері, қасиеттері және қолданысы. Көпіршікті- және кеуекті пласттар. Дайындау технологиясы мен қасиеттері.

Амидоальдегидті полимерлер. Амидоальдегидті полимерлер сипаттамасы. Аминопласттар өндірісінің даму тарихы. Амидоальдегидті полимерлерді алуға арналған бастапқы шикізат. Мочевино- және меламиноформальдегидті полимерлерді синтездеу процесінің ерекшеліктері. Олигомерлер мен полимерлердің пайда болу процесінің механизмі.

Аминпластардың қасиеттерi мен қолданылу аумағы.

Күрделi эфирлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Күрделi полиэфирлердi алудың бастапқы шикi заты. Күрделi полиэфирлер түзiлудiң негiзгi заңдылықтары.

Полиэтилентерефталат. Бастапқы шикi зат. Полиэтилен-терефталат өндiрiсi технологиясының ерекшелiктерi. Полиэтилентерефталаттың қасиеттерi және қолданылуы.

Поликарбонаттар. Бастапқы шикi зат. Поликарбонаттарды алу әдiстерi. Поликарбонаттарды әртүрлi әдiстермен өндiру. Поликарбонаттардың қасиеттерi және қолданылу аумағы.

Қанықпаған полиэфирлер. Полимерлердiң сипаттамасы. Бастапқы шикi зат. Малеин ангидридi мен полиатомды спирттер негiзiндегi полимерлер (полиэфирмалеинаттар). Қасиеттерi мен қолданылуы. Қанықпаған полиэфирлер негiзiндегi қабатты пластиктер, көбiктi және қуысты пластар, желiмдейтiн композициялар. Оларды өндiрудiң технологиялық процестерiнiң негiзгi сатылары.

Эпоксидтi полимерлер. Полиэпоксидтi полимерлердiң сипаттамасы. Бастапқы шикi зат. Эпоксиолигомерлердiң аминдермен, қышқылдардың ангидридтерiмен, ионды типтi қатайтқыштармен және т.б. қатаюы. Эпоксидтi олигомерлердiң қатаю механизмi. Эпоксидтердi басқа олигомерлер және полимерлермен модификациялау.

Эпоксидтi полимерлер негiзiндегi шыны пластиктер, құю компаундтары, сырлар, көбiктi және қуысты пластар, ұялы пластар. Эпоксидтi олигомерлер мен полимерлердiң қасиеттерi және қолданылуы.

Полиамидтер. Полиамидтердiң сипаттамасы.

Поликапроамид (полиамид-6). Бастапқы шикi зат. Полиамидтер өндiрiсiнiң технологиялық процестерiнiң теориялық негiздерi. Капролактамды алудың техникалық әдiстерi. -капролактамды гидролитикалық полимерлеу. Полиамид-6 (капрон) өндiрiсi.

Капрон мен капролонның қасиеттерi, қолданылу аумағы.

Полигексаметиленадинамид (полиамид-6,6; анид). Бастапқы шикi зат. Полиамид-6,6 өндiрiсi. АГ тұздарын алу. АГ тұздарының поликонденсациясы. АС тұздарынан алынған полиамид (полиамид-6,10).

Полиимидтер. Полиимидтердiң сипаттамасы. Бастапқы өнiмдерi. Полимидтер өндiрiсi, қасиеттерi мен қолданылуы.

Фуранды полимерлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Фуранды полимерлердi алуға арналған бастапқы шикi зат. Фурфурол негізіндегі олигомерлер өндірісі. Фуранды олигомерлер мен полимерлер өндірісі. Олардың қатаю әдiстерi. Фуранды олигомерлер мен полимерлер негiзiндегi пластикалық массалар, олардың қасиеттерi және қолданылуы.

Элементорганикалық және бейорганикалық полимерлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Кремнийорганикалық полимерлер (полиоргано-силоксандар). Полиоргансилоксандарды алуға арналған шикi зат. Алу әдiстерi, қасиеттерi және қолданылуы.

Полиуретандар. Бастапқы шикi зат. Алу әдiстерi, қасиеттерi және қолданылуы.

Полимерлердi химиялық модификациялау процесiнiң негiзгi қызметi. Түзiлу процесiнде немесе дайын полимерлердi қосымша өңдеу нәтижесiнде полимерлердi модификациялау.

Соққыға берiк полистирол. Соққыға берiк полистиролдың қасиеттерi, қолданылу аумағы. АБС-пластиктер, оларды алу әдiстерi, қасиеттерi мен қолданылуы.

Поливинилдi спирт (ПВС). Өнеркәсiптегi ПВС өндiру тәсiлдерi. Үздiктi және үздiксiз әдiстерi. ПВС қасиеттерi және қолданылуы.

Целлюлозаның жай және күрделi эфирлерi. Целлюлоза эфирлерiн алу тәсiлдерi, қасиеттерi және қолданылу аумағы. Целлюлоза эфирлерi негiзiндегi пластикалық массалар.

Полимерлердi өңдеу. Шикiзатты дайындау.

Пластикалық массалар - көп компоненттi жүйелер. Пластмассаларлың құрамы: толықтырғыштар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, майлағыш заттар, бояулар және басқа да қоспалар. Композициялық полимерлiк материалдардың негiзгi компоненттерi.

Гранулалау, таблеткiлеу, қажеттi гранулометриялық құрамды iрiктеп алу. Ұнтақтарды тығыздау. Шикi заттың негiзгi технологиялық қасиеттерi. Шикi зат қасиеттерiнiң бұйымның пiшiнделу технологиясына әсерi.

Кептiру мен алдын ала қыздыру. Кептiру мен қыздырудың қолданылатын әдiстерi, олардың қолданылу саласы. Кептiру мен алдын ала қыздыру әдiстерi: термиялық, индукциялық, жоғары жиiлiктi және инфрақызыл сәулелi.

Толықтырғыштарды енгiзу. Қолданылатын толықтырғыштар. Толықтыр-ғыш\тардың алынатын пластмассалардың қасиеттерiне әсерi.

Қоймалжыңдар мен суспензияларды дайындау. Қоймалжыңдар мен суспензияларға қойылатын талаптар. Сiңдiру мен кептiру. Толықтырылған жүйелердi кептiру мен сiңдiрудiң кинетикасы.

Теромопласттварды өңдеу.

Термопластарды өңдеудiң ерекшелiктерi, термопластарды өңдеу процестерiндегi реология.

Термопластардың технологиялық қасиеттерi: аққыштығы, ылғал мен ұшқыш заттардың мөлшерi, термопластылығы, гранулометрлiк құрамы, шөгуi.

Термопластарды өңдеу әдiстерiнiң классификациясы. Термопластарды араластыру мен дайындау.
Темопластарды қысымсыз құю.

Термопластар қалдықтарын өңдеу. Жалпы технологиялық схема. Ұсақтау мен экструзиялау арқылы қалдықтарды өңдеу.

Реактопластарды өңдеудiң айрықша ерекшелiктерi. Реактопластардың технологиялық қасиеттерi: аққыштығы, қатаю уақыты мен дәрежесi. таблеткiленгiштiгi, шөгуi және т.б.

Өнеркәсiптiк реактопластардың сипаттамасы. Фенол-альдегидтi олиго-мерлер. Фенопластар. Пресс-ұнтақтар, волокниттер, қабатты пластиктер. Олардың классификациясы мен қасиеттерi.

Талшықты толықтырғышы бар полимерлi композициялық материалдар-дан бұйымдарды дайындау. Композиттердiң компоненттерi. Композиттердiң классификациясы. Контактiлi пiшiндеу. Созылымды диафрагмамен пiшiндеу. Пуансонмен пiшiндеу. Тозаңдау әдiсi. Орталықтан қуу арқылы пiшiндеу. Орау әдiсi. Созу әдiсi.

Қабатты пластиктердi дайындау технологиясы. Негiзгi сатылары мен операциялары.

Табиғи каучуктер. Табиғи каучуктердiң құрылысы пен қасиеттерi. Вулканизаттардың қасиеттерi мен қолданылуы.

Жалпылама қолданылатын синтетикалық каучуктер. Бутадиендi, изопрендi каучуктер. Бутадиен-стиролды, бутадиен-метилстиролды каучуктер Физикалық және технологиялық қасиеттерi. Вулкандау. Вулканизаттардың қасиеттерi.

Арнайы қолданылатын каучуктерге сипаттама. Бутадиен-нитрилдi, хлорпрендi, этилендi-пропилендi каучуктер. Бутилкаучук. Силоксанды, фторлы уретанды каучуктер. Құрылысы, қасиеттерi. Вулканизаттарының қасиеттерi және қолданылуы.

Каучук тәрiздi материалдар. Әртүрлi каучуктер негiзiндегi резиналардың қасиеттерi.

Резина қоспаларының рецептi және ингредиенттерi. Резина мен резина

қоспасы туралы жалпы ұғымдар. Резина қоспаларының технологиялық қасиеттерi. Иiлiмдi-созылымды қасиеттерi.


Резина қоспаларының рецептi және ингредиенттерi. Резина мен резина қоспасы туралы жалпы ұғымдар. Резина қоспаларының технологиялық қасиеттерi. Иiлiмдi-созылымды қасиеттерi.

Ингредиенттердi топтастыру. Оларға қойылатын жалпы талаптар.

Вулкандаушы агенттер.

Вулкандау үдеткiштерi. Үдеткiштерге қойылатын негiзгi талаптар. Топтастыру.

Вулкандаудың активаторлары. Баяулатқыштар.

Ескiруге қарсы тұрушылар, топтасуы. Антиозонанттар.

Иiлiмдеу және иiлiмдеткiштер (пластификаторлар). Иiлiмдеткiштерге қойылатын талаптар. Топтастыру. Маңызды иiлiмдеткiштер.

Техникалық көмiртек. Топтастыру. Каучуктi күшейту теориясы. Минералды толықтырғыштар. Ақ күйенiң құрылысы мен физикалық қасиеттерi.

Резина өндiрiсiнiң негiзгi процестерi

2. 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтихандарының

емтихан сұрақтарының шамаланған тізімі.
1.Органикалық заттардың химиясы мен физикасының дамуы тарихы мен негізгі бағыттары. Мұнайдың пайда болуы жайлы гипотезаларға шолу.

2.Мұнайдың табиғаты мен мұнай кен орындарының пайда болуы.

3.Мұнай мен газдардың химиялық табиғаты және топтық көмірсутекті құрамы.

4. Мұнайдың көмірсутекті емес қосылыстары.

5.Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеу технологиясының ерекшеліктері.

6. Отын мен майларды классификациялау.

7.Тауарлы мұнай өнімдері мен оларға қойылатын негізгі талаптар.

8. Мұнай шикізатын пиролиздеу: негізгі факторлар мен процессті өндірістік рәсімдеу.

9. Мұнайдың химиялық құрамын зерттеу.

10. Көмірсутекті қоспаларды бөлу, шығару мен анализдеудің физикалық әдістері.

11.Мұнай және мұжәне мен физико – химиялық қасиеттері.

12. Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеу процесстерінің жылу эффекитілері. Айналмаған мұнай өнімінің рециркуляциясы.

13.Термиялық және каталитикалық процестерді аппаратуралы рәсімдеудің ерекшеліктері.

14.Тазалау процесстерінің мәні мен тағайындалуы. Отын, май, парафиндер мен церезиндердің пайдалы және пайдалы емес компоненттері.

15.Тазалаудың негізгі процестері және мұнайөңдеу зауытының жалпы ағындық схемасындағы олардың орны.

16.Шикізаттың әр түрлерінің гидрокрекингі.

17. Метанды көмірсутектер, олардың мұнай, мұнай фракциясындағы құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері.

18. Мұнайдың газкүйіндегі, сұйық, және қатты парафинді көмірсутектері.

19. Мұнай мен газды дайындаудың әдісі мен реті.

20. Мұнай, газ конденсаттары мен газдарды өңдеудің классификациясы.

21. Мұнай шикізатын өңдеудің термиялық процесстерінің теориялық негіздері.

22.Термиялық процесстердің термодинамикасы мен кинетикасы. .

23. Термиялық процесстердің химизмі мен механизмі.

24. Химиялық тазалау процесстерінің мәні, қолданатын реагенттер, негізгі химиялық реакциялар.

25.Мұнай дистилляттарын нафтен қышқылдары, күкіртті сутегі, меркаптандардан тазалау мақсатында сілтімен тазалау.

26.Зауыттың көмірсутекті газдарын өңдеу, өнеркәсіптік қондырғылар. 27. Газдарды өңдеу процесстерінің технологиялық схемасы. (ГФУ,АГФУ мен т.б.).

28. Ароматикалық көмірсутектер,мұнайдағы құрамы, олардың қасиеттері мен бөлу жолдары.

29. Гибридті және аралас құрылымды көмірсутектер.

30.Мұнай мен газды айдау процесстерінің теориялық негіздері. 31.Мұнайды біріншілік айдау. Айдау түрлері.

32. Қысыммен жүретін термиялық крекинг.

33.Шығаратын реакциялық камерасымен екіпешті крекингтің схемасы. Висбрекинг.

34. Мұнай дистилляттарын күкірт қышқылы ерітінділерімен және олеуммен тазалау ары қарай сілтімен немесе адсорбенттермен бейтараптандыру.

35.Өнеркәсіптік қондырғылар, негізгі аппаратура, мұнай дистилляттарын тазалаудың материальды баланстары.

36.Зауыттың көмірсутекті газдарын өңдеу, өнеркәсіптік қондырғылар.

37. Газдарды өңдеу процесстерінің технологиялық схемасы (ГФУ,АГФУ мен т.б.).

38. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары.

39.Мұнай мен газдың оттекті қосылыстары. Нафтенді қышқылдар, олардың мұнайдағы құрамы мен дистилляттар бойынша таралуы. 40.Нафтен қышқылдарын бөлу әдістері мен оларды сандық анықтау.

41. Мұнай, газ және мұнайөнімдерін өңдеудің негізгі аппараттары.

42.Ректификациялық колонналар мен олардың контактілі құрылғылары.

43.Жылуалмастырғыш аппараттары. Құбырлы пештер . Классификациясы.

44. Висбрекинг. Құрылымын өзгертіп вакуумдық айдау. .

45. Таңдалмалы еріткіштер көмегімен мұнай шикізатын тазалау мен шығару процесстерінің теориялық негіздері.

46. Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу: негізгі фак-торлар мен процессті өнеркәсіптік рәсімдеу.

47.Алкендерді полимерлеу. .

48. Мұнайдың минералды компоненттері.

49. Минералды тұздар мен органикалық қышқылдардың тұздары, феноляттар, мұнайдың металдыкомплексті қосылыстары,микроэлементтер.

50. Мұнайдың құрамындағы су. Мұнайдың минералды компонеттерін сапалы анықтаудың әдістері.

51.Мұнай мен мазутты біріншілік айдау өнеркәсіптік қондырғылары.

52. Ауыр мұнай шикізатын кокстеу. Теориялық негіздер.

53. Кокстеудің өнеркәсіптік қондырғылары (периодты, жартылайүздіксіз, үздіксізь кокстеу).

54. Пропанды қолдану арқылы деасфалътизация процесі.

55. Мұнайды құрылымын өзгертіп өңдеу кезіндегі қоршаған ортаны ластау негіздері.

56.МӨЗ техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы іс – шаралар.

57. Қатты жанғыш қазбалардың түрлері, олардың элементарлы құрамы мен қасиеттері.

58. Торфты, буротасты және таскөмірлі түзілу сатылары.

59.АҚ, ВҚ мен АВҚ қондырғылары.

60. Гидрогенизациялық процестер. Катализаторлар, механизм мен гидрогенизациялық процестердің негіздері. Өнеркәсіптік қондырғылар.

61. Таңдамалы еріткіштермен экстракция процесстерінің мәні мен тағайындалуы (селективті тазалау). Кең таралған еріткіштер мен оларды бағалау.

62. Отынды вариант бойынша мұнай өңдеудің ағынды схемасы.

63.Мұнайдың органикалық табиғатының гипотезасы. Мұнай түзілуі процесі кезіндегі мұнайдың аналық заттарының айналуы.

64. Мұнайды біріншілік айдау бойынша комбинирленген қондырғылары ЭЛОУ-АТ, ЭЛОУ-АВТ

65. Мұнай шикізатын пиролиздеу: негізгі факторлар мен процессті өнеркәсіптік рәсімдеу.

66. Карбамидпен депарафинизациялау. Процесстің мәні мен оның теориялық негіздері. Карбамидпен депарафинизациялау процесінің материалды балансы мен технологилық схемасы.

67. Құрылымын өзгертіп гидрогенизациялау тұтқырлықтың жоғары индексі мен қатудың төмен температурасын алу әдісі ретінде.

68.Құрылымын өзгертіп гидрогенизациялаумен алынған майлардың қасиеттері мен процестің ерекшеліктері.

69. Мұнайдың әр түрлеріндегі күкіртті қосылыстардың құрамы. Күкіртті қосылыстардың болуының мұнайөнімдері қасиеттеріне әсері.

70. Тауарлы мұнай өнімдерін компаундирлеу арқылы дайындау, олардың құрамы мен сапасын оптимизациялау.

71. Каталитикалық крекинг: катализаторлар мен механизмдер, процестің негізгі факторлары. Каталитикалық крекингтің өнеркәсіптік қондырғылары.

72.Қатты көмірсутектердің кристалдануы, депарафинизацияның эффективтілігін анықтайтын процесс ретінде. Кристалдану процесіне әсер ететін факторлар, кристалданудың оптимальды шартарына жету әдістері.

73. Присадкалардың классификациясы, қолдану аймағы, ассортименті. Әсер ету механизмі мен приадкалардың негізгі топтарының эффективтілігі.

74.Мұнайдың күкіртті қосылыстары. Мұнайдағы күкіртті қосылыстардың түрлері.

75.Мұнайдағы күкіртті қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттері.

76.Отын варианттары бойынша мұнай өңдеудің ағынды схемасын талқылау.

77. Каталитикалық риформинг: катализаторлар мен механизмдер.

78. Каталитикалық риформинг процесінің негізгі факторлары.

79.Депарафинизация процесінің принципиальды технологиялық схемасы.

Көлемді және комбинирленген қондырғылардың типтік схемалары.

80.Негізгі аппаратура, депарафинизация процесінің материалды балансы, технологиялық схемасы.

81.Иілімді майлағыштар, мұнай битумдары мен техникалық көміртегінің (күйе) өндірісі.

82.Бүкілдүниежүзілік экономикадағы жылу – энергетикалық комплекстің мәні.

83.АҚ мен АВҚ аппараттарының реконструкциясы мен жаңа технологиялық схемалары.

84.Мұна қалдықтарын термоадсорбционды деасфальтизациялаудың жаңа процесстері (APT, НОТ, ККИ, УНИ, ГрозНИИ).

85.Висбрекинг пен мұнай қалдықтарын кокстеудің жаңа дамуы бағыттары.

86.Отынның альтернативті түрлерін өндіру мен мұнайхимия өнімдерінің технологиясын дамыту перспективасы.

87.Мұнай мен мазутты өңдеудің жоғарыөнімді қондырғыларының ерекшеліктері (ЛК-6У, ГК-3, Г-43-107, КТ-1, КТ-2), бір – бірінен айырмашылығы, ағынды және технологиялық схемалары.

88. Полимерлі композиттерді өңдеу.

89. Шина резиналары рецептісіндегі цеолиттер.

90.Шина резиналары рецептісіндегі Қазақстан кен орындары шунгиттері.

Эластомерлер модификациясы.

91.Резинаға арналған полифункциональды әсердегі компоненттер.

92. Фенол мен ацетонды алу.

93.Стиролды өндіру.

94..Мұнай өнімдерін ароматизациялау.

95.Оттекқұрамды және азот қосылыстарын галогендеу.

96. Ароматикалық көмірсутектерді алкилдеу технологиясы.

97. Олефиндер мен ацетиленді гидратациялау.

98. Кокстеу процесі. .

99. Оксосинтез процесі. .

100.Алюминийорганикалық қосылыстар мен олардың негізінде синтездеу. 101. Бутадиенді -1,3 н-бутан мен н-бутендер негізінде өндіру.

102. Метилбензолдарды ароматикалық қышқылдарда тотықтыру.

103. Тасты көмірді кокстеу.

104. Пропиленді өндіру.

105. Дегидратация процесстері.

106. Бутадиен-1,3 этанолдан өндіру.

107. Метилбензолдың ароматикалық қышқылдарда тотығуы.

108. Винилхлоридті өндіру.

109. Изомерлеу мен деалкилдеу әдістері арқылы ароматикалық көмірсутектерді алу.

110. Этерификацияның химиясы мен теориялық негіздері.

111. Олефиндерді күкіртті қышқылды гидратациялау.

112. Ацетальдегидті ацетиленнен өндіру.

113. Анионды БАЗ өндіру.

114. Ацетиленді кальций карбидінен өндіру.

115.Спирттерді дегидрлеу мен тотықтыру.

116. Стирол мен a-метилстиролды өндіру.

117. Ацетальдегидті этиленнен алу.

118. Катионды БАЗ өндіру.

119.Көмірдің классификациясы.

120.Фторлы сутекпен және оның тұздарымен фторлау.

121.Спирттер мен олефиндерді сульфатирлеу. Алкилсульфат типті БАЗ. 122.Көмірсутектерді тотықтырғыш аммонолизі.

123. Ацетиленді көмірсутектерден алу.

124.Қатты отындарды гидрлеу.

125. Хлортуындыларды гидролиздеудің химиясы мен теориялық негіздері.

126. Сульфирлеу процесстері. Олефин- мен арильсульфонаттар типті БАЗ.

127. Фталевті, малеин және басқа цикликалық ангидридтерді өндіру.

128. Ацетилен мен сірке қышқылынан винилацетатты өндіру.

129. Гидрогенизация процесі технологиясының негізі.

130. Хлоролефиндер мен α – оксидтерді сілтімен дегидрохлорирлеу арқылы өндіру.

131. Винилдеу процесі.

132. Этилен оксидін өндіру.

133. Терефталевты қышқылды өндіру.

134.Полиэтиленді алу жолының оның қасиеттеріне әсері.

135. Полипропиленнің кемшіліктерін жою әдістері.

136.Стирол негізіндегі перспективті сополимерлер мен оларды алу жолдары.

137.Полистирол негізіндегі көпіршіктенген пластиктер.

138.Пластикат негізіндегі композиционды материалдар.

139. Винипласт негізіндегі композиционды материалдар.

140.Фторопласттардың комплексті тамаша қасиеттеріне әсер ететін факторлар.

141. Амидоальдегидті олигомерлердің пайда болу процесінің химизмі.

142. Фенолоальдегидті олигомерлердің пайда болу процесінің химизмі.

143. Фуранды шайырлардың пайда болу процесінің химизмі.

144. Эпоксидианды олигомерлердің пайда болу процесінің химизмі.

145.Өзекті құю машиналарының техникалық сипаттамалары.

146.Арнайы құю машиналары.

147. Соэкструзия әдісімен бұйымдарды алу.

148.Термопласттарды қысымсыз құю.

149.Қыздырып жабыстыру әдісі бойынша термопласттарды өңдеу.

150. Декорирленген және екітүсті бұйымдарды пресстеу.

151.Реактопласттарға арналған құю машиналары.

152.Полимерлі композиттер.

153.Полимерлі композиттерден бұйымдарды дайындау.

154. Көпіршікті бұйымдарды қысыммен құю.

155.Көпіршікті бұйымдарды экструзиялау.

156. Рецептуралы факторлардың резинаның қасиеттеріне әсері.

157.Резина қоспаларының жаңа технологиялық белсенді қосымшалары. 158.Резинаталшықты материалдардың адгезиялы қосымшалары.

159.Шинаның эксплуатацяилық қасиеттерінің резинаның физико – химиялық сипаттамаларымен байланысы.

160.Полимер құрылысының резинаның қасиеттеріне әсері.

161.Вулкандау торы құрылысының резинаның қасиеттеріне әсері.

162.Техникалық көміртегінің физико – химиялық қасиеттерінің резинаның қасиеттеріне әсері.

163.Дайын резинаның сипаттамаларына рецептінің негізгі компоненттерінің әсері.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Рябов В.Д.Химия нефти и газа. – М.: РГУ НиГ им. И.М.Губкина, 2004.-288с.

  2. Ахметов С.А.Технология глубокой переработки нефти и газа.Уфа Гилем, 2002. – 672 с.

  3. Вержичинская С.В., Дигуров Н.Г., Синицин С.А. Химия и технология нефти и газа. М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007. 399 с.

  4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа: Учебное пособие для вузов. 2-е изд. М.: Химия, 2001. 586 с.

  5. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экологический аспекты. М.: Техника: ООО «ТУМА ГРУПП», 2001. 381 с.

  6. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. т. 1-5. Алматы.:

Ғылым, 2001. – 2000 с.

  1. Мановян А.К. Технология переработки природных энергоносителей. М.: Химия, КолосС, 2004. 456 с.

  2. Омаралиев Т.О. Специальная технология производства моторных топлив. Алматы.: Білім, 2002. 386 с.

  3. Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Гылым, 2001. – 276с.

  4. Уильям Л., Переработка нефти.: ЗАО «Олимп Бизнес», 1999.223с.

  5. Коршак А.А., Шаммазов Ф.М. Основы нефтегазового дела. Уфа: Дизаин Полиграф Сервис, 2002.543.

  6. Материалы с сайта http://subscribe.ru/catalog/hind.chem.neftegaz

  7. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа ч.1. М.: Химия. 1972.- 359с.

  8. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа ч.2. М.: Химия. 1980.-382с.

  9. Черножуков Н.И. Технология переработки нефти и газа ч.3. -М.: Химия.

1978.-423с.

16. Омаралиев Т.О. Специальная технология производства топлив


из нефти и газа. Астана.: Foliant. 2005.- 294 с.

17. Левинтер М.Е., Ахметов С.А. Глубокая переработка нефти. -М.:


Химия, 1992. -224с.

18.Научная и научно- техническая периодическая литература


отрасли: Химия и технология отын и масел, Нефть и газ,
Нефтегазовая технология, Нефтехимия.

19.Берг Г.А., Хабибуллин С.Г. Каталитическое


гидрооблагораживание нефтяных остатков. -М.: Химия, 1986. -192с.

20.Гуреев А.А., Фукс И.Г., Лахши В.Д. Химмотология. -М.: Химия,


1986. -3686.

21.Бектуров Е.А., Бимендина Л.А. Интерполимерные комплексы. -


Алматы.: Наука,1977. -120с.

22.Нуркеева З.С., Мун Б.А., Хуторянский В.В. ИПК полимеров


виниловых эфиров гликолей и композиционных материалов на их
основе. Высокомолекулярные соединения. Б.,2001, т. 43, №5, с.925-
935.

23.Орлов В.Ю., Комаров A.M., Ляпина Л.А. Производство и


использование технического углерода для . резин. Ярославль:
Александр Рутман, 2002.- 512с.

24. Сырманова К.К. Физика и химия волокнообразующих полимеров/ Учебное пособие/- Шымкент: Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова,2009. - 146с.



25.Бейсенбаев О.К.,Мамытов К.Ж. Органикалық және мұнайхимия өндірісінің технологиясы, Шымкент, 2011ж Оқу құралы 336б



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет