БАҒдарламасы суармалы егіншілік ҚР суармалы егістігінің бүгінгі жағдайы және болашағы



жүктеу 55.72 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі55.72 Kb.
түріБағдарламасы
6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша

докторантураға түсуге арналған емтиханның қысқаша

БАҒДАРЛАМАСЫ
Суармалы егіншілік

ҚР суармалы егістігінің бүгінгі жағдайы және болашағы.

Топырақ құнарлылығын жоғарылатудағы «төгінді» сулардың орны және оларды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалану.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының суару режимі, анықтау әдістері.

Сортаң жерлерді химиялық жолмен мелиорациялау.

Суару тәсілдері және оларға сипаттама, прогрессивті әдістері.

Су эрозиясы, оның түрлері және болдырмау шаралары.

Ирригациялық эрозиялар, түрлері және олармен күресу жолдары.

Суармалы жерлердің тұздану (сорлану) себептері және олармен күресу шарлары.

Суармалы жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері.

ҚР азық-түлік бағдарламасын орындаудағы суармалы егіншіліктің алатын орны. Өнімділікке және өнімі сапасына әсері суармалы жерлерді қарқынды (интенсивті) пайдалану жолдары.

Суармалы жерлерде ауыспалы егіс құру ерекшеліктері.

Топырақтың су (ылғал) режимі және топырақ ылғалдылығын анықтау жолдары.

Жаңбырлатып суару, оның түрлері, кемшіліктері мен ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылық дақылдарының суару мерзімін анықтау жолдары.
Тәжірибе ісінің әдістемесі

Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік.

Егіншілікте зерттелетін сұрақтарға байланысты тәжірибе нобайын құрастыру.

Селекция мен тұқымтануда зерттелетін сұрақтарға байланысты тәжірибе нобайын құрастыру.

Топырақты су және жел эрозиясын сақтау бойынша зерттелетін сұрақтарға байланысты тәжірибе нобайын құрастыру.

Шабындық пен жайылымда зерттелетін сұрақтарға байланысты тәжірибе нобайын құрастыру.

Танаптық тәжірибенің тиімді құрылымын жоспарлауда бөлшектеп есептеу нәтижелерін пайдалану.

Құрастыратын элементтерін есепке ала отырып тәжірибе қоюдың әдістемесі.

Тәжірибені қоюға дайындық (шекараларын белгілеу және бекіту).

Танаптық тәжірибе қоюдың кезеңдері.

Өнімді жинау мен есепке алуға дайындық.

Есептеп шығару әдістемесі. Танаптық жұмыстардың негізгі түрлері.

Танаптық жұмыстарға қойылатын талаптар.

Тәжірибедегі бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау қағидалары.

Өсімдік және топырақ үлгілерін анализге алу әдістері.

Агрономиядағы тәжірибе ісін құжаттау.

Тәжірибенің алғашқы және негізгі құжаттары.

Құжаттылық жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.

Тәжірибе бойынша ғылыми есептің негізгі бөлімдері.

Ғылыми есеп берудің формасы.


Агроландшафтты егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі, зерттелетін нысандары мен қолданылатын әдістері.

Қазіргі егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері.

Егін шаруашылығын интенсивтендіру, биологияландыру және экологияландыру- осы кездегі оның өнімділігін арттырудың өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын әдістері.

Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аудандарындағы егіншілік жүйелерінің негізгі ерекшеліктері.

Қазақстанның суармалы жерлеріндегі егіншілік жүйелерінің басты ерекшеліктері.

Қазақстанның тәлімі жерлеріндегі егіншілік жүйелерінің ерекшеліктері.

Дәнді-парлы егіншілік жүйесінің көп тараған ауыспалы егістері және оларды Қазақстанда қолдану.

Топырақ қорғау ауыспалы егістері, оларды құру және қолдану ерекшеліктері.

Қазақстандағы отамалы егіншілік жүйесінің ауыспалы егістері (Сіздің тұратын өңірлеріңізге сәйкес).

Егін шаруашылығындағы пардың рөлі туралы қазіргі көзқарастар.

Ауыспалы егістердегі аралық дақылдардың маңызы мен орны.

Қазіргі кездегі топырақ өңдеудің теориялық негіздері.

Жел эрозиясы туындаған аудандарда топырақ өңдеудің басты ерекшелектері.

Баурайлы жерлерді көлденең және контурлап өңдеудің су эрозиясымен күресудегі маңызы.

Топырақ өңдеуді минимализациялаудың маңызы, іске асыру жолдары. Тікелей себуді жүргізудің мүмкіншіліктері.

Топырақтың қайта (екінші) тұздануымен күресудің ұтымды шаралары (тәсілдері).

Жел эрозиясына қарсы қойылатын негізгі талаптар.

Су эрозиясына қарсы қойылатын негізгі талаптар.

Арамшөптер зияндылығының шектері, олардың маңызы.

Табиғи ландшафттар, оларды жіктеу және сипаттама беру.

Агроландшафттар, оларды жіктеу және сипаттау.


Бейімделген селекция

Бейімделу, бейімделушілік және орта.

Сұрыптаудың теориялық негізі. Сұрыптаудың түрлері.

Құрғақшылыққа төзімділіктің басты белгілері.

Бейімделудің эколого-генетикалық негізі.

Жеке сұрыптау, оның тәжірибелік маңызы.

Тұрақты құрғатқыштар.

Атмосфералық құрғақшылыққа төзімділікті бағалау әдісі.

Иммунитет туралы түсінік. Құрылымдық иммунитет.

Жерсіндіру және бейімделушілік.

Биологиялық бейімделудің стратегиясы.
Егістік дақылдардың прогрессивтік технологиялары

Технологиялар туралы түсінік және олардың түрлері.

Астық дақылдарын топырақты негізгі өңдемей тікелей себу (нольдік технологиямен өсірудің) маңызы.

Күздік бидайды жалға себу және оның дәстүрлі технологиядан айырмашылығы.

Республикада күріш өсірудің ресурс үнемдеуші экологиялық таза технологиясы және оның тиімділігі.

Ауылшаруашылығы дақылдарын қарқынды технологиямен өсірудің ғылыми негіздері.

Астық дақылдарын минималды технологиямен өсіру ерекшеліктері.

Индустриальды технология және оны жүзеге асырушы факторлар.

Қант қызылшасын француз технологиясымен өсіру, оның отандық технологиядан айырмашылығы.

Картопты голландиялық технологиямен өсіру және оның дәстүрлік технологиядан айырмашылығы.

Егістік дақылдардың бейімделу технологиялары және олардың бейімделу потенциалдары.

Мақта шаруашылығында инновациялық технологияны пайдалану және оның тиімділігі.


Жеке өсімдік шаруашылығы

Жеке өсімдік шаруашылығы пәні ғылыми және жеке оның маңызы.

Дәнді дақылдарды жеке шаруа қожалықтарында өндірудің өсіріп-баптау технологиясы және ерекшеліктері.

Күрішті жеке шаруа қожалықтарда өсіру, суландыру ерекшеліктері.

Тамыр жемістілерді жинап алудың ерекшеліктері.

Қант қызылшасын тұқымға өсіру ерекшеліктері.

Картоп шаруашылығы және оны алдыңғы қатарлы әдіспен өсіріп-баптау технологиясы.

Картопты жинау ерекшеліктері, тұқымын егуге дайындау ерекшеліктері.

Жеке шаруашылықта бақша дақылдарын өсіру ерекшеліктері, маңызы.

Мақта кластеры және оның маңызы.

Мақта талшығының сапасы және оны жақсартудың шаралары.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ауыл шаруашылығындағы маңызы және маңызы.

Қазақстан республикасында өсетін бұршақ тұқымдас өсімдіктер және оның атқаратын қызметі.

Қазақстанда көп таратылған майлы дақылдар және маңызы.



Қазақстандағы темекі шаруашылығы, өсіріп-баптау ерекшеліктері.
Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Әрінов Қ.Қ. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы». Алматы, 2011, 631 б.

  2. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы». Қызылорда, 2008, 370 б.

  3. Әуезов А.А. және т.б. «Егіншілік». Алматы, 2005, 372 б.

  4. Әубәкіров Қ.Ә. «Жаңа және аз тараған мал азықтық дақылдар». Алматы, 2007, 230 б.

  5. Нұрғасенов Т.Н. және т.б. «Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы». Алматы, 2009, 410 б.

  6. Әубәкіров Қ.А. және т.б. «Мал азықтық дақылдар». Алматы, 2010, 390 б.


Қосымша:

  1. Жученко А.А. «Адаптивное растениеводство». Кишинев, 1990, 432 с.

  2. Корнеев Г.В. и др. «Интенсивные технологии возделывания сельскохозяйственных культур». М., 1988, 300 с.

  3. Сагадиев К.А. и др. «Фермерское дело». Алматы, 1999, 976 с.

  4. Губанов Я.В. и др. «Технические культуры». М., 1986, 283 с.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет