БАҒдарламасы «топырақТЫҢ физикасы және химиясы»



жүктеу 106.13 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі106.13 Kb.
түріБағдарламасы
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама


6D080800 - Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша

Рh.D докторантураға қабылдау емтихандарының
БАҒДАРЛАМАСЫ
«ТОПЫРАҚТЫҢ ФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ ХИМИЯСЫ»
Топырақтың гранулометриялық және микроагрегатың құрамы. Механикалық элементер және микроагрегаттар. Топырақтың микроагрегаттық талдауының техникасы. Топырақ ыдырандылығының (дисперсиясының) және түйрiтпектiлiгiнiң коэффициентi. Топырақты гранулометриялық құрамдары бойынша жiктеу. Жiктеудi құрастыру негiздерi. Топырақтың гранулометриялық талдау мағлуматтарын тiркеу.

Топырақтың сыбағылы және көлемдiк салмағы. Топырақтың қатты фазасының немесе субстратының сыбағалы салмағы. Топырақтың сыбағалы салмағын пайдалану. Топырақтың тығыздығы бойыншы жіктеу.

Топырақта түрiтпектiлiктің құралу механизмі. Топырақтың түйрiтпектiлiгi туралы түсiнiк және оның сапалық бағасы. Топырақ түрiтпекiлiгiнiң генезисi. Түйiртпекiлiктiң топырақ қасиетiне әсерi. Топырақты түйiртпектендiру жағдайлары мен тәсiлдерi. Жоғары молекулалық заттарды топырақты түйiретпектендiруде пайдалану.

Топырақтың гидрологиялық сипаттамасы. Ылғалды сіңірудегі топырақтың салыстырмалы бетінің (топырақ дисперсті ортасының) ролі. Гигроскопиялық ылғалды сіңірудегі температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың маңызы. Топырақтың ылғалдылығына гранулометриялық құрамның әсері. Топырақ ауасының салыстырмалы ылғалдылығы мен материалдардың дисперстігіне байланысты булы ылғалды сіңіру ерекшеліктері.

Топарақтың су құбылымы және су балансы. Судың құрамы және қасиетi. Топырақтағы судың түрлерi. Топырақтың су сiңiрткiштiк және су сиымдылық қасиеттерi. Топырақтағы судың көтерiлгiштiгi және судың ондағы жылжымалығы. Топырақ ылғалдылығы және оның су құбылымдары.

Топырақтың жылулық құбылымы.Топырақ температурасы және өсiмдiктер мен микроорганизiмдердiң тiршiлiк үрдiсi. Топырақ температурасын зерттеу тәсiлдерi және аспабтары. Топырақтың жылулық сипаттамасы. Топырақтың жылулық балансы.

Топырақ ауасы.Топырақ ауасынын зерттеу тәсiлдерi. Топырақ ауасының құрамы және оны анықтайтын факторлар (себептер) Топырақ аэрациясы. Топырақта ауа мен газдың алмасуы. Топырақ пен топырақ беткi ауаның газалмасу үрдiсi. Ерiген және адсорбцияланған (сiңген) топырақ ауасы.

Топырақтың органикалық бөлiгi.Топырақ гумусының табиғаты, пайда болуы. Топырақтың органикалық және минералдық бөлiгiнiң бiр-бiрiмен байланысу түрлерi. Гумустың топырақ құнарлығына маңызы. Топырақтың арнайы емес органикалық заттары. Топырақтағы азот, фосфор және күкiрттiң органикалық қосындыларды.

Топырақтың сіңіру сиымдылығының маңызы.Топырақ коллоидттарының химиялық және минералогиялық құрамы. Топырақ коллоидттарының электрокинетикалық қасиеттерi. Физикалық-химиялық сiңiру.

Топырақтың коллоидтарды сіңіруі. Катионадрдың алмасу сиымдылығы, алмасу жылдамдығы. Алмасу реакциясына әсерiн тигiзетiн факторлар. Топырақтың алмаспалы катиондарының жылжымалығы. Катиондардың алмаспай сiңуi. Топырақтағы коагуляция және пептизация. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әсерiнен алмасу сиымдылығының өзгеруi.

Топырақ ертiндiсiнiң құрамы және концентрациясы. Топырақ ертiндiсiнiң аниондары, катиондары және органикалық заттары. Осмостық қысым. Тұзды топырақтар. Топырақ ертiндiсiнiң реакциясы. Тотығу-тотықсыздану жағдайлары.

Топырақтың физика-механикалық сипатамасы. Топырақтың физика-механикалық қасиеттеріне сипаттама. Топырақтың иілгіштігіне топырақ құрамының коллоидтты фракцияларының, сіңірілген катиондардың құрамының және гумус мөлшерлерінің әсері. Иілгіштіктің ылғалдылықпен байланысы. Жабысқақтың топырақ өңдеуге тигізетін әсері. Сіңірілген негіздер және жабысқақтық. Жабысқақтыққа топырақтың агрономиялық қасиеттерінің әсері. Топырақ ісінуіне коллоидттардың сандық және сапалық қасиеттері мен гранулометриялық құрамының әсері. Минералдық және гранулометриялық құрамға, түйіртпектілік жағдайына, ауыл шаруашылығында пайдалану сипатына байланысты топырақ байланыстығы. Топырақтың қаттылығы және ылғалдылық. Топырақты өңдеу тәсілінің қатылықпен байланысы. Агротехникалық және химиялық тәсілдерідің топырақтың физика-химиялық құрамына әсері.

Топырақтың сұйық фазасы. Топырақ ерітіндісі және оның топырақ түзілудегі маңызы. Топырақ ерітінділерінің органикалық заттардың синтезі мен бұзылуына, екінші минералдармен органдыминералды қоспалардың түзілуіне қатынасы. Топырақ ертіндісінің құрамын және динамикасын зерттеу. Топырақтағы сулардың түрлері және олардың константы. Топырақ ерітіндісі мен су сүзіндісінің әртүрлі топырақ типтеріндегі салыстырмалы құрамы.

Минералдық заттардың биологиялық айналымы, оның топырақ типiнiң пайда болуына және топырақ құнарлығына маңызы. Топырақтың пайда болуында және оның құнарлығының қалыптасуында организмдердің тіршілікті іс әрекеті. Минералдық заттардың биологиялық айналымы. Жер қабығының дамуындағы тірі организмдердің ролі. Топырақ түзілудегі жоғарғы және төменгі организмдердің ролі. Орман мен шөптесінді өсімдіктердің күлдік элементтер құрамы. Олардың органикалық заттардың шоғырлануындағы маңызы.
«ӨСІМДІКТІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚОРЕКТЕНУIН ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСI»
Топырақта өсiмдiктердiң қоректенуi мен тыңайтқыштарды қолдануына байланысты қасиеттерi. Топырақтың минералдық және органикалық бөлiмi және оның өсiмдiктердiң қоректенуiне байланысты динамикасы.Топырақтағы химиялық және биологиялық үрдiстер және оның қоректiк заттарды тутынуы мен топырақ құнарлығын көтерудегi маңызы.Топырақтың сiңiру кешенiнiң құрамы және қасиетi және тыңайтқыштардың онымен байланысы.

Өсiмдiктердiң қоректенуi және оны реттеу жолдары. Өсiмдiктерге керектi химиялық элементтер. Макро- және микроэлементердiң өсiмдiк қорегiндегi маңызы.Өсiмдiктер сiңiретiн элементтер қоспаларының формасы. Өсiмдiктердiң иондарды талғамды сiңiруi. Қоректiк элементтердi сiңiру теориясы.Өсiмдiктер қоректенуiнiң оптимальды жағдайын жасау және оны тыңайтқыштар беру арқылы реттеу – агрохимияның ең басты мақсаты.Өсiмдiктердiң әртүрлi өсү кезеңiндегi қоректенуге деген талабы, өсiмдiк қоректенуiнiң дүркiндiгi.

Өсiмдiктер қоректенуiнiң физиологиялық негiзi Өсiмдiктердiң даму сатысының әртүрлi кезеңiндегi қоректенуi. Өсiмдiктердiң қоректенуiнiң ең маңызды кезеңi. Өсiмдiктердiң өсү мерзiмiнiң әртүрлi кезеңiндегi қоректiк макро- және микроэлементердiң мөлшерлерi.

Топырақтан өсiмдiктердiң қоректiк элементтердi биологиялық және шаруашылықтық жолмен түтынуы және оның тыңайтқыштардың дозасы мен мөлшерлерiн анықтағандағы маңызы.



Негiзгi ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуiн оптимизациялағанда биологиялық ерекшелiктер мен тыңайтқыштар жүйесiнiң маңызы. Күздiк, жаздық бидай, арпа мен сұлының минералдық қоректенуiн оптимизациялау. Күрiш пен дәндiк жүгерiнiң тыңайту. Дәндi бұршақ дақылдарының тыңайту. Көп жылдық шөптердiң далалық және жемдiк ауспалы егiстiгiндегi қоректенуi және тыңайту. Техникалық дақылдардың қоректенуi және тыңайту (асханалық қызылша, мақта, күнбағыс). Қант қызылшасы, мақта, жоңышқа және күрiштiң ауыспалы егiстiктер қоректенуiнiң оптимизациялау ерекшелiктерi. Ауыспалы егiстiктерде минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолданудың ерекшелiктерi. Жылыжайдағы дақылдар мен қоршалған грунтта егiлген өсiмдiктердiң тыңайту.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмдiк сапасы мен минералдық қоректенуiн оптимизациялау. Минералдық қоректенудiң оптимальды деңгейiнiң негiзгi экономикалық тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау тәсiлдерi.



Өсімдіктердің қоректену барысындағы элементтердің байланысы Субстраттағы бір концентрацияның оптимумнан аздап аутқыған кездегі элементтердің байланысы. Субстраттағы бір концентрацияның оптимумнан жетіспеген немесе шамадан тыс көп болған кездегі элементтердің байланысы.

Өсімдіктердің минералдық коректенудi оптимизациялау жүйесi. Еріткіш сүйықтықтың және элементтердің санын топырақта өсімдіктердің қамтамассыз етілу дәрежесін анықтау үшін. Өсімдіктердің минералдық қоректенуді оптимилизациялауының кешенді жүйесі. Өсімдіктердің минералдық қоректенуді оптимилизациялауының жүйесінің кешенді әдісіне байланысты тыңайтқыштардың қалдықтық әсері. Төмен және жоғары фондағы құнарлы топырақтарда қойылған тәжірибелер. Кешенді оптимизациялау және өсімдіктердің химиялық құрамына байланысты тыңайтқыштарды еңгізу.
«АГРОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДIСТЕРI»

Агрохимиялық зерттеулердегi биологиялық әдiстер. Егiстiк тәжiрибе. Агрохимиялық зерттеулердегi биологиялық әдiс. Топырақ микроорганизмедерiнiң экологиялық қызметiн зерттеу әдiстерi. Биоценоз және топырақтың биологиялық белсендiлiгiн зерттеу әдiстерi.


Химизация құралдармен егiстiк тәжiрибе туралы түсiнiк. Қазақстан ауыл шаруашылығында тыңайтқыш әсерiн зерттеуде егiстiк тәжiрибенiң маңызы. Егiстiк тәжiрибе-тыңайтқыш қолданудың тиiмдi тәсiлiн анықтау мақсатында оның әсерiн зерттеудiң негiзгi әдiсi. Егiстiк әдiс түрлерi. Егiстiк тәжiрибеге қойылатын негiзгi методикалық талаптар. Тыңайтқыштармен тәжiрибе схемалары және оларды негiздеу. Ауыспалы егiс жағдайында тыңайтқыш әсерiн зерттеу үшiн егiстiк тәжiрибе схемасын құрудың ерекшелiгi. Егiстiк тәжiрибеде агрохимиялық зерртеулер жүргізудің әдістеме және бағдарламасы. Мөлдек көлемi, оның пiшiнi және орналастыру әдiстерi. Варианттар және олардың қайталанылуы. Тыңайтқыштармен тәжірибе салу мен жүргізудің техникасы. Әртүрлi ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес олармен егiстiк тәжiрибе жүргiзу әдiстерi. Егiстiк тәжрибенi шаруашылық жағдайында жүргiзудi ұйымдастыру. Шаруашылық жағдайында тыңайтқыш тиiмдiлiгiн тексеру әдiстемесi және оның мiндеттерi. Қазақстанда әр түрлi топырақ-климат және шаруашылық жағдайларында егiстiк тәжiрибелердi кеңiнен жүргiзудiң тармақтарын ұйымдастыру. Тыңайтқыштармен егiстiк тәжiрибелер орындайтын географиялық тармақ.

Вегетациялық әдiс. Өсiмдiк қоректенуiн, топырақ пен тыңайтқыш қасиеттерiн зерттеу үшiн вегетациялық әдiстiң маңызы. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес вегетациялық әдiстi таңдау әдiстемесi. Вегетациялық әдiс түрлерi және оның олардың агрохимиялық зерттеу жұмыстарын орындаудағы маңызы. Дақылдарды арнаулы ыдыста топырақта өсiру арқылы вегетациялық тәжiрибе жүргiзудiң техникасы. Дақылдарды құм мен суда өсiру арқылы вегетациялық тәжiрибе жүргiзу. Вегетациялық тәжiрибе схемасы. ²оректiк қоспалар және олардың құрамы. Әртүрлi дақылдармен вегетациялық тәжiрибе орындаудың техникалық ерекшелiктерi.

Лизиметриялық әдiс.Лизиметриялық зерттеу әдiсiнiң мiндеттерi. Лизиметрдiң негiзгi конструкциялары. Агрохимиялық зерттеу жұмыстарын орындауда лизиметриялық әдiстердi қолдану. Топырақ пен тыңайтқыш құрамынан қоректiк элементтердiң шайылуы.

Агрохимиялық зерттеуде радиоактивтi изотоптарды қолдану. Тұрақты изотоптар. Өсiмдiк қоректену мен тыңайтқыш қолдану мәселелерiн зерттеу үшiн радиоактивтi изотоптарды пайдаланудың маңызы. Егiстiк, вегетациялық және лизиметриялық зерттеуде 15N, 32P,40K изотоптарын қолдану.


Өсiмдiк, топырақ және тыңайтқыштарды талдаудың негiзгi агрохимиялық әдiстерi. Ауыл шаруашылығы дақылының қоректенуi мен оның өнiм сапасын анықтауда және тыңайтқыш әсерiн зерттеу үшiн өсiмдiктi талдаудың маңызы. Өсiмдiктi талдаудың негiзгi әдiстерi. Өсiмдiк құрамындағы жалпы азот пен күл элементтерiн анықтау әдiстерi. Өнiм сапасын бағалау үшiн жеке қоректену жағдайларын зат алмасуға тигiзетiн әсерiн зерттеу үшiн өсiмдiктi талдаудың маңызы. Сiңiмдiлiгiн бағалау үшiн мал азығының құрамын анықтау. Минералдық қоректенудi диагностикалау және тыңайтқышқа мұқтаждығын анықтау мақсатында өсiмдiктi талдаудың маңызы.

Топырақты агрохимиялық талдаудың мiндеттерi. Эртүрлi топырақ-климат аймақтарының топырақтарын агрохимиялық талдау әдiстерiнiң ерекшелiктерi. Азоттың, фосфордың, калийдiң және микроэлементтердiң түрлi қосылыстарын анықтау әдiстерi және олардың топырақтағы өзгеруiн зерттеу. Топырақта қоректiк элементтердiң өсiмдiкке сiңiмдi түрiмен қамтамасыз етiлу дәрежесi. Агрохимиялық талдау нәтижелерiн топырақ құнарлығын бағалау және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерiмен беру әдiсiн дәлелдеу үшiн пайдалану.

Агрохимиялық жұмыста тыңайтқышты талдаудың маңызы. Тыңайтқышты талдауға дайындай. Сапалық реакция көмегiмен минералдық тыңайтқыштарды талдау әдiстерi. Азотты, фосфорлы, калийлi және комплекстi тыңайтқыштар құрамындағы қоректiк элементтердi анықтау әдiстерi. Жергiлiктi тыңайтқыштарды (көң, сидераттар, биогумус және т.б.) анықтау.

Физика-химиялық талдау әдiстерi, теориялық негiздерi, жiктелуi. Оптикалық, электрохимиялық, термиялық талдау әдiстерi. Бөлу мен концентрациялаудың физика-химиялық әдiстерi.



Топырақты агрохимиялық тексеру және ауылшаруашылығына қызмет көрсету. Топырақты агрохимиялық тексерудiң маңызы және шаруашылықтарға агрохимиялық картограммалар жасау. Тексерудің кезеңдері. Егiстiк және лабораториялық агрохимиялық зерттеулер. Шаруашылық топырағының агрохимиялық картограммасы мен танаптың паспортын құрастыру және даярлау әдістемесі. Агрохимиялық карта мен танап паспортының мәлiметтерiн шаруашылықта тыңайтқышты тиiмдi қолданудың жобалау-қаржылық құжаттарын даярлау үшiн пайдалану.

Қазақстан Республикасының агрохимиялық қызмет, оның құралымы мен мiндеттерi. Ауыл шарушылығын агрохимиялық қызмет көрсетудiң облыстық жобалау-iздестiру стансалары, «КазГипроЗем» ғылыми-өндірістік бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру. Тыңайтқыш қолдану мен топырақты химиялық мелиорациялаудың жобалау-қаржылық құжаттарын құрастыру. Ауыл шарушылық дақылдарының өнiмiн сертификаттау және жеке шаруашылықтар мен Акционерлiк қоғам жерлерiне агрохимиялық паспорт беру.



Эксперименттiк мәлiметтердi дисперсиялық талдау. Дисперсиялық талдау әдiстерiн игеру және оларды агрохимиялық зерттеулерде пайдалану. Диспресиялық талдау әдiстерiн агрохимия мәселелерiн шешу үшiн игеру. Тыңайтқыш тиiмдiлiгiн бағалауда диспресиялық талдау әдiсiн қоладну. Көп факторлы тәжiрибе нәтижелерiн дисперсиялық талдау. Бiрнеше факторлардың әсерi және өзара әсерлерi. Бiрнеше факторлардың әсерiнен белгi нәтижелерiнiң өзгергiштiгi. Бiрлескен факторлардың тиiмдiлiгi. Синергизм, антагонизм және аддитивизм ұғымдары.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ревут Н.Б. Физика почв. - М., 1972.

  2. Качинский Н.А. Физика почв. Б. 1 и 2. – М., 1970.

  3. Возбуцкая А.Е. Химия почв. –М., 1968

  4. Орлов Д.С. Химия почв. –М., 1985

  5. Гедройц К.К. Учение о поглотительной способности почв. Избр. соч. Т.1.,1959

  6. Елешев Р.Е. и др. Система применения удобрений, Алматы, 1993

  7. Юдин Ф. Методика агрохимических исследований. - М., 1980.

  8. Елешев Р., Бекмағанбетов А. Агрохимия, 1989.

  9. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесi. Алматы, 2000

  10. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Бәсiбеков Б.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия практикумы. Алматы, 1995.

  11. Елешев Р.Е., Елюбаев С.З. Система применения удобрений (северные регионы Казахстана). – А., 1994.

  12. Ефимов В.Н. и др. Система применения удобрений. 1984.

  13. Минеев В.Г. Агрохимия. - М., 2000.

  14. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М., Рамазанова Р.Х. Агрохимиялық зерттеулер әдістемесі. А., 2008.

  15. Елешев Р.Е., Сапаров А.С., Балғабаев Ә.М., Туктугулов Е.А. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану. Астана. 2010.

  16. Дмитриева Г.А., Беликов П.С. Физиологическая роль элементов минерального питания. – М.: изд.УДН, 1985 - 28 с.

  17. Ильин В.Б. Элементный химический состав растений. – Новосибирск: Наука, 1985. – 129 с.

  18. Кореньков Д.А. Минеральные удобрения и их рациональное применение. – М., 1973

  19. Кореньков Д.А. Агрохимия азотных удобрений. – М., 1976. – 209 с.

  20. Аристархов А.Н. Оптимизация питания растений и применения удобрений в агроэкосистемах. – М.:ЦИНАО,2000. – 524 с.

  21. Кудеяров В.Н. Цикл азота в почве и эффективность удобрений. – М.:Наука, 1989. – 216 с.

  22. Соколов А.В. Агрохимия фосфора. – М.-Л.:Изд.АНСССР, 1950. – 153 с.

  23. Мосолов И.В. Физиологические основы применения минеральных удобрений. – М.:Колос, 1979. – 256 с.

  24. Тазабеков Т.Т. и др. Общее почвоведение. – Алматы, 1998;

  25. Почвоведение (под ред.И.А.Кауричева). - М, 1989;

  26. Фаизов К.Ш. и др. Почвы Казахстана. – Алматы, 2001;

  27. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т. Топырақтану. Алматы, 2004;

  28. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б., Мамутов Ж.У. География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет