Бағдарламасы «Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау»



бет1/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



сЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.04

/01-2014



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы

«Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау»

№ 1 басылым

11.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

«Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау»



5В011600 – «География»мамандығы үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014
Алғы сөз

1ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы__________ «02» __09__2014 г. Нурпейсова А.М.,



«Химия және география» кафедрасының оқытушысы
2ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедрасының отырысында

«___02_____» ______09________2014 г., №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі__________ Д.Р.Онтагарова
Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«____03____» _______09_______2014 г., №1 хаттама
Төрайымы _____________________З.В.Абдишева
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу -әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____11____» _____09_____2014 г., №1 хаттама



ОӘК төрайымы __________ Г.К. Искакова
4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР


ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ ТІЗІМІ

МЕН МАЗМҰНЫ

1. Глоссарий

Абсолютті биіктік деп жер бетіндегі нүктенің екінші нүктеден теңіз бен мұхит деңгейінен тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады. Ол 0-ге тең.

Салыстырмалы биіктік деп жер бетіндегі бір нүктенің екінші нүктеден тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады

Азимут дегеніміз солтүстік бағыттан нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш. Азимут нақты (географиялық азимут), магниттік, дирекциондық бұрыш деп бөлінеді.

Генерализация– (лат. Generalis- жалпы, негізгі) - бұл ең негізгіні, маңыздыны таңдап алып жинақтау, нәтижесінде құбылыстар картада негізгі қасиеттерімен бейнеленеді.

Географиялық ендік деп меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі градуспен алынған шамасын айтады.

Географиялық бойлық деп параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасын айтады.

Градус торы деп глобус пен географиялық карталардағы меридиандар мен параллельдер сызықтарының бейнесін айтады.

Дирекциондық азимут дегеніміз координаталық зонаның осьтік меридианаға паралель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрышты айтады.

Нақты азимут дегеніміз географиялық меридиананың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрыш.

Магниттік азимут дегеніміз магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі есептелінген бұрышты айтамыз.

Меридиан дегеніміз жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты айтады.

Параллель деп жер бетіне шартты түрде экваторға параллель жүргізілетін сызықтарды айтады.

Картаны бағдарлау — горизонталь тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету.

Түсіру - жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын геодезиялық өлшеулер процесі

Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады және тікелей далада топографиялық планды жасауға мүмкіндік береді.

Теодолит - горизонталь және верти­каль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап.

Нивелирлеу - нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер.

Нивелир - нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап.

Техникалық нивелирлеу 1:500 – 1:5000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатында, сондай –ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалады.
2.Дәріс сабағының тезистері

1 дәріс. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні мен негізгі түсініктер.



Мақсаты: Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні мен зерттеу объектісімен танысу.

Жоспар:

  1. Кіріспе, пәннің маңыздылығы.

  2. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәнін оқудағы мақсат, міндеттер, зерттеу объектісі.

  3. Географиялық ғылымдар саласындағы алатын орны.

1 дәрістің қысқаша конспектісі

Топография (грек тілінен topos – жерглікті жер, grapho - жазамын)- картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді. География ғылымы өз тарапынан картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Карталар далалық түсірулердің және олардың материалдарын өңдеудің негізінде немесе түрлі картографиялық, географиялық, экономика – статистикалық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өңдеу әдістерімен топография және аэрофототопография ғылымы шұғылданады. Топографиялық карталарды жергілікті жерді бағдарлау үшін саяхатшылар, географтар, геологтар, туристтер және әскери жасақтар пайдаланылады. Өткен кездегі сияқты қазіргі кезде топографиялық карталар бөтен жерде жаяу , көлікпен жүрген кезде, самолетпен ұшқан кезде көмекші жол сілтеуіш болып табылады. Сонымен қатар топографиялық карталар жергілікті жерді далалық зертттеудекеңінен қолданылады. Далалық зерттеу процесінде топографиялық карталар бақыланып отырған объектілердің бұрышын, бағытын, ара қашықтығын өлшеуде, жергілікті заттардың сандық және сапалық сипатын, олардың байланысын анықтауда қолданылады. Далалық зерттеу үшін көбінесе ірі және орта масштабты топографиялық карталар қолданылады. Топография геодезия, картография географиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картографияға жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді.

Жергілікті жерді бағдарлау – бұл өзіңнің тұрған жеріңді горизонт тұстары, жергілікті заттар бойынша анықтау және дұрыс бағытты табу. Жергілікті жерді бағдарлау кезінде екі маңызды сұрақ туады: жоспарланған жеріңе жету үшін қай жерде тұрсың және қай бағытта жүруің керектігін білу. Орында тұрып бағдарлау жылдамдығы мен тиімділігі мен жолдың бағытын ұстау жергілікті жердегі бағдарлаушыны таңдау мен қолдануға байланысты. Кез келген жергілікті заттар мен рельефтің бөліктері бағдарлаушы бола алады, олардың ішінде жақсы көрінетін және нашар көрінетіндері болады. Жақсы көрінетін бағдарлаушыға алыстан көрінетін: мысалы, теледидарлық вишкалар,зауыт трубалары, шіркеудің қоңыраулары және т.б.

Бағдарлау – бұл жергілікті жерде жүргендегі үзіліссіз іске асатын процесс. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлану өте қиынға соғады, ол жерлерде бағдарлану картамен, соның ішінде топографиялық картамен іске асады. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлануда ең алдымен горизонт бағыттырын, содан кейін өзінің тұрған жерін анықтау керек.

Курстың мақсаты мен міндеті: шартты белгілер көмегімен жергілікті жердің бейнеленуінің математикалық негізі ретіндегі топографиялық карта туралы толық мәлімет алу; карта тілін меңгеру мен оның құрылымын оқу; географиялық және тікбұрышты координаттар жүйесі мен олардың картада бейнеленуін білу; жергілікті жердің географиялық ерекшелігі ретіндегі топографиялық түсірілімдер түрлерімен танысу.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні нені оқытады?

2. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау ғылымы қандай ғылымдармен байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4
2 дәріс. Топографиялық карталар (ТК) Топографиялық картаның математикалық негізі.

Мақсаты: Топографиялық картамен танысу және онымен жұмыс істеуді үйрену.

Жоспар:


  1. Топографиялық картаны безендіру мен құрылымы.

  2. Топографиялық картада сызықтарды бағдарлау. Топографиялық карта бойынша есептер шығару

  3. Картографиялық проекция түсінігі (түрлері, таңдау мен құру).

  4. Картадағы координаттар (географиялық координаттар – ендік пен бойлық, параллелдер мен меридиандар, картографиялық тор, тікбұрышты координаттар – километрлік тор, Х и У координаттар).

2 дәрістің конспектісі

Топографиялық картаны безендіру мен құрылымы. Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы болады, ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашкалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты (шашка) алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10""-ке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады; олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының қабырғасы әдетте километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны километрлік деп атайды.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары зонаның осьтік меридианына параллель (яғни, Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни, Оу осіне) болады. Горизонталь сызықтардың жазуы

экватордан километрмен берілген ара қашықтығына, ал верти­каль сызықтар олардың келтірілген ординаталарына (бірінші сан зонаның нөмірін көрсетеді, ал келесілері сызықтың ординатасына плюс 500 км-ге) сәйкес. Километрлік тордың көмегімен нүктелердің тікбұрышты координаталары (х, у) анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рам­касы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағында мыналар орналасады: 1) осы карта бетіне тән магнит тілінің орташа бұрылуы және меридиандардың жақындасуы туралы мәліметтер; 2) сандық және сызықтық масштабтары; 3) жер бедері қимасының биіктігі туралы мәліметтер (тұтас горизонтальдардың қанша метр сайын жүргізілгендігі туралы); 4) табан графигі; 5) түсірілген және жаңартылған жылы; мұның өзі картадағы кескіннің дұрыстығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Шектік безендіруге, тағы да көрші беттердің номенклатурасының жазуы жатады; олар градус және безендіру рамкаларының үзілген әр қабырғасының ортасында жазылады, сонымен қатар жиынтықтардағы беттердің орналасу схемасы мен басқа да түсіндірмелі жазулар кіреді.

Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атай­ды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің иоменклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.

Карталардың номенклатурасы негізін 1:1000000 масштабтары карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°.Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады.

Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1:1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.

М-41 бет 1:100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, ..., 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.

1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1:50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің но­менклатурасы М-41-60-Б болады.

Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады.

1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады.

1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады.

Топографиялык карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.

1 - кесте



Карталардың номенклатурасы

Масштаб

Беттің өлшемі

Номенклатура үлгілері



Ендікте

Бойлықта

1:1000000





М-41

1: 500000





М-41-А

1: 200000

40'



М-41-XXX

1: 100000

20'

30'

М-41-60

1: 50000

10'

15'

М-41-60-Б

1: 25000

5'

7'30"

М-41-60-Б-г

1: 10000

2'30"

3'45"

М-41-60-А-а-1

1: 5000

1'15"

1'52",5

М-41-60 (256)

1: 2000

25"

37",5

М-41-60 (256-и)

1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1. 500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады.

Топографиялық картада сызықтарды бағдарлау. Топографиялық карта бойынша есептер шығару.

Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады.

Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын ази­муттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан З60°-қа дейін өлшенеді.

Шын азимут деп (1-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизон­таль бұрышты атайды. Қандай да бір АВ сызығынын А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формула мен өрнектеледі:

АКТ+180°+γ

мұндағы γ — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан ±3°-қа дейін ауытқуы мүмкін.


1 - сурет

Меридиандардың жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады:

γ = l sin φ

мұндағы l — нүктелер арқылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; φ — сызықтың орташа геодезиялық ендігі.

Сызық азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады.

Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.

Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам

(2-сурет) анықтап және магниттік бұрылуды δ, яғни шын және магниттік меридиандар арасындағы бұрышты біле отырып шын азимутты (А) мына формуланы пайдаланып табуға болады:

А=Ам+ δ ш; А=А'м- δб,

мұндағы δ ш, δб - магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.

Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз:

А м+ δ

яғни шын азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең.
2 - сурет

Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады.

Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондык бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде (3-сурет) сызықтың бағыты А2 азимутымен емес α горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М1 нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш дирекциондық бұрыш деп аталады.

3 - сурет

Осыдан келіп, дирекциондық бұрыш (α) дегеніміз осьтік ме­ридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш екендігі шығады. Егер М1 нүктесіндегі С101 сызығын тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясында осьтік меридиан десек, ал С202 сызығын М2 нүктесіндегі шын меридиан, Ох сызығын километрлік тордың вертикаль сызығының бірі деп қабылдасқ, онда А2 шын азимутты, ал α дегеніміз М1М2 сызығының М2 нүктесіндегі дирекциондық бұрышты көрсетеді, оның үстіне

А2 - α = γ,

яғни нақты бір нүктедегі кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридиан­ның зонаның осьтік меридианымен жақындасуына тең.

Мына формуладан шын азимут А2-ні табамыз:

А2= α + γ.

Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиан-дардың жақындасуы теріс санмен көрсетіледі.

Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының α дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады

(4-суреттен).



α1 = α +180°

яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 180° - тың қосындысына тең дирекциондық бұрышты мына анықтаған қолайлы



α1 = α - 180°

Мысалы, а =310°40/ болса, онда α1 = 310о40/+180о=490°40/, немесе α1 = 490°40' -360°=130°40/, себебі дирекциондық бұрыштың 360°-қа өзгеруі сызықтың бағытын өзгертпейді. Ал (12) формуланы пайдаланатын болсақ, онда да α1 = 310°40/—180°= = 130°40' тең болатынын көреміз.



4 - сурет

Геодезиялық өлшеулерді өңдеу кезінде сызықтардың бағытын сүйір бұрыш арқылы анықтауға тура келеді. Бұл жағдайда румбалар қолданылады. Осьтік меридианның жақын бағытынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрыш румба деп аталады.

Румбалар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбаның сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).

5-суреттен әрбір ширекте румбалар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыс болатынын көреміз:

I ширек (СШ) г= α1;

II ширек (ОШ) г2=180°- α2;

III ширек (ОБ) r3= α3 - 180°;

IV ширек (СБ) r4=360°— α4.


5 - сурет

Мысалы, дирекциондық бұрыш α =230°10' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ши­рек (ОБ). Содан кейін румбаны табамыз: г =230°10/ - 180° = 50°10/.

Егер 1—2 сызықтың дирекциондық бұрышы (α1-2) белгілі және жүрістің сол жағында жатқан горизонталь бұрышы βс өлшенген болса, онда теодолит жүрісінің келесі 2—3 қабырғасының α2-3 дирекциондық бұрышы былай анықталады (6-суреттен). .



α2-3 = α1-2 + φ

мұндағы φ = βс - 180°. Ендеше



α2-3 = α1-2 - 180°+ βс


6 – сурет

Егер полигондағы жүрістің оң жағындағы жатқан горизон­таль бұрыш (βо) белгілі болса, онда α2-3 дирекциондық бұрышы былай табылады:

α2-3 = α1-2 + φ

мұндағы φ =180°- βо. Енді φ мәнін тендікке қойып, мынаны табамыз:



α2-3 = α1-2 +180°- βо

Полигонның кез келген келесі қабырғасының дирекциондық бұрышын анықтау үшін табылған және формулаларын пайдаланып, былай жазуға болады:



αп-1 = αп +180°- βо,

α п-1 = αп - 180°+ βс.

Берілген сызықтың дирекциондық бұрышын (а) өлшеу үшін оның бастапқы нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель түзу жүргізіледі. 0°-тан 180°-қа дейінгі дирекциондық бұрышты өлшегенде транспортирдің нөлдік градусы километрлік тордың солтүстік вертикаль бағытымен сәйкестендіріледі (7-сурет). Ал 180°-тан артық болса, онда оңтүстік бағытпен сәйкестендіріледі де, бұл кезде алынған санға 180°-ты қосады.


7 - сурет

Картада өлшенген дирекциондық бұрыштың мәнін біле отырып шын азимутты (А) есептеп шығару үшін мына формула пайдаланылады:

А ш = α + γ,

мұндағы α — бағыттың дирекциондық бұрышының табылған мәні, градус;

γ — берілген карта бетіне меридиандар жақындасуының орташа мәні, ол картаның оңтүстік рамкасының астында схема түрінде берірген, градус.

Сызықтың магниттік азимутын анықтау үшін магниттік бұрылу шамасын, яғни шын меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрышты білу қажет.

Магнит тілінің бұрылуы шығыстық және батыстық болуы мүмкін. Магниттік азимут Ам = АШ - δш немесе Амш6 , .мұндағы δ — магнит тілінің бұрылуы, оның мәні картаның оңтүстік рамкасының астындағы схемада көрсетілген.

Топографиялык карталар мен пландар жоспарлармен, барлау және құрылыс жұмыстарымен байланысты бірсыпыра есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оларға мына есептер жатады: 1) нүктелердің биіктігін анықтау; 2) беткейдің құлама тіктігін анықтау және сызықтың көлбеулігін анықтау; 3) карта бойынша жердің профилін жасау; 4) трассаны берілген еңістікпен жобалау; 5) су жиналу ауданының шегін анықтау; 6) су жайылу шегін анықтау; 7) нүктелер арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау; 8) шартты белгілерді оқып-білу т. с. с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет