Бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар «бота» қоры туралы сұрақтар



жүктеу 159.61 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі159.61 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

«БОТА» қорының білім гранТтАРы бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар

«БОТА» қоры туралы сұрақтар
«БОТА» қоры мемлекеттік ұйым болып табылады ма? Оның Қазақстан Республикасына қатысы қандай?

  • «БОТА» қоры қазақстандық заң бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, олардың ресми өкілдерінен, жеке және ресми әріптестерінен тәуелсіз қоғамдық қор ретінде тіркелген үкіметтік емес ұйым болып табылады.


Қордың қаржыландыру көзі қандай? Ол кімнің ақшасы?

  • «БОТА» қоғамдық қорының алғашқы капиталы 1999 жылдың ісіне байланысты Қазақстанға қайтарылған 84 миллион долларды құрайды. АҚШ-тың шетелдегі жемқорлық туралы заңына сай, АҚШ-тың Әділет департаменті, АҚШ азаматының Швейцариялық банк шотына Қазақстаннан келіп түскен 84 миллион доллар көлеміндегі ақшаға қатысты санкция қабылдайды. Осы ретте Қазақстан Республикасы, АҚШ пен Швейцария Үкіметтерінің арасында 2007 жылы жасалған үшжақты келісім-шартқа сай, аталмыш қаражат Қазақстанға қайтарылып, соның негізінде әлеуметтік жағдайы төмен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған «БОТА» қоғамдық қоры құрылады. Аталмыш қаражаттың жұмсалуын «БОТА» қоғамдық қорының директорлар кеңесі (Қамқоршылар кеңесі) мен Дүниежүзілік банктің көмегімен қордың бағдарлама менеджері қадағалайды.


Бағдарламаға қатысуға кім құқылы
Үміткерлерге бағдарламаға қатысу бойынша қандай да бір (жасына, діни ұстанымдарына және ұлтына байланысты) шектеулер қойыла ма?

  • «БОТА» ҚҚ-ның миссиясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларды қолдау болып табылатындықтан, байқауға Қазақстанның ЖОО/колледждерінің күндізгі бөлімінде оқығысы келетін, бірақ оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары, нақтырақ айтсақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-1013 жылдары оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері;

  • жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-2013жж. оқуының (күндізгі бөлім, бакалавриат) соңғы курсын немесе соңғы курсының алдындағы курсын тәмамдауы үшін академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), 2010-2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған студенттері;

  • ұсынылған колледжге бірінші рет тапсырып жатқан, не бұған дейін қабылданбаған 11-сынып оқушылары мен түлектері (колледж тізімі тіркелген) қатыса алады.


«БОТА» ҚҚ-ның білім гранттарын беру талаптары неге өзгертілді?

  • 2012 жылдан бастап БГБ-сы еңбек нарығындағы соңғы тенденциялар мен білім беру нарығындағы жағдайға сәйкес жұмысының бағытын өзгертеді. Қордың Білім гранттары департаменті өткізген сауалнамаға сәйкес, Қазақстанда студенттердің айтарлықтай бөлігі соңғы оқу жылының ақысын төлеу барысында қиындықтарға тап болып жатады – кейбірі оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылса, кейбірі ЖОО-мен қаржы жағдайы бойынша оқудан шығарылуға дайындалуда. Осы жағдайды ескере отырып, Қор биылдан бастап дәл осы санаттағы студенттерге, сонымен қатар оқуын аяқтағаннан соң елімізде сәйкесінше мамандардың жетіспеушілігін толтыра алатын әлеуетті колледж студенттеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады.


Егер мен Қазақстанда тұрып, бірақ өзге мемлекеттің азаматы болсам, байқауға қатыса аламын ба?

  • Жоқ. Сіз құжат тапсыру үшін Қазақстанның азаматы болуыңыз керек.


Грант қандай оқу мекемелерінде оқуға мүмкіндік береді?

  • Грант тек ұсынылған оқу мекемелерінің тізіміне сәйкес, Қазақстан территориясындағы Қормен ұсынылған жоғары оқу мекемелерінде (университеттер, институттар және т.б.) және колледждерінде оқуға мүмкіндік береді. Тізімді Қордың Алматыдағы кеңсесінен алуға болады немесе www.bota.kz сайтынан жүктеп ала аласыздар.


Мен бөлімшесі Қазақстанда орналасқан қазақстандық емес университетке (мәселен, ресей университеті) түсуді жоспарлап отырмын. Білім гранты осындай университетке оқуға мүмкіндік береді ме?

  • Өкінішке орай, мүмкіндік бермейді. Өзге мемлекеттің оқу мекемелері «БОТА» ҚҚ гранттары бөлінетін оқыту мекемелерінің тізіміне кірмейді.


Грантты алу үшін мен өзім тұратын облыста оқуға міндеттімін бе?

  • «БОТА» қоры Қазақстандағы нақты бір колледждер мен ЖОО-на грант бөледі. Ұсынылған оқу мекемелерінің тізімін «БОТА» қорының Алматыдағы кеңсесінен не www.bota.kz сайтынан жүктеп ала аласыз. Колледжде оқу үшін тізімнен Қазақстан аумағында орналасқан кез келген колледжді таңдай аласыз. ЖОО-да оқу үшін қормен ұсынылған ЖОО-ның бірінің бағдарлама талаптарына жауап беретін студенті болуыңыз керек. Үміткер оқу орнына тіркелу бойынша барлық жұмыстарды өзі орындауы керек. Қор қызметкерлері бұл жұмыста көмек көрсетпейді.


«БОТА» қорының гранттары қандай мамандықтарға бөлінеді?

  • 2012 жылы Қор әлеуметтік/техникалық бағыттар (Қор артықшылық беретін мамандықтардың тізімін қараңыздар) бойынша оқу түрін таңдаған үміткерлерге артықшылық береді. Осы бағыттарды таңдаған үміткерлерге жалпы бағалау ұпайына қоса қосымша 15%-ға дейін ұпай қосылады. Яғни екі талапкер бірдей бағаланса, өзге мамандықтар бойынша оқуға ниет білдірген талапкерлерге қарағанда әлеуметтік/техникалық бағыттарды таңдаған талапкерге «БОТА» қорының Білім гранттын алуына артықшылық беріледі.


Егер мен әлеуметтік сала бойынша мамандық таңдамасам, онда менің грант ұтып алу мүмкіндігім қандай?

  • Ұсынылған мамандықтардың тізімі әлеуметтік сала бойынша мамандықтардан ғана тұрмайды, сонымен қатар «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» бағытындағы мамандықтардың кең көлемінен тұрады.


Қазір мен колледжде оқып жатырмын, оқуымның қалған ақысын төлеу үшін грантқа құжат тапсыра аламын ба?

  • Жоқ. 2012 жылы «БОТА» Қорының Білім гранттары ұсынылған колледж тізіміне сәйкес екі жылдық оқыту бағдарламасы бар колледжге бірінші рет тапсырғалы жатқан жастарға арналады.


Мен шетелде оқығым келеді (Ресей, АҚШ, Германия және т.б.) Грантқа құжат тапсыра аламын ба?

  • Грант тек Қазақстанда оқуды көздейтіндер үшін тағайындалады.


Мен университетте оқыдым, алайда академиялық үлгерімімнің төмендігіне байланысты оқудан шығып қалдым. Оқуымды аяқтау немесе қайтадан оқуға түсу үшін грантқа тапсыруыма болады ма?

  • Жоқ. БГБ-ның 2012-2013 жылғы байқауына 2010-2011 жылғы оқуынан оқу ақысын төлей алмағаны үшін шығарылған, бірақ академиялық үлгерімі жақсы (орташа «В» бағасынан төмен емес) студенттер қатыса алады.


Сырттай оқу түріне грант бөлінеді ме?

  • Жоқ. Грант тек күндізгі оқу бөлімі үшін ұсынылады.


«БОТА» қорының 2012-2013 оқу жылына гранттары нақты бір ҚР ЖОО-на берілетіндіктен, тізімге енбеген ЖОО-нан ауысып, грант ала аламын ба?

  • Жоқ. «БОТА» қорының байқауына ұсынылған оқу мекемелерінің тізіміне енген ЖОО-ның студенттері ғана қатыса алады.


Мен екінші жоғары білім алу не магистратурада оқу үшін грант ала аламын ба?

  • Жоқ. Егер сізде бакалавр дәрежесі бар болса, онда екінші жоғары білім алу үшін не магистартурада оқу үшін грантқа тапсыра алмайсыз.


Егер мен мемлекеттік немесе өзге көздерден білім грантын алсам, онда «БОТА» қорының білім грантын ала аламын ба?

  • Жоқ. Егер сіз Қазақстан Республикасының Үкіметінің грантын жеңіп алсаңыз немесе өзге көздерден грант алсаңыз, онда «БОТА» қорының оқу грантын алу құқығынан айырыласыз.


САУАЛНАМАНЫ АЛУ, ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
Сауалнаманы қалайша алуға болады?

  • www.bota.kz веб-сайтымыздан сауалнаманың қазақша немесе орысша үлгісін жүктеп ала аласыз. Сондай-ақ кеңсеміздегі 8-800-080-5808 тегін нөміріне қоңырау шала аласыз немесе сұрауды mail@bota.kz электрондық мекеніне жіберіңіз. Сауалнаманы пошта арқылы алу үшін толық мекенжайыңызды көрсетіңіз (қала/аудан, көше атауы, ғимараттың нөмірі, пәтер нөмірі және индексі).


Сауалнаманы электрондық поштаға жібере аласыз ба?

  • Әрине, бізбен 8-800-080-5808 тегін нөмірі немесе mail@bota.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласыңыз.


Сауалнаманы сайтта толтыруға болады ма?

  • Әрине, болады. Сауалнаманы қордың www.bota.kz мекенжайы бойынша орналасқан сайтынан ала аласыздар. Ол үшін қор сайтына кіріп, Білім гранттары бағдарламасы деген бөлімді таңдап, «Білім гранттарының сауалнамасы» атты қосымша бетті ашыңыз. Сәйкесінше ЖОО-ғы оқуын аяқтау немесе колледжге түсуге арналған сауалнаманы таңдаңыз. Сауалнаманы толтыру барысында нұсқаулықты негізге алыңыз.


Менің сауалнама бойынша сұрағым бар. Толтыру бойынша кеңесті қай жерден ала аламын?

  • Сұрақтарыңыз болса, біздің кеңсеге 8-800-080-5808 тегін нөмірі бойынша қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу Қазақстанның қай облысынан болса да тегін. Сонымен қатар Алматы қаласына келесі телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз: 8 (727) 264 34 87 (қалааралық қоңыраулар ақылы). Егер Алматыда болсаңыз, онда Достық даңғылы, 160, 3-қабат, 202-кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан «БОТА» қорына хабарласа аласыз.


Сайттан сауалнаманы көшіре алмай қойдым (сақталған сауалнамам ашылмайды). Қайдан көмек алсам болады?

  • Көмек алу үшін 8-800-080-5808; 8 (727) 264 34 87 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.


Сауалнаманы қай тілде толтыруым керек: қазақ немесе орыс тілінде ме?

  • Әрине, сауалнаманы осы екі тілдің қайсысында болсын толтыра аласыз.


Мен сайттағы сауалнаманың ағылшынша нұсқасын көрдім. Сауалнаманы ағылшын тілінде толтыруға болады ма?

  • Жоқ. Сауалнаманы тек қазақ немесе орыс тілдерінде толтыру керек.


Мен сауалнаманы мектептегі мұғалімнен алдым. Бұл менің Бағдарлама байқауынан өтіп, грантты ұтқанымды білдіреді ме?

  • Жоқ. «БОТА» қоры мектептермен тек сауалнаманы тарату бойынша жұмыс жасайды. Байқаудан сүрінбей өту үшін Сіз Білім гранттары бағдарламасының барлық талаптарына жауап беруіңіз керек.



Сауалнаманы бағдарламаға қызығушылық танытқан және қатысуға ниет білдірген таныстарымның арасында таратуыма болады ма?

  • Әрине. Сауалнаманы электронды не баспа түрінде тегін тарата аласыз.


Сауалнама қай уақытқа дейін қабылданады?

  • Егер сіз сауалнаманы пошта арқылы жіберсеңіз, онда жөнелтілу күні 2012 жылдың 13 сәуірінен кеш болмауы тиіс және пошталық мөрмен расталуы қажет. Егер сіз сауалнаманы өзіңіз алып келмекші болсаңыз, онда оны Алматыдағы кеңсеге 2012 жылдың 13 сәуірінде сағат 18:00-ге дейін әкеліуіңіз керек.


Сауалнаманы қайда жіберуім керек?

Толтырылған сауалнаманы:

  • 050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы 91/1, №6 а/жәшік мекенжайына пошта арқылы

немесе



  • Алматы қаласы, Достық даңғылы, 160, 202-кеңсе мекені бойынша орналасқан «БОТА» ҚҚ-ның кеңсесіне алып келе аласыз. Толтырылған сауалнамалар 2012 жылдың 13 сәуірінде сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

немесе



  • tap_anketa@bota.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз. Электронды поштаға жіберілген сауалнамалар 17-30 беттерден тұруы тиіс. №30 («БОТА» қорының ақпараттың құпиялығын сақтау бойынша ережесі мен талапкердің сауалнамадағы ақпаратты растайтындығын дәлелдейтін өтініш) бетті басып шығарып, толтырушы адам қолын қойып, сканерлеп жіберуі тиіс. Сканерленген беттің жақсы көрінетініне көз жеткізіңіз.


Бір немесе бірнеше сұраққа қалай жауап беретінімді білмегендіктен, сауалнаманы толық толтырмасам не болады?

  • Толық толтырылған сауалнамалар ғана қабылданады. Дұрыс және толық емес толтырылған сауалнамалар қарастырылмайды. Егер сіз қандай да бір сұраққа қалай жауап беретініңізді білмесеңіз, онда көмек алу үшін 8-800-080-5808 нөміріне хабарласа аласыз.


«БОТА» қорынан құжаттар пакетімен қоса, сауалнаманы алдым. Конвертке қоса салынған қор логотипі мен мекенжайы көрсетілген бос конвертпен не істеймін?

  • Егер сіз сауалнаманы пошта арқылы алатын болсаңыз, онда «БОТА» қорының мекенжайы көрсетілген бос конверт табасыз. Бұл конвертті сауалнаманы Алматы қаласына кері қайтару үшін қолдансаңыз болады. Толтырылған сауалнаманы осы конвертке салып, 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін поштамен жіберіңіз. Осы арқылы Сізге конверт сатып алу және алушының мекенжайын көрсету қажет болмайды.


ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМА ТАЛАПТАРЫ
Үміткерлер 2009, 10 және 11 оқу жылдарына қанша грант ұтып алды?

  • Білім гранттары бағдарламасы 2009 жылы – 87, ал 2010 жылы – 234, 2011 жылы - 328 үміткерге Қазақстанның түкпір-түкпірінде ЖОО-да және колледждерде оқуға мүмкіндік беретін грант бөлді.


Іріктеудің талаптары қандай?

  • Бағдарламаға қатысудың басты екі талабы: үміткердің академиялық әлеуеті (18-21 сұрақтарға жауабы мен сұхбаттасу нәтижесі бойынша анықталады) мен қаржылық мұқтаждығы (22-34 сұрақтар).


Қордың гранттары неліктен тек жағдайы төмен студенттерге арналған?

  • «БОТА» қоғамдық қорының миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. «БОТА» қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық тұрмысы нашар отбасылардан шыққан жастарға жоғары оқу орнында және колледжде білім алуға гранттарды беріп, сондай оқу ұсынатын үлкен мүмкіндіктердің пайдасын көруге көмектеседі.


Сауалнамамен бірге өзге құжаттарды тапсыруым қажет пе?

  • Байқаудың алғашқы кезеңінен өткен үміткерлер сұхбаттасуға алып келуі керек академиялық әлеует, отбасы мүшелерінің отбасылық жағдайы мен қаржылық деңгейін растайтын құжаттар туралы ақпараттанады. Бұл құжаттарды сұхбаттасуға алып келу керек, одан ерте емес.


«Қаржылық мүмкіндігінің шектеулілігі» дегеніміз не?

  • Артықшылық материалдық жағдайы ЖОО-да немесе колледждегі оқуын төлеуге мүмкіндік бермейтін үміткерлерге беріледі. Әсіресе, артықшылық отбасының табысы Қазақстан Республикасы бойынша күнкөріс деңгейінен төмен үміткерлерге беріледі.


Қандай да бір облыстарға, не ауылдық өңірден шыққан үміткерлерге артықшылық беріле ме?

  • Бұл көрсеткіштер басты талап болып табылмайтындықтан, артықшылық берілмейді. Басты назар - сауалнама тапсырушының отбасындағы материалдық жағдайына және академиялық әлеуетіне бөлінеді.


Неліктен мен сауалнамада отбасымның материалдық жағдайы туралы есеп беруім керек?

  • Білім гранттары бағдарламасының қаражаты шын мәнінде мұқтаж жастарға қызмет көрсететініне көз жеткізу үшін отбасының материалдық жағдайы туралы мәлімет көрсетулеріңізді сұраймыз. Сауалнама ҚР-ның мемлекеттік статистикасының ресми талаптарына сәйкес отбасының қаржылық жағдайын анықтау үшін арнайы құрастырылған. Бұл отбасы шығындары туралы тыңғылықты ақпаратты талап етеді (22-34 сұрақтар). Бұл сұрақтар Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің 2010 жылғы үй шаруашылғын ішінара тексеру сұрақтарынан алынған.


Сіздер үйге қандай мақсатпен сапар жасайсыздар?

  • Үйге ресми сапар сауалнамада көрсетілген отбасының материалдық жағдайы туралы мәліметтердің шынайылығын тексеру үшін жасалынады.


Іріктеу қалай өтеді?
Талапкерлерді іріктеудің тоғыз кезеңі:


  1. Барлық қабылданған сауалнамаларды «БОТА» қорының қызметкерлері Білім гранттарының техникалық талаптарына сәйкестігін тексереді (білімі, Қазақстан азаматтығы және т.б.).

  2. Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық жағдайының деңгейлері бойынша бағалау үшін қойылған 22-34 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

  3. Техникалық және қаржылық іріктеуден өткен сауалнамаларды «БОТА» ҚҚ қызметкерлері бағалайды. Бұл кезеңде эссенің 18-21 сұрақтарына берілген жауаптардың сапасы келесі критерийлері бойынша бағаланады: анықтық, логикаға сәйкестігі және жауаптардың толықтығы.

  4. Байқаудың алғашқы үш кезеңінен өткен үміткерлер БГБ қызметкерлеріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • Жоғары оқу орнында оқыған жылдарының ресми бланкіде жасалған, жоғары оқу орнының мөрі басылған және барлық қажетті қолдары қойылған транскрипт;

  • 2010 немесе 2011 жж. соңғы курсының немесе соңғы курстың алдындағы курсты аяқтамастан оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылғанын дәлелдейтін құжат;

  • Деканның, кураторының немесе ғылыми жетекшісінің ресми бланкіде жасалған, оқу орнының мөрі басылған және ұсыныс жасаушының байланыс деректері көрсетілген ұсыныс хаты.

  • БГБ қызметкерлері жоғары оқу орнының соңғы курста немесе курстың алдындағы курста оқыту үшін тапсырылған құжаттар негізінде үлгерімі ең жоғары және академиялық әлеуеті биік студенттерді іріктеп алады.

  1. Ең жоғары баға алған талапкерлер байқауға қатысуын жалғастырып, тәуелсіз іріктеу комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуға шақырылады. Іріктеу комиссиясы жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курсының алдындағы курста оқыту үшін әлеуетті талапкерлерді таңдап алады. Талапкерлер БГБ қызметкерлері талап еткен талапкерлердің қаржылық және отбасылық жағдайын дәлелдейтін құжаттарды тапсыруы тиіс.

  2. Талапкерлердің сауалнамада көрсетілген қаржылық және отбасылық ақпаратты тексеру үшін Қор қызметкерлері талапкерлердің құжаттарын тексеріп, олардың үй шаруашылықтарына барады.

  3. Мемлекеттік немесе басқа білім гранттарына ие болған БГБ талапкерлері БГБ байқауынан шығарылады, және «БОТА» ҚҚ гранты балама талапкерге ұсынылуы мүмкін.

  4. Жоғарыда аталған барлық кезеңдерден өткен және мемлекеттік немесе басқа оқу гранттарына ие болмаған талапкерлер «БОТА» Қорының білім грантына ие болады. 2010 немесе 2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған талапкерлер ақылы негізде оқуын қайта қалпына келтіру үдерісін дербес аяқтауы тиіс.

  5. БГБ департаменті «БОТА» ҚҚ, жоғары оқу орны мен студент арасында үшжақты білім беру қызметтерін көрсету келісімшарттын үш данада жасап, бірінші семестрдің құнын төлейді. Басқа қалалардан келген студенттер жоғары оқу орнының жатақханасынан орын алу үшін өтініш тапсырады. Жатақхана болмаған жағдайда, ол жоғары оқу орнының анықтамасымен дәлелденуі тиіс, мұндай жағдайда 2012 ж. БГБ стипендиаты тұрғын жай (бөлме) жалдауға құқылы, оны Қор төлейді.


Колледжде оқу үшін іріктеу қалай өтеді?

Талапкерлерді іріктеудің он кезеңі:


  1. Қор қызметкерлері Барлық қабылданған сауалнамаларды техникалық құқықтылығына тексереді (білім деңгейі, Қазақстанның азаматтығы және т.б.).

  2. Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық мәртебесін ранг бойынша бағалау үшін қойылған 22-34 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

  3. Техникалық және қаржылық іріктеуден өткен сауалнамалар «БОТА» ҚҚ қызметкерлерімен бағаланады. Бұл кезеңде талапкерлердің 18-21 сұрақтарға берген жауаптарының сапасы анықтық, қисындылық және толықтық критерийлері бойынша бағаланады.

  4. Ең жоғары бағаланған талапкерлер тәуелсіз іріктеу комитеті мүшелерімен сұхбаттасудан өту үшін шақырылады. Іріктеу комитеті колледжді сәтті аяқтай алатын әлеуетті үміткерлерді таңдайды.

  5. Қор қызметкерлері сұхбаттасудан сәтті өткен талапкерлердің отбасылық және қаржылық жағдайы бойынша құжаттарды тексереді.

  6. Қор қызметкерлері сауалнамада көрсетілген талапкердің қаржылық және отбасылық мәліметтерін тексеру үшін талапкердің үйіне барады.

  7. Талапкерлерге қабылдау емтихандарын тапсырып, қор ұсынған тізімнен таңдаған колледжге (колледж және мамандықтардың тізімі тіркелген) түсу үшін қажет балды жинау қажет.

  8. Мемлекеттік білім гранттары байқауы нәтижесі жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім грантына немесе өзге оқу гранттарына ие болған БГБ талапкерлері байқаудан шығады, ал «БОТА» ҚҚ гранты баламалы талапкерге берілетін болады.

  9. Жоғарыда аталған кезеңдерден өткен және мемлекеттік білім гранттары немесе өзге оқу гранттарына ие болмаған талапкерлер «БОТА» қорының білім гранты иегері атанады. Талапкер ақылы негізде оқуға құжаттарды өз бетімен тапсыру керек.

  10. БГБ департаменті «БОТА» ҚҚ, колледж және студент арасында білім беру қызметтерін көрсетуге үш данада үшжақты білім беру қызметін көрсету келісім шартқа отырып, алғашқы семестрдің ақысын төлейді. Басқа қаладан келген студенттер колледж жатақханасында орын алу үшін өтініш жазады. Колледждің ресми анықтамасымен расталған жатақханада орын болмаған жағдайда 2012 жылғы БГБ студенті қор төлейтін панажайды (бөлме) жалға ала алады.



Менің сауалнамама байланысты шешім қашан шығады?

  • Талапкерлер 3-кезеңге өткендігі туралы хабарландыруды мамыр немесе маусым айларында сауалнамада көрсетілген байланыс телефондары арқылы алады және сұхбатқа шақырылады. Грант иегерлері ұлттық бірыңғай емтихандары және оқу орындарына қабылдау кестесіне сәйкес тамыз айында белгілі болады.


Егер мен колледжге түсу үшін қажет балды жинамасам немесе өзге талап етілетін емтихандарды тапсыра алмасам не болады?

  • Егер сіз колледжге түсу үшін керек балды жинай алмасаңыз немесе талап етілетін өзге де емтихандарды тапсыра алмасаңыз, онда сіздің сауалнамаңыз қарастырылмайды.


2012-2013 оқу жылына қанша грант бөлу жоспарланып отыр?

  • 2012-2013 оқу жылына 125 грант бөлу жоспарланып отыр: 75 – ЖОО-да оқу, 50 – колледжде оқу үшін беріледі.



Егер биыл өте алмасам, онда келесі жылы (2013-2014 жылдары) грантқа құжат тапсыра аламын ба?

  • 2013 жылғы байқауға қатысу үшін байқау шарттарын анықтап алу қажет. Барлық қажет ақпаратты 2013 жылғы қаңтарда қордың сайтынан (www.bota.kz) немесе 8 (727) 264 34 87 телефондарына хабарласу арқылы ала аласыздар.


ГРАНТ ШАРТТАРЫ
«БОТА» қорының білім грантына ие болсам, қор алдында қандай да бір жауапкершілігім бола ма?

  • Иә. Қордың грантына ие болған студенттер еріктілік жұмыс атқаруы (бір академиялық жылда 20 сағат), «БОТА» қорынан бөлінген қаржы бойынша жазбаша есеп беруі (оқу мекемесінен шот фактура, сатып алынған кеңсе жабдықтарына чектер) және оқу үлгерімі жөніндегі мәліметтерді ұсынуы, қор қызметкерлері ұйымдастыратын семинарлар мен кездесулерге қатысуы қажет.


Грантты ұзарту үшін оқу үлгерімім жоғары болу керек пе?

  • Грант иегерлері оқу орнында одан әрі оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін бағалар алса болғаны. Қор курсты қайтара оқу ақысын төлемейді.


Мен грантты барлық оқу жылына аламын ба, әлде тек бір жылға ма? Жыл сайын құжатты қайта тапсыруым қажет пе?

  • Грант бір жылға беріледі. Стипендиаттар грантты жыл сайын жаңартып және ұзартып отыруы керек (барлығы 2 жылға дейін). Бұл ретте олардың академиялық үлгерімі, қаржылық жағдайы және қоғамдық еріктілік жұмысы бойынша нәтижесі ескеріледі.


Грант неден тұрады және оны қалай аламын?

  • Грант күндізгі оқу түрінің ақысын жабады (бакалавриат). Егер студент басқа қаладан/ауылдан болса, онда панажайдың (жатақхана) төлемі мен жол шығындары төленеді. Оқудың ақысы грант иегерінің оқу орнына тікелей төленеді. Панажайға және жолға кететін шығындар грант иегерінің банк карточкасына аударылады.


ЖОО-н не колледжді бітіргеннен кейін қор менің оқуым мен панажайыма төлеген қаражатын қайтаруға міндеттейді ме?

  • Жоқ. Білім гранты өтеусіз беріледі және қаражатты қайтару қажет емес. Сізге оқу барысында Бағдарлама талаптарын орындау керек.


ЖОО-н не колледжді бітіргеннен кейін мен белгілі бір уақыт қорда жұмыс жасауға міндеттімін бе?

  • Жоқ. ЖОО-н не колледжді бітіргеннен кейін Сіздің қор алдында қандай да бір міндеттемелеріңіз болмайды.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет