Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже



бет1/35
Дата02.05.2016
өлшемі5.62 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен

«28» _09 _ 2013 жыл

№_764_ бекітілген

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын

авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік

бағдарламасын бекіту туралы
1. Жалпы ереже
1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы (әрі қарай –Үлгілік бағдарлама) Қазақстан Республикасының 15 шілде 2010 жылғы «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі жөнінде» Заңының 14 бабы 1 тармақ 15) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру және кәсіби даярлықтың сапасын арттыру мақсатында жасалды.

2. Осы Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлықтарын жүзеге асыру кезіндегі принциптерін, жүзеге асыру тәртібін, кезеңдерін ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемінің неғұрлым аз мөлшерін және басқа да өлшемдерін, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің (мамандарының) басқа да санаттарын бекітеді.

3. Осы Үлгілі бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО), Еуропа авиациялық реттегіштерінің, Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым ережелерінің (ВМО) стандарттары мен тәжірибелері қолданылған.

4. Осы Үлгілі бағдарламада келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы (әрі қарай – АА АОО) – авиациялық қызметкерлерді даярлаумен, қайта даярлаумен және кәсіби деңгейін ұстап тұрумен айналысатын заңды тұлға;

2) авиациялық қызметкерлер, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын лауазымды тұлғалар, кәсіби даярлықтан өткен және осы қызметтерді жүзеге асырумен тікелей шұғылданатын мамандар:

әуе кемесінің ұшуын атқару бойынша (ұшу және кабина экипажы, қызметкерлер, маман);

әуе кемесінің ұшу жарамдылығының күтімі бойынша (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын маман, қызметкерлер);

әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша (әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчерлік қызметкерлер, авиациялық стансаның операторлары, маман);

ұшуды қамтамасыз ету бойынша (ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер/ ұшу диспетчері);

теңіз конструкцияларында орнатылған тікұшақ алаңдарында тікұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету бойынша (қызметкерлер, маман);

іздеу және құтқару бойынша (қызметкерлер, маман);

ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс бойынша (радиотехникалық жабдықтар мен байланысты атқару бойынша мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);

ұшуды электрлік жарық техникасымен қамтамасыз ету бойынша (әуежайдың электрлік жарық техникасы жабдықтары бойынша жұмыс істейтін мамандар, инженерлік-техникалық қызмет көрсетушілер);

3) әуе қозғалысына қызмет көрсету – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, апаттық хабарлау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, кіреберісте диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуежайда диспетчерлік қызмет көрсету);

4) бортсерік – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ апатты жағдайда немесе шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда жолаушыларды әуе кемесінің бортынан қауіпсіз және жылдам алып шығуды ұйымдастыру және басқа да қызметтерді атқару үшін әуе кемесінің бортында жүретін кабина экипажының мүшесі;

5) біріктірілген оқыту – оқытудың түрлі формаларын қиыстыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;



6) тренажердағы даярлық – авиациалық қызметкерлердің кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші азаматтық авиация саласының уәкілетті органдары бекіткен ұқсас конструкциялар арқылы тәжірибелік біліктілік пен машыққа қол жеткізеді, біліктілікті бабына келтіреді және жетілдіреді;

7) кәсіби даярлық – алғашқы даярлық, қайта даярлау, кәсіби деңгейді сақтау, машықтану, қысқа мерзімді курстар, тренингтер және авиациялық қызметкерлерді оқытудың басқа да түрлері;

8) кәсіби деңгейді сақтап тұру – авиациялық қызметкерлерді оқыту процесінің мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды берумен қатар, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке талаптарына сәйкес кәсіби білімді, біліктілік пен машықты жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылады;

9) кешенді (үлгілі) оқыту – белгіленген мерзім ішінде оқытудың барлық бағдарламаларын бір уақытта жүзеге асыру арқылы кәсіби даярлықтан өткізу;



10) қайта даярлау белгіленген үлгідегі құжаттарды береумен қатар, азаматтық авиация саласы мамандарының жаңа кәсіби білім (қосымша) алуына, біліктілікке, машықтануына (оның ішінде біліктілік белгісі) және авиациялық техниканы зерттеулеріне бағытталған оқыту процесі;

11) модульдік оқыту – әр кезеңі (модуль) рейтингтік бақылау жүйесі мен алған бағалары және машықтары бойынша аяқталған топтама ретінде кадрларды даярлаудың сатылы жүйесін қолдана отырып үзіліссіз оқыту тәсілі;



12) сертификат талаптары – ұйымдарға, олардың мазмұнына авиациялық қызметкерлерді даярлау деңгейі мен сапасын анықтау мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

13) теориялық даярлық кәсіби даярлақ процесі кезеңі, оның барысында үйренуші арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ білімін бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жаңғыртады және жетілдіріп отырады;

14) үлгілі бағдарламалар – авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының кәсіби даярлықты бір үлгіде оқытумен қатар, өз бағыттарының, мамандануларының және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай оқу бағдарламаларын өз қалаулары бойынша жасау мүмкіндіктерін сақтауға арналған бағдарлама;

15) ұшу даярлығы ұшу құрамының кәсіби даярлық процесі кезеңі, оның барысында үйренуші тәжірибелік тұрғыдан ұшу шеберлігі мен машықтарына қол жеткізеді және жетілдіре түседі

16) штаттан тыс жағдай – міндетті түрде қауіп төндіруі немесе елеулі қатер туғызуы маңызды емес, бірақ жедел назар аударуды қажет ететін жүйелі немесе жиі кездеспейтін, елеулі және аяқ астынан орын алған кейбір жағдайлар.



Осы Үлгілі бағдарламада қолданылып отырған аббревиатура осы Үлгілі бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген.

5. Осы Үлгілі бағдарлама АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдардың өз кәсіби даярлық бағдарламаларын (курстар) жасауы үшін пайдалануға арналған.





    1. Каталог: images -> npa
      npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
      npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
      npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
      npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
      npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
      npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
      npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
      npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
      npa -> № қаулысына


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет