Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 424.25 Kb.
бет2/4
Дата02.05.2016
өлшемі424.25 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4
: site -> nis -> repository -> file -> 20%2004%202015
file -> Қазақстан тарихы Тас ғасыры Тас дәуірі
file -> Модератор: Өскемен қаласындағы хбб нзм мұғалімі Қонақбаева А. А. Мастер-кластың өткізілетін орны
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
20%2004%202015 -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

4 «Музыка» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасына сәйкес әр сыныпқа арналған сағат саны:




Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат


«Музыка» пәні кабинеті

Музыка кабинеті сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үстелдер мен орындықтары бар үлкен бөлме болуы керек. Кабинеттегі жиһаздың орналасуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Кабинетте электронды аспаптарды қосуға ыңғайлы болу үшін розеткаларды кабинеттің бірнеше жерлеріне орналастырған жөн. Кабинетте, жалюздер мен терезені қараңғылауға арналған жүйелер, қосалқы бөлме немесе сөрелер, материалдар, құралдар және музыкалық аспаптарды сақтайтын шкафтар қою, қабырғаларды дыбысты өткізбейтін қылып ескеру ұсынылады.

Кабинетте міндетті түрде интерактивтік, маркерлік және көрсетілім тақталары болуы қажет.

Музыка кабинетіне қажетті құрал-жабдықтар:


  • жабдықталған компьютер (монитор, жүйелі блок, саб-буфер, дыбыс ұлғайтқыштар (колонки), микрофон, тышқан, пернетақта, жүйелілік фильтр); Movie Maker, Audаcity бағдарламалы;

  • DVD проектор;

  • көпарналы жазу мүмкіндігі бар электронды фортепиано, синтезатор, мысалы, «Yamaha», «Casio», баян, аккордеон;

  • фонотека (CDдиск, мини диск, музыкалық жазбалар қоры);

  • музыкалық орталық;

  • ноутбуктер (топтық жұмыстар үшін);

  • бейнекамера;

  • фотоаппарат (1 дана);

  • қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра (1 дана), дабыл (6 дана), дауылпаз (6 дана), қоңыраулар (2 дана), сылдырмақ (6 дана), асатаяқ (6 дана), шаңқобыз (6 дана), тұяқ тас (6 дана мүйіз (6 дана), тоқылдақ (6 дана);

  • балаларға арналған музыкалық аспаптар жиынтығы: ксилофон (12 дана), металлофон (12 дана), маракастар (12 дана), бубендер (12 дана), музыкалық үшбұрыштар (6 дана), белгілі биіктіктегі қоңыраулар (3 дана), балалар барабандары (12 дана);


5 «Музыка» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Білім беру ұйымдары, оқушылардың қалай білім алуды үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне өзі сенімді, жауапты, зерделі оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады, оларға:



  • оқушылардың жеке пікірімен санаса отырып, олардың алдында меңгерген білімдері мен түсініктерін әрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау;

  • жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды негіздеу және дамыта оқыту;

  • міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

  • оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;

  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуін және белсенді оқытуын қолдау;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

  • жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру кіреді.


Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер:

  • музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;

  • оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;

  • жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;

  • оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;

  • білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;

  • жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;

  • оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерні ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу;;

  • шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;

  • пәнаралық кіріктіру;

  • музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау;


Оқушылардың тіл дағдысын дамытуға қолдау көрсету (үштілділік саясатына сәйкес)

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға көмектесе отырып, үштілділік саясаттың кіргізілуін қолдауы тиіс. Пәнді меңгерту мақсатында, бірінші кезеңде мұғалімдер белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытады. Осыған байланысты әр сабақтың тілдік мақсаттары анықталады, мысалы, оқушылар музыкада дыбыстың өзгеруі және жасалу тәсілдерін сипаттауы, оның мағынасын түсінгенін көрсетуі қажет. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың осы тілдік жетістіктерін бағалауына қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың ғылыми тіл байлығын қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы қажет.


6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі көзқарастар мен мәдениетті құрметтеуін жағдай жасап қалыптастыру, жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын бір бөлігі болып табылады. Бұл дағдылар оқушылардың сыныптағы және мектептегі әлеуметтік және еңбек орталарында, көп ұлтты қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Музыка» пәні бағдарламасында бұл төмендегідей көрсетіледі:



  • оқушылардың бойында қоршаған ортаға көзқарасын, пікірді бағалай және сыйлай білуін қалыптастыру. Мысалы, өзінің және басқаның жұмысына деген пікірді қабылдай және тыңдай білу; оқушылар музыкалық шығармаларын түсінудің бірнеше түрлері бар екендігін түсіне білу керек;

  • шығармашылық әріптестіктің маңыздылығын ескере отырып, оқушылар арасында, жас ерекшеліктері бір сыныптар арасында, жас ерекшеліктері әртүрлі сыныптар арасында, әртүрлі мектептер, кәсіби композиторлар, музыканттар арасында ұжымдық жұмыс істеуді қалыптастыру, бұл бірігіп әрекет етуге, бір-бірін дамытып, қолдауға мүмкіндік береді.

Бұл оқушыларға бірігіп әрекет етуге, бір-бірін қолдап дамытуға мүмкіндік береді; Оқу барысында оқушылар әр халықтардың өміріндегі музыкалық өнердің ерекшелігі мен маңыздылығынбағалай білуді үйрену керек. Мысалы, осыны әлемдегі түрлі халықтардың музыкалық өнер туындыларынан, халықтық және композиторлық музыкасынан мысалдар келтіру арқылы көрсетуге болады. Халықтық, композиторлық және заманауи музыкалық өнері әлемнің музыкалық мәдениетіментығыз байланыста зерделенуі керек.
7 Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың өздігінен іздену және зерттеу жұмыстарында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста цифрлік технологияларды сенімді және шығармашылықпен қолдана білуге үйретеді.

Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу, алмасу және онымен жұмыс жасау, идеяларды жинау, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.

«Музыка» пәні оқу бағдарламасында төмендегідей жұмыстар негізінде іске асырылады:


  • музыкалық импровизациялар мен өңдеулер жасау барысында компьютерлік цифрлік технологияларды қолдану;

  • ғаламтор дерекқордан ақпарат іздеу, табу алынған дәйектерді маңыздылығына қарай өңдеу және таңдау(мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, іздейді, керекті мәліметтерді таңдайды, көшіреді және оны сақтайды);

  • слайдтік презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, нақты аудиторияға көрсету және қойылған мақсатқа жету үшін, түрлі дерекқордан материалдарды жинақтау;

  • мультимедиялық презентациялардағы мәтінді жасау үшін, дыбыстарды, тұрақты немесе жылжымалы суреттерді біріктіріп, модель мен модельдеуді қолдану мүмкіндіктерін зерделеу;

  • оқытуды виртуальды ортада, онлайн форумына қатысу, электронды байланысты пайдалану арқылы мұғалімдер және басқа оқушылармен ақпарат алмасу және хабарлама жіберу, қызметтестік, ынтымақтастық;

  • белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды дамыту, яғни жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Осы мақсат арқылы түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын оқушы өзінің ойын еркін жеткізетін, ынталандыратын және қолдайтын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға болады.

Әртүрлі ақпараттық құралдарды пайдалана отырып және өз ойын сауатты жеткізу арқылы оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен, мұғалімдермен, көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсуіне оқушылардың назарын аударту қажет.

Музыка мен бейнелеу өнерін біріктіретін бұл олардың әрқайсысы коммуникацияның бір құралы ретінде табылады. Музыкадағы коммуникация музыкалық дыбыс арқылы жүзеге асырылады, ал бейнелеу өнерінде визуалды және тактильді болып табылады. Осы байланысты пайдалану музыка сабақтарына деген қызығушылықты, назар және ойлау қызметін жандандыруға, бекітілген оқу материалдарын тиімді меңгеруге, қабылдауға, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мысалы, суретшінің туындысынан шабыттанып, музыкалық шығарма немесе суырып салма жұмыстарын жасауға болады, немесе музыка тембрін бояулар арқылы, ал музыканың көңіл-күйі мен сипаттамасын сызықтар және формалар арқылы жеткізуге болады. Музыка мен бейнелеу өнерінің бірігуі оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызады.

«Музыка» пәнін оқыту үдерісінде оқушыларда оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:


  • көркем әдебиет пен бейнелеу өнерін музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасауда шабыт көзі ретінде қолдану; ;

  • композиторлардың өмірі мен музыкалық шығармалары жөнінде ақпараттарды әртүрлі баспа және онлайн дереккөздерден оқу.

«Музыка» пәні бойынша жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • музыканы тыңдап немесе суретшілердің, дизайнерлердің жұмысын тамашалай отырып ассоциативтік ойларын жазу;

  • музыкалық шығарма, композиция, әңгімелер, өлең жолдары, көріністер құрастыру үшін пәнаралық оқыту, музыка және өнер туындыларын пайдалану;

  • орындалған жұмыс нәтижесін жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары.

«Музыка» пәні бойынша айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма үлгілері:

  • музыкалық шығармаларды тыңдау барысында немесе музыкалық шығармаларды орындау барысында жеке сезімі мен туындаған ойларын талқылау;

  • болжамдар жасау, өзінің және өзгелердің жұмысын талқылау, түсініктеме айту;

  • шығармашылық үдеріс кезіндегі түрлі идеяларды талқылау, өзара пікір алмасу;

  • қазақ халқының музыкалық шығармашылығымен, әлемдегі басқа халықтардың музыкасымен, сонымен қатар ұлттық дәстүрлермен танысу барысында сөздік қорын байыту;

  • оқушыларды түрлі жағдайлардың шешімін табуға, проблемаларды болжай білуге, дұрыс шешім қабылдауға, ұтымды шешімді ойлауға және таңдауға дайындау.


9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Музыка» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.

Ішкі жиынтық бағалау –оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.

3-4-сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:


  • тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.

  • жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға.


ΙΙ «Музыка» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Музыка» пәнінің мазмұны
Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды, мұғалімге оқушылардың жетістігін бағалау және өз жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқудың келесі сатысы туралы ақпарат береді .


Пән

Бөлім

Бөлімше

Музыка

1. Музыканы орындау

1.1 Ән айту және аспапта ойнау (жеке және топ құрамында)

1.2 Жеке және ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту

2. Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау

2.1 Музыка жазу және импровизация

2.2 Музыкалық идеяларды ұйымдастыру және материалдарды жинау

3. Музыканы тыңдау және сезімін жеткізу

3.1 Музыканы тыңдау және сезімін жеткізу

3.2 Музыкалық терминдерді пайдалану

4. Музыканы талдау және бағалау

4.1 Музыканы талдау және бағалау

4.2 Музыкалық сауаттылықты дамыту

Бағдарламада оқу мақсаттарын тиімді қолдану және мониторинг жасау үшін кодтық белгілеу енгізілді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді, үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқу мақсаттарының реттік санын білдіреді. Мысалы, код белгісіндегі 1.2.1.1: «1» сынып, «2» бөлім, «1» бөлімше, «1» оқу мақсатының реттік саны.



2 Оқу мақсаттарының жүйесі
1 Музыканы орындау

Оқушылар білуі тиіс…


Бөлімшелер

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1

Ән айту және аспапта ойнау (жеке және топ құрамында)

1.1.1.1

Тосыннан қосыла отырып, есіндегі қарапайым музыкалық материалды ұрмалы-шулы аспаптарда ойнап әндету



2.1.1.1

Ырғақтық суретті, динамика мен екпінді сақтай отырып, түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды ұрмалы-шулы аспаптардың көмегімен жатқа орындау, әндету



3.1.1.1

Ырғақтық және мелодиялық суретті, екпінді, динамика мен таза интонацияны сақтай отырып, түрлі мәдениетпен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды музыкалық-шулы аспаптардың көмегімен нотаны пайдаланып және жатқа орындау, әндету



4.1.1.1

Ырғақтық және мелодиялық суретті, екпінді, динамика мен таза интонацияны сенімділікпен сақтай отырып, түрлі мәдениетпен жанрдағы музыкалық материалдарды музыкалық-шулы аспаптардың көмегімен нотаны пайдаланып және жатқа орындау, әндету



1.2

Жеке және ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту

1.1.2.1Қарапайым музыкалық пьесаларды, жаттауға берілген әндер мен шағын әндерді жеке орындау

1.1.2.2 Қарапайым музыкалық пьесаларды, жаттауға берілген әндер мен қысқа қайырымдарды ұжымның орындауы кезінде өз партиясымен уақытылы қосылу



2.1.2.1

Қарапайым музыкалық пьесаларды, жаттауға берілген әндер мен қысқа қайырымдарді жеке және ансамбльмен орындау




3.1.2.1

Әрбір қатысушының дербес қабілеттерін ескере отырып, берілген музыкалық пьесаларды, әндер мен қысқа қайырымдарді ұжыммен орындау үшін қатысушыларды анықтау




4.1.2.1

Ұжымның нақты музыкалық пьесаларды, әндер мен қысқа қайырымдарді музыкалық мәнерлеу, бейнелеу құралдарын пайдалана отырып орындауын басқару



2 Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау

Оқушылар білуі тиіс…


Бөлімшелер

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1 Музыка жазу және импровизация

1.2.1.1

Музыканың көңіл-күйін эмоциялық түрде жеткізу үшін дауыс пен ұрмалы-шулы аспаптарды, музыкалық - пластикалық іс-әрекеттерді қолдану

1.2.1.2

Қарапайым импровизация жасау және музыка жазу үшін ұсынылған бейнелерді қолдану және зерттеу




2.2.1.1

Музыкадағы бейнелерді және көңіл-күйді эмоциялық түрде жеткізу үшін дауыс пен ұрмалы-шулы аспаптарды, музыкалық - пластикалық іс-әрекеттерді қолдану

2.2.1.2

Қарапайым импровизация жасау және музыка жазу үшін ұсынылған немесе таңдалған бейнелерді қолдану және зерттеу




3.2.1.1

Музыкадағы бейнелерді және көңіл-күйді эмоциялық түрде жеткізу үшін дауыс пен ноталарды, музыкалық -шулы аспаптарды, музыкалық - пластикалық іс-әрекеттерді, сонымен қатар музыкалық цифрлік технологияларды қолдану

3.2.1.2

Импровизация және музыка шығару үшін, ұсынылған немесе таңдалған бейнелерді, сонымен қатар АҚТ құралдарын қолдана отырып, пайдалану және зерттеу



4.2.1.1

Музыкадағы бейнелерді және көңіл-күйді эмоциялық түрде жеткізу үшін дауыс пен ноталарды, музыкалық -шулы аспаптарды, түрлі музыкалық - пластикалық іс-әрекеттерді, сонымен қатар музыкалық цифрлік технологияларды сенімділікпен қолдану

4.2.1.2

Импровизация және музыка жазу үшін, көркем және музыкалық бейнелерді, сонымен қатар АҚТ құралдарын қолдана отырып, сенімділікпен жаңаша түсіндіру және зерттеу



2.2

Музыкалық идеяларды ұйымдастыру және материалдарды жинау

1.2.2.1

Өз музыкалық идеяларының негізінде әзірленген, қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстарды көрсету



2.2.2.1

Импровизация және музыка жазу арқылы қарапайым музыкалық идеяларды көрсету




3.2.2.1

Импровизация және музыка жазу арқылы материалдар мен идеяларды жүйелеп көрсету




4.2.2.1

Импровизация және музыка жазу арқылы музыкалық материалдар мен идеяларды жаңаша түсіндіріп көрсету





1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет