Бағдарламасын орындау туралы Аудандық



жүктеу 40.53 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі40.53 Kb.
түріБағдарламасы
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау туралы

1. Аудандық «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 іс-шаралар өткізілді. 2012 жылғы 13 сәуір күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлыққа қандай тосқауыл» атты ауқымды пікірталас дөңгелек үстел өткізілді. Бұл пікір талас дөңгелек үстелді өткізуге ішкі саясат бөлімінің, аудандық «Бастау Зайсан жастары» жастар ұйымының ұйымдастырумен аудан халқынан арнайы «Жемқорлық індет» атты сауалнама жүргізілді. Аудан әкімі төрағалық еткен дөңгелек үстелде аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, аудандық прокурор атқарылып жатқан жұмыстар туралы баян етті. Дөңгелек үстелге қатысқан қоғамдық ұйым өкілдерінен, бөлім басшыларынан, жастардан ұсыныстар айтылып, әсіресе жастар жағынан қолдау тапты. Сыбайлас жемқорлықпен қарсы үгіт насихат жұмыстарына енді жастар белсенді араласуда.

2-3. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге лицензияланатын қызмет түрлері және рұқсат беру функцияларын қасқарту бойынша аудандық санэпидемиологиялық қадағалау басқармасына, салық басқармасына ұсыныстар жолданып, қаралуда.

4-5. Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық іс-шаралар ауданық «Достық» газеті арқылы жарияланады. 2012 жылы осы тақырыпта 7 әртүрлі мақала, құлақтандырулар жария етілді. Зайсан қаласында барлық ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 банер орнатылған.

6. 2012 жылы ауданда мемлекеттік органдардың қатысумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 дөңгелек үстел өткізілді. Онда басты қаралаған мәселе мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, тәжірбие алмасу, алдын алу болды. Мемлекеттік қызмет көрсеттетін органдардың жұмысына қатаң бақылау тапсырылды.

7. Ағымдағы жылы мектеп оқушыларының 10-11 сынып оқушыларына сынып сағаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер оқу, бұған мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарту жоспарланып отыр.

9. Сыбайлас жемқорллыққа қарсы насихаттайтын брошюралар шығарып, Бұл жадынамаларды аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп арнайы акция өткізіп ағымдағы жылдың тамыз айында тарату жоспарлануда.

11. Барлық мемлекеттік мекемелерде қазіргі уақытта сенім телефоны, ұсыныс, пікірлер жинайтын жәшіктер қызмет атқаруда. Халық көп шоғырланатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар ілінген.

12. Азаматтарға жер телімдерін беру жұмыстары қатаң заң негізінде ауданда құрылған комиссия арқылы жүргізіледі. 2012 жылдың 6 айдың қортындысы бойынша ауданда жер телімдеріне байланысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске тартылған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Заңдылықты қаматамсыз ету, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін бөлу туралы өтініштері бойынша негіздеулер мен бас тарту себептеріне аудандық жер қатынастары бөлімі үнемі талдау жасап отырады, негізсіз бас тарту немесе біреудің мүддесін көздеуге байланысты фактілер анықталған жоқ. Ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы 1 тұрғын үй бар. Бұл тұрғын үй бөлу барысы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жүргізілді.

13-14. 2012 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметшілерді функцияналдық міндеттерін теріс пайдалану фактілері орын алған жоқ. Бұл тақырыпта саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен өтізілген шараларда жиі айтылып, нәтижесін беруде.

16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әр түрлі баспа бетерінде мақалалар, құлақтандырулар жазып жүрген аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ақытқа 2011 жылдың ең үздік тілшісі атағы беріліп, қаржылай марапатталды.

18. Жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейне бақылау және тіркеу жүйелерін енгізу мәселелері аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сызбасы жасалып, қаржы есептелуде.

19-20. Аудан әкімінің жеке сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылуда. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды, мемлекеттік қаржысының жұмсау, жер телімдерін беру жөнінде шешімдерді, мемлекетік сатып алу барысын орналастырудамыз.

21. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуді ашықтығын арттыру үшін конкурстық, мемлекеттік қабылдап алу комиссия құрамына бейтарап үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізу туралы ұсыныс ШҚО әкімі аппаратына жолданған.

22. Аудан әкімдігіне бағынысты барлық мемлекеттік мекемелердің жарғыларында мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша жеке міндеттер жүктелген.

24. ХҚКО ақпараттық жүйесін дамыту бойынша аудан әкімдігінің ұсыныстар жолданған.

25. Бақылау, рұқсат беру және қадағалау жүргізеін органдармен және кәсіпкерлермен 2011 жылы аудан әкімінің орынбасары Р.Қайырсыновтың төрағалығымен кездесу өткізілген. Онда сыбайлас жемқорлық туғызатын жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша талдау жасалап, қазір жұмыс бабында қолданылуда.

30. Азамматтардың жер телімдеріне, тұрғын үй алуға және мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұру кезектігі аудандық «Достық» газеті арқылы жарияланып отырады..

35. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мемлекеттік қызметкерлерге ай сайын өтетін құқықтық оқу тақырыптарына енгізіліп, аудандық прокуратура қызметкерлері дәріс оқыды. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндеті және сыбайлас жемқорлыққа байланысты жасалған қылмыс, құқықбұзушықтырға қолданатын шаралары түсіндірілді. Құқықтық оқуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаты талқыланып, 2012 жылы аталған тақырыпта 2 рет құқықтық оқу отырысы болып заңнамалар түсіндірілді.

37. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни соның ішінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы үнемі мониторинг жүргізілуде.



38. Аудан «Достық» газетінде мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі тұрғындарға ақпарат ретінде жарияланып отырады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет