Бағдарламасының» орындалу барысы туралы «2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасы»



Дата25.04.2016
өлшемі128.29 Kb.
түріБағдарламасы
«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» орындалу барысы туралы
«2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасы» 16.06.2011 жылы аудандық мәслихаттың № 31-1 шешімімен бекітілген. Бұл бағдарлама қабылданғаннан бері жылдан артық уақыт аралығында білім бөлімі жүйесінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Бағдарламаның негізгі көрсеткіштерінің бірі- мектепке дейінгі тәрбиемен қамту болып табылады. 2011 жылы аудан бойынша 5 мектепке дейінгі мекемелерде 425, 24 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 1118 бала мектепке дейінгі тәрбиемен, 620 бала мектеп алды даярлықпен қамтылып, бұл 92,2 пайызды құраса, бүгінгі күні 5 мектепке дейінгі мекемелерге 489, шағын орталықтарға 1090, мектеп алды даярлыққа 681 бала тартылып, мектепке дейінгі білім берумен қамту 94 % жетті. Жыл аяғына дейін Зайсан қаласында жеке меншік балабақшаның ашылуына байланысты мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 97 пайызға көтерілу жоспарланып отыр. Аудандық білім бөлімінің стратегиялық даму жоспарына (ПРТ) 2013 жылға 140 орындық балабақша ғимаратын салу енгізілді.

2011 жылы 30 мектепте 6269 бала оқыса, 2012 жылы 28 мектепте 6103 бала оқып отыр, контингент 166 балаға, мектеп саны 2-ге азайды Мектептердің жобалық қуаттылығына ықшамдау жүргізіліп, қаладағы 6 мектептің бұрынғы 10872 қуаттылық көрсеткіші бүгінгі күні 5005 болып, 1530 оқушы орны жетіспей отыр. Дефицит мәселесін шешу мақсатында 600 орындық мектептің 300 орындық жатаханасымен құрысы басталды. Бұл аудан әкімі тарпынан аудан жастарының болашағына жасалып отырған үлкен қамқорлығы.

Аудан мектептері 2012-13 оқу жылының І тоқсанын 51,6 пайыз сапамен аяқтады, бұл өткен оқу жылының І тоқсан қорытындысымен салыстырғанда 1,1 пайызға артық. 1010 бала үздік, 1802-і екпінді, үлгермейтін оқушы жоқ.

І тоқсан қорытындысы бойынша аудан деңгейінде жоғары білім сапасын көрсетіп отырған мектептер: М. Әуезов орта, Х. Мұстафина орта, Октябрь орталау, Қаратал орта, Сарытерек орта, Шілікті орта, Кеңсай, Қазақстан, Шекарашы, Жаңатұрмыс орталау, Саржыра орталау, Маметова орталау мектептерін атауға болады. Ең төменгі сапа Мүкарама орта мектебінде.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді. Мектепішілік бақылау, 9-11 сыныптарда өтетін қоғамдық білім байқаулары, сынама тестілеулер мониторингісі, ата-аналар, сынып жиналыстары, пән апталықтары, нашар оқитын, дарынды балалармен жүргізілетін даралап оқыту, математика, физика пәндерін тереңдетіп оқыту, бір сабақтан «3»тік бағамен қорытылған оқушылармен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесі ҰБТ қорытындысы бойынша облыс деңгейінде жоғары көрсеткіштерден, мектеп оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өтіліп отырған жарыстарда жүлделі орындардан көріне алғандығы. Аудандағы дарынды оқушыларды қолдау, білім сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің дарынды оқушылармен кездесуін өткізу дәстүрге айналып отыр. Оған білімде және өнерде озық жетістікке жеткен оқушылар шақырылып, аудан әкімінің бағалы сыйлықтары табысталады. Биылғы жылы сонымен қатар дарынды оқушылар кеудесіне «Ауданның дарынды оқушысы» деген жазуы бар төсбелгі тағылып, бұны дарынды оқушылардың атрибутына айналдыру жоспарланып отыр. Дарынды оқушылардың бейімін анықтау, жетілдіру мақсатында аудандық, облыстық пән олимпиадасының жабылу салтанаты- «Үздіктер шеруі», «Айгөлек», «Жаңа толқын», КВН конкурстары өтіп, оқушылардың білімі, өнері шыңдалып келеді.

Оқыту үрдісіндегі ең маңызды көрсеткіш- оқытудың нәтижесін тексеру. Оқушылардың білімі мен біліктілігін анықтауда басты орынды – мектеп түлектері тапсыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы мен 9 сынып оқушылары тапсыратын оқу жетістігін сырттай бақылау болып отыр.

Биылғы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 555 мектеп түлектерінің 516-ы қатысты. Бұл барлық мектеп түлектерінің 93 %-ы. Бұл облыстық қатысу көрсеткішінен 17 пайызға артық. Аудан бойынша орташа балл-73 болып, облыстық деңгейден 2,9 баллға артық. Аудан деңгейінен жоғары орташа балл көрсеткен мектептер: Көгедай орта мектебі, орташа балы-84,7, Айнабулақ орта мектебі- орташа балы- 82,5, М. Дауленов атындағы орта мектебі орташа балы -79,9, М. Ауезов-79,2, М.Ломоносов атындағы орта мектебі орташа балы-75,7, Сарытерек орта мектебі, орташа балы- 74,2.

ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгі» аттестатына 13 түлек білімін бекітті, бұл барлық үміткердің 30,2%.

Үздік аттестатқа 7 үміткерден бірде- бір мектеп бітіруші өз білімдерін бекіткен жоқ. «Алтын белгіге» үміткер түлектердің 4-іне 1 балл жетпеуіне байланысты Үздік аттестат тапсырылды.

100 және 100 ден жоғары балды аудан бойынша 74 мектеп бітіруші жинады.

ҰБТ қорытындысы бірнеше рет білім бөлімі , білім бөлімі бастығы жанындағы , әдістемелік кеңестерде қаралып, сараптама жүргізілді, сонымен қатар қорытындысы аудандық «Достық» газетінде жарияланды.



Оқу жетістігіне сырттай бақылау – бұл білім беру ұйымдарынан тәуелсіз оқу сапасына мониторинг жүргізу түрі. Негізгі мақсаты – білім беру қызметі сапасын бағалау және оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау. Биылғы оқу жылында бұл мониторингке ауданымыздың 3 мектебінде (М. Әуезов, М. Ломоносов орта, Жамбыл атындағы орталау) 9- сынып оқушылары арасында оқу жетістіктерін сырттай бағалау тестісі өтті. Тестілеуге 141 оқушы қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша М. Әуезов атындағы орта мектептің орташа балы-53, М. Ломоносов атындағы орта мектепте-64,4, Жамбыл атындағы орталау мектептің орташа балы-50,8 құрады.

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Аудандық білім бөлімінде 12 жылдық білім беруді жүзеге асыру білім саласын басқару жүйесіне нақты мақсат қойылып, соңғы нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. «12 жылдық білім беруге көшуге дайындық іс-шараларының қадамдық жоспары» жасалды.

2015 жылы 12 жылдық білім беру моделіне көшу төмендегі сызба бойынша жүргізіледі.


жылдар

12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша

11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша

2015-2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11

2016-2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017-2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018-2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019-2020

1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12




2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында «Бейіндік мектеп»кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.

Болжам бойынша профилдік мектептерде 10 сынып түлектерінің 60 % оқуын жалғастырады.

Бұдан профилді мектептер ашу қажеттілігі туындайды, мектептердің 50 пайыздан жоғарғы желісі ауылдарда орналасуы керек.

12 жылдық білім беруге көшуге байланысты Зайсан ауданында бейіндік мектептер мен оған топтастырылуы төмендегідей жоспарланып отыр.



Ресурстқ орталықтар

Тартылатын мектептер

М. Әуезов атындағы орта мектеп

Мектеп-интернат

Гагарин атындағы орта мектебі




М. Ломоносов атындағы орта мектеп

Х. Мұстафина атындағы орта мектеп

М. Дәуленов атындағы орта мектеп



Мүкарама атындағы орта мектеп

Амангелді атындағы орта мектеп

А. Орманбетов атындағы орталау мектеп

Жамбыл атындағы орталау мектеп

Мұжықсу орталау мектебі




Қаратал орта мектебі

Қазақстан орта мектебі

Көгедай орта мектебі

Биқадамов атындағы бастауыш мектеп


Айнабулақ орта мектебі

Сарытерек орта мектебі

Октябрь орталау мектебі

Саржыра орталау мектебі

Жаңатұрмыс орталау мектебі



Абай атындағы орта мектеп

Кеңсай орта мектебі

Жарсу орта мектебі

Маметова орталау мектебі


Шілікті орта мектебі

Тасбастау негізгі орта мектебі

Шекарашы орта мектебі

Қарасай бастауыш мектебі

12 жылдық білім беруге көшудің алғы шартының бірі- мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаралмасының басты мақсаты-12 жылдық білім беруге көшуді жүзеге асыру барысында аудандағы 28 мектеп, 5 мектептен тыс, 6 мектепке дейінгі мекемелердің материалдық –техникалық базасын нығайту қажеттігі артып отыр.

Аудан мектептерін 12 жылдық білім беруге көшу дайындығына қарай 3 деңгейге бөлуге болады.

І деңгей- 60-80 % дайын мектептер

ІІ деңгей- 30-50% дайын мектептер

ІІІ деңгей- оңтайландыруға жатқызылатын мектептер
І деңгейдегі мектептер:

М. Әуезов, М. Ломоносов, Ю. Гагарин, Абай, Мүкарама, Қаратал, Айнабулақ, Шілікті орта мектептері

ІІ деңгейдегі мектептер:

Кеңсай, Амангелді, Сарытерек, Қазақстан, Көгедай, Амангелді орта мектептері.

ІІІ деңгейдегі мектептер:

Қарасай бастауыш, Шекарашы орта, Саржыра, Тасбастау,Маметова, Жаңатұрмыс, Октябрь орталау мектептері.

Бірінші деңгейдегі мектептерде барлығы 27 жаңа модификациялы кабинет болса, олардың ескіруіне және жетіспеушілігне байланысты 16 кабинет қажет. 310 компьютердің 221 жаңа, 89-ы ескі заманғы компьютерлер, 82 компьютер істен шыққандығына байланысты ауыстыру қажет. 3 мектеп кең жолақты мегалайн желісі арқылы, 5 мектеп сандық телефон арқылы интернетке қатынап отыр.

ІІ деңгейлі мектептер бойынша барлығы 11 жаңа модификациядағы кабинет бар. Кабинет жетіспеушілігіне байланысты 11кабинет қажет. 128 компьютерлердің 98 жаңа, 30 компьютер ескі. .

25 компьютер істен шыққандығына байланысты ауыстыруды қажет етеді. Мектептер сандық телефон арқылы интернет байланысына қосылған.

ІІІ деңгейдегі мектептер жаңа модификациялы 3 кабинетпен ғана қамтылған, кабинет жетіспеушілігіне байланысты 11 кабинет қажет.

Мектептердегі барлығы 117 компьютердің 39 –ы ескі заманғы, 78 компьютер жаңа, 27 компьютер істен шыққандығына байланысты ауыстыруды қажет Жалпы алғанда аудан мектептеріндегі 656 компьютердің 171 ескі болса, 21 –і істен шыққан, барлығы 192 компьютер ауыстыруды қажет етеді.

Яғни барық компьютердің 30 пайызы.

Қалыптасқан жағдайға байланысты мектептердің материалдық-техникалық базасын арттыру мәселесі аудан әкімдігінің мәжілісінде қаралды, аймақтың стартегиялық даму бағдарламасына енгізіліп, жергілікті бюджетке 74млн. тенгеге сұраныс берілді.

2011 жылы республикалық бюджеттен 19276,0 мың тенге қаралып, 2 мультимедия, 2 биология кабинеттері алынса, 2012 жылы 14135,0 мың тенгеге республикалық бюджеттен 2 химия (81880мың тенге), жергілікті бюджеттен 1 медициналық кабинет (400,0мың тенге), 1 мсультимедия (5540,0 мың тенге) алынды. Жергілікті бюджеттен 1002,0 мың тенге бөлініп, 5 мектепке 30 тақта алынды.

Сонымен қатар оқушыларды сапалы тасымалдаумен қамту , автобустар паркін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен мектеп-интернатқа автобус (4500 мың тенге), Шілікті мектебіне УАЗ автокөлігі (2400 мың тенге), саз мектебіне Газель автокөлігі (2690 мың тенге) алынды.

Ауданда 3 км қашықтықтан артық орналасқан мектебі жоқ елді мекендерден (Жанабаз, Октябрь №2) екі мектепке күнделікті тасымал ұйымдастырылған.

2012-13 оқу жылында Көгедай орта және Октябрь орталау мектебіне, барлығы 64 бала тасымалданып отыр. Білім бөлімі тасымалдың күнделікті, әрі сапалы ұйымдастырылуын бақылауда ұстап отырады. Мектептің материалдық техникалық базасын арттыруда облыс әкімі Б.Машбекұлының «Туған жерге тағзым» акциясы өз үлесін қосып келеді. Биылғы жылы аудан мектептерін 20 жыл бұрын бітірген түлектер оқыған мектептеріне ескерткіш- сыйлықтар тапсырды. Абай орта мектебіне спорт жабдықтарын, Амангелді атындағы орта мектебінің асханасына үстел, орындықтарымен, Мүкарама атындағы және Айнабулақ орта мектептеріне қақпа, Сарытерек орта мектебінің өзін-өзі тану кабинетіне теледидар, Кеңсай орта мектебіне газель автокөлігі мен спорт формаларын, Жамбыл орталау мектебінің асханасына үстел, орындықтарымен, М. Әуезов атындағы орта мектебіне музыкалық орталық, мектеп- интернаттың жатаханасына теледидар сыйлады.

2011 жылы М.Әуезов, М.Ломоносов, Амангелді, Жарсу, Жаңатұрмыс, Саржыра мектептеріндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100217,0 тенге, материалдық базасын нығайтуға 33626,0 тенге бөлінсе, 2012 жылы барлығы 147186,8 мың тенге бөлініп, Х. Мұстафина, Октябрь, А. Орманбетов, Көгедай, Мүкарама мектептері ағымдағы, Қаратал орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілді. 6 мектептің жылу қазандығын жөндеуге 6004,0 мың тенге, 8 мектепке насос алуға 1041,0 мың тенге бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда 38 %- ға артық.

Сапалы білім беруде мектептің материалдық техникалық базасын жетілдірумен қатар бала ағзасының қажетті дәрумендермен толыққанды қамтылуы маңызды орын алады

. Елбасының 1-4-сынып оқушыларын, аз қамтылған отбасы балаларын толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша 2011-12оқу жылы 6105 оқушының 5659 (93%) ыстық тамақпен қамтылып, оның 2178 1-4 сынып оқушылары 100 пайызды құраса, 2012-2013 оқу жылында 5944 оқушының 5546 сы ыстық тамақпен қамтылып 93,3 % , 1-4 сынып оқушылар 2261 оқушы 100 % ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Өткен оқу жылында аудан әкімінің тапсырмасымен Мукарама, Қазақстан, Кеңсай мектептерінің тәжірибесі жалғасын тауып, Гагарин, Қазақстан, М. Әуезов, Абай орта мектептері жылыжайлар ұйымдастырып, балалардың тамағына қыс айлары мен ерте көктемде көкөніс берілді. Жылыжайлар жұмысын облыс әкімі Б.Машбекұлы Сапарбаев жоғары бағалап, облысқа 6 мектептің іс-тәжірибесі таратылды. Бұл жылыжайлар жұмысы жетілдіріліп, оқушылардың биология пәнінен алған білімдерінің бекітілу мәселесі жалғасын табады. Ыстық тамақтың сапасын арттыру мақсатында аудан әкімі С. Зинабекұлының тапсырмасымен 2011 жылы шаруа қожалықтарымен және жеке кәсіпкерлермен бірлескен 3 жақты 101 меморандум жасалса, биылғы жылы 3 жақты 72 меморандум жасалынып, арзандатылған ыстық тамақпен, көкөніспен қамтамасыз ету әсіресе Мұжықсу, Мүкарама, Қаратал, Айнабулақ, Кеңсай, Абай мектептерінде өз нәтижесін берді.

Қабылданған бағдарламаның негізгі индикаторларының бірі-дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау, олардың білім алуына мүмкіндіктер жасау, инклюзивті білім беру. Білім бөлімінде психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетімен бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі балалардың ПМПК қорытындыларына, жас ерекшеліктеріне, даму деңгейлеріне байланысты жекеше, топқа және кеңес беру арқылы түзеу жұмыстары жоспарланып, атқарылып келеді.

Аудан бойынша 308 бала мүмкіндігі шектеулі деп анықталған. Оның 103-і бала жасынан мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады.

29 бала денсаулығына байланысты оқуға жатқызылмаған, 34 бала үйден оқумен қамтылып отыр. Өскемен,Семей,Зырян қалаларындағы кемтар балаларға арналған арнайы мектептерде 13 бала білім алуда. 151 мүмкіндігі шектеулі бала мектептерде жеңілдетілген бағадарламамен білім алуда. Олардың 64-іне сабақ кезінде психологиялық түзету жүргізіледі. 2011 жылы үйден оқитын 9 балаға 5700,0мың теңгеге мультимедиялық компьютерлер берілді. Оның ішінде 3 бала «Дельфа» аппаратын тіл мүкістігін жою үшін үйден пайдаланып отыр. 2012 жылы осы балалардың 4-уіне қосымша бағдарламалық құралдар, ал 11 балаға 13650,0 мың теңгеге компьютерлік бағдарламалық құрал жабдықтар алынып беріліп, арнайы бекітілген мамандар бұл құрал – жабдықтарды пайдалануын үйретіп, бақылып отыр.

Сонымен қатар ауданда мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру- өз шешімін тауып келеді. Маусым айының І аптасынан бастап 12 күндік мерзіммен 28 мектептің жанынан тамақпен сауықтыру лагерьлері жұмыс істеді. 2400 бала демалды. Оқу жылының аяғында аудандағы барлық бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылатын 3 күндік өлкетану топжорығына 2091 оқушы қатысса, Шілікті қорғанына өлкетану топжорығына 198 бала барып, «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында 71 оқушы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Астана қаласына саяхатқа барып қайтты. Жаңа-Тұрмыс ауылындағы «Нұршуақ» сауықтыру лагерінде 2012 жылдың 1 шілдесінен 3 тамызы аралығында 3 маусымдық әр маусымға 110 баладан жиыны 333 баланы қамтыған қала сыртындағы лагерь ұйымдастырылды. «Байтерек» сауықтыру лагерінде ұйымдастырылған ІV маусымда қамтылған оқу үлгерімі жақсы дарынды 76 оқушы демалып, жалпы аудан бойынша қала сыртындағы лагерлерде 409 бала демалды. Жалпы жазғы демалысқа жергілікті бюджеттен 4455,0 мың тенге қаралып, игерілді.

Сапалы білім беру тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мектеп басшыларының, оқу ісі меңгерушілерінің, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру басты назарда. Өйткені білімді ұрпақ-білімді ұстаздардан, білікті маманның дәрісінен бастау алады.

Осыған орай биылғы оқу жылында қайта даярлау курстарынан 351 мұғалім білімін жетілдірді, сонымен қатар жаңа форматтағы 12 жылдық білім беруге дайындықтан оқу мерзімі 3 айлық курсынан 9 мұғалім өтті .Биылғы оқу жылында 12 мұғалім курстан өтуде. Ауданда барлық мектеп педагог кадрлармен қамтамасыз етілген. Сұранысқа ие болып отырған мамандықтар орыс тілі, химия, математика пәндері.

Жаңа оқу жылында аудан педагогтарының қатары жас мамандармен толықтырылады. Биылғы жылы өткен жас мамандар жәрмеңкесіне 85 жас маман қатысып, Жаңатұрмыс, Жамбыл, Көгедай, Мұжықсу мектептері 4 жас маманмен келісім-шарт жасады.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2011 жылы 7 жас маманға әрқайсысына 105840 тенгеден көтерме жәрдемақы, 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін барлығы 16084,8 мың тенге бюджеттік кредит берілді. 2012 жылы 16 жас маманға әрқайсысына 113260 тенгеден көтерме ақы және 12 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 29124,0 мың тенге бджеттік кредит қаралды.



Әр жыл сайын шығармашылықпен жұмыс жасап, оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларда жүлделі орын алған педагог кадрлар мұғалімдер күні, Тәуелсіздік күні қарсаңында қаржылай, заттай марапатталады. 2011 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары сапа көрсеткен, халықаралық, республикалық, облыстық пән олимпиадаларында, ғылыми жоба қорғау сайыстарында оқушысы жүлделі орынға ие болған мұғалімдерді қаржылай марапаттау жоспарланып, ҰБТ қорытындысы бойынша 100 пайыз сапа көрсеткен жекелеген пән мұғалімдеріне арнайы ереже жасалып, аудан әкімінің сыйақысы тағайындалды. Өткен жылы бұл сыйақы 19, биылғы жылы 7 мұғалімге тағайындалды.

Қоғам дамып, уақыт алдыға жылжыған сайын адамзат баласы үшін өз маңызын сездіре түскен құндылықтардың бірі- білім. Кең көлемді өзгерістер, білім мен ғылымның жаңа биіктерге көтерілуі еліміздің болашағы- жастар бойында білім мен біліктіліктің жаңа сапасын қалыптастыруды талап ету күн тәртібінен түспейді.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет