Бағдарламасының орындалуы туралы



жүктеу 38.15 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі38.15 Kb.
түріБағдарламасы
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шығыс Қазақстан облысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының орындалуы туралы
1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясымен жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы тарапынан арнайы жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың тамыз айының 28 күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық «Нұр Отан» ХДП Зайсан филиалының бірінші орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, аудандық прокурор атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Дөңгелек үстелге қатысқан қоғамдық ұйым өкілдерінен, бөлім басшыларынан, жастардан ұсыныстар айтылды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық әділет басқармасымен бірлесіп аудан кәсіпкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы, жер, салық, тұрғын үй заңнамасы, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша дәрістер оқылып, құқықтық насихаттау жұмыстары жұргізілді.

Аудандық партия филиалының жанынан сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес құрамында 5 адам бар. Аудандық филиалда қоғамдық қабылдау жұмысы ұйымдастырылған. Аудан әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары арнайы кесте бойынша аудандық партия филиалының ғимаратында халықты арыз-шағымдарымен айына бір рет қабылдау өткізеді. Сонымен бірге қоғамдық қабылдауда қаржы полициясының, салық басқармасының, аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары қабылдау өткізеді.



2-3. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге лицензияланатын қызмет түрлері және рұқсат беру функцияларын қысқарту бойынша аудандық санэпидемиялогиялық қадағалау басқармасына, салық басқармасына ұсыныстар жолданған.

4-5. Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық іс-шаралар аудандық «Достық» газеті арқылы жарияланады. Ағымдағы жылы «Адам және Заң» айдарына осы тақырыпта 14 әртүрлі мақала, құлақтандырулар жария етілді. Зайсан қаласында және барлық ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 банер орнатылған.

7. Орта білім беру мекемелерінде сабақтар жүргізу, педагогикалық қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта біліктіліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25 күні «М.Әуезов», «Ғ.Мұстафина» атындағы орта мектептерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлық індет- оны жою міндет» атты тақырыпта семинар сабақтар өткізілді.

9.Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен азаматтардың әрекет ету тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ мұңдай фактілерге жәрдемдескені үшін мемлекеттік тарапынан сыйақы тағайындалғаны туралы жаднамалар әзірленіп, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен халықтың әртүрлі топтары арасында тарату ұйымдастырылып, халық көп жиналатын жерлерде жаднамалар тарату жүргізілді.

10. Жыл сайын «Нұр Отан» ХДП Зайсан аудандық филиалының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа байланысты халықтың ой пікірін білу үшін сауалнама өткізіліп отырылады.

11. Барлық мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарының алдына жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған және «Сенім телефондары» үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына тұрақты түрде талдау жасалуда, анықталатын заң бұзушылық фактілері бойынша нақты шаралар қабылдау үшін тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп отырылады.

12,15. Азаматтарға жер телімдерін беру жұмыстары қатаң заң негізінде ауданда құрылған комиссия арқылы жүргізіледі. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жер телімдеріне байланысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске тартылған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін бөлу туралы өтініштері бойынша негіздеулер мен бас тарту себептеріне аудандық жер қатынастары бөлімі үнемі талдау жүргізіп отырады, негізсіз бас тарту немесе біреудің мүддесін көздеуге байланысты фактілер анықталған жоқ. Ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы 2 тұрғын үй бар. Бұл тұрғын үй бөлу барысы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жүргізілді.

19,23. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің ресми сайтында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты бөлім ашылған.

20,21.Бюджеттік қаражатты жұмсау бойынша мемлекеттік органдардың шешімдерін қабылдау мен іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиісті аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілері аудандық «Достық» газетінде уақытында жарияланып отыр. Жергілікті (аудандық) бюджетті әзірлеу мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Достық» газетінде ауданның «2011 -2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және оған енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы аудандық мәслихаттың шешімдері жарияланды.

30. Аудандық «Достық» газетіне тұрғын-үй алу кезектілігі Заңға сәйкес жылына 2 рет жарияланып отырылады.

35. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды оқу сабақтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы саясатты жүзеге асыруды талқылау бойынша семинарлар өткізіліп отырылады. Ағымдағы жыл көлемінде мемлекеттік органдарда 21 семинар сабағы өткізілді.

37. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни соның ішінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы үнемі мониторинг жүргізілуде.

40. Аудан «Достық» газетінде мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі тұрғындарға ақпарат ретінде жарияланып отырады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет