Бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4
: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Ира́к (араб. عراق‎‎), официальное название — Респу́блика Ира́к
files -> Определение. Сумма членов бесконечной числовой последовательности называется числовым рядом
files -> Халыќ денсаулыєы жјне денсаулыќ саќтау жїйесі туралы
files -> Мазмұны кіріспе
files -> Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Инструкция по эксплуатации Производитель : «Prestige Medical Ltd»
files -> Пәндердің элективті каталогы





Бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері
Есеп комитеті 2012 жылдың 9 айында 29 бақылау іс-шарасының аясында 238 объектіні тексеріп, 839,4 млрд.теңгені бақылаумен қамтыды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 130,6 млрд.теңгені, оның ішінде бюджет қаражатын жұмсауда – 81,7 млрд.теңгені, бюджетке түсетін түсімдердің атқарылуында – 32,5 млрд.теңгені, мемлекет активтерін пайдалануда – 3,6 млрд.теңгені, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласында 12,9 млрд.теңгені құрады.

Қалпына келтіруге жататын жалпы 43,3 млрд.теңгенің 12,8 млрд.теңгесі өтелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет), мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жалпы саны 218 болатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды және жұмыста орын алған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар жіберілді.

Құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қолдану үшін 26 бақылау материалы жіберіліп, оның ішінде 1 бақылау материалы бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қылмыстық іс қозғады, 1 бақылау материалы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бұзушылықтың жойылғаны туралы ұсыным жіберді, 15 материал бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, 9 материал бойынша тергеуге дейінгі тексеруде жатыр.

Төменде ағымдағы жылдың маусым-қазан айлары аралығында жүргізілген бақылау іс-шарасының қорытындысы туралы қысқаша ақпарат ұсынылған.



Мемлекеттік органдар бөлінісінде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы, балық шаруашылығы комитеттеріне (бұдан әрі –тиісінше, Орман шаруашылығы комитеті және Балық шаруашылығы комитеті) бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысында жалпы сомасы 174,0 млн.теңгенің бұзықшылықтары анықталды.

Орман шаруашылығы комитеті Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарызының, Ғаламдық экологиялық қордың грантының және республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың есебінен жалпы құны 9 368,1 млн.теңгенің «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасын іске асыру барысында күтілген нәтижелерге қол жеткізбеген.

Мәселен, жобаны 2006-2011 жылдар аралығында іске асыру жоспарланғанымен, отырғызу материалдарының қажетті мөлшерінің болмауына байланысты, ол кешірек мерзімге, нақтырақ айтқанда, 2007-2013 жылдар аралығындағы жеті жылдық мерзімге ауыстырылған. Бұл ретте штатты ұстауға және жобаны басқарушы қызметкерлерді оқытуға, орман аумағын тазартуға жұмсалатын шығыстарды ұлғайтудың есебінен ормандарды отырғызу алаңы екі есеге, яғни, 120 мың гектардан 58,2 мың гектарға азайтылған. Сонымен қатар, қарағай тұқымдарын өсіруге арналған көшеттіктерді қайта жаңартуға арналған шығыстар алынып тасталып, жекелеген объектілердің құрылыс көлемі азайтылған.

Орман шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК есепшотына Экология агенттігімен (БАӘ) және өзге де жоғары мәртебелі тұлғалармен жасасқан келісімдерінің негізінде жек дуадақтың, ителгінің және жануарлар әлемінің басқа да сирек және құрып кету қаупі төнген түрлерінің популяцияларын сақтап қалу және басқару аясында нақты шараларды орындау үшін 2004-2011 жылдар аралығында жалпы 2 412,9 млн.теңге мөлшерінде қаражат қаржылай көмек түрінде түскен.

Аталған қаражаттың игерілуін реттейтін тетік болмағандықтан, оларды пайдалануды «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК дербес жүзеге асыруда. Атап айтқанда, 39 автокөлік құралы, МИ-2 тікұшағы, 5 қар шанасы және т.б. техника сатып алынған. Алынған қаржы жалақы төлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және кордондардың құрылысына жұмсалған.

Орман шаруашылығы комитетінде, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде, 2011 жылғы 1 қаңтарға, жалпы 3,9 млн.теңгенің негізсіз дебиторлық және кредиторлық берешек фактілері орын алған.

2009 жылы «Жасыл Аймақ» РМК «Астана қаласының қала маңы аймағы шегінде қорғау екпелері мен ландшафты-рекреациялық екпелерді отырғызу – бірінше кезек» жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге 8,5 млн.теңге жұмсап, ол қажетсіз болып қалған.

Орман шаруашылығы комитетінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы №258 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бұза отырып, жобасы болмаса да, 2010 жылы 22,5 млн.теңгеге Астана-Шортанды автомагистралі бойында қорғау екпелері мен ландшафты-рекреациялық екпелерді отырғызу іс-шаралары орындалған.

Тексерілген кезең ішінде «Қазавиабаза» РМҚК-нің аумақтық әділет органдарында іс жүзінде тіркелмеген жеті филиалын ұстау үшін 949,5 млн.теңге жұмсалған. Бұл ретте ұшқыш-бақылаушы куәлігінің бірыңғай нысанасы белгіленбеген, осындай куәліктерді беретін уәкілетті орган айқындалмаған, орманды авиация арқылы қорғауды регламенттейтін нормативтік құқықтық акті жасалмаған.

«Ертіс Орманы» МОТР ММ 2011 жылдың маусым айынан бері 0,053 га жер учаскісімен бірге жалпы құны 26,0 млн.теңгеге сатып алынған жалпы көлемі 820,4 шаршы метр әкімшілік ғимаратын мақсаты бойынша пайдаланбай отыр. Бұл ретте, жобалау сметалық құжаттамаға сәйкес, күрделі жөндеу жүргізу үшін 34,7 млн.теңге қажет.

Балық шаруашылығы комитеті мен Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары табиғи ортадан бекіре балық түрлерін алу, оларды сатып алу, олардың уылдырықтарын қайта өндеу және экспорттау үшін «Жайық балық» КМК-нің республикалық бюджеттен бөлінген қаржының есебінен сатып алған құны 3,5 млрд.теңгенің негізгі құралдарын одан әрі пайдалану мәселесін шешпеген. Балық саласының даму мәселелерін регламенттейтін бағдарламалық құжат әзірленбеген. Балық шаруашылығы комитеті мен жергілікті атқарушы органдар арасында тауарлы балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдар тиімсіз ұйымдастырылған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Үкіметке балық саласын дамытуды және балық ресурстарын молайтуды көздейтін, Балық шаруашылығы комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысқан іс-қимылдарының жүйелі саясатын айқындайтын ұзақ мерзімді перспективаға арналған бағдарламалық құжат қабылдау мәселесін қарау жөнінде ұсыныс берілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы министрлігі):

- мемлекеттік қорық аймақтарындағы және табиғи қорықтардағы жануарлар әлемінің сирек және құрып кету қаупі төнген түрлерінің популяцияларын сақтау және басқару үшін қайырымдылық, демеушілік және өзге де көмек түрінде түскен ақшалай қаражаттың атаулылық және нысаналы сипатын, сондай-ақ тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, пайдалану тетігін әзірлеу;

- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, орманды қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылаушы ұшқыштарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды регламенттейтін құжат әзірлеу тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың барысында Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы сомасы 5 590,4 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы №1125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) 4 бағытында көрініс тапқан 6 инвестициялық жобаны іске асыру жолымен Қазақстан Республикасында толыққанды ғарыш саласын құру қарастырылған.

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен жалпы 53 715,9 млн.теңге қаражат бөлінген. Бұл ретте Агенттік екі стратегиялық бағыт бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне толық көлемде қол жеткізбеген.

Мәселен, Стратегиялық жоспардың «Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану» деген бағыты бойынша «KazSat-2» жер серігін ұшыру қамтамасыз етілмеген. 2011 жылы байланыстың штаттық пайдалануын және «KazSat-2» жер серігінің хабар таратуын қолдауды қамтамасыз етуге бөлінген 178,5 млн.теңгенің 152,7 млн.теңгесі игерілмеген. Бұл ретте, бақылау жүргізілген кезде «KazSаt-2» геостационарлық жер серігінің жүктемесі оның жалпы жобалық қуатының 35%-ын құрады.

Стратегиялық жоспардың «Байқоңыр» кешенін дамыту, ғарыш аппараттарын шығару» деген екінші бағытын іске асыру үшін 2011 жылы бөлінген 3 587,6 млн.теңге қаражат толық көлемінде игерілмеген. Сондай-ақ 1 885,5 млн.теңге сомасындағы қалдық «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның шотында резерв түрінде есепте тұр.

2012 жылғы 1 қаңтарға, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – «РҒБО» АҚ) есеп айырысу шотында орбитада жоғалып кеткен «KazSat-1» ғарыш аппараты үшін сақтандыру компанияларынан сақтандыру төлемі ретінде 2010 жылы түскен 5 140,5 млн.теңге қаражат жатқан.

Агенттік Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұза отырып, 2011 жылдың соңында мердігер «РҒБО» АҚ-ға іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін 25,8 млн.теңге аударған. Бақылау жүргізілген кезде орындалмаған жұмыс көлемі 15,6 млн.теңгені құрады.

Бақылау барысында Алматы қаласындағы ғарыш аппараттарын және байланыс мониторингі жүйесін басқарудың резервтік жер үсті кешенін салу объектісінде «РҒБО» АҚ мердігер «Көңіл-Жол Лизинг» ЖШС-ға 54,3 млн.теңге мөлшерінде ақы төлеп қойған жабдықтардың болмай шыққаны, орындалмаған жұмыстарға 32,5 млн.теңге мөлшерінде ақы төленгені, негізгі шартқа жасалған қосымша келісімдер бір нөмірмен, бірақ әр түрлі орындау мерзімімен қол қойылғаны анықталды.

Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 23 шілдедегі №4 шешімімен бекітілген «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ-ның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету шарттары туралы ереженің 21-тармағы бұзыла отырып, 2010 жылдың қорытындысы бойынша теріс қаржылық нәтижемен аяқтағанына қарамастан, «РҒБО» АҚ-ның қызметкерлеріне жалпы сомасы 149,6 млн.теңге мөлшерінде, соның ішінде Президентіне – 11,7 млн.теңге, вице-президентіне –10,6 млн.теңге сыйлықақы мен үстемақы төленген.

Техникалық жоба бойынша оң қорытындысы және жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттары болмағанымен, 2005-2008 жылдары «Бәйтерек» БК» АҚ 200-ші алаңда «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін салуға 626,4 млн.теңге жұмсаған. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру тоқтатылып, «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін 250 және 250А алаңдарына орналастыру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, 200-ші алаңдағы жұмыстарға бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Сонымен қатар, жерді қосалқы жалға алу және 250-ші алаңда «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін салу мәселесі шешілмегендіктен, жобалау жұмыстарын орындау мерзімі кейінге шегерілген. Бұл, «Бәйтерек» БК» АҚ-ның 2 122,3 млн.теңге мөлшерінде дебиторлық берешегінің туындауына алып келген. Осы ретте, «Бәйтерек» БК» АҚ 2006-2011 жылдар аралығында 250-ші алаңда ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы болмаса да, жалпы сомасы 6 816,4 млн.теңге көлемінде шығыстар жұмсаған.

«Бәйтерек» БК» АҚ мен «Микос» ЖШҚ (Ресей) арасында 2010 жылы жалпы сомасы 4 978,8 млн.теңгеге жасалған 2 шарт бойынша жұмыстар орындалмаған, осы шарттарға сәйкес жалпы 1 178,3 млн.теңгеге аванстық төлемдер жүргізілген. Бұл ретте шарттар «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы Заңының 68-бабының 3-тармағы бұзыла отырып жасалған, яғни ірі мәміле Директорлар кеңесімен келісілмеген. Бақылау кезінде белгілі болғандай, «Бәйтерек» ҒЗК кешені жобасын әзірлеу жүргізілмеген.

«Бәйтерек» БК» АҚ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 190-бабын бұза отырып, «Бәйтерек» ҒЗК құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін сүйемелдеу бойынша көрсеткен консультациялық қызметтері үшін ақы ретінде «Adal Solutions» ЖШС-ға 12,9 млн.теңге бюджеттік кредит төлеу арқылы аталған қаржының мақсаты бойынша пайдаланылмауына жол берген.

«Бәйтерек» БК» АҚ-да «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Заңының 6 және 7-баптары бұзыла отырып, синтетикалық есепке алу деректері мен талдау деректері бір-біріне сай келмейді, олардың арасындағы айырма 74,7 млн.теңгені құрады, бухгалтерлік жазбалар растаушы құжаттарсыз жүзеге асырылуда.

«Қазақстан Ғapыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) 2010 жылы қаржы-экономикалық негіздемесі болмаса да, «Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін құру» жобасын 2 785,8 млн.теңгеге қаржыландырған. 2006-2009 жылдары жобаны іске асыруға да осылайша 12 451,5 млн.теңге бөлінген. Бұған қоса, 2006-2007 жылдары Байқоңыр қаласындағы тұрғын үйді қайта жаңартуға бөлінген 1 031,9 млн.теңге және 2010 жылғы наурызда Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша осы жобаны іске асыруға қайта бөлінген қаражат та игерілмей қалған.

Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымын жасау жобасы іске асырылмай отыр, осы жобаға 2008-2011 жылдары 2 767,5 млн.теңге бөлінген. Қаржыландыру басталған уақыттан бері жоба бойынша жұмыстар жүргізілмеген, қаржының 644,5 млн.теңге болатын бір бөлігі әкімшілік шығыстарға пайдаланылған, қалған 2 122,9 млн.теңгесі акционерлік қоғамның есепшоттарында жатыр.

«Мәскеу жылу техникасы институты» ФГУМ алдындағы 9,9 млн.теңге кредиторлық берешекті өтеуге қатысты шаралар 2005 жылдан бері қабылданбаған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті:

- Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстарды Үкіметтің;

- 2005 жылғы 22 қарашадағы №6 БРК 003К кредиттік шартының іске асырылу барысына мониторингіні Қаржы министрлігінің тиісті дәрежеде ұйымдастырмағанына назар аударды.

Үкіметке «Байқоңыр» ғарыш айлағының 250-ші алаңында «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін салу үшін жерді жалға алу мәселесін қарастыру жөнінде ұсыныс берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын (бұдан әрі – ІІМ Стратегиялық жоспары) іске асырудың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ІІМ) 2010-2011 жылдары бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау барысында жалпы сомасы 1 924,8 млн.теңгенің, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бойынша 450,6 млн.теңгенің бұзушылықтары, сондай-ақ 241,5 млн.теңгеге сатып алынған жабдықтардың тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚР ІІМ арасындағы нысаналы индикаторларға және ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі меморандумның талаптары орындалмаған. ҚР ІІМ-ның бюджеттік бағдарламалары ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарымен, мақсаттарымен және міндеттерімен өзара байланыспаған.

ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарының сапалық көрсеткіштері – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сәйкестігі дәрежесін, тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетпейді. ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарының іс-шаралары бірін-бірі қайталайды. Оларды іске асыру барысында ІІМ-ның орталық аппаратында да, аумақтық бөлімшелерінде де тікелей нәтиженің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

ҚР ІІМ-ның шығыстарын жоспарлау кезінде ішкі резервтер, тауарлар қалдығы ескерілмейді. Ақмола облысының, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінде (бұдан әрі – ІІД) құны 155,7 млн.теңге тұратын жабдықтар пайдаланылмай тұр. Аумақтық бөлімшелерде 2007 жылдан бері жалпы сомасы 6,5 млн.теңгенің 2 716 жиынтық нөмірлер белгісі сақталып келеді. ҚР ІІМ-ның орталық аппараты бойынша бос орындар саны 2011 жылы 2 есеге өсіп, штат санының 20%-ын құрады. Бұл ретте 747,8 млн.теңге немесе еңбекақы төлеуге арналған қаражаттың 60%-ы ынталандырушы сипаттағы төлемдерге жұмсалған.

ҚР ІІМ-ның Бәрімбек Бейсенов атындағы академиясы (Қарағанды қаласы) тыңдаушыларды оқыту жөніндегі тиімділіктің көрсеткіштеріне қол жеткізбеген.

Астана қаласының ІІД автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын сақтамайды, тіркеу-сынақ қабылдау пунктін ұтымды орналастыру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша міндеттерді шешуді қамтамасыз етпеген. Аумақтық органдар мемлекеттік нөмір белгілеріне арналған шығыстарды жоспарлау кезінде 118,2 млн.теңгенің асырып көрсетілуіне жол берген.

ҚР ІІМ-ның Автокөліктерге қызмет көрсету басқармасы жоспарлау кезінде жалпы сомасы 11,5 млн.теңгенің 129,3 мың литр жанар-жағармай қалдықтарын ескермеген.

«Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарында қарастырылған жеке басты куәландыратын құжаттарды шығару жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткізбеген. 2012 жылы шығарылып жатқан құжаттардың өзіндік құнының есебі 640,0 млн.теңгеге асырып көрсетілген. Өнімнің өзіндік құнын асырып көрсетудің есебінен 2011 жылы 82,7 млн.теңге мөлшерінде табыс алынған.

ҚР ІІМ қызметтік және жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру жоспарларын орындамаған. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінде 2011 жылы оқ ату жаттығуларын жүргізуге жұмсалған оқ-дәрі шығыстары тиістілік нормативтерінің 46%-ын құрады. 2010-2011 жылдары ҚР ІІМ-ның орталық аппараты бойынша шығыстар оқ-дәрілердің жалпы санының 1,3 %-ын құрады.

Мемлекет активтерін басқару тиімсіз ұйымдастырылған. «Северная» әскери және арнайы жабдықтау базасында (бұдан әрі – «Северная» базасы) 20,6 мың шаршы метр қойма үй-жайларының 18,4 мың шаршы метрі немесе оның жалпы алаңының 90%-ы пайдаланылмай бос тұр, ал осы базаны ұстауға 2010-2011 жылдары 87,1 млн.теңге жұмсалған. Құны 0,9 млн.теңге тұратын көлік құралдары бүлінген күйінде сақталып келеді.

Объектілерді салу бюджет және өзге де заңнама талаптарын бұза отырып жүргізілуде. Мердігер «Еңбек-Көкшетау» РМК «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңның 68-бабын бұза отырып, Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын салу бойынша 156,3 млн.теңгенің жұмыстарын уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырған. Аталған Заңның 64-бабының 4-тармағы бұзыла отырып, Алматы қаласының Түркісіб аудандық ішкі істер бөлімін салу жөніндегі конкурстық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтпеген, 2011 жылы авторлық қадағалау ұйымдастырылмаған. Құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар жалпы 28,9 млн.теңгені құрады.

ҚР ІІМ-ның ақпараттық жүйелері толық дәрежесінде жұмыс істемейді. «Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (бұдан әрі – «Бақылау» жүйесі) аттестаттық зерттеп тексеруден өтпеген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасына деректерді экспорттау функциясы іске асырылмаған, мемлекеттік тілде интерфейс жасалмаған. 1682 ұтқыр терминалдың тек 1431-і, 521 бортты компьютердің 363-і ғана жұмыс істеп тұр. Терминалдар мен бортты компьютерлер ҚР ІІМ-ның деректер базасына қосылмаған.

Астана қаласының ІІД-ның Жедел басқару орталығына құны 407,8 млн.теңге тұратын ТЕТРА радиобайланысы жиынтығының 266,8 млн.теңгелік жабдықтары берілген. Құны 140,9 млн.теңге тұратын қалған жабдықтар ҚР ІІМ-ның балансында есепте тұр. Бұл ретте ҚР ІІМ үй-жайларды жалға алу және радиобайланысты төлеу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізуде.

ҚР ІІМ-ның академиялары (Қарағанды, Алматы қалалары) «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР-ның 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 6-тармағын бұза отырып, оқудан шығарылған тыңдаушылардан 20,8 млн.теңге берешекті өндіріп алу бойынша шара қабылдамаған.

Есеп комитеті ҚР ІІМ-ның Стратегиялық жоспарының Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің нормаларына, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы көрсеткіштерінің стратегиялық бағыттарға, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес еместігіне, сондай-ақ 2011 жылға жоспарланған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің орындалмағандығына Қазақстан Республикасының Үкіметінің назарын аударып, оған стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқық қорғау органдары қызметінің ерекшелігін ескеретін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарау жөнінде ұсыныс берді.

Ішкі істер министрлігіне бұзушылықтарды жою, ішкі істер органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерін қайта қарау жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақмола облысының әкіміне мердігер «Еңбек-Көкшетау» РМК-ден «Ақмола облысының Ақмол ауылында Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын салу» объектісі бойынша 2011 жылы шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін 18,3 млн.теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын республикалық бюджет кірісіне өндіріп алу, Алматы қаласының әкіміне Түркісіб аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын салу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау тапсырылды.

Есеп комитеті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылаудың қорытындысын қарап шығып, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектерді сатып алудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағанын, бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы сомасы 625,1 млн. теңгеге бұзушылықтарының анықталғанын, 12 205,9 млн.теңге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғанын атап өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің халықты және емдеу-профилактикалық ұйымдарын қауіпсіз, тиімді әрі сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеті толық дәрежесінде орындалмай отыр.

Тиімділік пен сапаның талаптарына жауап беретін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бюджет қаражатының есебінен сатып алудың бірыңғай жүйесі іс жүзінде жасалмаған, мақсатты баға саясаты жүргізілмей отыр. Мәселен, Қазақстан Республикасының қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктері медициналық өнімдерді өз беттерінше сатып алуда.

Осы орайда, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника көтеріңкі бағалармен, әртүрлі сапалық және техникалық сипаттамаларымен сатып алынуда. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасындағы сатып алынатын дәрілік заттардың бағалары 11 есеге дейін, медициналық техника бойынша 4 есеге дейін айырмашылық көрсетуде. Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен дәрілік заттарға шекті бағаларды сақтамай отыр.

«СК-Фармация» ЖШС-ның медициналық техниканың дәл параметрлерін көрсетуі медициналық техниканың тек бір ғана моделінің тендерлік талаптарға толық сай болуына әкеп соғуда. Соған байланысты, құны жағынан бірдей анағұрлым жетілдірілген медициналық техниканы ұсынып отырған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері қабылданбай қалады.

Дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау кезінде жүйелі кемшіліктердің кездесетіні, сатып алуды өткізу мерзімінің бұзылғаны, емдік әсері нашар әрі тиісті өндірістік практикасы төмен дәрілік заттардың (GMP) сатып алынып отырғаны атап өтіледі.

«СК-Фармация» ЖШС жосықсыз өнім берушілермен шарт жасасу оқиғаларын болдырмауға қажетті шараларды қабылдамаған. Мәселен, дәрілік заттарды жеткізудің мерзімін бұзуға жол берген 61 ұйымның бірде-біреуі өздерінің шарттық міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған өнім берушілердің тізбесіне енгізілмеген, шарттардың атқарылуын қамтамасыз ету бойынша 1,0 млрд. теңге ұсталмаған.

«СК-Фармация» ЖШС бекітілген талаптарды бұза отырып, дәрілік заттарды жеткізу және сақтау бойынша қызметтерді сатып алуды көрсетілетін қызметтердің орнын бөлместен жүзеге асырған. Бұл ретте аталған қызметтерді көрсететін өнім беруші – «Стофарм» ЖШС шарттық міндеттемелерін орындауға өңірлердегі қосалқы мердігерлік ұйымдарды тартып отырған.

Шығыс материалдарымен және реагенттермен уақтылы қамтамасыз етілмегендіктен, скринингілік зерттеулер белгіленген мерзімінде жүргізілмей отыр. Олардың сапасын ай сайын бақылау ұйымдастырылмаған.

Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық техниканы өндірушілермен тікелей шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізбегендіктен, 5,1 млрд. теңгеге медициналық техника жеткізген делдалдар мен дистрибьютерлердің табысын төлеуге жұмсалған республикалық бюджет шығындары шамамен 1,0 млрд. теңгені құраған.

Тиісті мамандардың болмауына байланысты, өңірлерге жеткізілген медициналық техникалардың сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бақылау толық дәрежесінде жүргізілмеуде.

«Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» КМК-ге және «Қостанай перинатал орталығы» КМК-ге жасалған шарттардың талаптарына сай келмейтін жалпы сомасы 33,7 млн.теңгеге медициналық техника жеткізілген.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінің контингентпен толуы төмен деңгейде. Дәрігерлер құрамы мен стационарлық науқастар белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданып алынбаған және сыйымдылығы 100 төсек орынға азайтылған ғимаратқа орналастырылған. Өнім берушілерден дәрілік заттарды уақтылы жеткізбегені үшін жалпы сомасы 365,0 мың теңге мөлшерінде айыппұл өндіріліп алынбаған.

64192-әскери бөлімінде әскери бөлімдерге арналған жалпы сомасы 2 243,9 млн.теңгенің дәрілік заттары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін жағдайда сақталып келген.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/11 мекемесінде 24,6 млн.теңгенің медициналық жабдығы сатып алынған кезінен бастап пайдаланылмай тұр.

«Апатты медицинаның темір жол госпитальдары» АҚ бюджет қаражатының есебінен медициналық жабдықтар сатып алғанымен, оның жарғылық капиталы 527,5 млн.теңгеге ұлғайтылмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 323 қаулысы осы бөлігінде орындалмаған.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көтеріңкі бағамен техникалық сипаттамалары бойынша авариялық-құтқару, медициналық мақсатта пайдалануға жарамсыз 4 дана ЕС-145 тікұшағын 8,9 млрд.теңгеге сатып алған. Бұл ретте, 2012 жылы дәл осындай 6 тікұшақты сатып алуға 13,7 млрд.теңгеге шарт жасалған.

Аталған министрліктің 4021,2 млн.теңгеге сатып алған 2 дана Ка-32А11ВС тікұшағы 2012 жылдың ақпан айынан бері пайдаланылмаған.

Денсаулық сақтаудың 25 объектісінің сметалық құны 30 669,1 млн.теңге болып, тапсыру мерзімі 2012 жылға көшірілген 7-і объектісі пайдалануға берілмеген.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алудағы республикалық бюджеттің қосымша шығындарына алып келген елеулі кемшіліктерге және жүйелі тәсілдің болмауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 323 қаулысының орындалмағанына Үкіметтің назарын аударып, оған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алудың бірыңғай жүйесін жасау мәселесін қарастыру жөнінде ұсыныс берді.

Сонымен қатар Экономикалық даму және сауда министрлігіне денсаулық сақтау және қаржы министрліктерімен бірлесіп, көрсеткіштерді есептеу және болжау әдіснамасын әзірлеу, денсаулық сақтауды дамытудың жекелеген бағыттары бойынша стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды өзара байланыстыру бойынша шаралар қабылдау; Денсаулық сақтау министрлігіне халыққа жүргізілетін скринингілік зерттеулерді шығыс материалдарымен, реагенттермен және сапа бақылауымен уақтылы қамтамасыз етудің тәртібін әзірлеу, емдеуге тиімді патенттелмеген дәрілік заттарды-генериктерді республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алу кезінде оларды іріктеудің тетігін пысықтауды қамтамасыз ету тапсырылды.





  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет