«Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті



жүктеу 182.43 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі182.43 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің

2012 жылғы «___»________

№ «___» бұйрығымен бекітілген
«Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті


1. Жалпы ереже
1. «Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – қызметті беруші), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы ___ ________


№ ____ қаулысымен бекітілген «Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылған сөздер:

1) ақпараттық жүйе – ақпаратты аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен сақтау, өндеу, іздеу, тарату, жіберу және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі -АЖ);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік-құқықтық базаны қосқанда, барлық үкіметтік шоғырландырылған ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін ұсынаты ақпараттық жүйе(бұдан әрі- ЭҮП)

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта рәсімделген, қолданылуы тоқтата тұрылған, қайтадан басталған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы, сондай-ақ лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтан қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объекттері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі- «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ):

4) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асырудың аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры - ақпаратты автоматтандырылған жинақтау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендірілуін енгізу мақсатымен Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес және олардың өкілеттіліктерінің шеңберінде мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты мәліметтерді беру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДҚ);

6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – ақпаратты автоматтандырылған жинақтау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендірілуін енгізу мақсатымен Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, жеке бірлескен кәсіпкерлік субъектілері туралы өзекті және нақты мәліметтер беру үшін арналған ақпараттық жүйе

7) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;

8) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрі - ЖСН);

9) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

10) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеше жүгінген және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызметті беруші);

11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға беру жөніндегі қызмет;

12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;

13) электрондық құжат – онда ақпарат электрондық-цифрлық қалыпта ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

14) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолданумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

15) Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі Қызметті беруші қызметінің тәртібі
6. Қадамдық әрекеттер және ЭҮП арқылы қызметті берушінің шешімі (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының
№ 1 диаграмма) осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген:

1) алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-да тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үдеріс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін алушы компьютерінің интернет-браузеріне тіркеу, мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭҮП-на парольді алушымен енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

3) 1 шарт – логин (БСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің телнұсқалылығын ЭҮП-да тексеру;

4) 2 үдеріс – алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-мен қалыптастыру;

5) 3 үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушымен таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттардың сұрау салу нысанында тіркеумен оның құрылымын және форматтық талаптарын ескерумен нысанды алушымен толтыру (деректерді енгізу);

6) 4 үдерісі – сұрау салуды куәландыру үшін (қол қою) ЭЦҚ тіркеу куәлігін алушымен таңдау;

7) 2 шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сонымен қатар көрсетілген сұрау салуда БСН, және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;

8) 5 үдеріс – алушының ЭЦҚ телнұсқасын растамаумен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6 үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

10) 7 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де сұрау салуды өңдеу;

11) 3 шарт – қызметті берушімен біліктілік талаптарына және рұқсат беруді беру үшін негіздемелер бойынша сәйкестігін тексеру;

12) 8 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9 үдеріс – ЭҮП-мен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды, немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) алушымен алу. Электрондық құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

7. Қадамдық әрекеттер және ЭҮП арқылы қызметті берушінің шешімі (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының № 2 диаграмма) осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген:

1) 1 үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не қызметті берушінің қызметкерімен логинді және парольді енгізу;

2) 1 шарт – логин және пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің телнұсқалылығын Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тексеру;

3) 2 үдеріс – қызмет берушінің қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қалыптастыру;

4) 3 үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметті қызметті берушімен таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығару және тұтынушының деректерін қызметті берушінің қызметкерімен енгізу;

5) 4 үдеріс – тұтынушының деректері туралы ЗТ МДҚ-на ЭҮШ арқылы сұрау салуды жолдау;

6) 2 шарт – ЗТ МДҚ-да тұтынушы деректерінің бар екендігін тексеру;

7) 5 үдеріс – ЗТ МДҚ-да тұтыныушы деректерінің болмауымен байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6 үдеріс – қағаз нысандағы құжаттарды барекендігі туралы белгі қою бөлігінде сұрау салудың нсанын толтыру және тұтынушымен берілген қажетті құжаттарды қызметті берушінің қызметкерімен сканерлеу және олардың сұрау салудың нысанына бекіту:

9) 7 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де сұрау салуды) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де сұрау қызметті өңдеу;

10) 3 шарт – қызметті берушімен біліктілік талаптарына және рұқсат беруді беру үшін негіздемелер бойынша тұтынушының сәйкестігін тексеру;

11) 8 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тұтынушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

12) 9 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-мен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютерлік жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды, немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) тұтынушымен алу. Электрондық құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

8. Қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысандарын толтыру жөніндегі әрекеттердің сипаттамасы:

1) пайдаланушымен тұлғаның деректеріне кіру үшін, оған ЭҮП-не ену үшін электрондық лицензия (логин және пароль) беріледі;

2) «Рұқсат беруді беру» қызметін таңдау;

3) «Оnline қызметке тапсырыс беру» батырмасының көмегімен қызметке тапсырыс беру;

4) сұрау салуды толтыру:

ЖСН/БСН ЭҮП-да пайдаланушыны тіркеу нәтижелері бойынша автоматты түрде таңдалады;

пайдаланушы «сұрау салуды жөнелту» батырмасының көмегімен сұрау салуды куәландыруға (қол қою) көшуді жүзеге асырады;

5) алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

6) сұрау салуды куәландыру (қол қою) – пайдаланушы «қол қою» батырмасының көмегімен ЭЦҚ сұрау салуды куәландыруды (қол қою) жүзеге асырады, осыдан кейін сұрау салу ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де өңдеуге беріледі;

7) алушымен сұрау салынған ақпаратты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қамтылуы туралы хабарламаны алу;

8) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де сұрау салуды өңдеу:

пайдаланушының дисплей экранында мынадай ақпарат шығады: ЖСН/БСН; сұрау салудың типі, қызметтің типі, сұрау салудың мәртебесі; қызметті көрсету мерзімі:

«мәртебені жаңарту» батырмасының көмегімен пайдаланушыға сұрау салуды өңдеудің нәтижелерін қарау мүмкіндігі беріледі;

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-нен жауапты алу кезінде «нәтижені қарау» батырмасы пайда болады.

9. Сұрау салу өңделгеннен кейін тұтынушыға өңдеудің нәтижелерін қарау мүмкіндігі келесі түрде беріледі:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін – сұрау салудың нәтижесі дисплейдің экранына шығарылады;

«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау салудың нәтижесі тұтынушымен көрсетілген Adobe Acrobat форматтағы магниттік тасығышта сақталады.

10. Қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады:


3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
11. ҚФБ, олар қызметті көрсету үдерісіне қатысады:

1) ЭҮП;


2) ЭҮШ;

3) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де

4) ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ;

5) қызметті беруші.

12. Әрекеттердің логикалық бірізділігі сипаттамаларымен сәйкес (қызметті көрсету үдерісінде) олардың арасындағы өазара байланысты бейнелейтін диаграмма осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген.

13. Әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсетумен әрекеттердің (рәсімдер, функциялар, операциялар) бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада келтірілген.

14. Тұтынушымен қызметті көрсетудің нәтижелері осы Регламентке 3 қосымшамен сәйкес сапа мен қолжетімділіктің көрсеткіштерімен өлшенеді.

15. Тұтынушыларға қызметтерді көрсету үдерісіне ұсынылатын талаптар:

1) құпиялылығы (ақпараттарды рұқсат етілмеген алуды сақтау);

2) тұтастығы (ақпараттардың рұқсат етілмеген өзгерістерінен сақтау);

3) қолжетімділігі (ақпараттар және ресурстарды рұқсат етілмеген ұстаулардан сақтау).

16. Қызметтерді көрсетудің техникалық талаптары:

1) Интернетке шығу;

2) рұқсат беретін тұлғада ЖСН/БСН-нің бар болуы;

3) ЭҮП авторизациялану;

4) пайдаланушыда ЭЦҚ-ның бар болуы.

17. Қызметтерді көрсетудің техникалық талаптары:

1) Интернетке шығу;

2) қорытынды беретін тұлғада ЖСН/БСН-нің бар болуы;

3) ЭҮП авторизациялану;

4) пайдаланушыда ЭЦҚ-ның бар болуы.
«Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютер жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне 1 қосымша

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі

функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы


Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде

функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Шартты белгілер:




«Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютер жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне 2 қосымша

    


1 кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

1

Әрекеттің № (жұмыс ағынының барысы)

1

2

3

4

5

6

7


8

9

2

ҚФБ атауы

Алушы

ЭҮП

Алушы

Алушы

ЭҮП

Алушы

ЭҮП


ЭҮП

ЭҮП

3

Әрекеттің атауы (үдерістер, рәсімдер, операциялар)

Алушының тіркеу куәлігінің ЭЦҚ компьютердегі интернет-браузерге бекіту

Алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады

Қызметтерді таңдайды және электрондық түрдегі қажетті құжаттарды бекітуге сұрау салудың деректері қалыптасады

Куәлік үшін ЭЦҚ таңдау (қол қою)


Алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады


ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою)


«Е-лицензиялау» АЖ өтініштің (сұрау салу) электрондық құжатын тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ сұрау салуды өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ-гі алушының деректерінде қатенің болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (қорытынды беру)

4

Аяқтау формасы (деректер, ұйымдық-рұқсат беру шешімнің құжаты)

Сұрау салуды табысты қалыптастыру туралы хабарламаны бейнелеу

Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды табысты қалыптастыру туралы хабарламаны бейнелеу

Сұрау салуды маршрутизациялау.


Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды маршрутизациялау.


Өтініштің нөмірін берумен жүйедегі сұрау салуды тіркеу.

Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік

тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға

компьютер жүйенің сәйкестігі немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды


5

Орындалу мерзімі

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

10–15 сек

10–15 сек

1,5 мин

1,5 мин

-

30 күнтізбелік күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 – егер алушының деректерінде қате бар;



3 – егер авторизация табысты өтті



4

5 – егер ЭЦҚ қате;

6 – егер ЭЦҚ қатесіз

-

7

8 , 9

-




2 кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

1

Әрекеттің № (жұмыс ағынының барысы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

Қызмет беруші

ЗТ МДҚ

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

Қызмет беруші

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ

3

Әрекеттің атауы (үдерістер, рәсімдер, операциялар)

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ авторизацияланады

Деректерді бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады

Қызмет берушінің қызметкерімен қызметтерді таңдау


ЗТ МДҚ тұтынушының деректерін тексеруге сұрау салуды жолдау


Деректерді бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады


Құжаттарды бекітумен сұрау салу формасын толтыру

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ электрондық құжаттарды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қызметтерді өңдеу

«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ тұтынушының деректерді бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады


Электрондық құжат (қорытындыны беру)

4

Аяқталу формасы (деректер, ұйымдық-рұқсат беру шешімнің құжаты)

Сұрау салуды табысты қалыптастыру туралы хабарламаны бейнелеу

Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды табысты қалыптастыру туралы хабарламаны бейнелеу

Сұрау салуды маршрутизациялау.

Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды табысты қалыптастыру туралы хабарламаны бейнелеу

Өтініштің нөмірін берумен жүйедегі сұрау салуды тіркеу.

Сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік

тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға

компьютер жүйенің сәйкестігі немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды


5

Орындалу мерзімі

10–15 сек

10 сек

1,5 мин

1,5 мин

1,5 мин

10–15 сек

1,5 мин

-

30 күнтізбелік күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

1 -

Қызмет беруші қызметкердің логины және паролінің «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ тиесілігін тексеру





4

5 – егер тұтынушының деректерінде қате бар;

6 – егер авторизация табысты өтсе



-

-

8 - егер «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салу бойынша деректер болмаса,

9 – егер сұрау салу бойынша деректер табылды

-

-

«Бақылау-кассалық машиналараның мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін техникалық талаптарға компьютер жүйенің сәйкестігі туралы қорытынды беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне 3 қосымша



«Электрондық мемлекеттік қызметтердің көрсеткіштерін анықтау үшін

сауалнаманың нысаны: «сапа» және «қолжетімділік»

____________________________________________________

(қызметтің атауы)

 

1. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің үдерісі және нәтижелері Сізді қағаттандырады ма?



1) қанағаттандырмады

2) жартылай қанағаттандырылды;

3) қанағаттандырылды.

2. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттардың сапасы Сізді қанағаттандырады ма?

1) қанағаттандырмады;

2) жартылай қанағаттандырылды;



3) қанағаттандырылды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет