Бақытжан Жолдасқызы



жүктеу 16.22 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі16.22 Kb.
: files -> user
user -> Гүлмира Темірова
user -> «Менің Activ» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> «Менің Kcell» қызметін пайдалану туралы келісім келісім мәНІ
user -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
user -> Тезисы по докладу руководителя Управления Росприроднадзора по Республике Марий Эл
user -> Он алтысында от кешкен
user -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
user -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бақытжан Жолдасқызы
ЕРЛІК пен ТӨЗІМДІЛІК ӨНЕГЕСІ
Биыл Ленинград құрсауының бұзылғанына 70 жыл болып отыр. Соған орай Петропавлдағы Достық үйінде облыстық Орыс қауымының, “Світанок” облыстық украин мәдениетінің орталығының және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “дөңгелек үстел” өтті. 
– 1941 жылдың 8 қыркүйегінде Ленинград қоршауға алынды. 2 млн. 887 мың адам қоршауда қалды. 100 мыңнан астам бомба, 150 мыңға жуық снаряд түсті. Жойқын шабуылға төтеп берген қала тұрғындары бір адамдай жұмыла білген, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты, доцент Сергей Захаров.

Кеңес әскерінің шабуылы арқасында қала 1944 жылдың 27 қаңтарында толықтай азат етілді. Қоршау кезінде қала тұрғындарының асқан ерлігі үшін Ленинград қаласына 1965 жылы “Қаһарман қала” құрметті атағы берілді. Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болған бұл шайқаста қазақстандық сарбаздар да ержүректілікпен танылды. Өңірімізде құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы бірнеше армияның құрамында шайқасып, Ленинградты басқыншылардан азат етуге атсалысты.



“Дөңгелек үстелде” ержүрек қазақстандық батырлар жайында сөз қозғалды. Бұл ұрысқа қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі қатысқан екен. 24 жастағы Сұлтан Баймағанбетов дзотты кеудесімен жауып, Батыр атанды. 372-ші атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқаста 156 немістің көзін құртқан. 900 күнге созылған Ленинград қоршауының ауыр күндерінде ұлы Жамбыл ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім” деген жырын арнады. “Дөңгелек үстел” барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болған бұл шайқас жайында хабарламалар жасады. Олар “Шайқастағы Ленинград” тақырыбын қозғап, қала тұрғындарының сол кездегі өмірі жайында сыр шертетін мәліметтерді ұсынды. Жиналғандар бұл қаланың басқыншылардан азат етілуінің Ұлы Отан соғысындағы маңызы жайында баса айтты.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 28 қаңтар



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет