Байғали Досымжанов



жүктеу 275.72 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі275.72 Kb.
: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тамырлас тағдырлар
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Қаржаубай Сартқожаұлы туралы
Байғали Досымжанов
Адамның өмірімен өзектесе өрілетін, ешқашанда сенің ғұмыр кешіннен бөліп қарауға болмайтын, жандүниенмен астасып жататын, тек жеке адамның емес, бүкіл бір халықтың рухани өмірімен біте қайысатын ғимараттарды көргенде ой-санаңды сан түрлі қиялдар билеп, жүрегіңді шымырлатады. Өткенді еске аласың, бүгінгіні саралайсың, тоғысқан тағдырлардың шоғырына көңіл құсын ұшырып, бір бетке болса да қилы-қилы құбылыстар көз алдынан керуендей көшеді. Жалпы қай халықтың болмасын тарихи даму көшінде ондай зиялы қауымның сыйлы мекеніне айналған зәулім сарайлар, ғимараттар, қадір тұтатын мекен-жайлар көп қой... Мен әлем жұртшылығының ғимараттары мен ғибадатханасын кегендемей-ақ, орыс халқының мәдени тарихындағы үлкен театрдың алатын орнын ғана тілге тиек етсем де жеткілікті деп ойлаймын. Ал біз үшін, қазақ халқының даму барысындағы белесті бөлен болып қалатын Абай атындағы академиялық опера және балет театрының салмағы, қадір қасиеті ерекше. Осы опера театры арқылы өнердің биік шыңына көтеріліп, қазақтың ән-күйі барша мүмкіндігімен көрініп, жаңарып, жаңғырып, түлеп, соны арнамен толқындай ақты. Қуатына қуат қосты. Бұрын айтыс, қара өлең қақтығыстары, сал-серілердің сәулетті ойындары арқылы қылаң берген өнердің басын қосып, оны өнердің жаңа бір саласы ретінде халыққа ұсынды. Жаңа таланттардың көңіл қазынасын ашып, халқымыздың рухани қорын көбейтіп, оның мерейін тасытты. Міне, бүгін сол театрдың құрылғанына елу жыл толып отыр. Оған театр коллективі қомақты табыспен жетті, көпшілік күткен ойдан шықты деп айтуға толық қақымыз бар.

Мен астанамыздың ең сәулетті демалыс алаңдарының бірі, опера театрының бағында серуендеуді ұнатамын. Әндер, ариялар орындаған үлкенді-кішілі әншілердің дауысын естимін. Сонда бір кездері қазақ халқының әні мен күйінің ордасы атанып, бүкіл елімізді таңдандырған өнер иелерін есеме аламын. Жарқылдаған қылыштай жалт етіп, өзіне тартып алатын Құрмаш аға-Құрманбек Жандарбековты, күмістей сыңғырлаған дауысыменде, келбетіменде, адамгершілігімен де жаныңды баурап аларап алатын, бұлбұл апайымыз Күләш Байсейітованы, маң-маң басып жүретін байыпты да ер көңілді Қанабек Байсейітовты, сұңқардай саңқылдаған Манарбек Ержановты, әннің өзін көгершіндей қалықтататын Әміре Қашаубаевты, осы театрдың тынысымен демалған, тыныс берген Мұқан Төлебаевты, Ахмет Жұбановты еске аламын... Өміреде басқаларымен таныс едім, араластық та... Одан соң бүгінгі араласып жүрген Ермек, Рашид, Мүсілім, Кәукен, Шабад, Роза, Бибігүлдер келеді. Олар сахна өнерінің қазіргі бәйтеректері. Одан кейін Нариман, Мұрат, Әлібек, Рафиздер көңілге қонады. Алды өнердің даңқына бөленгендер, соңғылары болашағы үміттеріміз...

Осы жарты ғасырдың ішіндегі таң-тамашаны жеткізу, оны даму жолдарын саралау, әр орындаушының бояуын жеткізу бір мақаланың, монографияның жүгі емес. Опера және балет театрының салтанатты тарихы баршаға аян. Әр ұйымның өз театры, ішкі театры бар. Мен осындай ой толғағы үстінде өзімнің сонау бір балалық шағымнан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірім елестеп өтеді. Бұл театрға қалай келдім, үлес қоса алдым ба, өнердің даму бағытында із қостым ба деп ойлаймын. Соған жауап іздеймін. Кейде табылады, кейде жауапсыз қалады. Мен үшін театр - өмірімнің өзегі, ең мінді бөлшегі. Одан өзімді бөлектете қарай алмаймын. Сондықтанда өзім білетін, қиындығы мен қуанышын тең бөлісіп көтеріскен жылдарымды еске алуым заңды сияқты. Бәрі де бала кезден басталадығой. Бірақ маған әнші болудың реті өзгеше бір себептін әсері арқылы түсті. Ойды ой қозғайды. Сіздердіен ештенені жасырмай ағымына жарылсам деймін. Өнердегі өмір дегенде ең алдымен барлық шақ еске түседі ғой. Содан бастайын...
1.
Баланың қиялы кезбейтің, шарықтамайтын құбылыс болмайтын шығар сірә. Мен де сол ойыны ертегімен араласқан қара домалақтардың бірі болдым. Сәл еркелеу өстім. Әр сәбидің өзі ерке емес пе. Ендеше, өз құбылыстарымның арасынан суырылып шыға қоятын «керемет» қасиетімді дәл басып айту қиын болар. Тентектігімнің пайдасының тигені де шамалы болар. Бірақ, қиялшылдығымның септігі тиді. Оны реті келгенде баяндайын. Біздің ауыл өнерге етене жақын, халық таланттары да көп шыққан, Әміре, Жақыпбек, Сымақ, Жүсіпбек... Баянауыл, Қарқаралы, Шығыс тауарларының ортасында, тоғыз жолдың торабында тұратын. Тегелен шоқысы. Сар жазықтың ортасында бағыммен араласып тұратын. Әңгіме дүкен арасында айтылған әндер құлағыма ұялап қалатын. Өзіме ұнаған әуенді бұлжытпай домбырада орындайтынмын. Суық-сайранның қасынан шықпайтынмын. Бірақ, ән айтып көрмеген едім. Баланың көңіліне салсан әнші де, артис те, ақында болғын келеді. Алайда есеие келе өмірдің де өзі екшейтіні аян. Жаратылыста адамның бойына берген ішкі сезіммен астасқан талант болуы тиіс. Оны қиялмен қолдан жасай алмайсын. Әнді шексіз сүйдім, қатты құмарттым.

Жиырмасыншы жылдардың аяғында біздің үй Семей қаласына көшіп келді. Онда ағаларым әртүрлі қара жұмыс істеді. Ал Әбдіғали, Мұқаң Әбдікерім – Түрксибтің сапында. Олар Айнабұлақтан тартып теміржол жұмысына орналасты. Екі-үш айда бір келеді. Үйде қаламын. Соларды іздегім келеді, алыс сапарға шығуды қиялдаймын... Оның үстіне еркелік қосылса... Сол қиялдың буымен бір топ балаға ілесіп поезға отырдық та бет ауған жаққа тарта бердік. Тағдыр ма мені Барнауылдың балалар үйіне алып келді. Адасып жүрген біздерді жасақшылар сонда орналастырды. Онда осы қалада қазақша метеп бар еді. Сонда ен алғаш рет пианинаны көрдім. Қазақтың ұл қыздары жиылып көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысамыз. Денешынықтыру үйірмесі де тамаша, бізге таңсыз ойын тәрізді. Апта сайын театрға апарады. Гастрольге келегн бір опера театры Доргомыжскийдің «Русалкасын» қойды. Қатты әсер алдық. Өлеңмен өнер көрсететін қызықты сияқты. Ән пәнінің мұғалімі пианино ойнап, бізді таң-тамашаға бөлейді. Бірде әлгі пианиноның қасына келіп, өзім білетін қазақ әнін ойнадым. Әуені келетін сияқты. Одан бетер құмарым артты. Соны байқап қалған әлгі ұстазым мені өзіне жақын тартып, қалай ойнау керектігін үйретті. Тәрбиешілер де талабымды қостады. Мектептегі түрлі концерттерге қатысып, пианинода ойнаймын. Есімде қалған қазақ әндерін орындаймын. Бірте-бірте күйсандық құшағына баурап, құлшындырып әкетті.

Алайда оның барлығы машықтық пен ғашықтықтың әсері еді. Өнерге деген ұшқынды лаулатқан қазақ өнерінің Москвадағы онкүндігі кезіндегі даңқты оқиғасы болды. Бүкіл Отанымыздың қуанышы болды ғой ол. Барлығымыз жиналып «шайтанқұлақты» - репредуктордың қасынан шықпаймыз. Күләш апайдың, Құрмаш ағаның, Жамбылдың даңқтары жер жарады. Көңілімізге қанат бітіп, мақтаныш кеудені кернейді. Ендігі мақсат – тек өзімді өнердің маңында болуы керек, менің орным сол деп шештім. Қазақстанға келіп, бағымды сынау болды бар арманым. Сол онкүндіктің салтанатын әлі де ұмытпаймын. Қазақ өнерінің дүниені дүр сілкіндірген онкүндігі болды ғой.

Алабұлақтан көңіл, арман қытықтаған жүрек досымыз Еркін екеуімізді Алматыға алып келді. Ол құрылыс техникумын қалады. Еркіннің ағасы мені Гоголь мен Фурманов көшесінің түйісіндегі музыкалық училишесінде апарды. Бұл өнер Училишесі қазақ опера театрынына мамандар даярлауде көп жол ашты. Қазіргі белді өнер қайраткерлері сол біразі содан қанаттанған. Барлық қажетті сынақтардан өткен соң мені комиссия мүшесі, ленинградтық прфессор Михаил Васильевич Нарбут жеке шақырып алып, рояль-пианино бөліміне барасын деді. Менің өнердегі тұңғыш ұстазым осы адам болды. Ол кезде әуелі екі жылдық дайындық курсына қабылдап, оны бітірген соң ғана студенттік қатарға жібереді. Жоғарғы курстарда Ғазиз Дуғашев, Қапан Мусин, Шабал Бейсекова, Құддыс Қожамияров, алғашқы пианис қазақ қызы Ф.Чумбалова оқыды. Скрипкадан Антокольский, Лесманіспетті тамаша ұстаздар сабақ берді. Ф.Н.Нарбут: «Сенің ыңғайын, талабын маған ұнайды. Егер ерінбесең және ерінбесеғң мен сенен тамаша пианис т шығарамын», - деді бірден. Өзі күн сайын қадағалап, әр қадамымды сырт жібермеді. Жалпы өнер туралы ұғымымды кеңейтті, дәлірек айтсам тағдырымды шешті. Ол кезде клас аз, жеке дайындауға бөлме жетпейді. Сонда да уақыт тауып, кейде таңғы сағат алтыдан келіп, сабақ басталғанша дайындаламын. Бір жылдың ішінде екі жылдық курсты бітіріп, негізгі оқу программасына кірістім. Қаншама қиналсамда театрдың ойын сауығын көруге уақыт таптым. Алайда бар ойыи пианинода болды.Өнердің бұл саласынаесімнің ауғаны сондай өзімді пианинодан тыс сахнада көру сондай күлкілі көрінетін.

Алайда өмір өз үкімін, қатал үкімін жасады. Ол кезде қатты өкініп, өнермен мәңгі қоштасуды ойлаған едім. Сүйікті ұстазым басқа жаққа ауысты. Ал өзге адам мені қанағаттандырмады. Үш жылғы еңбек, биік талап мені іштей өсірді. Шеберлігіме де әсері тиді. Шынын айтқанда мұғалімдердің дәрежесі мені қанағаттандырмады. Уәлишемен қоштасуды ойлап, өтініш те бердім. Ән айтқызып, сольфеджио класына бекітті. Енді, әннің құпиясын меңгеруге тура келді. Әуенің тез қабылдаймын. Онша қиындық келтірмеді, пианистке әуенді қабылдау қиын емес қой. Содан Москваға жолдама алғанша, опера театрының қойылымдарын құр жібермейтін болдым. Менің алдымда жаңа әлем, ерекше құбылыстың есігі ашылды. Үлкен театрда солис болған. Қазақ ССР-нің халық артисі Евгений Васильевич Иванов тәрбиеледі. Ол кісінің маған берген сабағы қалған өнердегі өмірімнің мәйегі іспетті. Шын ықыласын бөліп, бар тәжірибесін беріп, дауыспен жұмыс беруді үйретті. Бұрыңғы еркін және керексіз дыбыстардан арылдым. Ескі киностудиядағы опера театрының сахнасында көпшілік сценаларына қытысып, Күләш, Құрманбек, Канабек сыңды ағалардың қанатының астында әншілік өнерге машықтандым. Олардың өзі үлкен өмір сабағы ғой. Алайда, араласып кеттім дей алмаймын. Шәкірттік жүрексіне басым...Сахнаны меңгеру, қимыл, қозғалыс тәрізді қажеттті өткелдерді меңгерді. Опера сахнасын алғаш ретосылай аттадым... Ол әлі ысылмаған, үйрену жолындағы баспалдақ еді.

Әншілік, оның ішінде Оперра әншісі ретінде қалыптасуыма Москваның Үлкен театрының жанындағы Опералық студия ерекше көмегін тигізді. Сол жылдары ұлттық өнермамандарына дайындауға ерекше көңіл бөлініп, қамқорлыққа алында. Жастарды тәрбиелеуге бар ынтамен бет бұрды. Ол өте дұрыс шешім еді. Мен барған кезде әр курста композиторлар – Мұқаш Төлебаев, Рамазан Елебаев, Әли Базанов, Құддыс Қожамеяров, әншілер Кеукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова, Әшім Метімбаев, Бекен Жолысбаев оқып жүр екен. Біздер етене аралысып кеттік. Олардың дені қазақ өнерінің белді қайраткерлері атанды.

Ұға білген, көңілге түй білген шәкіртке – ұстаздың берерікөп қой. Мен өз жетістіктерім үшін москвалық Ұстаздарыма қарыздармын. Елизавета Феодоровна Петренко сондай парасатты, білімді, сахналық тәжірибесі мол адам еді. Аты аңызға айналған Шаляфиннің ен сенімді өнер серігі – партнершасы болған, шетелдердегі гастрольдеріне бірге алып жүрген сахна шеберін көрген білімдар профессор еді. Сабақты қызықты өткізетін. Ән романс деген не? Оны қалай айту керек? Шығу тарихы, әуен табиғаты, сюжеттік желісіндегі оқиға, автордың айтайын деген ойы қандай? Оның ішкі сезімін, қуаныш-уайымынқалай айтып, жеткізу керек. Шығарма табиғатты қалай ашылады. Түгел көз алдына елестетеді. Туындыны кім жазған, оның стилі,неге жазған, не айтайын деген жөнінде толғайды. Операдағы арияның мінезі, оқиғаға қалай кірігеді, сол шығармаға композитор не үшін барды, сол заманның жағдайы, дауысты бейімдеудегі назар аударатын мәселелер, бәрін қамтиды. Міне, осының барлығы мен үшін үлкен сабақ болды. Тек әнмен жаттығу жасамай, жалпы музыканың бағдары, тарихы, әдебиет тарихы, әнші өнері туралы қозғалған сөздер мені де ынтықтырды.

Шынын айтсақ, зерделі адам Москвада оқымай-ақ мәдени орындардағы спектакльдерді, пікір алысуларды көріп, музейлерді аралап, өзінің дүние қақындағы көзқарастарын қалаптастыруға болады. Осы студенттік шақтарымда барлық театрлардың қойылымдарын жібермей келдім. Әр партияны кім қалай орындайды, қай жерінде өзгешелік бар, образы қалай шығарды, образы қалай шығарды, қасысының даусына лайық. Алда да маған қай бейнелерді шығаруға болады, ішкі психологиялық сыр неде? Дауысыма лайық па? Осының барлығын көңілімде екешеп, қойын дәптеріме түсіре бердім. Өз бетімше үйренген арияларымдыайтып, салыстырамын. Өзге студенттердің ішінде Мұқан Төлебаеверекше дайындалып, ойын-сауықтан бойын аулақ ұстады. Үлкен дүниелерді жазуға іштей дайындалып, бізді еліміз жіберді, қалай пайдамыз тимеді, нені үйренеміз, озық дәстүрі қайсы, өнер қай бағытта дамып барады деп көп мазасызданатын. Жатаханадан шықпай оқып, дайындалатын. Театрға да қатар барамыз. Ізденісіміз екі бағытта болса да тоғысатын.

Сол жылдары мен театр өнерін керек жүрегіме көп арман ұялатты, үлкен мақсаттар қойғызды. Әншілердің арасынан Александр Пирогов, Михайл Михайлов, Марк Рейзман, Сергей Лемешов, Яков Козловскийді ерекше ынта қойып тыңдадым. Оның ішінде Лемешовты қатты ұнаттым. Оның дауысын айнытпай салатынмын. Профессорым «үйренсеңде, еліктеме» деп ескертіп отыратын. Дауыс жөнінде екеуіміздің тембіріміз ұқсайтын. Ол туралы «музыка тарихында» да жазылған. Орыс театрының тарихында Виталии Сабитовтың алатын орны зор. Ол революциядан да бұрын Үлкен театрдың солисі болған. Кейін директоры қызметін атқарды. Ол кісінің дауыс мәнері де тембр бояуы да, жақын еді. Музыка тілінде инструментальный голос – аспаптық дауыс, ол жіңішке болғанымен оркестрді жарып шығады. Әнші – бәйге аты іспетті үнемі бабында болуы тиіс. Отанымыздың астанасында өнер іздеген адам үшін мектеп көп қой. Бүгін «Евгений Онегиндегі» Ленскийді Лемешов, ертен Козловский орындайды. «Операны көрдім, оқиғасын білем» дейтін адамның сол өнерді шын сүймегені, бағаламаңғаны. Бір арияны, бір әншінің бір нотаны қалай алғаның тыңдау үшін келетін көрермендер бар астанада ән салудың өзі бақыт емес пе! Интеллектуалды көрермен деп соны айту керек. Музыкалық мәдениеттің белгісі. Драма театрындағы Качаловтың, Сосквиннің, Тарасованың, Рыжованың өнері де сахнаны меңгеруге көп шапағаты тиді. Ол бір бақытты, ұмытпайтын сәттер ғой, шіркін.

Онда оқуға барған студенттер тау да тәтті едік. Мұқан Төлебаев бәрімізден ересек. Ол өзінің бос өткізген жылдарының есесін қайтару үшін барынша маңдай терін төгіп, керемет ізденді.Үнемі елдің жағдайын әңгімелейді. Рамазан Елебаевтың өзі ән айтатын. Мінезі қызық, мәдениетті, артық сөз айтпайтын жігіт еді. Мұқан оқу программасы бойынша ән жазады.Салмақты ұстайды. Кішкентай ғана дауысы бар, бірақ әнді бабына келтіріп салатын. Шынын айтсам, көптеген қазақ әндерін білмейтінмін. Елден шет өстім, біраз жылдар пианиноны айналдырдым дегендей... Мұқан біздің ұстазымыз сияқты, үйретіп отыратын. Пианино білуім әншілік жолыма көп септігін тигізді. Арияларды өзім тарта беретінмін.

Кен сияқты кең білімге сусындатқан толық қандырмай, соғыс өрті тұтанды. Біз де қолға қару алдық. Москвалық еріктілерге қосылдық. Смоленскіден бертіндегі соғыс операцияларына қатыстық. Іле Ряза заңдағы артиллерия училишесіне Кәукен Кенжетаев, Қапан мусин, Әшім Метібаев төртеуімізді жіберді. Сол жерде кері шақыртылып, Алматыға жіберді. Көптен көрмеген туыстарымды сағынып Семейге аттандым.Мен Опера және балет театры құрылғаннан соң жеті жылдан кейін оның табалдырығын осылай аттадым. Бұл жолы ресми түрде қабылдандым. Филормонияда жүрген жерімнен операның көркемдік жетекшісі И.Фелькеич қоярда қоймай театрға алдырды. Ол кезде қаукен мен Шабл театрға орналасып алған. Жүректі бір қуаныш, бір үміт, бір күдік биледі. Оның себебі де бар еді.

Оны екі түрлі дәлелмен дәйектеуге болады. Біріншіден: Күләш, Құрмаш сияқты әншілермен қосылыпән айтуды жүрексіндім. Осы күдігім кейін де тарқамады.Күләш апай қанша мейірімін төккенімен ән айтқан кезде мысы басып кететін. Ал Күрекен әр рольдітамбандырып, тез өзгертіп, жаңдандырып жіберетін. Ондай тәжірибе жоқ.Екіншіден ұлттық сарамыздың саны да аз еді. Репертуарлардың бәрі бекітілген. Екіншіден Москваның, Ленинградтың атақты әншілері келген. Олардың арасында дайындықсыз кіргізу – қараңғы түнде қыл көпірден өтумен бірдей. Уақыт талабы да тездікті талап етеді. Содаң кейін опера әр дауыстын ыңғайына қарай образды талап етеді емес пе. Ондай мүмкіндік жоқ. Нотаны, сөзді жаттайсын да сахнаға шығасын. Үш-төрт күн ғана уақыт береді. Қалғанын оркестрге тапсырасын, сенесін... Алайда сол аз уақыттын мезгілдің ішінде үш-төрт бейнені сахнаға шығарды. Алғашқы образы «Алтын астық» операсындағы жас матрос бейнесі. Лиьретосын Сәбит Мұқанов, музыкасын...................... жазды. «Айман – Шолпандағы» ақын жігіт пен Балпық батыр образын қатар ойнадым. Ашығын айтсам олардың творчестволық табысқа жатқызуға батылым жетпейді. Тек сахнаға үйрену барысындағы баспалдақ деу лайық. Әннің орындалуы дұрыс шығар, бірақ образдың ішіне кіре алмадық, астарын түсінуге мезгіл талабы да мүмкіндік бермеді. Мұхтар Әуезовтың либреттосы бойынша жазылған Великановтың «Бекет» операсында Заря деген жас картожниктің бейнесін шығардым. Бекеттің қызына ғашық жігіт. Онда дауыс жетпеген соң орыс артистері араласып ойнап беретін. Кальтон деген әнші Бекеттің партиясын орындады. Мұнын өзі менің сахнаға шығып, машық тауыма септесті. Алайда творчестволық тұрғыдан алғанда өзімді қанағаттандырмады. Жас әншінің бірден басты рольдерге кірігіп кетуі де қиын ғой. Операда әр партияны концермейсірмен әнші жеке дайындайды. Дирижер оған қосымша бояу қосады, содан соң барып режиссер сахналық шешім қабылдайды.Мұндай талаптардың орындалуы қиын еді. Адамдармен танысып, сахналық мағлұмат алдым.

Осы жайлар түрткі болды ма бір жылдан соң Алматы шекаралық ансамбльінің солимі болып ауыстым. Әскери қызметкер есебінде. Көркемдік жетекші Б.А.Орлов репертуа дайындауыма көп көмектесті. Соловьев – Солойдың «Кешкі жорық», «Вася-Васили», тағы басқалары бар. Ол кезде Мұқан Төлебаев бір бөлмелі үйде тұрады. Әскер арасын аралап келген соң, қолым бос кезде оған жиі барып тұрамын.Ескі пианиносы бар. Ол кезде опера жазуға іштей дайындалып жүрді. Алғашқы дауыс ырғақтарын анықтай бастады. Бірде маған «Тос, мені, тос» әнінің нотасын көрсетті. Менің дауысыма лайықтап жазыпты. Екі күннің ішінде үйреніп алдым. Соғыс уақыты... Кешке жарық жоқ. Адамдар қайда барады.Үлкен өнер иелері Экзенштейн, Уланова тағы басқа да жұлдыздардың бастамасымен «Түңгі концерт» ұйымдастырылды. Қала халқы кешке сонда жиналды. Оның алды мен сол концертте «Иван Грозный» операларынан ария, «Әуе көшірі», «Ол отанды қорғайды» атты әндерді айтып жүргем. Іле Москвадан жаңа ғана жазылған Сурковтың сөзіне Листовтың «Земляника» әнінің нотасы алдырдым. Оркестрге түсіріп, «Түңгі концертте» «Тот, мені, тос» екеуін қатар айтқанымда, зиялы көрермендер үш рет биске шақырып, қол шапалақтап, үлкен ризашылық білдірді. Сыртқа шыққанда майданда ұлдары бар шешелер, жары кетекн келіншектер, қыздар рахметін жаудырып жатты. Өзі жас солдаттың айтуы ән ситуациясын әсерлей түскен сияқты. «Түңгі концертте» Пуччнидің «Богемасындағы» - Рудольфтың, Бизенің «Маржан іздеушілеріндегі» - Надирдің, Р.Корсаковтың «Май түніндегі» - Лефконың арияларын айтып, Опералық әнші кекнімді ұмытпадым. Әскери ансамльдің тәртібі белгілі... Мені бұйрық бойынша Москвадағы Бүкілодақтық Шекарашылар ансамбльіне шақыртты.

Өнердің құдіретті күшін осы ансамбльде жүріп дете түсіндім. Жаңа ғана өлім мен өмірдің арасында жүріп, жанқиярлықпен шайқасқан солдаттар концертті тыңдаған соң серпіліп қалатын.Әңгімелесіп, өздерінің алған әсерлерін айтатын. Елдегі сағынған бала-шағаларын, әйелдерін, ата-аналарын көз алдына елестеткендерін баяндап, рахметтерін жаудырғанда бізде шаршап-шалдыққанымызды ұмытып кететінбіз. Өйткені Концертті ең жауапты ұрыс майдандарына, шабуылға шыққан бөлімшелердің алдында қоятынбыз. Олардың көңіл көтеру, рухани қуат-күш беру біздің басты борышымыз еді. Қолымызға автомат ұстап, солармен бірге жылжый жүріп, аракідік демалыста ән шырқайтынбыз. Біздің ансамбль Салинград, Курскі доғасы, Воронеж, Тула, Кавказ майдандарында болды. Бөлімшелерге ілесіп екі күн қатарынан ұйықтамай, әскерлермен қоса жылжып, үзілісте өнер көрсеткен кездеріміз жиі кездесті. Соғыс болған жерді басып өткенде жанын түршігеді. Тып-тийпыл Сталинградтың үйіндісі, өртшалған дала, жаралы жауынгерлер...әлі қан сіңіп үлгермеген отпырақтар... Концерт жүріп жатқанда сомолеттер бомба тастайды. Іле қайтадан жалғастырамыз. Бірде көз алдымызда генерал Афанасьсевтың машинасына бомба түсіп, қаза тапты. Бұл ансамбльдің негізгі құрамы Москва артистерінен жасақталды. Олардың арасында «Чапаев» кинофильміндегі Петканың бейнесін жасаған Леонид Кмитпен достастым.Адал жүректі жан, әлі де сахнаны өмір серігі етіп келеді. Майданда жерлестеріміз көп кезікті. Олар майданнан кейін де хат жазысып отырды, осы уақытқа дейін айтып отырған ардагерлер бар.Есімде ерекше сақталған сапар Грузия әскери жолымен жүрген сапарымыз... Олардың ұлттық өнерін қастерлеген жоғары мәдениеттілігі, оларды құрметтеу, ескерткіштерді сақтауы қатты әсер етті. Дәстүрлерімен таныстым. Осының бәрі кейін операдағы өнеріме әсерін тигізді. 1944 жылы көктемде Москвадағы Қазақстанның өкілі Исағали Шарипов шақырды. Онда сол кездегі Республикамыздың Орталық партия комитетінің секретары Әбдіхаклықов жолдас қарысы алып: «Ал, соғыс болса аяқталып келеді. Біз енді еліміздің мәдениетін көтеруді ұмытпауымыз керек. Сенің орның театр. Қал», - деді. Әскери тәртіп бар. Ол жағын келісіп қойыпты.Міне, араға жылдар салып Опера театрына қайтып оралдым. Ендігі мақсатта, талаптп мүлдем өзгеше еді. Оны жақсы түсіндім.

Бұл кезде біраз әншілік тәжірибе жинақтаған едім. Москваның сарайларында, дала бөлімшелерінде ән айту өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Алайда тевтрдың талабы, атмосферасы мүлдем басқа еді. Бір мезгілде екі-үш әнші қатар әр түрлі тексті орындайды. Музыкаға ілесу, әріптесінді қадағалау, дирижерді бақылау, әрі актерлық өнер көрсету... Мұның барлығы Онай жұмыс емес-тін. Дауыстың тембрін табу да, әріптесіне байланысты. Халықтың алдыңда тек дауысыңмен емес орындаушылық өнерінмен де көрінесін. Ол кезде серігін не айтып жатыр соған да мән беруін керек.Алайда маған қазақтың маңдайындағы бақытына саналатын режиссерлер Құмарбек Жондарбековпен, Қанабек Байсейітовпен, Күләш Байсейітовамен қатар жұмыс істеу сияқты үлкен бақытты сәт келді.Оларды көруді өзім ьала кезімнен армандайтынмын. Одан басқа Юрий Рутковский, Семен Коробов, дирижерлер И.Пиратов, К.Врана, Г.Столяровтар актерлық образды қалай меңгеру керектігін, музыкалық бейненің кілтін табуды үйретті. Жоғарыдағы адамдардың барлығыда творчестволық жолымның сәтті басталуына ықпал жасады. Олардың әрқайсысының өз творчестволық жолдары, ізденістері бар, тәжірибелері де ұқсамайтын. Күрекең әнші-актердің дайындық кезінде партияны тез меңгергенің ұнататын. Өзінің өміріндегі мінезі өнердегі де серігі еді. Алғырлық, тез шешетін қабілеттілігін, тапқырлығы бізді де таңдандыратын. Кейбір әнші-актерлерге әр қимылды өзі көрсетіп, сан рет қайталап, онымен қоса өзі де түгелдей ойнап шығатын. Ой-қиялы өте ұшқыр, кең еді. Күтпеген жерден жаңа шешім табатын.Актерлар қатты сыйлайтын. Ол кісінің театрға қосқан үлесі, сіңірген еңбегі ұшаң теңіз ғой. Қанабек Байсейітовтың режиссерлық қолтаңбасы, стилі, жұмыс тәсілі мүлдем өзгеше еді. Қанекең еш уақытта асықпайтын. Орындаушыларға рольдері бекітіліп берілген соң, жалпы мазмұның айтып, түсіндіріп болған соң, «ал енді өздерін сахнада көрсетіңдер» дейтін. Әнші-актерлер ойнап бастағаннан кейін , олардың барлық қимылын үндемей көріп шығатын. Ұнамаса сырын жасыру үшін шек-сілесі қата күліп алатын да, сәл тыныс жасап, өз ойын жанын сала түсіндіріп, қабағы түйіліп, қатты шымырқанатын. Іле әрбір актермен жеке-жеке дайындық жасауға кірісетін. Канекең қойылған шығарманың шығу тарихына қатысты материалдарды әншілердің өздері тауып алып оқуды тапсыратын.

Абай атындағы Опера және балет театрының атақты әнші-актерлері Күләш апайдан бастап Құрекеңді, Канекеңді беделі, даңқы үшін емес, шын ықыласпен ашық жүректерінің тазалығы үшін, театрдың өсуіне жан-тәнімен қызмет істеп, күйініп-сүйініп жүргендері үшін және біздерге және келешек жас буынға үлкен дәстүр қалдырғаны үшін де қадірлейміз. Күләш Байсейітованың творчествосына толық тоқтала алмаймын. Себебі Күлекеңнің өнері барша халқымызға, кең байтақ отанымызға, белгілі. Мен көптеген опералық спектакльдерде Күлекеңнің сахнадағы партнері болып қатысты. «Біржан-Сара», «Абай», «Қыз Жібек» тағы басқалары. Күлекеңмен сахнаға шығып, бірге ән айту, ойнау бір жағынан мен үшін зор қуаныш болса, екінші жағынан өте жауапты еді, жүрексіне беретінмін. Күлекеңнің актерлық дәрежесіне жетіп, оған ілесетін партнер өте ауыр міндет жүктейді. Ол талмай ізденіп, көп нәрсені ізденуді талап етеді. Бірақта Күлақан партнерінің сақнада жетпей жатқан жерін,ойының көрермендерге білдірмей өзінің дәрежесіне көткріп әкететін. Сондықтанда Күлекеңмен сақнада әріптес болған сәттерімді бақытты шақтарым деп санаймын. Және Күлекең маған көп нәрсені үйретті. Жоғарыдағы атап өткен адамдардың әрқайсысының басқа әншілерге көрсеткен көмектері, сіңірген еңбектері ұшан теңіз.

Әңгіме арқауына ілесі, ойдың артынан елігіп, сол жалпылама айтып кеттім-ау деймін. Журнал талабы жеке өнердегі қуаныш-сүйінішімді айту болғандықтан, сәл шегініс жасайын. Операдағы тұңғыш спектакльім – грузин композиторы Палиашвилидің «Дайси» операсындағы Малхаз ролі. Мұны екі топпен дайындады. Лирикалық кейіпкерге тән тенор дауысы маған лайық еді. Іштей дайындалдым. Партнерым Шабыл Бесекова... Күләш апаймен әнуарбек Үмбетбаев шықты. Екі қойылым да көңілге қуаныш ұялатты. Творчестволық қадамым халық жүрегіне жетсе одан арттық бақыт болар ма. Бірте-бірте еркін сезіндім. Енді Алматыдағы орыс группасына қосылып, үлкен шығармалардағы басты бейнелерді сахнаға дайындадым. Несін жасырайын, қазақ сахнасындағы орыс операсының құрамыңда тұңғыш рет шыққан қазақ әншісі мен шығармын деп ойлаймын. Оған дейін опералар ана тілімізге аударылып қойылатын, Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсындағы Ленский образы менің арманым еді. Композитордың өзі Ленскийді іштей жақын тартып, оны Онегиннен кері жақсы көрген. Музыка жазғанда да баса назар аударып: «Жас әншілер орындаса екен» деп тілек білдірген. Сол кездегі әлеуметтік жағдай, шығарманың туу тарихы, әр обрза арқылы не айтқысы келді. Ленскийді неге ерекше ұнатты.Оны қай тұрғыдан шығару керек? Міне, алдымдағы міндет осы болдв. Сабиновтың сомдаған Ленский образы туралы көп оқыдым. Дауысымның тембірі соған келетін. Шабытты, поэтикалық бейне. Өзі операда үш бірлік бар – дауыс, жас мөлшері және актерлік шеберлік. Әрине, «Онегинді» қойғанда қатысқан Кальдон, Казакевич, Куклина, Самышкина, Круглинамен қатар шығуда қозғау салды, әсерін тигізді. Сол жылдары Гуноның, «Фаустыңдағы» - Фауыст, Римский – Корсаковтың «Снегурочкуасындағы» - Моряк, Беродиннің «Князь Игорьындағы» - Игорьдің ұлы Владимрді, Рубенштейннің «Демоныңдағы» - Грузин князы Синодальді сахнада бейнеледім. Мұның барлығы да өте қиын шығармалар еді. Композиторлардың тағдыры да, стилі де образдар жүйесі де бір біріне ұқсамайтын. «Князь Игорьді» Бародин он жеті жыл бойы жазды, ал Римский-Корсаковгормония үндестігінің шебері, ол консерваторияның екі факультетін бітіруі де тегін емес. Ал «Фаустың»тағдыры ше?.. Жатқан философиялық толғаныс. Бұл менің творчестволық үлкен жол шаты. Негізгі партияларды орындауға көштім. Режисерлар Коробовтың, Рутковскийдің, прфессор гр. Сталеровтың сіңірген еңбегін ұмыту ебестік болар еді. Енді театрдың қызығы мен қиындығына белсене араластым.

Реті келгендебір оқиғвны айта кетейін. Жеңістен соң жас әншілердің Бүкілодақтық конкурсы болды. Оның басты шарты ХҮІІ ғасырдан бастап бүгінгі совет композиторларының шығармаларын орындауы тиіс. Уақыты отыз бес минут. Сталеров қатысуымды өтінді. Репертуар бар. Ансамбльдегі тәжірибе де қосылды. Өзім жеке дайындалдым. Жюри мүшелерінің өзі қандай! Председатель Нажданова, мүшелері Пирогов, Лемешов, Козловский, консерваторияның профессорлары ... 80 адам қатысты. Кейбіреулері жүрексініп, сахнадан бас тартты. Сонда Европа композиторларынан кейін Абайдың «Қаламқасын» айттым. Жюри мүшелері таңданысып, сұрақ қойды. Абайдың әнінің ішкі қуатына, ойына таңданысты. Абай тойының дайындығына осы хормен шығара алмай жатқан.......... жолығып, жеке дауыста айтып ем. Үлкен театрдың әншілері Барисенко мен Фирсова жүлдегер, мен дипломант атандым. Арнайы дайындықсыз барған маған үлкен сый еді. Кейін Нажданова «Советская искусство» (қазіргі «Советская культура») газетіндегі мақаласында: «из Средний Азий и Казахстана наконец-то появился певец европейского школа», - деп жазды. Жюри мүшесі В.Барсова арнайы мақалаға тілге.тиек етті. Бұл мені қараттандырды. Конкурстан кейін «Абай» операсының дайындығына кірісітік.

Бұл оқиға қазақ опера өнеріндегі үлкен бетбұрыс еді. Ол операның барлық талабына жауап беретін, шығарма жаудың уақыты да, дайындығы да, толғағы да жеткен кез еді. Сол тұста үлкен шоғырлы дүниелер өмірге келді. Қазақ опера театрыныңнегізгі ұлттық репертуарын жасау және оны дамыту барысында драматургтарымыздың еңбектері де зор. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтовтың либреттосы бойынша жазылған «Айман-Шолпан», «Абай», «ТөлегенТоқтаров», атақты қаламгерлеріміз.Ғабит Мүсреповтың «Амангелді», «Қыз Жібек», «Ақан сері», Сәбит Мұқановтың «Алтын астық», Қажым Жұмалиевтің «Біржан – Сара» тағы басқалары, соның толық дәлелі. Бұл жазушылардың творчествосы театрмен тығыз байланысты болғандықтан, әрқайсымыздың ізденуімізге, қалыптасуымызға ықпалын тигізді. Олар тек репертуады байытып қана қойған жоқ, өздерінің ақылын айтып шың көңілмен жетпей жатқан жағын сынап, жақсылығына қуанып, коллективтің жұмысына белсенді түрде қатысып жүрді. Қазақ халқының әндерін шебер пайдаланып, кіріктіре білген композитор Е.Брусиловскийдің « Қыз Жібек», Ер Тарғын, Айман – Шолпан,» Жалбыр опералары театрдың негізгі репертуарлық мәйегін түзді. Ал 1944 жылы жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын нағыз профессионалдық операның басталу бұлағы деп айтуға болады. Себебі бұл опера классикалық шығармалардың жолымен жазылды. «Абай» операсы бірінші рет сақнаға жарқырап шыққанда көрермен жұртшылықтың қуанышында шек болмады. Әрине, Ақан мен Латекеннің және театр коллективінің үлкен табысы болып саналады.

«Абай» операсының талқылауы қызу өтті, нағыз профессионалды дәрежеде шыққан. Бұрын халық әндерінің негізінде жазылса, бұлжолы дербес музыкалық шығарма дәрежесіне жетті.Қуанышпен қабылданды.Режиссерлікке – Қ.Жандарбеков, дирижерлікке – Л.Чаргородский бекітілді.Екі құрамда дайындалды. Мұқан, Ақан әр рольді маңызды түсіндіреді, тыңдайды.Ахмет аға тіпті театрдан шықпайды. Бірінші құрамда: Абай – Р.Абдуллин, Ажар – К.Байсейітова, Айдар - Ә.Үмбетбаев, екінші құрамда – Б.Досымжанов, Ажар – Ш.Байсекова, Айдар - ......... болып ойнады. Екі түрлі премьерадайындалды. Ол кезде роман әлі аяқталмаған. Музыкалық драматургиясы да философиялық ойы да, формасы да, ішкі иірімдері де, әр дауыстың ерекшелігі де шынайы творчестволық еңбекті талап етті. «Абайдың жеке өлеңдерінің астарына құрылған әуен драмалық сипат алды Ақан әр әншіге жеке түсіндіріп, қимыл қозғалысын анықтап, тіл ормдарын, сөз мағынасын жете қадағалады. Кейбір өзгерістерде еңгізді. Абай образын Ришат жақсы шығарды. Кейін орындаған Ермек Серкебаевтың Абайы қызу жанды, қуаты мол, пішіні де ұқсас болып шықты. Айдардың соңғы актідегі драматургиялық, музыкалық шиленіс жан тебірендіреді. Премьерадан соң Ғабит Мүсреповмақала жазып жоғары баға берді. Бұл коллективтік жеңіс, ұлттық өнеріміздің абыройлы белесі болды.Толқынды толқын қозғайды. Алғашқы қатты серпіліс «Абай» операсынан кейінгі өнердің осы саласындағы биік шыңы Мұқан Төлебаевтің «Біржан – Сара» операсы еді. Либреттосын Қ.Жұмалиев жазды. Жасыратыны жоқ, мұндай келісімді, гормониясы тоғысқан, нағыз итальяндықстильдегі, биік талапқа сай дауы ерекшеліктері сақталған шығармалар кейін сиреп кетті. Мұқаш Бұл операны жазу барысында көп толғанып, ұзақ дайфындалып барып кірісті. Алғашқы нұсқалары, дауыс мінезін іріктеу жұмыстары 1941 жылы басталды. Әр жерін қағазға түсіріп, жатақханасына барған сайын пианиносында ойнап, өзінің дауысымен айтып беретін. Ен бірінші екінші актідегі арияны тыңдатты.Әр әуеннің қуатын, тактісін, дәл түсірген. Біржан әндерінің еркіне бағынбаған, бірақ, «Айтбай», «Жанбота» әндерін шебер кіріктірген. Оркестрдегі дыбыс үндестігі әншілердің дауыс ыңғайы түгел ескерілген.1946 жылы талқыланды. Екі приясынмен орындадым. Қалған бүкіл арияны өзі айтып шықтық. Мұхтар әуезов жағары бағалап, қатты сүйсінді. Күләш Байсейітова, Шабал Басекова – Сара, Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжанов – Біржан, режисер – Құрманбек Жандарбеков, суретші А.Ненашев болып бекітілді. Дирижер Г.Сталеров көп еңбек сіңірді. Әр өзгерісті Мұқанмен ақылдасып, әншімен табанды түрде жұмыс істеді. Бар күшімізді салдық. Аянып қалған ешкім жоқ. Оның қандай дәрежеде шыққаның 1949 жылы Құрекеңнен бастап негізгі төрт орындаушыға, суретшіге СССР мемлекеттік сыйлығының берілгенінайтсақта түсінікті болар.Екінші жылдары Үлкен театр дайындап қоюға жақындағанда белгісіз бір себептермен үзіліп қалды. «Біржан – Сараның» сол қойылған осы күнге дейін өзгермей сақнада жүріп келеді.

Қазақ өнерінің тарихындағы «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан – Сара» операларының алатын орны ерекше. Бұл әлі алынбаған, биік таудың асудың асқары. Қазақ өнерінің Москва 1958 жылы еткен Онкүндігіне «Біржан – Сараның» қойылымы жайында Грузияның қазіргі қазіргі мәдениет министрі, композитор Отар Такртакиашвили «Правда» гаезітіне мақала жазды. Роза Жаманова – Сара мен Біржан болып ойнады. Сол жолы Мұқан Төлебаевқа СССР халық артисі атағы берілді.Амал қанша, арада жарты жылға толмай Мұқан дүниеден қайтты. Ол тағы да бір үлкен операны – «Қозы Көрпеш – Баянсұлуды» қолға еді. Маған жеке арияларды, дауыс мінездерін айтып: «Міне, саран Қарабайдың дауысы. Қалай, мінезін аша ма. Қодардың арясы мынау... Ал, міне, әлгі Жантық, ха-ха. Қозының лирикалық үні былай», – деп жоспарын айтатын. Жалпы ұзын – ырғағы дайын еді. Үлгермеді. Өкінішті.

Театрдың өміріндегі елеулі оқиғаның бірі – Мұхтар Әуезов либреттосынжазған Ахмет Жұбанов пен Латив Хамидидің «Төлеген Тохтаров» операсы еді. Бұл патриоттық тақырыпты қозғаған, идеялық дәрежесі биік, саяси мәні зор шығарма. Әдеби – музыкалық негізі сүбелі, драматизмі басым, дауыс бояуы да мол.Авторлар финалда Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнін бүкіл Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды жоқтау – реквиемі ретінде қолданып, сәтті шешім тапқан. Осы операда маған өзімнің Сосквада бірге оқыған досым, Рамазан Елебаевтің образын шығару тапсырылды. Соңғы реквиемдехор, оркестр үні жеке дауыс қосылып өзінше дербес шығармаға айналды.Ондағы Төлегенді ............... орындады. Опера өнерінің белесті сатысында із салып, өзіңдік орнын алды. Әсерлі, жанды тебірентетін туынды. Әр адамның өміріндегі елеулі оқиғалар кездеседі. Соның бірі 1951 жылы Берлинде өткен Дүние жүзі жастарының фестивальі. Онда лауреат атанды. Ел, жер көріп, өзге жұрттың жастарының ой-пікірлерімен таныстым.Дипломды сол кездегі фестивальдік Председателі, қазіргі Итальян Коммунистік Партиясының бас секретарыЭнрико Берлингауэр тапсырды. Оның қолы да бар. Аса қымбатты сый ретінде сақтаулы. Қайтар жолда бір ай Польшаны, одан Чехословакияны концерттік программамен араладым.

Елуінші жылдары классикалық операларын ішінде Шарль Гуноның «Ромео – Джулетта», «Фаусты» сахнаға шықты. Кейінгісінде музыкалық негізден кері драмалық-сипат басты негіз алып, қуаттандырды, ілгері жетектеді. Бұл операдағы Ромео ен қиын партия «Фауст» сақнада төрт сағат жүреді. Көрермен үшін де, әнші – актер үшінде сын. Актерлық негіз басты қызмет атқарады.Атақты Лемешовтың Ромео партиясындағы ойының көргенмін. Үйіне де бардым. Ақ көңіл, жайдары адам. Кейін Алматығада келді. Соның үлгісіне сүйендім. Бұл рольде сегіз жыл бойы жалғызөзім ойнадым. Джулеттаны ......................... шығарды. Вердидің «Траваттасында» - Альфред», Рголеттасында» - Герцог, Направниктің «Дубровскииіндегі» Дубровский бейнесін көрермендер назарына ұсындым.жалпы мамандардың арасында «Қыз Жібекті» орындау онай деген пікір бар. Музыкасы халық әуенімен астасып жатады. Алайда әні жеңіл болғанымен образдары күрделі, драмалық тегеуріні күшті. Мен оған кеш келсемде қатты қиналдым. Онда Қанабек Байсейітов Рашид Абдуллин көп ойнады. Поэтикалық пофоста, серілік, салдық қасиеттер мол. Мұндай рольдердің әсеріне жастық мөлшері де ықпал жасайды. Мен әнді орындай отырып, таза актерлық бояуды қолдандым. Ен қатты қиналған шығармам осы «Қыз Жібек» болды.

Кейінгі орта буын композиторлардың өкілдері ішінен Ғазиза Жұбанованың «Еңлік – Кебек», әсіресе, соңғы жылы жазылған «28-панфиновшылар» операсы театрдың репертуарынан үлкен орын алды. Ғазиза білімдар, музыкалық өнердің қай саласын болсын жетік меңгерген. Драматургияны таңдай біледі. Шығарманы оркестрге түсіру, көпшілік көрінісін беру, көп дауыстың бояуын табу оңай емес. Екі опера да табысты өтті. Ал Еркеғали Рахмадиев музыкада Мұқан Төлебаевтың ізін қуған композитор. Еркеғалидың бірінші операсы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмасы бойынша жазылды. Ол вокальдық жағынан өте сәтті шықты. Кейін «Алпамыс» және «Тың әні» опералары репертуардан орын алды. «Алпамыстың» қойылымы төрт сағатқа созылды. Психологиялық жағынан әдеби жүйе ықшамдаса бағы жанатын шығарма. Ал, Еркеғалидің творчестволық мүмкіндігі, алымы мол. Сол сияқты Қ.Қожамьяров ұйғыр халқының тарихынан алынған «Назгүл», «Садыр палуан», Сыдық Мұхамеджанов «Жұмбаққыз», «Қана сері» атты операсын жазды. Егер де ұлттық опера репертуары жағынан көптеген жетістіктеріміз болса, балет репертуары күні бүгінге театрдан өз орынын ала алмай келеді. «Абай» мен «Біржан-Сара» операсының дәрежесіне жететін қойылым жоқ. Опера спектаклінде халықтың ролін атқаратын хор коллективі. Бұл режиссерге де, композиторға да, дирижерға да жауапты міндет жүктейді. Хор екі немесе төрт дауысты болып келеді. Оны үйлестіріп, халықтық образдың деңгейіне жеткізу жолында шеберлік керек. Ал музыкалық, драматургияны ашатын – дирижер, симфониялық оркестрдің, хордың және жеке әншілердің музыканы қалай меңгеруі соның мойынында. Ал, орындаушы - әнші – актер. Менің әртістерім жайында көптеген мақалалар жазылды және жазылады да. Сондықтан өз тәжірибеме тоқталайын...

Бүкіл саналы ғұмырым өнер жолына арналды. Қырыққа жуық опералық бейнелерді сахнаға шығардым. Осыншама партияны орындағанда қандай тәлім-тәрбие жинақтадым, не түсіндім деген сұрақтардың төңірегінде жауап берсем деймін. Операның проблемалары, бүгінгі жағдайы қалай, соған тоқталайын. Ең бастысы – опера әншісі – жай әнші. Театр ма, демек, актер. Дауыспен операның сәтті шығуын қамтамасыз ете алмайды. Оқиғаның барысына араласып, қимыл жасап, өзінің қатысын білдіруі тиіс. Оркестрдің үнінен асып, даусы халыққа жетпейді. Операда көп дауыс болады. Әр дауыстың өзіндік драматургиялық сыпаты бар. Квартет – төрт дауыс, әртүрлі сөзді айтады. Сондықтан да мимикасымен сездіріп, образды қимылмен ашуы тиіс. Көбінде, әншілер өзінің музыкалық партиясын орындап, содан жаңылмауға тырысады. Әріптесінің кейіпкері қандай күйде, жан дүниесі қандай халде, битарап қалады. Актер халықтың алдында бос тұрмай, өз қарым-қатынасын білдіріп, тұтастық сақтаса ғана коллективтің еңбегі жанады. Режиссер де сол жағын баса жітілесе, көпшілік серенадасының өзінде бихаракеттік сезілмеуі қажет. Бүгінгі операдағы байқаған бір кемістігім осы.

Өзімнің творчестволық тәсіліме жүгінсем, рольді дайындау үстінде ол қандай бейне, қай ортадан шыққан, шығарманың тарихы, ортасы, айтар ойы жөнінде толық біліп аламын. Кітаптарға жүгінемін,музейлерді аралаймын. Өйткені, кімді ойнап жүргеніңді өзің толық білмей сахнада көрермен – тыңдаушыларды сендіре алмайсың. Ол үшін өзің сол оқиғаға сенуің керек. Мен театрда 40-тан артық опералық рольдер орындадым. Әрине, мұның бәрі сәтті шықты деуге болмайды. Оған әртүрлі себептер, жағдайлар болады. Мен сахнада бірге ойнап жүрген әріптестерімнің әр қайсысының қандай бағытта ізденіп жүргенін байқаймын, ішіме түйемін. Өйткені, олардың қатесі болсын, жоғары дәрежеде орындаушылық шеберлігі болсын, мен үшін үлкен сабақ болтын, және оны айыра біліп, тоқи білу керек. Спектакль дайындау үстінде қоюшы режиссердің жұмысына өте көңіл бөліп, былай болса жақсы болар еді-ау деп ойлайтынмын. Драматургияның және музыкалық драматургияның профессионалдық дәрежеге сай жан-жағынан алынғанда да мықты болғанын тілеймін. Осындай ойлар мені режиссерлік тізгінді ұстауыма әсерін тигізді ғой деймін.

Режиссер – басты тұлға. Товетоногов айтқандай ол көз алдындағыны қалт жібермей байқап, оны қабылдап, шешім таба білуі тиіс. Режиссер образдың барлық мүкісін түсініп барып іске кіріскенде ғана ұтады. Операда әуелі әр әнші жеке жаттығады, одан оркестрге қосылады. Суретшілер көркемдейді. Хорға қосылады. Содан кейін бүкіл спектакль дайындалады. Жеке көріністердің басы қосылады. Соны көрегендікпен біріктірсе... екіншіден әр әншінің қабілетін ыңғайын аңғарып соған орай бейімдеп талап қойса нұр үстіне нұр. Музыкалық драматургия мен драматургияның арасын байланыстырып, дамытып барып ой қорытуы керек. Автор не айтады, негізгі идеясы қандай, қай шешім дұрыс. Мұның барлығы осал жүк емес.

Бұл ретте мен өз тәжірибеме жүгінейін. Режиссерлық жұмысты 1963 жылдан Жигановтың «Алтын шашын» қоюдан бастадым. Бұрын осы спектакльде ойнаған едім. Фантастикасы мол, ертегілік сыпаты мен драмалық оқиғасы аралас. Оған жаңа қырынан келуге тырыстым. Оқиғаны ашып, мазмұнын тереңдету үшін суретшіге соны үлгі ұсынып, жарықты пайдаланып, әсерін күшейтуге тырыстым. Ал, Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсының қойылымына қатысқанда өзгертулер енгіздім. 1960 жылы Қанабек Байсейітов марқұм бірігіп шығаруды ұсынды. Бірінші вариантында композитор да, суреткерлік шешім де тым шұбалаңқы еді. Еркеғали Қамардың қайғы қасіретін бірден ашады да, оның тынысы ақырына дейін жетпей қалды. Тек трагедиялық бағытта дамыған. Қайғы аяғына зорға асады. Қамар – жас, қуанбай ма, үміттенбей ме, сағынбай ма сүйгенін... Осыны композитормен ақылдастым. Бірінші актіге «Гауһартастың» әні қосылды. Кейбір тұстар өзгертілді. Соның нәтижесінде музыкалық, вокалдық жағынан ұтты. Ария, дуэттер енгізілді. 1966 жылы Кремльде қойылып, сәтті шығарма ретінде баға алды. Төлебаев-Брусиловский жазған «Аманкелді» операсының екінші қойылымында (либреттосы Ғ.Мүсіреповтікі) көптеген өзгерістерге ұшырады. Ол кезде үлкен театрда тәжірибеде едім. Бас режиссері – Борис Восильович Туманов. Оған өз ойымды айттым. Төрт актілі опера тым ұзақ, және қазіргі көрермендердің уақытымен де есептесу керек. Содан екі актіге түсіруін Брусиловскийден өтіндім. Аманкелді – махаббат геройы емес, патриоттық герой. Бүкіл елдің бақытын қорғаған. Таран-Зілқара жүйесін дамыттым. Ең соңында Қазақстанның гимінің әуенімен аяқталды. Символикалық шешім. Оған Ғабең де келісті. «Абай» операсын жаңартқанда Қанабек Байсейітов «Қаламқас» әнін Айдардың ариясына қосты. Жаңалық. Кейін осы операдағы көпшілік көрінісіне басты назар аудардым. Абай, Жиренше неге айтысады, астары неде? Мұнда монологты музыкамен астастыру қажет. Онсыз бар идея көмескі тартады. Әр монологқа әркім өзінше қарап, бағалауы тиіс... Шиеленістіру арқылы шешім таптым. Мұндай тәжірибе бар еді. Мусортский «Борис Годуновта» драмалық актерге арналған халықтық драма. Ондағы басты кейіпкер – халық. Опера театрының сахнасына 15-тен артық спектакль қойыппын. «Аманкелді», «Алтын шаш», «Біржан-Сара», «Абай», «Қамар сұлу», «Борис Годунов», «Балмаскарад» тағы басқалар. Сонда ұстаған принцибім жоғарыдай.

Қазіргі жұмысым – мерекелік концерттері ұйымдастыру. Бұл өзі қиын жұмыс. Біржарым сағаттық концертке 400-500 адам қатысады. Өзгесін былай қойғанда, Құрманғазы оркестрі сияқты үлкен коллектив бір-бір жарым минуттың ішінде сахнаны босатудың өзі қаншама. Әр номерде және тұтас концертте сюжеттік жүйе, даму болуы керек. Жиын болса да қызықты.
ІІІ

Иә, опера театрының ашылуы қазақ өнерінің үлкен бақыты болды. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Біржан-Сара» опералары биік дәрежеге жетіп, нағыз профессионалдық операны туған топырағымызда дүниеге әкелді. Бұл орайда халқымыздың Күләш Бәйсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова, Қанабек Байсейітов, Әнуарбек Үмбетбаев сіпетті әншілерге, Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди сияқты композиторларға, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтей жазушыларға үлкен құрметпен қарап, ілтипат білдіруі орынды. Манарбек Ержанов тума талант. Ғарифолла Құрманғалиевтың шегесі де ұмтылмас бейне. Ермек Серкебаевтің жарқын таланты, музыкалық қабілеті, драмалық актерге тән ойындары, Фигоро, Абай бейнелері, Роза Жаманованың, Шабал Бейсекованың, Кәукен Кенжетаевтің сахналық образдарының галереясы қашанда жүрекке жол тауып келеді. Бибігүл операға кештетіп келгенмен де, есте қаларлық қолтаңба қалдырды. Әлі де жазды. Халыққа аян. Олардың ізін басқан Мұрат Мұсабаев, Нариман Қаражігітов, Бақыт Әшімова, Майра Айманова, Рахима Жұбатырова, Ғафиз Есімов, Шора Үмбеталиев, Қорлан Қалиланбекова, Әлібек Дінішевтың де еңбектері төл өнер туын тік көтеріп келеді. Елужылдық мерекеге «Қыз Жібек» операсын жаңартып қоймақ ойымыз бар. Төлеген – Әлібек Дінішев, Бекежан – Ғафиз Есімов, Қыз Жібек – консерваторияның студенті – Нұржамал Үсенбаева болып ойнады. Менің ойымша дауыс мүмкіндіктері мол, қабілеттері толық жетеді. Өнер қашанда тың толқынды, жастықты сүйеді емес пе. Әрине үлкен-үлкен проблемалар да бар. Оны жасырудың реті жоқ. Ең басты зәру мәселе – репертуар. «Абай», «Біржан-Сара» сияқты биік талапқа сай опералар аз. Ұлттық балетіміздің кенжелеп жатқаны да өкінішті. Режиссерлердің де жағдайы қынжылтады. Көп әнші өз дауыстарына тән рольге зәру. Мұның барлығын тартып жатпайын. Реті келгенде қозғармыз да. Тек, той үстінде сәттілігімізбен қос толғаныстарды да ескергеніміз лазым ғой. Мансұр Сағатовтың «Әлиясы», Алмас Серкебаевтің «Ақсақ құланы», «Мауглиі» соңғы жылдардың үлесі. Алайда, биік талаптың, нағыз профессионалдық өнердің жемісі бүгінгі емес, ертеңімен, келешегімен өлшенеді ғой.

Міне, әсем бақтың, гүлзардың ортасында, биік шыңдардың бауырында Опера театры тұр. Ол – бүкіл өнеріміздің сәулетті де, мерейі... Ашық терезелерден ән әуені төгіледі. Әр буын жалғастығын тауып, толқынға толқын қосылған өнер ордасы. Жыл сайын жасарып, кемеліне келіп, толысады. Әлі, талай тағдырларды тоғыстырып, шынайы өнердің қуанышына бөлейтіні сөзсіз. Мен оған кәміл сенемін.

Асқақтай бер, ән мен күйдің қазынасы. Сенің құшағыңда өткізген жылдарыма, жылдар емес-ау өміріме ризамын. Қаншама жайсаң жандармен табыстырдың, өнердің тұнық бұлағының кәусарына сусындаттың, рахат та, бақыт та сыйладың. Қарыздармын мен, саған, сыр сандығым!


Жазып алған Т.Жұртбаев.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет