Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі n 567 Заңы



бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3


Байланыс туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "телекоммуникацияның жергілікті желісінің", "телекоммуникацияның жергілікті желілері" деген сөздер тиісінше "жергілікті телекоммуникация желісінің", "жергілікті телекоммуникация желілері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Байланыстың мақсаты

      1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
      2. Байланыс және есептеу техникасы, сондай-ақ ақпараттық жүйелер құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, байланыс қызметтерін көрсетуге онымен шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
      2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, деректер беру желісіндегі абоненттердің мекенжайы және деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға кіру мекенжайы, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;
      3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
      4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
      5) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;
      6) арнаулы және фельдъегерлік байланыс арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;
      7) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыш бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар, метиздер;
      8) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап телекоммуникация қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
      9) әмбебап телекоммуникация қызметтері - уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыс қызметтерінің кез келген пайдаланушысына көзделген мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
      10) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;
      11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
      12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
      13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағынын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
      15) байланыс қызметтері - почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;
      16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;
      17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      18) байланыс операторы – байланыс қызметтерiн көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері;
      20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары;
      21) байланыстың басым операторы - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы;
      22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
      23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;
      24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;
      25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;
      27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;
      28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы;
      29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат;
      30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
      31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
      32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;
      34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
      37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы:
      тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
      уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;
      39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
      39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;
      40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;
      40-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
      41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;
      42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;
      43) почта байланысы - почта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары;
      44) почта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;
      45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;
      46) радиобақылау - радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктердің пайдаланылу тәртібін, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату параметрлерінің стандарттары мен нормаларының бұзылушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетіндей деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
      47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
      48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
      49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
      50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
      51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
      52) сәйкестендіру коды - әзірлеуші зауыт беретін, байланыс операторының желісіне осы құрылғыны қосу кезінде берілетін абоненттік құрылғының немесе абоненттік станцияның коды;
      53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;
      54) телекоммуникация желілерінің күзет аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғандағы жер учаскесі;
      55) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік, жалғаным жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
      56) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
      57) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
      58) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне жалғау - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болады;
      59) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;
      60) телефон жалғанымы қызметтеріне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметтерге ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы абоненттік желінің түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыны және жергілікті телефон жалғанымының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай оның берілгені үшін төлемақыны қамтитын, қызметтерге ақы төлеу жүйесі;
      61) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
      62) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар легі;
      63) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
      64) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;
      65) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
      66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы көбінесе сөйлесу түрінде берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;
      67) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
      68) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;
      69) фельдъегерлік байланыс - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі;
      70) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;
      71) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен жалғайтын байланыс жолы;
      72) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
      73) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;
      74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;
      75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;
      76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
      77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы


              заңдары

      1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
мен бақылау

      4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік


              реттеу мен бақылау

      1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.


      2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік


              реттеудің негізгі принциптері

      Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:


      1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;
      3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, почта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі;
      4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;
      5) адал бәсеке;
      6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың қауiпсiздiгiн, сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету;
      7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету;
      8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған  басқаруды қамтамасыз ету.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

      6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу


              мен бақылаудың негізгі міндеттері

      Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:


      1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



      Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне:
      1) байланыс саласындағы басым дамудың, мемлекеттік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу және дамудың салалық бағдарламаларын бекіту;
      2) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету, уәкілетті органға осы мәселелер бойынша өкілеттіктер беру;
      3) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
      4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану тәртібін бекіту;
      5) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларын айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту;
      6) байланыс қызметін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін конкурстар өткізу тәртібін бекіту;
      7) Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
      8) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;
      9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялаған кезде лицензия беру шарттарын айқындау және біліктілік талаптарын бекіту;
      10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту;
      12) почтамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;
      13) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;
      14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;
      14-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;
      14-3) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-4) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
      14-6) трафиктi өткiзу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерін қосу және олардың әрекеттестігі қағидаларын бекіту;
      14-7) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
      14-8) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
      14-9) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2010.12.29 № 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің


              құзыреті

      1. Уәкілетті органның құзыретіне:


      1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
      4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру;
      5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
      6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
      7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
      8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету ережесiн және Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiн, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiн құру тұжырымдамаларын әзiрлеу және қабылдау;
      8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
      8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзiрлеу және бекiту;
      8-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
      9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
      10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;
      11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;
      12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
      13) пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
      14) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
      16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      18) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;
      19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
      19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
      19-2) телекоммуникациялар және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
      19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
      19-5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      19-6) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
      2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
      3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
      4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру;
      7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
      8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;
      9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;
      9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
      9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы почта жөнелтiлiмдеріне почта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
      9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
      9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
      9-5) почта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
      9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.06 № 209, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 373-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары



      1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
      Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.
      2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
      2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалануға, іске қосуға және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды шетелден әкелуге рұқсат беру және оның тәртібін айқындау;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
      7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
      9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
      10) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту.
      3. Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
      1) радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлекторондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
      2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
      3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
      4) Халықаралық электр байланысы одағындағы Қазақстан Республикасының орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді;
      5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
      1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
      2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
      3) почта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ почта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс


               жерсеріктерінің орбиталық позицияларын
               пайдалануды реттеу

      1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.


      Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді радиожиілік органдары жүзеге асырады, бұл радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
      Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы шектеулі ұлттық ресурс болып табылады.
      2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.
      3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары , оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиiлiктi құрылғылар келтiретiн индустриялық бөгеуiлдер деңгейi техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттарда белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
      Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың индустриялық радиобөгеуiлдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерiне арналған нормативтiк құжаттарда белгiленген нормалардан төмен болмауға тиiс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, жиіліктер


               белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік
               арналарын) бөлектеу және иелікке беру
               (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:


      1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
      2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
      3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
      4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
      5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
      6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган бекітетін радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді.
      Телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.
      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.
      4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
      5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
      5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулеріне, радиожиіліктерге (радиожиілік арналарына) құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге тыйым салынады.
      6. Байланыс операторларына және радиожиiлiк спектрiн өндiрiсiшiлік қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануды көздейтiн тұлғаларға радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсаттар белгiленген үлгiдегi өтiнiмдер уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.
      7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
      1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
      2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
      3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
      4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
      5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
      6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
      7) егер Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында радиожиілікті (радиожиілік арнасын) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу көзделіп, осындай рәсім жүргізудің оң нәтижесі болмаса, бас тартылады.
      8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      8-1. Радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алып қойылады.
      9. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сауал алынған кезден бастап отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл отыз күннен аспауы керек. Іргелес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланысы регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жүргізілген кезде өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл төрт айдан аспауы керек, ол туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды


               реттеу және нөмірлер беру

      1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін


               басқару

      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, ауадағы, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау саласында шұғыл іс-шаралар жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.

      15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру


               қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара
               іс-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.


      Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-әрекет жасасу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.
       2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.
      Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше абоненттік құрылғы байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.
      3. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.
      4. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
       5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.
       Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV (2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестiгiн


               растау

      Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестiгi расталуға тиіс.


      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

      17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

      Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық


               негiзде бөлу

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалану құқығы мынадай жағдайда, егер:
      1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себепті байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынылған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса, конкурстық негiзде берiледi. Бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі;
      2) белгiлi бiр географиялық аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiнiң желiлiк қол жеткiзу ресурстары шектеулi болып, соған байланысты уәкiлеттi орган осы аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгiлейтiн болса, конкурстық негiзде берiледi.
      2. Конкурс (немесе аукцион) өткiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.
      Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.
      3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу ережелерiне сай келетiн жеке және заңды тұлғалар конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға жiберiледi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Телевизия және (немесе) радио хабарларын


               таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтi
               лицензиялау

      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.


      2. Уәкілетті орган:
      1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;
      2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді.
      Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
      4. Байланыс операторлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс қызметтерін пайдаланушыларға шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық қызметтерді және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да қызметтерді тегін жалғауды қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Каталог: site -> repository
site -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
site -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
site -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
site -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
repository -> 1-тарау. Жалпы ережелер
repository -> Телерадио хабарларын тарату туралы
repository -> Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
repository -> Бұқаралық ақпарат құралдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет