Байсалова жадыра әнуарқызы қызылорда суармалы алқабында мелиоративтік режимнің өзгеруі



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3
: Docs
Docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
Docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘӨЖ 631.6:551.462.3(574.54) Қол жазба құқығында


БАЙСАЛОВА ЖАДЫРА ӘНУАРҚЫЗЫ

Қызылорда суармалы алқабында мелиоративтік режимнің өзгеруі
6М081000 – «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша ауылшаруашылығы магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты

Қазақстан Ресрубликасы

Қызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.





Ғылыми жетекшісі:




техника ғылымдарының докторы, профессор

С.И.Қошқаров




Ресми оппоненті:




техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.Н. Байманов




Қорғау 2013 жылдың «_____» _________ сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 66, Политехникалық факультеті, №5 оқу ғимараты, ауд ______ )

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қызылорда облысының күріш суармалы жүйелеріндегі топырақ-мелиоративтік жағдайы өте күрделі. Топырақтың сортаңдылығы жоғары деңгейге жетті. Топырақтың ылғал-физикалық қасиеті қоректік заттар мен тұз режимін жақсартуға қабілетсіз. Соңғы 35-40 жылдың көлемінде суармалы жерлерге суға еритін зиянды тұздар жоғары көлемде жиналды. Тұздардың құрамы және зиянды химиялық заттар топырақта қауіпті шектерге жетті, бұл күріш дақылының ауруын үдете бастады, мұндай жағдай соңғы 4-5 жылдың көлемінде байқалуда.

Осы уақытқа дейін егіліп келе жатқан дақылдардың өнімділігі, бүгінгі күні төмен. Сонымен қатар, дақылдарды өсіріп-өндіру технологиясы, суды пайдалану ережелері сақталмауда. Осыған байланысты егіс алқаптарының экологиялық-мелиоративтік жағдайлары нашарлауда. Мұндай жағдайлардың қалыптасуының себептері суармалы егістіктер орналасқан алқаптардың қазіргі жағдайда қалыптпасқан табиғи-климаттық, топырақ-гидрогеологиялық, экологиялық-мелиоративтік ерекшеліктерін ескеретін суару технологиясының сол аймаққа негізделмегендігі, агротехникалық шаралардың толық орындалмағандығы, коллекторлы-кәрізді тізбектің өз дәрежесінде жұмыс істемегендігі әсер етуде.

Сырдария өзенінің төменгі алабында орналасқан суармалы алқаптардағы негізгі мәселесі – судың, топырақтың тұздылығы, жер асты суының деңгейінің жоғарылығы, оның минералдылығы және қоректік заттардың алмасу заңдылықтарын зерттеп, дақылдардың өнімділігі мен суармалы жерлердің құнарлылығын арттыратын және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартатын мелиоративтік режимін қалыптастыру болып отыр.

Облыстық су шаруашылығы мекемелерінің күріш дақылына пайдаланып жүрген су мөлшері 40-45 жыл бұрынғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынып отыр. Мұнда күріштің суару мөлшері бүкіл облысқа анықталған және күріш өсіретін аймақтар топырақтарының геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларының ерекшеліктері ескерілмеген.

Қазіргі кезде Қызылорда облысының әрбір суармалы алқаптарына күріштің тиімді суару мөлшерін анықтау қажеттігі туындап отыр. Күріштің тиімді суару режимі күріш жүйесінің қоршаған ортаға зиянды әсерін, күріштен басқа дақылдар егілген ауыспалы егістіктердегі жер асты суларының деңгейінің көтерілуін барынша төмендету болып табылады.

Зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері. Қызылорда суармалы алқабының мелиоративтік режимінің нашарлауына себеп болған басты факторларды анықтап, олармен күресудің жолдарын қарастыру. Суармалы жерлердің экологиялық жағдайын жақсарту, күріштің суару мөлшерін төмендетіп, өнімділігін көтеру.

Қойылған мақсаттарды орындау үшін төмендегі келтірілген міндеттер орындалады:



  • күріштің тиімді суару режимін зерттеу;

  • алқаптағы жер асты суы мен оның тұздылығының өзгеруін зерттеу;

  • Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының булануы;

  • Қызылорда суармалы алқаптардағы суармалы жүйенің өңір ландшафттарына беретін әсерін зерттеу.

Зерттеу нысаны. Қызылорда суармалы алқабы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көпжылдық өндірістік теориялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, күріш пен жоңышқаның тиімді суару режимі мен кәріз жүйелерінің тиімді параметрлерін анықтау нәтижесінде суармалы алқаптың тиімді мелиоративтік режимін жасау.

Жұмыстың негізгі қорғалатын қағидалары:

- күріштің тиімді суару режимі;

- күріш жүйесіндегі суармалы жердің тиімді мелиоративтік режимі;

- Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының режимі;

- суармалы жүйенің өңір ландшафттарына беретін әсері.

Бастапқы зерттеу мәліметтері. Жұмыстың бастапқы мәліметтері ретінде «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы», «Казгидромет», «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау» жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы және «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы мекемелерінің мәліметтері пайдаланылды.

Жұмыстағы пайдаланылған зерттеу әдістері. Су балансы әдісі, экспертті – аналитикалық тәсілдер қолданылды. Ауылшаруашылық жерлердің топырақ-экологиялық, ландшафттық жағдайларын ескеретін зерттеуге негізделген. В.В.Докучаев, А.Н.Костяковтардың топырақтың мелиорациясы және генезисіне, В.В.Докучаев, А.А.Григорьев, М.И.Будыко, А.И.Голованов іліміндегі ландшафттардың географиялық заңдылықтары пайдаланылған.

Жұмыстың сыннан өтуі: «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы, зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты 13(67) студенттердің және магистранттардың ғылыми конференциясында баяндамалар жасалды.

Жұмыстың жариялануы: Диссертация тақырыбы бойынша 3 ғылыми еңбек жарияланды.

Диссертацияның құрылым көлемі: Диссертация кіріспеден, 5 бөлім-нен, қорытындыдан, 80 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі компьютерде терілген 97 беттен, оның ішінде 26 суреттен және 37 кестеден құралған.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұмысының өзектілігі, жұмыстың мақсаты және де тарауларға қысқаша тұжырым берілген.

Бірінші бөлімде облыстың табиғи-климаттық және топырақ, геологиялық, гидрогеологиялық ерекшеліктері және су ресурстары жайлы жазылған.

Қызылорда облысының ауа-райы жаздың күндері ыстық, аңызақ жел жиі болып тұрады. Жазда, шілденің бастапқы апталарында жауын-шашынды күндер байқалады. Қысы қоңыржай суық. Оңтүстігінде қар онша болмайды, солтүстігінде (Арал, Қазалы) қар біршама қалың, әрі ұзақтау жатады. Қарсыз қыста қара суық.

Температурасы 0°-­тан жоғары болатын күннің саны ­ 230-­270. Ол 20 ақпан ­18 наурыздан басталып, қарашаның 12-­28­-де бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық.

Күріш мамыр айының бірінші және екінші онкүндігінде топырақтың және судың температурасы +13...17°С болғанда егіледі. Атмосфералық ылғал облыс көлемінде өте кем түседі, су бетілік кебу 1500 мм, яғни жерге түсетін ылғал судың кебуінен 10 есе кем. Негізінен ылғал қыс және көктем айларында түседі. Бұл облыста ауылшаруашылық дақылдарын егуге қолайлы жағдай туғызады.

2012 жылғы Қызылорда метеорологиялық станциясында тіркелген метеорологиялық көрсеткіштеріне зер салсақ, қарастырылып отырған аймақтың орташа жылдық ауа температурасы 10,9 0С құрайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының орташа жылдық мәні 52 %. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғарғы шамасы желтоқсан айына тән – 82 %, ал ең азы шілдеде - 32 %. Жауын-шашынның жылдық мөлшері не бары 133 мм. Жауынның ең көп мөлшері күз айларына келеді 17,1-19,8 мм, желді күндер саны көбейген.

Қызылорда суармалы алқабында топырақтың келесі түрлері анықталған:

1.Аллювиалды-­шалғынды тоғайлы топырақтар. 2. Шалғынды ­ батпақты топырақтар. 3. Батпақты топырақтар. 4. Сортаңдар.

Қызылорда суармалы алқабының жер асты ыза сулары Сырдария ағынын реттеу нәтижесінде өзгерген. Жер асты суларының орташа жату тереңдігі, күріш алқаптарындағы судың ең төменгі тұрақтауына қарай өзгеріссіз болады және алдыңғы жылдағы сулылық пен жауын-шашын режиміне байланысты 2 м-ден 3-3,5 м аралығында тербелісте болады. Күріш алқабының 200-300 м аралықта жер асты суларының жылдық тербеліс амплитудасы жер асты су деңгейінен 1,2-1,8 м аспаған, 600-700 м ара-қашықтықта амплитуда 0,4-0,7-ді қамтыған.

Қызылорда облысы суармалы жер көлемінің сорлану көрсеткіші 40 пайызға жетіп, соның нәтижесінде өте сорланып кеткен жерлер пайдалану фондасынан шығарылды.

Суармалы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайы қашыртқы суларының минерализациясына байланысты, яғни қазіргі уақытта ол 2-4 г/л-ге жетіп отыр. Кейбір күрішті аймақтарға онан да жоғары. Бұл жердің сорлануының бір жағы болса, екінші жағынан егістікке берілетін судың минералдылығының жоғары болуы және де жалпы территорияның су өткізгіштік қасиетінің төмендігінде болып отыр.

Сондықтан да зерттеу жұмыстың мақсатына жету үшін келесі мәселелерді: егістікке берілетін судың; жер асты судың орналасу деңгейін және оның минерализациясын; ауыспалы егістікте орын алатын дақылдардың түрін; суармалы алқаптың ылғал және тұз баланстарын бір бірімен байланысын ескеру арқылы зерттеу жұмыстарын орындауға болады.

Екінші бөлімде күріш жүйесіндегі суармалы жердің тиімді мелиоративтік режимі қарастырылған. Мелиоративтік режимнің маңызды көрсеткіштері: топырақтың тамыр жайлаған қабатындағы ылғалды реттеудің рұқсат етілген шектеулері, топырақтың тамыр жайлаған қабаты мен оны жапқан қабаттармен немесе жер асты сулары арасындағы ылғал алмасудың бағыты мен шамасы. Бұл көрсеткіштер суармалау және суару мөлшерінің белгілі бір үндестігімен реттеледі, яғни ауылшаруашылығы дақылдарының режимімен анықталады.

Ауылшаруашылығы дақылдарының суару режимі суармалы жерлердің де, сондай-ақ бүтіндей қоршаған аумақ пен ландшафттардың экологиялық-мелиоративтік жағдайларын анықтайтын факторлардың бірі. Суару режимі аймақ пен учаскенің топырақ құралу үрдісінің динамикасына белгілі бір өзгерістер қосатын табиғи сипаттамаларға байланысты анықталады. Бұл өзгерістер мелиоративтік әсерлер үрдісінің өзі қарқынды болған сайын, ол да қарқынды болады.

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына әсер ететін факторлардың бірі – күріш егісіне берілетін судың мөлшері. Күріштің маусымдық суару мөлшері 1 гектарға шаққанда 26-28 мың текшеметр болған (1-сурет). Ғылыми ізденістерде анықталғандай күріш дақылы нақты өзіне жұмсайтын су мөлшері 1 гектарға шаққанда 9-9,5 мың текшеметр шамасында. Демек, бізде осы мөлшерден 10-14 мың текшеметр су басқа шығындарға кетуде. Ал 1 центнер күріш өндіруге жұмсалған су мөлшері 1982 жылы 545 текше метр болса, соңғы жылдары 700-800 текше метрге дейін жеткен (1-кесте, 2-сурет). Мұндай су ысырабының себептері көп. Кейбір учаскелерде механикалық құрамы жеңілдеу топырақтар кездеседі. Ондай тік және көлденең фильтрацияға едәуір су шығыны болады. Кейде суаруды бақылаусыз қалдырудан да судың ретсіз шығыны болып жатады. Сондықтан, біз осы уақыт кезеңінде облыстағы ірі-ірі аймақтарда ғылыми зерттеулер жүргізіліп күріш дақылының қазіргі кезеңдегі экологиялық қолайлы, барынша суды үнемдеуге бағытталған және экономикалық тиімді өнімділікті қамтамасыз ететін маусымдық суару мөлшері анықталуы қажет.

Соңғы жылдары күріш өнімділігі елеулі түрде төмендеген. 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2012 жылы дақыл өнімділігі 15 центнерге азайған. Соңғы уақытта күріш егістігіне органикалық және минералдық тыңайтқыштар аз мөлшерде берілуде, сонымен бірге жерді өңдеу мен дақылды өсіру технологиясында да кемшіліктер орын алуда. Алайда, өнімнің осындай мөлшерде көп төмендеуіне суармалы алқаптардың экологиялық-мелиоративтік жағдайының нашарлауы болып отыр.

1-кесте. Қызылорда суармалы алқаптарындағы ауылшаруашылығы дақылдарының маусымдық суару мөлшерлері мен өнімділіктері (Қызылорда су шаруашылығы мекемесі мәліметтерінен)

Жылдар

Маусымдық суару мөлшері,

мың м3/га



Өнімділігі,

ц/га


1 ц өнімге жұмсалған су мөлшері,

м3



күріш

жоңышқа

күріш

жоңышқа

күріш

жоңышқа

1982

26,0

5,7

47,7

56,0

545

102

1984

25,3

5,0

49,4

49,0

512

102

1986

23,8

5,60

49,2

46,10

484

121

1990

25,3

6,4

52,0

47,0

486

136

1994

26,8

7,0

49,4

27,8

543

252

1997

27,4

6,6

48,6

22,0

564

300

2000

25,8

7,1

40,0

20,1

645

353

2003

26,0

6,8

42,1

18,4

617

369

2006

25,7

5,8

33,2

22,5

774

258

2009

26,9

6,6

42,9

26,5

627

249

2012

27,7

8,2

37,5

25,3

739

324



1-сурет. Күріш дақылының маусымдық суару мөлшері

2-сурет. 1 ц күріш өнімділігіне жұмсалған су мөлшері


3-сурет. Күріш дақылының өнімділігі


Қызылорда облысында 2000 жылдан бері қарай күріш өнімділігі 37,5 – пен 40,0 ц аралығында болған (3-сурет). Ал 1982-1997 жылға дейін дақыл өнімділігі 48-52 ц аралығында болған. Демек, соңғы жылдары күріш өнімділігі 8-10 ц–ге дейін төмендеген. Қызылорда облысы жағдайында шамамен 70 мың гектар жерден орташа 1 гектардан 10 ц өнім алуды біз қанағаттанарлық көрсеткіш деп есептейміз. Өйткені, осылай болғанда суды пайдалану егістік топырағының өнім беру мүмкіншілігі тиімді болады деп есептейміз. Сонымен бірге суармалы алқаптардың экологиялық жағдайлары да біршама тұрақтандырылады.

Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық орналастыруға болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Топырақтың сортаңдануы күріш өсіретін аудандарда ең басты кедергілердің бірі болып табылады. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың маңызы бар. Сонымен қатар топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екені дәлелдеді .

Екінші дақыл жоңышқаның суару режиміне тоқталатын болсақ, жоңышқаны алғашқы еккен жылы 3-4 рет суарады. Тұқым сепкен кезде алғашқы суару өсімдік биіктігі 10-15 см-ге жеткенде, бұтақтану фазасында жүргізіледі. Бұл жаста ол артық суға орнықсыз, тез ылғалданады. Сондықтан, суару мөлшері 400-600 м3/га-дан аспауы керек.

4-сурет. Жоңышқа дақылының маусымдық суару мөлшері


Қауыздану фазасында екінші рет суарылады (600-800 м3/га), үшінші рет – алғашқы орылымнан кейін, төртінші рет – қауыздану фазасында. Бұл суарулардың шамасы 800-1000 м3/га шамасында. Ол топырақтың 60 см қабатын ылғалмен қамтамасыз ететін есеппен белгіленеді және механикалыққұрамына, топырақ көлеміне және кезекті суару алдындағы ылғал қорына байланысты.

5-сурет. Жоңышқа дақылының өнімділігі




6-сурет. 1 ц жоңышқа өнімділігіне жұмсалған су мөлшері
2012 жылы жоңышқа дақылының маусымдық суару мөлшері 1 га шаққанда 8200 текшеметрге жеткен (4-сурет). 1 центнер жоңышқаны өндіруге кеткен су мөлшері 1982 жылдары 102 текше метр болған, ал соңғы жылдары ол көрсеткіш 324 текше метрге дейін көтерілген (6-сурет). Сонымен қатар жоңышқаның өнімділігі де төмен. 1980-1990 жылдары 1 гектардан алынған жоңышқа шөбі 40-50 центнер болса, 2012 жылы ол 25 центнерге төмендеген (1-кесте, 5-сурет). Демек, бұл кезеңде облыс ауылшаруашылығы мамандары және сушылар жоңышқаны өсіру, өңдеу жұмыстарына тиісті мән бермеген. Шаруашылықтарда жоңышқаның суару мөлшері 2500-2800 м3/га шамасында болып отыр. Жаз бойы бұл дақылға 2-3 суарым ғана беріледі. Суару мөлшерінің жоғары болуы суару әдісінің кемшілігінде, өйткені бұл дақыл көлдетіп суару әдісімен ылғалданады.

Үшінші бөлімде Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының режимі қарастырылған.

Жер асты сулары жер бетінен әртүрлі тереңдікте орналасады. Кей жерлерде жер бетіне шығып, топырақты сазға айналдырса, кей жерлерде жер бетінен 1-3 метр тереңдікте орналасып, ауылшаруашылық дақылдарын сумен қамтамасыз етеді. Осы тереңдіктерде орналасып, бірақ құрамындағы тұз мөлшері шамадан тыс жоғары болса, топырақтың сортаңдану қаупі туады. Ондай жағдайда жер асты суларының деңгейінің көтерілмеуіне қарсы шараларды (сапалы суару, танаптық орман жолақтарын отырғызу, дренаж қолдану және т.б.) қолдану қажет.

Күріш егілетін суармалы алқаптардың жер асты су деңгейлерінің ерекшеліктері негізінен су жүйелеріне және күріш егілетін алқапқа судың келуіне байланысты. Жер асты суы каналдарға су толғаннан соң топырақ фильтрациясы арқылы жоғары көтеріледі, ал жер асты суының төмен түсуі топырақ құрамында ылғалдың булану процестері, қашыртқы арқылы жер асты суының төменгі бағытқа, яғни өзенге қарай жылжуынан болады.

Сондықтан да жер асты су деңгейінің өзгерістері екі мезгілде жүреді:

- жер асты су деңгейі күріш алқаптарына су беру үшін каналдарға су толып аққан кезде;

- күріш алқаптарында су тартылып каналдармен қашыртқы жүйелерінде су болмаған жағдайда жер асты су деңгейі төменгі қалыпта болады.

Осы айтылған жұмыстарды атқару үшін «Қызылорда гидрогеологиялық – мелиоративтік экспедициясы» балансында 1371 жер асты су деңгейін өлшейтін жер асты скважиналары бар. Соның ішінде Қызылорда суармалы алқабы бойынша: Қызылорда қаласында – 120 дана, Сырдария ауданында – 307 дана, Жалағаш ауданында – 279 дана, Қармақшы ауданында - 171 дана скважина бар.

«Қызылорда гидрогеологиялық – мелиоративтік экспедициясы» мамандары жер асты суының өзгеру бағыттарын тексеру мен қатар олардың тұздылығын да лабораториялық жолмен бақылап отырады.

Суармалы жердің мелиоративтік жағдайының негізгі көрсеткіші жер асты суының деңгейін өлшеу және судың химиялық жағдайын анықтау болып табылады. Жер асты судың зертханалық көрсеткіштері әлсіз тұздылық көрсеткіштерге ие, яғни 1,4 г/л – 30 г/л – ге дейін көтеріледі. Жер асты суының көтерілуі егістік жерлердің суға бастырылуына байланысты болса, оның минерализациясының өзгерісі мелиоративтік жердің нашар жерінде байқалады.

Қызылорда суармалы алқабында суармалы жерлердің жер асты су деңгейінің орташа тереңдігі қыс айларында 2,65 метр, сәуір – қазан аралығында 1,68 метр болды (2-кесте). Суармалы жерлердің жер асты су деңгейі жер бетіне көтерілу мерзімі сәуір айының соңында, егістік жерлерге қарықтар арқылы су келу мерзіміне сәйкес келеді. Жер асты су деңгейі жер бетінен 80-100 см тұрған жағдайда осы кезеңде ылғал мол көлемде буланады да, жер асты суларындағы тұздар топырақтың беткі қабатына жиналады. Осыған байланысты топырақ қатты сортаңданып, дақылдар өнімділігі төмендеп, суармалы алқап пайдаланудан шығып қалуы мүмкін. Суармалы егіс топырағының жоғары сортаңды көлемінің өсуі жер асты суының деңгейінің көтерілуімен байланысты.

Суармалы жерлерде орналасқан скважиналар арқылы жер асты су деңгейін анықтау барысында шаруашылықтардың суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлық деп табылса, кейбір шаруашылық жерлерінде ой және биік болуына байланысты топырақтың механикалық құрамы өзгерісі байқалады.

Қызылорда қаласы Абай шаруашылығының суармалы жерлерінің жер асты су деңгейі наурыз айында 2,19 м, сәуір айында 2,07 м, маусым айында 1,9 м болды, ылғал мол кезде жер асты суы жер бетінен 190 см тереңдікте жатты. Жалағаш ауданы Еңбек шарушылығында орташа жер асты су деңгейі наурыз айында 2,83 м, сәуір айында 2,65 м, маусым айында 1,69 м, бұл шаруашылықта ылғал мол кезде жер асты суы жер бетінен 169 см тереңдікте болды. Сырдария ауданы Н. Илясов шаруашылығында орташа жер асты су деңгейі наурыз айында 2,60 м, ал сәуір айында 2,65 м, маусым айында 1,70 м тереңдікте болды, мұнда ылғал мол кезде жер асты суы жер бетінен 170 см тереңдікте жатыр. Ал Қармақшы ауданы Жаңажол шаруашылығында орташа жер асты су деңгейі наурыз айында 1,91 м, сәуір айында 1,82 м, маусым айында 1,67 м болды, мұнда ылғал мол кезде жер асты суы жер бетінен 167 см тереңдікте жатыр (3-кесте).

Салыстыра келе Жаңажол шаруашылығында басқа шаруашылықтарға қарағанда жер асты суы жер бетіне жақын жатыр деуге болады. Осы мәліметтерге қарап, алдағы 10-15 жылда егіс алқаптарында жер асты су деңгейі 90-100 см тереңдікте жататын болса, сәуір – қазан аралығында ылғал мол көлемде буланады да, жер асты суларындағы тұздар топырақтың беткі қабатына жиналып топырақ сортаңдануына әкеп соғады (7, 8-суреттер).

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын толық зерттеу үшін инженерлік тұрақты гидрогеологиялық жер асты скважиналары арқылы су деңгейін өлшеп, олардан химиялық анализдер алу үшін үлгілер алу жердің мелиоративтік жағдайының бір факторы болады. Жер асты суының химиялық құрамын анықтау егіс егілгенге дейін (наурыз), вегетациялық дәуір кезінде (маусым) және егінді жинағаннан кейін (қазан) жүргізіледі.

Жер асты скважиналары арқылы жер асты суы деңгейін өлшеу көрсеткіштері және сол құбырлардың химиялық тұздылық көрсеткіштері арқылы жер асты су деңгейі картасы жасалынады. Бұл жұмыстар әр шаруашылықтарда және аудан бойынша қорытынды есеп материалдарына енгізіледі.

Негізінен жер асты суының тұздылық ерекшелігінің өзгерісі жер қыртыстарындағы қабаттарының токсикологиялық бөліктері ирригациялық су жүйелерінің әсер етуінің арқасында болады.

Қызылорда суармалы алқабында жер асты суының минерализациясы наурыз айында 2006 жылы 5,53 г/л болса, 2010 жылы бұл көрсекіш 4,87 г/л

2-кесте. Қызылорда облысы бойынша суармалы алқаптардағы орташа жер асты су деңгейлері



(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)

Айлар

Жылдар

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010


Наурыз

2,50

2,63

2,68

2,49

2,56

2,61

2,56

2,49

2,55

2,26

2,30

2,49

2,50

2,51

2,83

2,90


Сәуір

2,51

2,60

2,49

2,40

2,33

2,37

2,30

2,31

2,29

2,20

2,07

2,68

2,60

2,66

2,75

2,90


Маусым

1,70

1,50

1,49

1,54

1,48

1,57

1,56

1,64

1,61

1,62

1,50

1,57

1,50

1,69

1,67

1,73


Орташа

2,23

2,24

2,22

2,14

2,12

2,18

2,14

2,15

2,15

2,03

1,96

2,25

2,2

2,29

2,42

2,51

7-сурет. Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының өзгеруі

(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)
3-кесте. Қызылорда суармалы алқабының жер асты суының орналасу деңгейі

(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)



Аудандар

Жер асты ыза су деңгейі, м

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жалағаш

2,98

2,90

2,81

2,63

2,37

1,81

1,42

1,27

1,72

2,66

2,91

2,93

Сырдария

2,83

2,90

2,90

2,76

2,51

1,76

1,66

1,90

2,72

3,12

3,34

3,50

Қызылорда

2,67

2,41

2,29

2,16

2,05

2,01

1,92

2,04

2,20

2,31

2,43

2,53

Қармақшы

2,15

2,10

2,01

1,90

1,85

1,76

1,75

1,82

1,92

2,06

2,12

2,17

Орташа

2,65

2,57

2,50

2,36

2,19

1,83

1,68

1,75

2,14

2,54

2,70

2,78


8-сурет. Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының жыл көлеміндегі өзгеруі

(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)


болды. Маусым айында 2006 жылы 4,53 г/л, 2010 жылы бұл көрсекіш 6,85 г/л болды. Қазан айында 2006 жылы 4,52 г/л, 2010 жылы бұл көрсекіш 5,25 г/л болды, маусым – қазан айларында жер асты суының минерализациясы соңғы 4 жылда 2,5-3 есеге көтерілген (4-кесте, 9-сурет).

Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтері бойынша Қызылорда қаласы Абай шаруашылығының жер асты суының тұздылық көрсеткіштері наурыз айында 1,8 г/л, маусым айында 2,21 г/л, қазан айында 2,66 г/л көтерілген. Сырдария ауданы Н.Ильясов шаруашылығының жер асты суының тұздылық көрсеткіштері наурыз айында 1,59 г/л, маусым айында 1,83 г/л, қазан айында 1,63 г/л көтерілген. Жалағаш ауданы Еңбек шаруашылығының жер асты суының тұздылық көрсеткіштері наурыз айында 12,76 г/л, маусым айында 5,42 г/л, қазан айында 9,99 г/л көтерілген. Қармақшы ауданы Жаңажол шаруашылығының жер асты суының тұздылық көрсеткіштері наурыз айында 4,23 г/л, маусым айында 4,43 г/л, қазан айында 4,77 г/л көтерілген. Осы аудандардың көрсеткіштерін талдай келе, Жалағаш ауданы Еңбек шаруашылығының жер асты суының тұздылығының ең жоғары екенін көруге болады, яғни осы шаруашылықтың суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайы нашар деуге болады.

4-кесте. Қызылорда суармалы алқабының 2006 -2010 жылдардағы жер асты суларының минерализациясы



(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)

Аудандар

Жер асты су тұздылығы, г/л

Наурыз

маусым

қазан

2006

2007

2008

2009

2010

2006

2007

2008

2009

2010

2006

2007

2008

2009

2010

Жалағаш

8,50

12,86

6,98

14,20

7,74

4,92

6,86

6,89

9,71

8,68

5,74

8,42

8,59

10,14

8,52

Сырдария

4,50

5,60

4,65

3,11

3,75

4,84

4,07

4,88

4,91

6,35

4,80

3,90

4,13

4,77

6,02

Қызылорда

4,52

3,19

3,27

3,88

4,03

3,62

3,44

1,99

2,99

6,46

3,23

2,09

4,22

2,89

2,64

Қармақшы

4,59

3,00

4,99

3,67

3,97

4,76

4,27

4,51

5,48

5,91

4,33

4,63

6,20

4,53

3,82

Орташа

5,53

6,16

4,97

6,21

4,87

4,53

4,66

4,56

5,77

6,85

4,52

4,76

5,78

5,58

5,25

9-сурет. Қызылорда суармалы алқабының 2006-2010 жылдардағы жер асты суының минерализациясы

(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтерінен)

Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мәліметтеріне бойынша, Қызылорда суармалы алқабында ыза су деңгейі 1994-2010 жылдар аралығында 2,23-2,51 м көтерілген және оның минерализациясы соңғы бес жылда 5-6 г/л жоғарылаған. Жер асты суының булануы төмендегі формуламен анықталады:



мұндағы:  – ылғалдың ең жоғары булануы, Қызылорда облысы жағдайында 1345 мм тең. - ыза судың алмағайып тереңдігі, Қызылорда суармалы алқабында 3 метрге тең (5-кесте, 10-сурет).

Қызылорда суармалы алқабында жер асты суының булануынан суармалы алқап топырағында жиналған тұздың мөлшері есептеулер нәтижесінде 2006-2010 жылдар аралығында 0,56 пайыздан 1,15 пайызға дейін жоғарылағанын көруге болады (11,12-суреттер). Сондықтан суармалы алқаптарда жер асты суын 0,5-0,7 метрге дейін төмендету қажет.

5-кесте. Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының булануы


Жылдар

Ылғалдың ең жоғарғы булануы, мм

Ыза судың алмағайып тереңдігі, м

Жер асты ыза су деңгейі,

м


Жер асты суының булануы,

м3/га



1994

1345

3

2,23

3457

1995

-

-

2,24

3416

1996

-

-

2,22

3497

1997

-

-

2,14

3860

1998

-

-

2,12

3954

1999

-

-

2,18

3685

2001

-

-

2,14

3860

2002

-

-

2,15

3820

2003

-

-

2,15

3820

2004

-

-

2,03

4358

2005

-

-

1,96

4667

2006

-

-

2,25

3362

2007

-

-

2,20

3591

2008

-

-

2,29

3188

2009

-

-

2,42

2609

2010

-

-

2,51

2206



10-сурет. Қызылорда суармалы алқабындағы жер асты суының булануы

11-сурет. Жер асты суының булануынан суармалы алқап топырағында жиналған тұз қоры



12-сурет. Жер асты суының булануынан суармалы алқаптың топырағының қабатында 2006-2010 жылдары жиналған тұз мөлшері




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет