«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда



бет6/17
Дата28.04.2016
өлшемі3.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда

және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
______________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасына

қосымша


Ауданның коды__________
Қазақстан Республикасы
__________________ облысы (қаласы)

бойынша
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон

департаменті
Өтiнiш
Азамат (ша) ____________________________________________________
                              (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

туған күнi: ______ ж. «_____»________________

ЖСН: ___________________________________________________________

жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

құжат сериясы: __________ құжат нөмірі ___________ кім берген:________

берілген күні: ______ ж. «_____»________________

тұрғылықты жерінің мекенжайы: _______________________________________

облыс ____________________________________________________________

қала (аудан) __________________ ауыл: ____________________________

__________________________ көше (шағынаудан) ______ үй ______ пәтер

Банк деректемелері:

банктің атауы ______________________________________________________

банк шотының № ____________________________________________________

шот түрі: ағымдағы, карточкалық шот (қажеттінің астын сызу)


Маған _______________________________________________________ (жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі; мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы: болдым/болған жоқпын (қажеттінің астын сызу);

Қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы: болды/болған жоқ (қажеттінің астын сызу).
Ескертпе:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екенім туралы маған хабарланды.

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы орталықтың бөлімшесіне 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:




Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2









Төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны __________ ұялы телефон ______________ Е-mail ____________


Өтініш берілген күн 20__ж. «___»________ Өтініш берушінің қолы_________
----------------------------------------------------------------------------------------------------(қию сызығы)

Азамат (ша) ___________________________________ өтiнiшi №______тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күн _____________.


Азамат (ша) __________________________________ өтiнiшi қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20 __ ж. «___» ________
(қызметті алу күні өтінішті орталық бөлімшесінде тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні): 20 __ ж. «___» _____________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжат (құжаттар) жоқ екені анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

__________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы)
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы орталықтың бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді ________ өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы.


_______________________

Жоба


«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға немесе ХҚО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. ЗТМО немесе ХҚО-ға өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

ЗТМО немесе ХҚО жіберген қателер анықталған кезде – қателіктерді түзету үшін 5 (бес) жұмыс күніне және мемлекеттік қызмет тағайындау туралы шешім қабылдау үшін 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;

порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жәрдемақылар тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама;.

порталда – жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады;

3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ЗТМО-ға не ХҚО-ға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:

мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4) белгіленген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме.

Бұдан басқа, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:


1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектігінің себепті байланысын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық сараптама кеңесінің шешімі;

2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

3) госпиталь берген ауруы туралы куәлігі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігі;

5) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгендігін растайтын құжат;

6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат ұсынылады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4) асыраушының қайтыс болғандығы туралы куәлік не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі.

Бұдан басқа, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) асырауында болған адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаты (туу туралы, неке, некені бұзу, әкелікті (аналықты) анықтау туралы куәліктер және басқалары);

2) егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;

3) қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжат;

4) оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы анықтамасы (жыл сайын оқу жылы басталғанда беріледі);

5) қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) әскери билеті немесе әскери қызметті өткеруі туралы анықтама;

6) әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.

Қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын, сіңлілерін немесе немерелерін бағып-күтумен айналысатын азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еңбек қызметінің тоқтатылғанын растайтын еңбек кітапшасы (көшірмесі еңбек кітапшасының түпнұсқасымен жыл сайын салыстырып тексеріліп отырады);

2) адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы салық органының анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);

Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат.

Жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) зейнетақы және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігін растайтын құжат;

Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат ұсынылады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының, мүгедектігі туралы анықтама, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, неке қию туралы куәліктің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), көшірмелерін, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да –тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:



2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО, ХҚО басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
____________________________________

«Мүгедектігі бойынша,

асыраушысынан  айырылу жағдайы

бойынша және жасына байланысты

мемлекеттік әлеуметтік

жәрдемақыларды тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандарты жобасына

қосымша

Ауданның коды__________


Қазақстан Республикасы
__________________ облысы (қаласы)

бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон

департаменті
Өтiнiш
Азамат (ша) _____________________________________________________
                              (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

туған күнi: ______ ж. «_____»________________

ЖСН: _____________________________________________________________

жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ___________________________

құжат сериясы: __________ құжат нөмірі ___________ кім берген:________

берілген күні: ______ ж. «_____»________________

тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________________________

облыс ___________________________________________________________

қала (аудан) __________________ ауыл: ____________________________

__________________________ көше (шағын аудан) ______ үй ______ пәтер

Банк деректемелері:

банктің атауы ______________________________________________________

банк шотының № __________________________________________________

шот түрі: ағымдағы, карточкалық шот (қажеттінің астын сызу)


Маған _______________________________________________________ (жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі; мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын (қажеттінің астын сызу);

қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болды/болған жоқ (қажеттінің астын сызу).
Ескертпе:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы орталықтың бөлімшесіне 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2









Төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін


Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны __________ ұялы телефон ______________ Е-mail ____________


өтініш берілген күн 20__ж. «__»_______ Өтініш берушінің қолы__________
----------------------------------------------------------------------------------------------------(қию сызығы)

Азамат (ша) _____________________________________ өтініш № _____ тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күні _____________.

Азамат (ша)_____________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20 __ ж. «___»______
(қызметті алу күні өтінішті Орталықта тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні): 20 __ ж. «___» _____________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжат (құжаттар) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

__________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы орталықтың бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді _____ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)


__________________________

Жоба


Каталог: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> proety gos uslug
kanat-korda -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
kanat-korda -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
kanat-korda -> Хабарландыру
kanat-korda -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
kanat-korda -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2013 жылғы 1-28 ақпан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> Үзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
kanat-korda -> Выписка о награждении многодетных матерей подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» постановляю
proety gos uslug -> «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
proety gos uslug -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет