«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 3.13 Mb.
бет7/17
Дата28.04.2016
өлшемі3.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> proety gos uslug
kanat-korda -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
kanat-korda -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
kanat-korda -> Хабарландыру
kanat-korda -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
kanat-korda -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2013 жылғы 1-28 ақпан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> Үзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
kanat-korda -> Выписка о награждении многодетных матерей подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» постановляю
proety gos uslug -> «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
proety gos uslug -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер


  1. «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

2) мемлекеттік арнайы әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) күн жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға немесе ХҚО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

ЗТМО немесе ХҚО жіберген қателер анықталған кезде – қателіктерді түзету үшін 5 (бес) жұмыс күніне және мемлекеттік қызмет тағайындау туралы шешім қабылдау үшін 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;

порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен кезден бастап 30 минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жәрдемақылар тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

порталда – мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:



  1. ЗТМО – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;



  1. ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ЗТМО-ға не ХҚО-ға:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4) еңбек кітапшасы;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайын растайтын ұйымның анықтамасы;

6) білімі туралы құжат;

7) әскери билет немесе аудандардың және қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;

8) балалардың тууы туралы куәліктері (немесе тууы туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:

жеке куәлігі;

неке туралы куәлік (азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;

балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;

балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе тіркегені туралы анықтама).

Ұйым таратылған жағдайда, мұрағат директоры мен мұрағатшының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылған, жұмыс орны, атқаратын лауазымы, кәсібі, жұмыс кезеңдері, мұрағат ісінің нөмірі, оның беттері көрсетіліп мұрағат анықтамасы ұсынылады.

Мұрағаттық құжаттар болмаған кезде жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың № 1, 2 тізімдерге сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді;

10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;

11) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат ұсынылады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатының, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, неке қию туралы куәліктің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), көшірмелерін, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді;

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:

ЗТМО-да – тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш:



2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдануы туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні көрсетіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ЗТМО, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ЗТМО, ХҚО басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға берілген жауап пен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармақтын 2) тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz, «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
___________________________________

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасына

1-қосымша
Ауданның коды__________
Қазақстан Республикасы
____________________облысы (қаласы) бойынша
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті
Өтiнiш

Азамат (ша)_______________________________________________________


                              (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Туған күнi: _____ж. «_____»_________________________________________

ЖСН _____________________________________________________________

Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ____________________________

құжат сериясы: __________ құжат нөмірі: ________ кім берген:___________

берілген күні __ ж. «_____»________________

тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________________________

облыс _____________________________________________________________

қала (аудан)__________________ ауыл _________________________________

көше (шағынаудан) _______________________ үй ___ пәтер_______________

Банк деректемелері:

банктің атауы ____________________________

банк шотының №__________________________

шот түрі: ағымдағы, карточкалық шот (қажеттінің астын сызу)


Маған __________________________________________________

(жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі; мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы: болдым/болған жоқпын (қажеттінің астын сызу);

қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы: болды/болған жоқ (қажеттінің астын сызу).


Ескертпе:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы адамдардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы орталықтың бөлімшесіне 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2









Төлемдерді тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны____________ұялы телефон_________Е-mail _______________


Өтініштің берілген күні__________ Өтініш берушінің қолы_____________
----------------------------------------------------------------------------------------------------

(қию сызығы)

Азамат (ша)_________________________________ өтiнiшi №______тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күні _____________.

Азамат (ша)______________________________________өтініш қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеген күн 20__ ж. «____» ______

(қызметті алу күні өтінішті орталықтың бөлімшесінде тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні): 20 __ ж. «____»___________________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжат (құжаттар) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.

_______________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы)


Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы орталық бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді ______өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы.


_____________________________________

«Мемлекеттік арнайы

жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасына
2-қосымша
М.O. ___________
       (ұйым)

20 ___ж. «___» ________  

                               

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшiн

жұмыстың сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын
АНЫҚТАМА

 Азамат (ша) ____________________________ ол 20 __ «__» ________ -нан

(тегі, аты, әкесінің аты)

(-нен)_______-на, ________ (-не) дейiнгi кезеңде жыл ______ай _________күн

(толық, толық емес жұмыс күнi) _____________________________________


  (ұйымның атауы)

 № __ тiзiм _____ бөлiмiнiң ______тармағында көзделгендей, еңбек


жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және ауыр (ерекше ауыр) ____жыл
______ ай ________ күн, оның iшiнде _____ ж.__ ______-нан (-нен)
_____ж._________-на (-не) дейiн

________________________________________________________________      (кәсiптiң, лауазымның атауы)

жұмыс iстегенi жөнiнде берiлдi.

негiздеме: _______________________________________________________


(бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары, дозиметрия журналдары және т.б.)
 
_____ж._____________-нан (-нен). ____ж. _____________-на (-не) дейiн
 
____________________________________ жұмыс iстегенi жөнiнде берiлдi.

негiздеме: _______________________________________________________ (бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары, дозиметрия журналдары және т.б.)


 
_____ж._____________-нан (-нен). ____ж. _____________-на (-не) дейiн
 
___________________________________ жұмыс iстегенi жөнiнде берiлдi.

  (кәсiптiң, лауазымның атауы)

негiздеме: _______________________________________________________
(бұйрықтар, есеп ведомостерi, түсiру журналдары, дозиметрия журналдары және т.б.)
 
_____ж._____________-нан (-нен). ____ж. _____________-на (-не) дейiн
____________________________________ жұмыс iстегенi жөнiнде берiлдi.

(кәсiптiң, лауазымның атауы) 

М.О.  Кәсiпорын басшысы ____________       ______________
                          (Т.А.Ә.)               (қолы)
____________________________________

Жоба


«Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

2) еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО).


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұсынылған құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргізілген жағдайда, 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім қабылдаудың кешіктірілуі және шешім қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда хабарлануға тиіс.

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) ЗТМО-ға не ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ЗТМО-да не ХҚО-да:

еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.

Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

4) асыраушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

5) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қарым-қатынасын растайтын құжаттардың, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушы балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктердің көшірмелері;

6) отбасы мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтама (жыл сайын оқу жылының басында жаңартылады);

7) қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама (қажет болған кезде);

8) куәландыруды жүргізу және мүгедектік тобын белгілеу туралы мәліметтер (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда);

9) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер.

Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы;

4) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

ЗТМО-да:

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1 көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтама (анықтамалар);

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін қосымша:

1) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2) салық органдары берген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салыстырып тексеру актісі;

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) баланың (балардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

6) бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің үзінді көшірмесі;

7) бір жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық белгіленген жағдайларда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешімінің көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттардың, баланың (балалардың) туу туралы куәлiктерінің көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да – тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжатты қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет