Балалар біз ғарыш әлемі туралы сабақты жалғастырамыз. Әңгімелеу



жүктеу 25.89 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі25.89 Kb.
Мақсаты: ғарыш әлемі, ғарыш айлағы- Байқоңыр туралы білім беру, оның құпия сырларына деген қызуғышылықтарын арттыру. Нағыз достарды тани және бағалай білуге тәрбиелеу.

алдын-ала жұмыс (ата-аналарға хат жолдау).

Құрметті ата-аналар!

Бізге сіздердің көмектеріңіз өте қажет болып тұр! Бүгін кешке балаңызбен бірге 5-10минутқа далаға шығып, түңгі аспанды, ай, жұлдыздарды көріп, қысқаша әңгімелесулеріңізді сұраймыз. Біз балаларды"Ғарыш әлемімен" таныстырамыз. алдын ала көп рахмет.

Жылулық шеңбері.

-Құрметті оқушылар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан тәртіп сақтап, сұрақтара дұрыс жауап беруге тырысайық. Ең алдымен сабағымызды амандасудан бастайық. Ал, балалар шеңбер құрып тұрайық. Балалар біздің тұратын жеріміз "Жер планетасы" деп аталады екен. Көгімізде әдемі аспан бар. Ол аспан әлемі- ғарыш. Біз жер планетасында өте тату – тәтті өмір сүреміз. Мейірімді достарымыз, қане бәріміз Жерімізбен, Аспанымызбен, бір-бірімізбен амандасайықшы!

Амансыңба, Алтын күн!

Амансыңба, Жер ана!

Амансыңба, Көк аспан!

Амансыңба, достарым!

Сендерді көргенде қуанам!

Балалар бір-біріне гүл сыйлайды.



-балалар біз ғарыш әлемі туралы сабақты жалғастырамыз.

Әңгімелеу.

-Балалар, аспанға біз ұшақпен ұшамыз. Ал ғарыш әлеміне ұшатын кемені зымыран деп атаймыз. Ғарыш кемесі ұшатын орынды біз ғарыш айлағы дейміз. біздің ғарыш айлағы ,Байқоңырда орналасқан. (Қазақстанның картасынан Байқоңырды көрсету).

Ғарыш әлеміне алғаш рет 1961ж 12 сәуір күні Юрий Гагарин ұшты. Сондықтан, балалар 12 сәуір күнін біз ғарыш күні деп атаймыз.

Біздің Қазақстаннан ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Олар біздің мақтанышымыз. Балалар, бүгін бізге ғарыш әлеміндегі зымыраннан тапсырмалар салынған конверттер келді. Ғарышкерлердің тапсырмаларын орындап көрейік.

Ал балалар, бізге неше тапсырмалар келді?- үш.

Бірінші конверттер келді.

- мынау қандай сан?- Бір.

- жұлдыздардың түсі қандай?- қызыл.

- конверттің түсі қандай?- Сары

тапсырма: Қазақстанның президенті кім? Ту, Елтаба турлы не білесіңдер? Отан туралы кім тақпақ біледі?

Балалар: Қазақстанның президенті Н.Назарбаев. ту көк түсті ол көк аспанды білдіреді. Елтаңба сары түсті, ол күннің көзін білдіреді.

Отан

Отан-жерім,

Отан-суым,

Отан-қуат нәр береді.

Отан -ұран,

Отан- туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Екінші конвертті әкеледі.

- мынау қандай сан?- Екі.

- жұлдыздардың түсі қандай?- көк.

Тапсырма: "Көршіні тап" математикалық ойын.

Ойын шарты: сандарды рет-ретімен қою керек (балаларды тақтаға шақырып, сандарды рет-ретімен қоюға көмектесу.)



Сергіту сәті.

Біз не білдік?

- ғарышқа ұшу үшін көп оқу керек! Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңырда орналасқан.

- Ал, балалар, сендер өте дұрыс жауап бердіңдер, ғарышкер ағалар өздеріңе арнайы сыйлықтарын жіберді, мен сол силықтарды сендерге үйлестірейін. (балаларға және қонақтарға сыйлық тарату).

Қоштасу рәсімі.

Аспан болсын көгілдір,

Жайнай берсін бұл өмір.



Ақ тілектер самғасын,

Бар адамзат шаттансын!


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет