«Балаларға Ислам туралы» сериясы Бірқұдайшылық Бірінші оқу жылына арналған оқу құралы Бірінші кітап



жүктеу 337.45 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі337.45 Kb.
: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!»
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)
«Балаларға Ислам туралы»

сериясы

Бірқұдайшылық


Бірінші оқу жылына арналған оқу құралы
Бірінші кітап

Араб тілінен аударған:

Дамир Хайруддин

хижраның 1431 жылы/2010 жыл


Қазақ тіліне орыс тілінен аударған

Ілияс Сырым

хижраның 1432 жылы/2011 жыл

بسم الله الرحمن الرحيم


Аса Мейірімді, мұсылмандарға ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!


БІРІНШІ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
ӘРБІР АДАМ НЕНІ БІЛУГЕ МІНДЕТТІ
____________________________________________________



Сұрақ: Раббың кім? 

Жауап: Раббым – Аллаһ!

Сұрақ: Дінің – қай дін? 

Жауап: Дінім – Ислам!
Сұрақ: Пайғамбарың кім?

Жауап:  Пайғамбарым – Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).1
II
____________________________________________________

ЖАТТЫҒУ
____________________________________________________




Бос орындарды тиісті сөздермен толтырыңдар:

Раббым - .........................


Дінім - .........................


Пайғамбарым - ..........................




III
____________________________________________________

ТАПСЫРМА
____________________________________________________



Мына таңертең айтылуға тиісті Аллаһты еске алу сөздерін естеріңе сақтаңдар:
نبياً وبمحمد،اًيند اموبالإسل ، رباً بالله رضيت


"Радыйту би-Лляһи Раббән, уә би-ль-ислями динән уә би-Мухаммадин набийян".
Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2


IV
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Балаларға Аллаһ Тағаланың адамдардың үстінен ұлықтығын түсіндіріңіз, өйткені Ол оларды жоқтан бар етіп жаратты және сансыз нығметтер берді, ал адамдар сол нығметтерді тек Жалғыз Оған ғана құлшылық ету үшін пайдаланулары керек;

Аллаһтың Өз құлдарына деген Мейірімі туралы баяндап беріңіз, өйткені Ол оларға Мұхаммад есімді (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Өзінің елшісін жіберді. Кім Кім Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнса, сол бұл дүниеде де, қайтыс болғаннан кейінгі өмірде де жетістік пен бақытқа ие болады;

Аллаһ Тағала Өзінің құлдары үшін қош көріп, ұнатқан Ислам дінінің ұлықтығын түсіндіріңіз. Өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой:

  




Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым”. («әл-Маида» сүресі, 3-аят) 

Оқушылардың жүректеріне Исламды қадірлеудің өскіндерін салыңыз.

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға әрбір адам нені білуі керек екенін түсіндіру;
2- Оқушыларды Ислам дінін сүюге, құрметтеуге иландыру.

ЕКІНШІ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
РАББЫМ - АЛЛАһ
____________________________________________________


Сұрақ: Раббың кім?



Жауап: Раббым – Аллаһ.

Сұрақ: Аллаһ қайда?


Жауап: Аллаһ көктердің (аспандардың) үстінде.
Сұрақ: Кім сені жаратып, Өз нығметтерімен өсірді?


Жауап: Мені жаратқан және Өз нығметтерімен өсірген – Аллаһ.

II
____________________________________________________


ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП
____________________________________________________


Сұрақ: Раббың кім? 

Сұрақ: Аллаһ қайда? 

Сұрақ:  Кім сені жаратып, Өз нығметтерімен өсірді?

III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Аллаһтың көктердің (аспандардың) үстінде екеніне Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ қайда?» - деген сұрағына: «Көктердің (аспандардың) үстінде», - деп жауап берген күң қыз туралы хадис шариғи дәлел болып табылады. («Сахих» Муслим, № 5308);

«Аллаһ мені Өз нығметтерімен өсірді» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Ол: «Аллаһ мені ішкі және сыртқы нығметтермен нығайтты. Сыртқы нығметтерге қауіпсіздік, денсаулық және аман-есендік жатады. Ішкі нығметтерге иман және тура жолмен жүргізу (хидая) жатады; 
Оқушылардың жүректеріне Аллаһтың ұлылығын салуға тырысыңыз.

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушылардың Аллаһ Тағаланы ұлықтауға деген ұмтылыстарын тудыру;
2- Оқушыларға Аллаһ Өзінің жаратылыстарының үстінде екенін түсіндіру:

3- Аллаһтың Өз жаратылыстарына берген кейбір нығметтері туралы оқушылардың естеріне салу.

ҮШІНШІ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
РАББЫ ТУРАЛЫ БІЛУ
____________________________________________________



Мен Раббым туралы Оның белгілері (аяттары) арқылы және Оның жаратылыстары арқылы білемін, мысалы: түн, күндіз, көктер мен жер.



Аллаһ маған өмір берді, кейін Ол маған өлім береді, әрі Оған қайта ораламыз.


II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


Сұрақ: Сен өзіңнің Раббың туралы не арқылы білесің?

Сұрақ: Кім саған өмір берді және кім саған кейін өлім береді?

III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Оқушыларға Аллаһ Тағаланың басқа да істерін атап көрсетіңіз! Мысалы, жаңбыр жаудыру, өсімдіктерді өсіру, дұға-тілектерге жауап беру, қайғы мен ауыртпашылықтардан құтқару;

Оқушыларды Аллаһтың белгілері мен Оның жаратылыстары жайлы ой құруға ынталандырыңыз;

Аллаһқа қайту (нушур) сөзінің мағынасын түсіндіріп беріңіз. Ол қайтыс болғаннан кейін өз істеген амалдарына есеп беру үшін және оларға не сый, не жаза алу үшін қайта тірілу;

Оқушылардың жүрегіне өлімнен кейін қайта тірілуге деген сенімді салуға тырысыңыз.
Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушылардың саналарына Аллаһтың кейбір белгілерін (аяттарын) салу;

2- Оқушыларды Аллаһтың белгілері және Оның жаратылыстары жайлы ой құруға ынталандыру;

3- Оқушыларға адамдар қайтыс болғаннан кейін, Аллаһ Тағала оларды істеген амалдарына есеп алу үшін және сый немесе жаза беру үшін қайта тірілтетінін түсіндіру.

ТӨРТІНШІ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
АЛЛАҺ – ЖАРАТУШЫ

____________________________________________________


Аллаһ мені және барлық адамдарды жаратты.


Аллаһ көктер мен жерді жаратты. 


Аллаһ түн мен күнді, Күн мен Айды жаратты.


II
____________________________________________________

ЖАТТЫҒУ
____________________________________________________



Бос орындарды тиісті сөздермен толтырыңдар:


1) ………………барлық жаратылыстарды жаратты. 


2) ………………көктер мен жерді жаратты. 


3) ………………Күн мен Айды жаратты. 


III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Оқушыларға жаратылғанның ұлықтығы олардың Жаратушысының ұлықтығына нұсқайтынын, сондықтан да тек Жалғыз Аллаһ қана ғибадат етуге лайықты екенін түсіндіріңіз;
 Оқушыларды Аллаһтың жаратылыстарының, мысалы, аспанның, жердің, ағаштардың ұлықтығы туралы ой қозғатуға тырысыңыз;

 Оқушылармен бірге Аллаһ Тағаланың басқа да жаратылыстарының мысалдарын келтіріңіздер;

 Оқушылар оларды жаратқан Аллаһ Тағаланың ұлықтығын сезінулері үшін, оларды Аллаһтың жаратылыстары туралы ой қозғауға ынталандырыңыз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушылардың санасына Аллаһ Тағаланың ұлықтығын кұю үшін, оларды Аллаһ Тағаланың жаратылыстары туралы ой қозғауға ынталандыру; 
2- Оқушыларға Аллаһ Тағаланың адамдарға деген мейірімін түсіндіру, өйткені Ол оларды жоқтан бар етіп жаратты. 


АЛЛАҺ – ЖАРАТУШЫ




Аллаһ тауларды, теңіздерді және талдарды жаратты. 


Аллаһ Тағала былай деп айтты:

         



«Аллаһ — барлық нәрсенің Жаратушысы. Ол – барлық нәрсенің Қамқоршысы». («Зүмәр» сүресі, 62 -аят) 

Сондықтан да мен барлық нәрсені Жаратқан Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге міндеттімін.


IV
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


1) Аллаһ жаратқан жоғарыда аталған үш нәрсені атаңдар!



2) Аллаһ — барлық нәрсенің Жаратушысы. Осы сөздерге шариғи дәлел келтіріңдер!



3) «Ол сондай Аллаһ, Күнді жарық, Айды нұр етіп жаратты». («Йунус» сүресі, 5-аят).



Келесі сөйлемдерді толықтырыңдар:


Күннің келтіретін пайдаларына мыналар жатады: …………………….




Айдың келтіретін пайдаларына мыналар жатады: ……………………….



V
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Оқушыларға тек Аллаһ қана жалғыз Жаратушы екенін түсіндіріп беріңіз;

Оқушыларға тек барлық нәрсенің Жаратушысы Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету керектігін түсіндіріңіз;

Оқушыларға кейбір жаратылыстардың, мысалы, теңіздер мен ағаштардың пайдасы туралы айтып беріңіз!

Бұл сабақтың мақсаты:

1- Оқушыларға Аллаһтың кейбір жаратылыстары туралы ескерту;

2- Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы екендігі туралы шариғи дәлелді оқушылардың естеріне салу;
3- Аллаһтың жаратылыстары туралы ой қозғауға оқушыларды ынталандыру.

БЕСІНШІ САБАҚ 




I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
АЛЛАҺТЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАРЫНДА КӨРІНІС ТАБАТЫН ОНЫҢ ҚҰДІРЕТІНІҢ КЕЙБІР МҰҒЖИЗАЛАРЫ



____________________________________________________


«Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен Пәксің, бізді От азабынан сақта!» Әли Имран» сүресі, 191-аят)


Қалайша Құдайға мойынсұнбаушылық танытуға болатыны таң қалдырады.

Және әрбір нәрседе Оның Жалғыз екендігіне нұсқайтын белгі бола тұра,

қалайша кәпір Жалғыз Оның бар екендігін теріске шығара алады!

Тек барлық нәрсенің Жаратушысы ғана Оған кұлшылық етуге лайықты!

II
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Оқушылар Аллаһтың жаратылыстарының ұлықтығын саналы түрде түсінулері үшін, оларға мұның түрлі қырларын ашып көрсетіңіз;
 Оқушыларға Аллаһтың белгілері туралы ой қозғау мұсылманның иманын, раббысы туралы білімін, Оған деген махаббатын және Оны құрметтеуін арттыратынын түсіндіріңіз;

 Оқытушы оқушыларға Аллаһ Тағаланың оларды қоршаған жаратылыстарының адамға және басқа да жаратылыстарға әкелер пайдаларын түсіндіре отырып, оларды осы жаратылыстар туралы ой қозғауға ынталандыруы қажет.

Бұл сабақтың мақсаты:



  1. Оқушыларға Аллаһтың жаратылыстарының ұлықтығының түрлі қырларын түсіндіру;



  2. Оқушыларды Аллаһтың белгілері мен Оның Жаратылыстары туралы ой қозғауға ынталандыру.


АЛТЫНШЫ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
АЛЛАҺ – РИЗЫҚ БЕРУШІ

____________________________________________________


Аллаһ аспаннан жаңбыр жаудырады.


Аллаһ бізге тамақ пен сусын береді.




Аллаһ бізге көру мен есту қабілетін берді.


II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


1) Сұрақ: Кім бізге тағам мен сусын берді? 

2) Келесі сөйлемдерді толықтырыңдар:

1- Мен ....................... нығметінің арқасында көру қабілетімді пайдалана аламын.

2- Мен ....................... нығметінің арқасында арқасында есту қабілетімді пайдалана аламын.
III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Оқушыларға жаңбырдың пайдасы туралы айтып берініз; 
Балалардың назарын суды ысырап етпей пайдалану қажет екендігіне аударыңыз;

Балалардың назарын тамақтың қалдықтарын арнайы орынға қою керектігіне бұрыңыз, өйткені бұл - Аллаһтың нығметтеріне шүкіршілік танытудың белгісі. Ал Аллаһтың нығметтері үшін шүкірлік ету олардың көбеюіне себеп болады, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Егер шүкіршілік етсеңдер, Мен сендерге бұдан да көбін сыйлаймын». («Ибраһим» сүресі, 7-аят);
Оқушыларға көру мен есту қабілеттерінен келетін ұлы пайдаларды көрсетіңіз;


Оқушылардың назарын Аллаһ бізге тамақ, сусын, есту және көру қабілеттері сияқты ұлы нығметтерді, Оған құлшылық етуге деген күш-қуатымыздың болуы үшін нәсіп еткеніне аударыңыз.

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушылардың естеріне Аллаһтың кейбір нығметтерін салу;

2- Оқушыларды Аллаһқа Оның берген нығметтері үшін шүкіршілік етуге ынталандыру. 



АЛЛАҺ – РИЗЫҚ БЕРУШІ

Аллаһ бізге денсаулық пен қауіпсіздік берді. 

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Шүбәсіз, Ол Аллаһ – Ризықтандырушы, Күш-қуат Иесі, Мықты». ( «әз-Зәрият» сүресі, 58-аят)




Сондықтан да мен маған барлық нәрсені берген Аллаһқа шүкіршілік етуім қажет!





II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


1) Сұрақ: Бізге барлық нәрсені берген кім? 

2) Мына суреттен Аллаһтың нығметтерінің ішіндегі екі нығметін ажыратып көрсетіңіздер!




3) Келесі сөйлемдерді толықтырыңдар:



Мұсылман адам Раббысына әрбір нығмет үшін шүкіршілік етеді және: «………………………..!» - деп айтады.




1) Егер Аллаһ жерге жаңбыр жаудырмаса, жер қандай күйде болады?


(………………………………………….........................................................)



2) Аллаһ жерге жаңбыр жаудырған кезде жер қандай күйде болады?
(…………………………………………........................................................)


III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


Оқушыларға тек Жалғыз Аллаһ Тағаладан ғана ризық сұрау қажет екендігін түсіндіріңіз; 
Оқушыларды Аллаһтан денсаулық пен қауіпсіздік сұрауға ынталандырыңыз;

Оқушыларды кез келген нығмет үшін «Әлхамду лиЛляһ!» («Аллаһқа мадақ!») деп айтуға ынталандырыңыз;
Аллаһтың нығметтерінің басқа да мысалдарын атап көрсетіңіз. Бұрын өмір сүрген салиқалы дін өкілдері былай деп айтатын: «Нығметтерді атау нығметтерді Сыйлаушының, Жоғары және Мақтаулының жақсы көруін шақырады».

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға Аллаһтың Ризық беруші екендігіне шариғи дәлелдерді атап көрсету;

2- Оқушыларды Аллаһ оларға беріп жатқан ұлы нығметтері үшін шүкіршілік етуге ынталандыру.

ЖЕТІНШІ САБАҚ 


I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
МЕН РАББЫМ – АЛЛАҺҚА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТЕМІН!



____________________________________________________



Мен мұсылманмын. Мен тек Аллаһқа ғана құлшылық етемін.

 

Мен мұсылманмын. Мен Аллаһты жақсы көремін және оған мойынсұнамын.






Мен мұсылманмын. Мен Аллаһтан қорқамын және оған бағынамын.
 


Мен мұсылманмын. Мен тек Аллаһқа ғана дуға етіп жалбарынамын және Онымен бірге ешкімге дұға етіп жалбарынбаймын. 




II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП
____________________________________________________


1) Сұрақ: Біз жалғыз кімге ғана құлшылық етеміз? 





2) Бос орындарды мына сөздермен толтырыңдар:
Жәннат, намаз, Құран, Аллаһ



1. Мұсылман адам тек ...................ғана дұға етіп жалбарынады.




2. Мұсылман адам ............................. қатаң түрде орындайды.





3. Мұсылман адам Аллаһтың разылығын алу үшін және ................. кіру үшін, ........................ көп оқиды.



III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Оқушыларға Аллаһ - Жаратушы, Ризық беруші, өмір Беруші, өлім Жіберуші және тек Ол ғана құлшылық етуге лайықты екенін түсіндіріңіз; 
Оқушыларға ғибадат-құлшылықтың намаз, ораза, дұға ету, құрбан шалу т.с.с. түрлерін ескертіңіз;
Оқушыларды Аллаһқа мойынсұну амалдарын жасауға ынталандырыңыз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларды тек Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге және Онымен бірге ешкімге құлшылық етпеуге ынталандыру;
2 – Оқушыларға құлшылықтың кейбір түрлерін атап көрсету;

3 – Оқушыларды Аллаһ Тағаланың ызасын келтіретін күнәларды жасаудан алдын ала сақтандырып ескерту;
4 – Оқушыларда Ислам дінін мақтаныш ету сезімін ояту.

СЕГІЗІНШІ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
ДІНІМ – ИСЛАМ! 

____________________________________________________


Мен мұсылманмын. Менің дінім – Ислам.

 


Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ақиқатында, Аллаһтың қасында шынайы дін – Ислам». («Әли Имран» сүресі, 19-аят)


 

Ислам – бұл: 

 

Аллаһқа ғана құлшылық ету, Оған мойынсұну, Оған бағынбаудан бас тарту және Исламнан басқа кез келген діннен аулақ болу.



II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________



1) Сұрақ: Дінің - қай дін? 




1) Оң жақтағы бағанадан сол жақтағы бағанада орналасқан тиісті сөздерге қарай сызықтар сызыңдар.




ИСЛАМ – БҰЛ:

КЕЗ КЕЛГЕН ДІННЕН АУЛАҚ БОЛУ ТЕК ҚАНА АЛЛАҺҚА

ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ БАҒЫНБАУДАН

БАС ТАРТУ ИСЛАМНАН БАСҚА



III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Исламның ерекше өзгешіліктерін атап көрсетіп, оқушыларға оның маңызын түсіндіріңіз және олардың жүректеріне осы ұлы дінге деген махаббаттың өскіндерін салыңыз;

  Исламды бекем түрде ұстану арқылы ғана Тозақтан құтылып, Жәннатқа кіруге болатынын оқушыларға түсіндіріңіз; 
 Оқушыларға Исламның бір бөлігі мұсылмандарға деген сүйіспеншілік пен кәпірлерге деген жек көрушілік, сондай-ақ кәпірлерге ұқсамау міндеттілігі болып табылатынын түсіндіріңіз.



Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға Исламның маңызын түсіндіру;
2- Оқушылардың бойына мұсылмандарға деген сүйіспеншілікті сіңдіру;
3- Оқушыларды көпқұдайшылықтан және көпқұдайшылардан сақтандыру.


ДІНІМ – ИСЛАМ

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ

және

Мухаммад – Аллаһтың елшісі» деген куәлікИсламның негізі



Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, Ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады». 

Әли Имран» сүресі, 85-аят)

Сөйтіп, мен мұсылманмын, әрі Исламнан басқа дінді қабылдамаймын!



II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________

1) Сұрақ:  Исламның негізі не? 



2) Мына сөйлемдердегі бос орындарды жақшадағы сөздердермен толтырыңдар: (Исламнан, Тозаққа) 

……………. басқа кез келген дін өтірік болып табылады.

Исламды ұстанбай өлген адам ………............. түседі.





3) Аллаһ Исламнан басқа дінді қабыл етпейді. Бұл сөзге шариғи дәлел келтіріңдер. 



4) Мұсылман адам иман куәлігін (шахада) айтатын кезді білдіретін сөздердің жанына белгі қойыңдар.

Азан айтқанда 

Тамақтанғанда 

Дәрет алып болған соң 

Түшкіргеннен кейін  




____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Муаз есімді сахабаны, оған Аллаһ разы болсын, Йемен тұрғындарына жібергенде, оларды ең бірінші шақыруға бұйырған нәрсесі «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» куәлігі болғаны баяндалатын хадиске нұсқаныз. (бұл хадисті әл-Бухари (№7372) және Муслим (№19) өздерінің «Сахих» жинақтарында келтірген); 
 Оқушыларға екі куәліктің ұлықтығын және маңызын, адам Исламға сол сөздерді айту арқылы алғаш кіретінін түсіндіріңіз;

 Жалған діндердің мысалдарын келтіріңіз: иудаизм, христиан, пұтқа табынушылық т.б.

 Исламнан басқа дінді ұстанып қайтыс болған адам Тозаққа түсетінін түсіндіріңіз.

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға Исламның негізін ескерту;
2- Оқушыларға Ислам дінін мақтаныш ету сезімін ұялату;

3- Исламнан басқа кез келген дін жалған екенін оқушыларға түсіндіру.

ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
ПАЙҒАМБАРЫМ – МУХАММАД 
(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!)




____________________________________________________

Пайғамбарым – Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб. 

Аллаһ оны барлық адамдарға жіберді. 





Аллаһ оны адамдарды тек Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шықыру үшін және олардың Аллаһтан басқа кез келген нәрсеге құлшылық етуден бас тартулары үшін жіберді.




II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


Бос орындарды тиісті сөздермен толтырыңдар:

1) Пайғамбардың есімі …………………………………………………………………..

2) Аллаһ оны барлық ……………………………………………. жіберді.

3) Аллаһ оны адамдарды ……………………........................... шақыруы үшін жіберді.

4) Аллаһ оны адамдардың …………………....................................................... жіберді. 



III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________



 Оқушыларға Аллаһтың Өз құлдарына деген нығметтерінің (мейірімінің) бірі – оларды Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақырған Мухаммад пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) жібергені екендігін түсіндіріңіз;

 Оқушыларға Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббаттың талап ететін нәрселерінің бірі – оның бұйрықтарына бағыну және оған ілесу екенін түсіндіріңіз;

 Аллаһтан басқа әлдебіреуге құлшылық етуден сақтандырыңыз;

 Пайғамбардың(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) аты аталғанда оған салауат айтуға ынталандырыңыз (үйретіңіз);
 Оқушылардың санасына қонымды сөздермен оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) піл жылында дүние келуінің тарихын баяндап беріңіз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларды Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) шыққан тегімен таныстыру;
2- Аллаһ Тағаланың Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) барлық адамдарға жібергенін түсіндіру;
3- Оқушыларға Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) адамдарға жіберілгенінің даналығын түсіндіру. 


ПАЙҒАМБАРЫМ – МУХАММАД 
(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!)



Кім Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) мойынсұнса, Жәннатқа кіреді.

Кім Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) бағынбаса, Тозаққа түседі.

СОНДЫҚТАН:

Мен Елшіні (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) жақсы көруім керек және оған бағынуым керек.




II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________



Бос орындарды тиісті сөздермен толтырыңдар:


1) Кім Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) мойынсұнса, .................................кіреді, ал кім Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) бағынбаса, ……………………….. түседі.






2) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) сипаттарына шыншылдық, ……………………….. , ………………………………. жатады.









3) Аллаһтың Елшісінің аты аталғанда не деп айту қажет? ……………………………………………………………………………..




____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Оқушыларды Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) мойынсұнуға және оны жақсы көруге ынталандырыңыз. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) бұйырған нәрсесіне қайшы келуден сақтандырыңыз; 
 Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) жақсы көрген адам онымен бірге Жәннатта болатынына нұсқаңыз, бұл мына хадисте жеткізілгеніндей: «Адам жақсы көргендерімен бірге болады». («Сахих» әл-Бухари, №6169);
 Оқушылар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан сайын жақсы көріп, оған ілесуді қалаулары үшін, Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) өмірінен тиісті мысалдарды келтіріп, оның кейбір адамгершілік сипаттары, мысалы, шыншылдығы, сенімділігі, аманатшылдығы, кішіпейілділігі, кешірімділігі туралы баяндап беріңіз;

 Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары (оларға Аллаһ разы болсын!) тарапынан Пайғамбарға деген махаббат пен мойынсұнушылықтың мысалдарын келтіріңіз. Олар ешқашан оған бағынудан бас тартпағандықтары туралы да ескертіңіз.

Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) махаббат оған мойынсұнуда және оның өнегесіне ілесуде көрінетінін түсіндіріңіз;

2- Оқушыларға кім Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) мойынсұнса – Жәннатқа кіретінін, ал кім оған бағынбаса – Тозаққа түсетінін түсіндіріңіз;

3- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрсесіне қайшы келудің қауіптілігін ескертіңіз. 

ОНЫНШЫ САБАҚ 

I
____________________________________________________

ТАҚЫРЫП:
ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН
____________________________________________________



Аллаһ Тағала Қасиетті Құранды Өзінің елшісі Мухаммадқа
(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) түсірді.

Қасиетті Құран – Аллаһ Тағаланың Сөзі. 



Құранды жақсы көріп, оқу керек және оған сәйкес амал жасау қажет)




II
____________________________________________________

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫП


____________________________________________________


1) Аллаһ Тағала Өзінің елшісі Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Кітап қалай аталады? …………………






Бос орындарды тиісті сөздермен толтыр:


2) Мен мұсылманмын. Менің Кітабым – Қасиетті ……………….. 






Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) былай деп айтты: «Сендердің жақсыларың – Құранды ........................ және оны өзгелерге үйреткендерің»






Мен Аятуль Курсиді жаттап, оны әр намаздан кейін және ұйықтаудан бұрын оқимын. 






____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________


 Оқушылардың санасына қонымды сөздермен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хира үңгірінде Қасиетті Құран түсіріле бастағанының тарихын баяндап беріңіз; 
 Оқушылардың жүректеріне Қасиетті Құранға деген махабаттың өскіндерін салыңыз;
 Оқушыларға Қасиетті Құранды жаттаған адамға Аллаһтың үлкен сыйы бар екенін түсіндіріп, оны жаттауға ынталандырыңыз. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!): «Сендердің жақсыларың – Құранды үйренгендерің және оны басқаларға үйрететіндерің», - деп айтты («Сахих» әл-Бухари, №5027). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) сондай-ақ былай деді: «Кім Құраннан бір әріп болса да оқыса, соған бір игі іс (жазылады), ал (әрбір) игі іске он есе (сауап беріледі), және мен: «Әлиф, Лям, Мим – бұл бір әріп», - деп айтып тұрған жоқпын, жоқ, «Әлиф» - (бір) әріп, «Лям» - (бір) әріп және «Мим» - (бір) әріп». (әт-Тирмизи «Сунан», №2910)
 Дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да, үңдемендер. Мүмкін, мархаметке бөленесіңдер!» деген сөздерін («әл-Ағраф» сүресі, 204-аят) келтіріп, оқушылардың назарын Қасиетті Құранға құрмет көрсетуге, оны ұлықтауға, оны естіген кезде үнсіздік сақтап, тыңдауға аударыңыз; 
 Құранның басқа да аяттарын, атап көрсетіңіз, мысалы, Ескерту (әз-Зикр), (жақсы мен жаманды) Айырып көрсетуші (әл-Фурқан), Кітап (әл-Китаб);

 Оқушыларды (оларға Құран – бұл қайтыс болған адамдарға бағыштап оқып беру үшін емес, тірі адамдарға Жәннатқа апарар тура жолды көрсету үшін және мүміндерге басшылық ретінде түсірілген Кітап екенін ескерте отырып - аудармашыдан) Құранға сәйкес амал етуге, ондағы бұйрықтарды орындауға және ондағы тыйым салынған нәрселерден аулақ болуға ынталандырыңыз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1- Оқушыларға Қасиетті Құран Аллаһтың Сөзі болып табылатынын түсіндіру;

2- Оқушыларға Қасиетті Құранды құрметтеу қажет екендігін ескерту;
3- Оқушыларға Қасиетті Құрандағы бұйрықтарды орындау міндетті екендігіне нұсқау:

4- Оқушыларға Қасиетті Құранда аталған тыйым салынған нәрселерден аулақ болу міндетті екендігіне нұсқау.


Әрі ең соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!


1 Аудармашының ескертпелері: Пайғамбар тілге алынған кезде «Салля-Ллаһу аляйһи уа саллям» деп оған салауат айту керек. Бұл сөз (дұға) осы жерде және осы кітапта «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп аударылған. Әрбір мұсылман адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде оған салауат айтуы міндетті (уәжіп) болып табылады. Аллаһ былай деген: «Расында, Аллаһ және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер». («әл-Ахзаб» сүресі, 56-аят)

2 Аудармашының ескертпелері:  Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мунзир есімді сахабасы Африкада болған кезінде былай деп айтатын: «Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Кім таңертен: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мухаммадқа пайғамбар ретінде разымын!» - деп айтса, мен ол үшін оның қолынан ұстайтыныма және ол Жәннатқа кіргізілмейінше оны жібермейтініме кепілдік беремін».  аль-Мунзири «әт-Тарғиб уа әт-Тархиб» (1/309), әл-Хайсами «Маджу әз-Зауаид» (10/119). Шейх әл-Әлбани «Сильсилят әл-Ахадис әс-Сахиха» (№2686) кітабында хадисті сахих деп келтірген. 

Ал «Аллаһтың кез келген құлы кеш батқанда және таң атқанда үш рет: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мухаммадқа пайғамбар ретінде разымын!» - деп айтса, Аллаһ оны Қиямет Күні разы етуіне міндетті түрде құқықты болады!», - деген хадиске келер болсақ, бұл хадис әлсіз (даиф) болып табылады, бұл туралы шейх әл-Әлбани «Сильсилят әл-Ахадис әд-Даифа» (№5020) кітабында жан-жакты түсіндіргеніндей.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет