Балаларға мейірімді қалалар Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері мазмұНЫ



жүктеу 1.4 Mb.
бет1/10
Дата03.05.2016
өлшемі1.4 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: sites -> default -> files -> upload -> files -> e-biblioteka
e-biblioteka -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
e-biblioteka -> «Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
e-biblioteka -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
files -> Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №415 Қаулысы
e-biblioteka -> Аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мамандары қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар
Балаларға мейірімді қалалар

Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ……………………………………………………….......………..

6

1. БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАРДЫ ЖАСАУ. ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ………….. . . . ...............................................

8


2. БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАРДЫ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ………...........................................................................

12


3. БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАРДЫ ЖАСАУҒА ҚАЖЕТТІ «ҚҰРЫЛЫС БЛОКТАРЫ»........... .............……………………………….

13


3.1 Балалардың қатысуы.....................................................................

13

3.2 Балаларға мейірімді заңдық база.................................................

14

3.3 Бүкіл қала аймағында бала құқықтарын қорғау стратегиясы...

15

3.4 Балалардың құқықтарын жүзеге асыруға ықпал ететін құрылым немесе үйлестіруші механизм ..........................................

17

3.5 Балаларға қатысты ағымдағы жағдайды талдау және ықпал ету нәтижелерін бағалау.....................................................................

19

3.6 Балалар мүдделеріне сәйкес бюджет...........................................

20

3.7 Қаладағы балалардың жағдайы туралы.......................................

21

3.8 Хабардар болуды арттыру............................................................

22

3.9 Балалар мүддесіне сай тәуелсіз ақпараттық-ағарту қызметі.....

24

4. БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТАРИХЫ. БАЛАЛАР ДЕГЕН КІМ?........................

25

5. БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОЙЛАР...............

27

6. ҚАЛА ӘЛІППЕСІ......................................................................................

29

6.1 Қала деген не?..............................................................................

29

6.2 Қала кеңістігі. Қаланың әлеуметтік топографиясы..................

29

7. ӨМІР САПАСЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ………...………............................

32

8. ӨМІР САПАСЫНЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ.........................................

34

9. ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ…………………

38

9.1 Әдістеме 1. Өмір сапасының интегралдық бағасы...................

38

9.2 Әдістеме 2. Муниципалитеттегі социумның өмір сапасының бағасы...............................................................................

39

9.3 Әдістеме 2. Әлеуметтік субъектінің қажеттіліктерін бағалау...

40



10. ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУ……

42

10.1 Қаладағы балалардың өмір сапасын бағалау құралын жасау ....................................................................................................

42


11. БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАР: ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ.

49

11.1САРАНЬ БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА .........................

49

11.1.1 Ресми анықтама

49

11.1.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала

50

11.1.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері

50

  1. Қалалық ортаны жалпы бағалау

50

  1. Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы

51

  1. Тұратын жер

51

  1. Қоршаған орта. Экология

51

  1. Жол қозғалысы

52

  1. Денсаулық сақтау

52

  1. Демалыс және мәдениет

52

  1. Білім

53

  1. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы

53

  1. Материалдық игіліктер (Балаларға арналған тауарлардың саналуандығы).

53

  1. Қорытынды

54

11.2 ӨСКЕМЕН БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА

55

11.2.1 Ресми анықтама

55

11.2.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала

56

11.2.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері

57

  1. Қалалық ортаны жалпы бағалау

57

  1. Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы

58

  1. Тұратын жер

58

  1. Қоршаған орта. Экология

59

  1. Жол қозғалысы

59

  1. Денсаулық сақтау

59

  1. Демалыс және мәдениет

60

  1. Білім

60

  1. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы

61

  1. Материалдық игіліктер (Балаларға арналған тауарлардың саналуандығы).

61

  1. Қорытынды

61

11.3 АЛМАТЫ БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА

63

11.3.1 Ресми анықтама

63

11.3.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала

64

11.3.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері

66

  1. Қалалық ортаны жалпы бағалау

66

  1. Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы

66

  1. Тұратын жер

67

  1. Қоршаған орта. Экология

67

  1. Жол қозғалысы

67

  1. Денсаулық сақтау

68

  1. Демалыс және мәдениет

69

  1. Білім

69

  1. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы

70

  1. Материалдық игіліктер (Балаларға арналған тауарлардың саналуандығы).

70

  1. Қорытынды

70

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР………......………………………

73

ҚОСЫМША 1. ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ АННОТАЦИЯСЫ………………………………………………………….

76


ҚОСЫМША 2. ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ ………………..........………………………………

80


ҚОСЫМША 3. «БАЛАЛАР ТҰРАТЫН ҚАЛА» ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ. Топқа арналған тапсырма......….........………………….

88


ҚОСЫМША 4. ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ МАШЫҚТАНДЫРАТЫН ТРЕНИНГТІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ......……………………...............................................

89



КІРІСПЕ
Мамандардың болжамына қарағанда, бірнеше жылдан кейін әлемдегі балалардың жартысына жуығы қалада тұратын болады. Біздің елімізде олардың 53% астамы қала тұрғындары1. Қаладағы өмірдің артықшылықтары көп, бірақ сонымен қатар қаланың бала өміріне туғызатын қауіптері мен залалдарының жаңа түрлері пайда болып отыр. Жылдам жол қозғалысы, ауаның ластануы, көшедегі қылмыстық орта сияқты құбылыстарды балалар қалада жиі кездестіреді. Үй маңынан ойын ойнайтын қауіпсіз жерді де таба алмайды.

Ал енді осы мәселені басқа қырынан қарасақ, қала көптеген мүмкіндіктерді де туғызады. Тұрғындардың тығыз қоныстануы білім алу, денсаулық сақтау және тағы басқа осы сияқты әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді оңайлатып қана қоймайды, сонымен қатар осы қызметтердің құны да бір балаға немесе отбасына шаққанда біршама төмен болады. Сондай-ақ қала тұрғындарының бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігі тұрақты және қалыптасқан мәселелерді бірлесе талқылауға, шешім қабылдауға мүмкіндіктері де көбірек. Балалар тек игіліктерді пайдаланушы ғана емес, сонымен қатар шешім қабылдау процесіне қатысушы бола алатындай қолайлы және қауіпсіз қала қандай болуы керек? Балаларға мейірімді қала - қиял емес, ол 1996 жылы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қоныстану аймақтары бойынша БҰҰ Екінші Конференциясының (Хабитат II) кең ауқымды бастамасы. Әлемдік қауымдастықтардың жылдам өзгерісі мен урбандалуы; муниципалитет билігі мен жергілікті қауымдастықтардың өз тұрғындарын орналастырудағы жауапкершілігінің артуы; осымен байланысты ұлттық саяси және экономикалық жүйелер аясында ірі және шағын қалалардың маңызының артуы сияқты елеулі өзгерістерді мойындау аталмыш бастаманың пайда болуына ықпал етті.

Балаларға мейірімді қалаларды (БМҚ) жасауды жүзеге асыру Бағдарламасында: «Егер біз өзіміз білетін балалар туралы, сондай-ақ өзімізге таныс қалалар туралы ойласақ, біз бәріміз де балаларға мейірімді қала тұжырымдамасын жасауға кірісе аламыз...», - делінген.

Әңгіме болып отырған жәйт - нақты өмірде қол жеткізуге болатын қарапайым, күнделікті тіршілікке қажетті нәрселер. Бұл, біріншіден балалардың барынша қолайлы және қауіпсіз орта жағдайында өмір сүруі яғни балалардың жағдайы ескерілген тұрғын үйлер мен тұратын аудандар, ойын ойнауға ыңғайлы жерлер мен алаңқайлардың, саябақтардың қолжетімді болуы; арзан әрі қауіпсіз қоғамдық көлік; жаяу және велосипедпен жүруге жағдайлар және т.б. Сонымен қатар, әрине балалардың өз пікірлерін айтуға, өз мүдделерін білдіруге және қорғауға мүмкіндіктерінің болуы. Балаларға мейірімді қаланың қазақстандық жобасын балалар құқығын қорғау Комитеті «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында ұсынып отыр. Өскемен, Алматы, Сарань қалалары негізінде үш тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Кейінірек жобаға Сәтбаев және Семей қалалары қосылды. Жобаның географиясы, міне - осындай.

БМҚ тұжырымдамасының негізгі категориясы - балалар өмірінің сапасы. Балалар өмірінің сапасын бағалау бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, ол өте терең ізденістерді қажет етеді. Ұсынылып отырған құрал - балаларға мейірімді қала жобасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде алынған тәжірибені жинақтау нәтижесі.

Оның мақсаты - балалар қалада қалай тұрып жатырғанын, олардың өмірінің сапасын қалай өлшеуге болады және өмір сапасы неге тәуелді екенін түсіну.

Құралдың құрылымы мәселені қарастыру логикасымен тығыз байланысты. Авторлар балалардың қаладағы өмірінің сапасына көзқарасты жан-жақты қарастыра отырып, мәселенің жүзеге асуына әсер етін барлық өзекті факторларды қамтуға тырысты. Құралға әдістемелік материалдарды қамтыған Қосымшалар енгізілді.
БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАРДЫ ЖАСАУ

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ2
Бұл құжат «Балаларға мейірімді қала» (БМҚ) ұғымын анықтау және оны жасаудың тұжырымдамадағы сипаттамасына арналған. Онда балалардың құқығын жүзеге асыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жасаудың алғашқы қадамдары айқындалған. Тұжырымдама БҰҰ-ның бала құқығы Конвенциясын (БҚК) ұлттық үкіметтердің орындауына қажетті процестерді жергілікті жердегі билік органдарының іс-қимылдарына ұластырады.

«Балаларға мейірімді қалалар» тұжырымдамасы құрамында балалар бар, қалалық немесе ауылдық жерде орналасқан, саны жағынан ірі немесе шағын барлық қоғамдастықтарды басқаруға қатысты бірдей дәрежеде қолданыла алады. Бұл тұжырымдама қала орналасқан кез келген жағдайда қолдануға негіз болуы тиіс.

Балаларға мейірімді қалаларды жасау әлемдік қауымдастықтардың жылдам өзгерісі мен урбанизациясы; муниципалитет билігі мен жергілікті қауымдастықтардың өз тұрғындарын орналастырудағы жауапкершілігінің артуы; осымен байланысты ұлттық саяси және экономикалық жүйелер аясында ірі және шағын қалалардың маңызының артуы сияқты елеулі өзгерістерді мойындау нышаны ретінде пайда болды. Бұл бастама бала құқықтары Конвенциясын балалардың өміріне тікелей ықпал ететін деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балаларға мейірімді қала баланың құқықтары Конвенциясын толық жүзеге асыруға жан жақты септігін тигізеді.



Олай болса, балаларға мейірімді қала әрбір жас азаматқа:

  • қалаға қатысты қабылданған шешімдерге ықпал ету;

  • өз қаласы туралы көзқарасын білдіру;

  • отбасының, қауымдастықтың және қаланың әлеуметтік өміріне араласу;

  • дәрігерлік қызмет, білім мен баспана сияқты негізгі қызметке қол жеткізу ;

  • қауіпсіз таза суды пайдалану және қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларға қол жеткізу;

  • қанау, зорлық-зомбылық пен өрескел қарым-қатынастан қорғалу;

  • өсімдіктер мен жануарлар үшін көгалдандырылған аймақтарды пайдалану;

  • өміріне қауіпсіз қала көшелерінде еркін жүру;

  • өз достарымен кездесу және ойнау;

  • қоршаған ортасы ластанбаған қалада өмір сүру;

  • қаланың мәдени және әлеуметтік өміріне қатысу;

  • ұлттық тегі, діни ұстанымы, табыс деңгейі, жынысы немесе қабілетінің шектеулігіне қарамастан өз қаласының тең құқықты азаматы болуға және оның барлық қызмет түрлерін пайдалану құқын береді.

Егер біз өзіміз білетін балалар туралы, сондай-ақ өзімізге таныс қалалар туралы ойласақ, біз бәріміз балаларға мейірімді Қала тұжырымдамасын жасауға кірісе аламыз...

Балаларға мейірімді қаланы жасау – биліктің жергілікті органдарының басшылығымен Бала Құқықтары Конвенциясын орындау процесі. Бұл процестің мақсаты - балалардың құқықтарын мойындап және жүзеге асыра отырып, олардың өмірін бүгін жақсарту, осылайша бүгін және болашақта қоғамдастықтар өмірінің жақсыға қарай өзгеруіне ықпал ету. Балаларға мейірімді қала жасау – балалар белсенді түрде қатысуы тиіс іс жүзінде жүзеге асатын процесс.

Конвенцияға сәйкес балаларға қамқорлықты тек мемлекет ғана өз міндетіне алуы тиіс, ал үкімет, оның ішінде жергілікті билік органдары, осы процесті басқаруы тиіс. Бірақ балаларға мейірімді қала жасау мақсаты тек бір ғана үкіметтің қарекеті арқылы жүзеге аспайды. Балалардың өздерімен, олардың отбасымен және балалардың тағдырына ықпалы барлардың бәрімен серіктестік қарым-қатынастар орнатылуы тиіс.

Балаларға нағыз мейірімді қала жасау процесінде осындай қала жасаудың жинақталған жұмыс тәжірибесін пайдаланса, тиімді болары сөзсіз.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы «құрылыс» процесі әртүрлі басталады: жоғарыдан төмен, яғни қала әкімшілігі бұйрық шығарады немесе үкімет арнайы қаулы қабылдайды, әрі қарай барлық деңгейдегі әкімшілікті және қалаға іргелес аумақтарды осы процеске белсенді бағыттау жүргізіледі. Немесе керісінше - балалардың өздерінің қала шеңберінде қауіпсіз жағдайда ойнауға және қозғалуға құқықтарын білдірген тұрғын аудан деңгейіндегі бастамадан басталып, осындай бастама бүкіл қалаға таралуы әбден мүмкін. Көп жағдайда әртүрлі әдіс қолданылған іс-шаралардың үйлесімі болып келеді.

Балаларға мейірімді қала жасау процесі кейде балаларға мейірімді басқа да бастамалардың, мысалы, балаларға мейірімді ауруханалар мен мектептер, балаларға қауіпсіз таза су мен санитарлық нормаларды сақтауға кепілдік беретін экологиялық жобалардың негізінде дамуы мүмкін.

Науқанның бастамашысы балалардың өзі немесе балалар ұйымдары, басқа да үкіметтік емес немесе құқық қорғау мекемелері, мысалы балалар құқығы жөніндегі өкілдер болуы мүмкін.

Балаларға мейірімді қала тұжырымдамасы қандай да болмасын қиялдағы мінсіз қала туралы пікірге немесе стандарттық үлгіге негізделмеген. Ол - басқару, экология мен қызметке қатысты барлық аспектіде кез келген қала үшін балаларға мейірімді болуға көмектесуге тиісті іс-шаралардың белгілі бір бағдарламасы болып табылатын тұжырымдама.

Балаларға мейірімді қала жасау үшін «құрылыс блоктары» қажет, яғни балаларды белсенді қатыстыру, барлық тиісті шешімдерді қабылдау мен барлық негізгі қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз ету барысында балалардың мүддесін басшылыққа алу қажеттілігі принципін сақтауға кепілдік беру мақсатында үкімет құрылымдары мен қызметі.

Балаларға мейірімді қала жасау тұғырнамалық негіз болып табылатын белгілі бір саяси міндеттемелермен қатар үкіметтің барлық деңгейлерінде үйлесімді, келісілген әрекеттерді талап етеді.

Балаларға мейірімді қала жасау процесі жергілікті өзін-өзі басқару контексінде қарастырар болсақ, бала құқықтары Конвенциясын (БҚК) орындауға ұқсас. Ол мынадай тоғыз құрамдас бөліктен тұрады:

1. Балалардың қатысуы: балалардың өздеріне қатысты мәселелерді шешуге белсенді қатысуына көмектесу; шешім қабылдау кезінде балалардың пікірі мен көзқарастарын ескеріп отыру қажеттігі.

2. Балаларға мейірімді заңдық негіз : барлық балалардың құқықтарын жүйелі қорғауға мүмкіндік беретін заңның, ережелердің және рәсімдердің болуы.

3. Бүкіл қаланың көлемінде бала құқығын қорғау стратегиясы: баланың құқықтары Конвенциясына сәйкес БМҚ жасаудың түбегейлі және жан-жақты стратегиясын немесе күн тәртібін дайындау .

4. Балалардың құқығын жүзеге асыруға ықпал ететін құрылым немесе үйлестіруші механизм: жергілікті жерлердегі билік органдарында балалар мүддесіне қатысты барлық мәселелерді басымдылық бере отырып қарастыру мақсатында тұрақты қызмет атқаратын құрылымдарды құру.

5. Балаларға қатысты ағымдағы жағдайды талдау және ықпал ету нәтижелерін бағалау: БҚК орындау алдындағы, сондай-ақ орындау барысында және орындалғаннан кейінгі кезеңде заңның, саясат пен тәжірибенің балаларға ықпал ету нәтижелерін бағалау бойынша үздіксіз механизмдерді қамтамасыз ету .

6. Балалар мүддесіне сәйкес бюджет: балалар мүддесіне сәйкес қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және бюджеттік қаржыға талдау жасау

7. «Қаладағы бала жағдайы» баяндамасын тұрақты жариялап отыру: балалардың жағдайы мен олардың құқықтарына қатысты мәліметтерді жинақтап және мониторинг жасап отыру механизмдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

8. Хабардар болуды арттыру: балалардың құқықтарына байланысты мәселелер бойынша ересектер мен балалар арасындағы хабардар болуды арттыру.

9.Балалардың мүддесіне сәйкес тәуелсіз ақпараттық-ағартушылық қызмет: балалардың құқықтарын қорғауға көмектесу мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен адам құқықтары бойынша дамып келе жатырған тәуелсіз институттар – бала құқықтары жөніндегі уәкілдер немесе омбудсмендерге көмек және қолдау көрсету.

Саяси пікірталастарда жеңіске қол жеткенде және Конвенцияға сәйкес міндеттеме болып табылатын БМҚ жасау қажеттілігі бүгінгі күні тек балалардың ғана емес, барлық азаматтардың мүдделеріне қызмет ететініне қатысты саясаткерлер келісімге келгенде осы қызмет пен тиісті құрылымдар тұрақты негізде дамитын болады.

Бүгінгі күні балаларға саяси басымдық бергенін айтып мақтана алар мемлекеттер, өңірлер, қалалар немесе тіпті тұрғын аудандар саны аз. Балаларға қатысты сұрақтарды саяси күн тәртібіне қою және оларды қарауға басымдық беру - аса үлкен күш қайратты талап ететіні белгілі және сонымен бірге балалардың сайлауда дауыс беру құқығы болмауы да - негізгі себеп.

Қоғамның дамуына балалардың белсенді қатысуының маңыздылығы мен пайдалылығының іс тәжірибедегі көріністері балаларға мейірімді саясатқа жағымды саяси қолдауды қалыптастыруға аса маңызды ықпал етеді. Бұл қадамдар көбіне жергілікті деңгейде немесе аудан деңгейінде орын алады, мысалы: ойын үшін қолайлы жағдайларды жасауға балалардың қатысуы; балалардың мұқтаждықтарына мүмкіндігінше ыңғайланған үйлерді тұрғызу; таза сумен немесе тазалық нормаларымен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыру; жаңа көлік бағыттарын енгізу; мектепте оқу жоспарын немесе тәртіп ережелерін дайындау барысында балалармен кеңес өткізу.

Үкімет БМҚ жасаудың нақты және белсенді стратегиясын дайындамайынша, басқа мүдделі жақтар тарапынан өз тұжырымдамаларын ұсыну және оны ресми тұлғалар, саясаткерлер мен үкіметтік құрылымдар арасында үздіксіз насихаттауға деген қажеттілік жойылмайды. Тіпті жергілікті билік органдарын басқару тарапынан саяси ерік болған күннің өзінде, бәрібір балалар жағынан да, үкіметтік емес және басқа ұйымдар жағынан болсын қосымша қысым көрсету қажет болады.

Жергілікті билік тиісті қолдау көрсете алмай отырған жағдайларда үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар жергілікті жердегі ұйымдар үлкен роль атқара алады.

Әртүрлі үкіметтік немесе мемлекеттік мекемелердің - мектептердің, кітапханалардың, мұражайлардың, саябақтардың - балаларға мейірімді көрсеткіштерді пайдалана отырып, олардың балаларға қатынасына бейімделу деңгейіне тексеру жүргізу және «сыйлықтар» тағайындау жөніндегі тәуелсіз құрылымды жасақтау - мүмкін әдістің бірі. Мұндай қадамдар баспасөз назарын аударады және саяси қызығушылық туғызуы мүмкін.

БМҚ жасаудың қажетті шарты - балалардың өздерінің маңызды үлесі. Балалар өз көзқарастарын білдіруге және шешім қабылдау барысында пікірлерінің ескерілуіне құқы бар. Балалардың қатысуы мен олардың өз пікірін білдіру сипатына үнемі назар аудару қажет: балалармен кеңесу үстіртін сипатта болуы мүмкін және кез келген жағдайда емізулі сәбилер мен жасы кіші балалар өз құқықтары мен мүдделерінің тиімді көрсетілуіне мұқтаж. Бұл процесс әлі де жеткіліксіз және ақырғы мақсат та емес. Ол аса маңызды мақсатқа жетудің құралы ғана, яғни олардың құқықтарын жүзеге асыру, ал ол дегеніміз олардың өмірінің сапасын нақты жақсартудың көрсеткіші.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет