Баланың бас ұстазы – ата-ана



жүктеу 20.3 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі20.3 Kb.
:
Баланың бас ұстазы – ата-ана

Ата- ананың бас қуанышы, қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін бірден -ақ татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін де - бала.

Отбасы - ең алғаш рет тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.

Баланың құқы жөніндегі конвенциянын 5-11-баптарында отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасында баланың жан жақты қалыптасуына ата ана мен отбасы мүшелерінің қарым -қатынасындағы махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері ықпал етеді. Отбасы тәрбиесі -қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасындағы басты мәселелерінің бірі - баланың тіршілік іс әрекетін ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру сияқты мәселелерге баса көңіл бөлген жөн.



Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашан да ата - анадан мейірімділікті сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата- ананы өмірдің тірегі санайды. Эпик те «Күллі ғажаптың ішінде ең тамашасы жақсы тәрбиеленген адам» деп пайымдайды. Ата - ана - отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ата - ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.

Ата - ананың міндеті:

  1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті.

  2. Білім алуына көмектесуге міндетті

  3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті

  4. Үнемі ата - аналар жиналысына қатысуға, тәрбиешімен кездесуге, баласының балабақшадағы өміріменн танысуға міндетті

  5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б. улы заттарды қолданбауға, балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті

  6. «Баланы жетіге келгеше тыйма, жетіден он төртке келгеше білім беріп қыйна, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Ата - ананаң жауапкершілігі:

  1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты.

  2. Тәрбиешіге, балабақшаның педагогикалық ұжымын балағаттау және әдепсіз қарым қатынас жасағаны үшін жауапты.

  3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

  4. Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін өз жанұясына бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.

  5. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет