Баланың бас ұстазы ата- ана



жүктеу 51.86 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі51.86 Kb.
:
Баланың бас ұстазы ата- ана

Ата-ананың бас қуанышы - бала. Ата - ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке - шешесін бірден татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата - ана көңілін жақындастыра түсіретін - бала.


Халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала әрқашанда ата - анадан мейірілімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата- ананы өмірдің тірегі деп санайды. Ата- ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиенің қамқоршысы, өнегесі, нәтижесі. Ата- ананың тіршілігіндегі көрген қызығының ең қымбаттысы ол - перзенті.
Отбасы - баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуында, сондай - ақ интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Осылайша, балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі.
Отбасы әлеуметтік адамгершілік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата - ананың махаббатын, ата - анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан.
Ата - аналар мен отбасындағы ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелігін анықтайды.

Сізді балаңыздың тіл кемістігі алаңдата ма?
(Ата аналарға арналған кеңес)
Тіл - қарым қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түсінеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат- мүддесін білдіреді. Бала 4-5жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. «Есейген соң өзі түзеліп кетеді»,-деп көбінесе ата-аналар ондай ақауға көңіл бөле бермейді. Дыбыстың айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, мінез құлқының қалыптасуына, сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Логопед - жалпы тіл мүкісі бар балалармен жұмыс жасайды. Жалпы тіл мүкісі бар балаларға ұсынатын мамандардың кеңесі. Баланың тілі жаңа шығып келе жатқанда онымен бір тілде ғана және бала тілімен сөйлесу қажет. Мысалы, ня- ня, пи -пи, бум- бум т.б. сөздерге шектеу қойып, оның дұрыс еместігін түсіндіріп, ана, машина деп таза айтқызып, баланың ұсақ қол маторикасы арқылы көп жұмыс жасау қажет. Ұсақ қол маторикасы арқылы баланың тілі дамиды. Баламен бірге үйде көбірек сурет салыңыздар, мозайка, пазл, түстерді қолдана отырып, сіздер өз балаларыңызды жан- жақты дамыта аласыздар. Кішігірім әңгіме құру үшін суретпен жұмыс жасап, балаға уақыт бөліп, кітап оқып беріңіз. Кітап оқу арқылы баланың ойы, танымы, логикалық ойлауы дамиды. Үйдегі сәби, яғни бір жарым жастағы балаға тамақты езіп, немесе шайнап беруге болмайды. Өйткені бала тамақтанғанда оның тіл,жақ сүйектері қозғалып жұмыс жасауы тиіс. Тістері қатты болуы үшін балаларға сүйекті көбірек мүжіту керек, сору процесі даму үшін құрт беріңіз, ол өте пайдалы.


Теледидар және бала

Қазіргі біздің заманымызда теледидар әрбір үйде бар, тіпті әр бөлмеде бар деп айтуға болдаы. Теледидар таңның атысы, кештің батысына дейін қосылып жұмыс істеп тұрады, ол тіптен бізді мазаламайды. Кейбір ата -аналар теледидарды баланың күтушісі ретінде пайдаланады деп айтсақта қателеспейміз. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігінде алаңдаған ата- ананың баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының теледидарға қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Онан қалса теледидардан шетелдің шуы көп мултьфильмдері мен киноларын тамашалайды. Онда атыс шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез- құлқына әсер етеді. Сырттағы дүниені ұмытып, қым - қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелес ортасында, әйтеуәр, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашулануға жол береді, балалардың бойында ізгілік, мейірімділік қасиеттері азаяды. Ұзақ уақыт теледидар алдында уақыт өткізген баланың адамдармен қарым - қатынасы қиындай түседі. Мінез - құлқы өзгеріп, тез ашуланады. Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Теледидарды қосқанша байыз таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады. Сондықтан ата-ана баланы көгілдір экран алдында белгілі бір уақытта ғана отырғызғаны жөн. Оны өзге әлем қызықтырмайтын халге жеткізеді. Сондықтан мұндай кезде балаға ұрыспай, айқайламай, түсіністікпен қарап, оны виртуалды әлемнен алыстату қажет. Әдеби кітаптарға, түрлі ертегілерге немесе басқа іске қызықтырып, біртіндеп көгілдір экраннан ажыратуға ұмтылған абзал, дейді психолог мамандар.


Көз экрандағы мәтін немесе өзге де бейнелердің дірілдеулерін тез қабылдайды. Сөйтіп көзге шамадан тыс салмақ түсіп, көру қабілетін жоғалтады. Мәселен, экрандағы түрлі түстер, тіпті әріптер мен терезелер де көзге теріс әсерін тигізеді. Осының салдарынан көз жасаурап, тез шаршайды.Егер дер уақытында алдын алмаса, бұл түрлі көз ауруларына соқтыруы мүмкін. Баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қаңбаған баланың ойлау қабілеті әлсіреп, зейіні төмендейтіні белгілі. Сондықтан ата-анаға айтар кеңес, балаға теледидардың алдыңда отыруға мүлдем тиым салуға болмайды, олар теледидар қараған кезде көңіл бөлуіңіз керек, қараңғы бөлмеде теледидар көруге болмайтының ескертулеріңіз қажет. Ол бөлмеге түсетін жарық жақсы болуы қажет. Үш жастығы балаға өзінің жас ерекшелігіне байланысты телекөрілімдерді тәулігіне 20 минуттан артық қарауға болмайды. Ал мектеп жасына дейінгі балаларға тәулігіне бір сағаттан артық көруге болмайтындығын мамандар ескертуде.


Ата-ана ұстанымының бала дамуына әсері.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл-баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгерумен, алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең.
«...тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз бүкіл тәрбие процессінің тоқсан проценті»,- деп, Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Бала тәрбиесінің негізгі отбасында қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туып өскен отбасында алған тәрбиеге, ондағы қалыптасқан қарым-қатынасқа байланысты. Қай ата-ана болмасын өз перзентінің иманды да инабатты, адамгершілігі мол, саналы азамат блдып өсуін қалайды ғой. Сондықтан бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білу, әрбір ата - ана үшін қажетті шарт.
Әр бала үшін өз ата - анасынан артық ешкім жоқ, олар - ең ақылды, күшті, әдемі. Әсіресе сәби шақтағы ата - ананың сәби алдындағы беделіерекше. Ата - ананың әділеттілігі, айтқан сөзі мен істеген жұмысының дұрыстығына кәміл сенетіндігін «Мамам айтты....», «Папам осылай істе деген» сияқты сөз саптауларынан байқауға болады.
Әрине, ата - ана ұстанымының басым бөлігі жағымды, баланың дұрыс дамуына бағыт береді. Әуелден қалыптасып,атадан балаға жеткен жағымды ұстанымдардың мысалын көптеген мақал - мәтелдер мен ұлағатты сөздерден, ертегі-аңыздардан байқауға болады. «Ашу - дұшпан, ақыл - дос», «Жақсы өтіріктен, жаман шындық жақсы».
Ал енді күнделікті өмірде өз балаларымызбен қарым - қатынаста қолданатын сөздерімізді еске түсіріп көрейік: қалай мадақтаймыз, қалай еркелетіп, қалай ескерту жасаймыз; ренжегенде, айтанымызды орындата алмағанда не айтамыз? Біздің санамызға бұл ұстанымдар, наным - сенімдер қайдан келеді? Ойланып қарасақ, біздің өміріміздегі жақсылық, кемшіліктерімізгеішкі бағыт бағдар көбінесе өз ата - анамыздан беріледі. Сондықтан құрметті ата - аналар бала тәрбиелеудегі өзіміздің сөз саптауымыз бен үлгі - өнегенің балаға қаншалықты әсер беретінің әрқашан есте ұстағанымыз жөн. Баланы кіналап, кемшілігін бетіне басу, басқалармен салыстыру арқылы тәрбиелеу дұрыс емес. Баланың әр қадамына бақылау жасап, мінез - құлық қылықтарына үнемі баға беру оның өмірін түнекке айналдырумен бірдей. Оның орнына балаңыздың әр ісі, қылығына түсінікпен қарап, өз өзін бағалауға, өз қателіктерінен қорытынды шығаруға үйреткен жөн.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет