«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады



жүктеу 28.15 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі28.15 Kb.

«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады
Отандық бірінші «Балапан» балалар телеарнасы өзінің хабар тарату шектерін кеңейтуде. 6 шілдеден бастап «Балапан» арнасы ерекше қауіпсіздік тәртібімен Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады. Халықпен қамтылуы 70 мың адамды құрайды. Хабар тарату «БайқоңырБайланысАқпарат» мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылады.
«Балапан» телеарнасының бағдарламалары 29 телевизиялық арнаның таратқышында сағат 7.30-дан 21.30-ға дейін көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйек күні бірінші отандық балалар арнасы өзінің 5 жылдығын атап өтпекші. Телеарнаны құру идеясы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы болатын. Хабар тарату қазақ тілінде жүргізіледі. Телеарна «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамыне кіреді.
Арнаның туған күніне орай көрермендер арасында байқау жарияланды, байқау шарттары бойынша қазақстандық ата-аналар 25 тамызға дейін өз ойларынан құрастырған ертегілерін жолдауларына болады. Ең үздік ертегі желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.
«Балапан» көрермендерге «Отау ТВ» Ұлттық спутниктік телевизия желісі, 78 кабельдік операторлар мен 2 эфирлік хабар таратушылар арқылы жеткізіледі.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan




Телеканал «Балапан» начал вещать в городе Байконур
Первый отечественный детский телеканал «Балапан» расширяет границы своего вещания. С 6 июля «Балапан» начал транслироваться и на территории города Байконур. Охват населения составляет 70 тыс. человек. Вещание осуществляется посредством наземной аналоговой сети Государственного унитарного предприятия «Байконур Связь Информ».
Программы телеканала «Балапан» транслируются с 7.30 до 21.30 часов на передатчике 29 телевизионного канала.
Напомним, что 27 сентября первому отечественному детскому телеканалу исполнится 5 лет. Идея создания телеканала принадлежит Президенту Казахстана Нурсултану Назарбаеву. Вещание идет на казахском языке. Телеканал входит в состав республиканской телерадиокорпорации «Казахстан».
Ко Дню рождения канала среди зрителей объявлен конкурс, по условиям которого казахстанские родители до 25 августа могут прислать сказки собственного сочинения. По мотивам самой лучшей будет осуществлена телевизионная постановка и выпущена книга.
«Балапан» распространяется в сети Национального спутникового телевидения «Отау ТВ», через 78 кабельных операторов и 2 эфирных вещателей.

Республиканская телерадиокорпорация «Қазақстан» объединяет Национальный телеканал «Қазақстан», телеканалы «Балапан» и «КAZsport», Казахское радио, Радио «Шалқар», Радио «Астана», радио «Classic», а также региональные телерадиокомпании. Официальный сайт Корпорации www.kaztrk.kz. Страницы корпорации в социальных сетях: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет