Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»



жүктеу 6.43 Mb.
бет1/34
Дата06.04.2016
өлшемі6.43 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Ббк қ Редакция алқасы
БАЛУАН БАБА

АННОТАЦИЯ
Халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры» атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 140 жыл толуына орай жарық көріп отырған «Балуан баба» аталған бұл жинаққа кезінде қанаттас ғұмыр кешіп, қатар жасаған көзкөргендердің естелігі, деректі әңгіме, құжаттар еніп отыр. Естеліктің кейбірі кезінде «Күш атасы» (1984), «Қажымұқан қағанаты» (2001) аталатын жинақтарда, ағымдағы баспасөзде жарияланған, ал кейбірі архивтік құжаттарға сүйене отырып жазылған тың дүниелер.

Үлкен-кіші жанрда туған дүниелер теңдессіз күш иесі, аңызға айналған тұлға – Балуан бабаның адами кісілік, сайыпқыран спортшы, Отанын сүйген патриот дегендей әр қырынан келіп образын жасайды.



Құрастырған: Қ.С.Ергөбек

МАЗМҰНЫ


  1. Сыздықов Б. Балуан баба (Алғысөз орнына) ...................................5

  2. Қоңыратбаев Ә. Баһадүр ...................................................................11

  3. Сүлейменов Қ. Палуанның балалық шағы .....................................35

  4. Бақбергенов С. Самолет қанша тұрады? .........................................39

  5. Есмұрзаев Ә. Әулиеата жерінде ......................................................63

  6. Станиченко Л.В. Жеңілсем де риза болдым ...................................66

  7. Кәрімбаев Р. Күні кеше ғана сияқты ...............................................68

  8. Тоқжігітов М. Семейдегі белдесулер ..............................................72

  9. Бекқожина Т. Әншілігі де бар еді ....................................................74

  10. Мұқанов С. Көңілді сапар ...............................................................75

  11. Мартынов Л. Ақылман алып ...........................................................86

  12. Әбілев Д. Қоңыр тау тәрізді ............................................................93

  13. Әзірбаев К. Жылап қалып еді .......................................................113

  14. Тәжібаев Ә. Біздің үйде .................................................................114

  15. Бегалыұлы Н. Әбкеңнің мойындауы ............................................130

  16. Чепковская Н. Мен қалай Бәтима атандым? ...............................133

  17. Тұрмаханбетұлы Б. Халиолла жеткізген жаңалық .....................142

  18. Игенсартов Ғ. Көзім көрген бір күрес ..........................................144

  19. Әбдіқадыров Қ. Балуан Шолақпен кездесу .................................147

  20. Бегалин С. Керекуде, Майра .........................................................153

  21. Динавецкий Г.В. Елім деп соққан ер жүрек ................................164

  22. Ақышев З. Қажымұқан көтерген тас ............................................166

  23. Сәрсенбиев Б. Қалижан алған қымбат сый ..................................168

  24. Қалдыбаев М. Палуанның қонақ кәдесі .......................................177

  25. Исақов Ә. Қарттардың құрметті қонағы ......................................178

  26. Тәнекеев М. Бір суреттің сыры .....................................................182

  27. Қазбеков М. Көзбен көрген жай еді .............................................185

  28. Жапаров Ә. Қажымұқанның Қажытайға хаты ............................188

  29. Бектұров Ж. Қажымұқанның қара шаңырағы .............................190

  30. Қыстаубаев З. Оңтүстік өңірінде ..................................................194

  31. Ералиев Ж. Күш атасының келешекпен кездесуі .......................197

  32. Қамбаров Қ. Мұсақұлдың әңгімесі ..............................................200

  33. Шілтерханов Ә. Той .......................................................................209

  34. Тоқбергенов Т. Әруағыңнан айналайын ......................................226

  35. Рүстемов М. Абай тойында ...........................................................232

  36. Шәріпов Ә. Өзі ғана дара тұр ........................................................241

  37. Байтанаев Ә. Түркістандағы тамаша ............................................257

  38. Жиенқұлова Ш. Халықтың нағыз ұлы еді ...................................272

  39. Ахметов С. Кісілік келбеті ............................................................273

  40. Үрмізұлы Ф. Созақ өңірінде .........................................................277

  41. Бершінбайұлы С. Шынайы достық ..............................................285

  42. Әтенов М. Қолына су құйып ек ....................................................288

  43. Дүйсенбаев Д. Дәусары апа ...........................................................291

  44. Айтбекұлы Ә. Тонның киесі .........................................................296

  45. Ергөбек Қ. Қажымұқанның хаты ..................................................301

  46. Ниязин Ш. Ойламаған – ұтқызар ..................................................312

  47. Аманшин Б. Текетірес тарихы ......................................................316

  48. Оспанұлы Ә. Құдайдан қорқып, пендеден

  49. ұялып, әруақты сыйласақ ...............................................................318

  50. Нысаналы А. Сал-сeрілердің сарқыты .........................................319

  51. Рысбеков Қ. Ақша санаған бала ....................................................333

  52. Байхонов С. Алты құрлықты аузына қаратқан ............................335

  53. Аупбаев Ж. Сирек суреттің сыры,

  54. Қажымұқан мен Қажытай ...............................................................345

  55. Байтуов Қ. Ақталмаған үміт ..........................................................357

  56. Қайырбек Ә. Біртуар ......................................................................361

  57. Тайжан Б. Әруақ аттаған оңбайды, Спорт пірінің музейі ..........364

  58. Бердаш А. Киелі орынға айналарына сенемін .............................371

  59. Исламхан Ә. Қажекеңді тұңғыш мүсіндеген қазақ .....................373

  60. Байбосынов Ә. Димаш ағаның лебізі ...........................................378

  61. Нұрмаханұлы Б. Велосипедпен – Меккеге ..................................380

  62. Шынасыл Е. Мемориалдық мұражайда .......................................381

  63. Ізгілерден қалған сөз ......................................................................384

  64. Омарұлы Б. Менің Қажымұқаным ...............................................386

  65. Садаутегі С. Қайдар палуан ..........................................................392


Бейбіт СЫЗДЫҚОВ

Отырар ауданының әкімі

Құлбек ЕРГӨБЕК

жазушы


БАЛУАН БАБА

(Алғысөз орнына)


Ұсынылып отырған кітап-қазақтың әлемге әйгілі балуаны, күрес өнерінің сан-алуан түрінен әлемдік жарысқа қатысып ұдайы даңқ тұғырына көтеріліп отырған сайыпқыран спортшы, ұлт мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 140 жыл толуына және Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық меретойына орай шығарылып отыр. Бұл еңбекте балуан бабамыздың аңызға толы өнегелі өмір жолдары жан-жақты баян етіледі. Кітапқа енген еңбектер негізінен, естеліктер.

Қазақтың азаматтық тарихында Балуан шолақ, Иманжүсіп, Мәди секілді небір батыр бағлан, балуан һәм қайталанбас өнерпаз, айтулы қамшыгер дегендей асқан күш иелері аз болмағаны мәлім. Олар бүгінгі күнге негізінен аңызға айналып ауызша жетті десек жарасады. Шындап іздесе патшалық Ресейдің тас түрмесін бірді-екілі қоныс еткен жандар жайында тарихи, ресми құжаттар да табылуы мүмкін. Оған әзірге қазақ спортын зертттеушілерінің құнты жете қойған жоқ. Сол себепті аты аталған спорт тұлғалары өмірі мен ісі бүгінгі ұрпаққа аңыз аралас ауызша жетіп отыр. Сол секілді олар жайында жазыла қалса, көркем, деректі-көркем туындылар да ел аузындағы аңызға сүйеніп жазылып келеді. Осы тұрғыдан алғанда әлемдік спортқа дендеп араласқан да, әлемдік спорт тарихында аты алтын әріппен жазылып ұрпаққа деректі жеткен тұлға – Қажымұқан. Қажымұқанның спорт аренасына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шыққаны мәлім. Бұл кезең - әлемдік ілім-білім өрістеп, әлемдік өркениет біржоба қалыптасып қалған уақыт. Оның үстіне Қажымұқан орыс әріптестерінің арқасында спорт және цирк мекетібінен өткен, арнайы тәрбие көрген, ептеп қазақша, орысша сауат ашқан азамат. Қоғам бойындағы жаңалық, азаматтың мектеп көруі Қажымұқан өмір жолын бірсіпіра деректендірген. Әйтпесе, Қажымұқан да алдындағы ағалары секілді тағдыр кешуі әбден мүмкін еді. Алдындағы ағалары. Айтып отырғанымыз – Балуан шолақ, Мәди, Иман Жүсіп. Бұған Ағашаяқты да қосуға болады. Олар асқан күш иелері ғана емес, айтулы әнші-ақындар. Оның ішінде Ағашяқтың өнері әлемде кездеспейтін, кездессе де элемент күйінде ғана көрініс беретін өнер. Ол жүгіргенде атқа жеткізбей кететін болған. Демек, цирк өнері элементі бар қазақы желаяқтықтың бір түрі. Өзге әнші-ақындарды бүгінгі тілмен «бард» атаса жарасарлық. (Олай атау шарт емес әрине.) Олар жанынан өлең шығарады, өлеңдері қандай ғажап, өздері жанынан әнін шығарады, әндері қандай асқақ, өлеңі мен сазын өздері шығарған әнді тебірентіп өздері орындайды. Өнердің мұндай қоспасы өмірде өте сирек кездесетін жәйт. Егер, бірыңғай спортты қуып, соңына түсе шұғылданбағанда Қажымұқан да осы әнші-ақын ағаларының ізін басып, солардың жолына түсіп кете барарлық өнерпаздық тұлға. Асқан күш иесі тәрбиеленген дәстүрлік ая да, оның салаланып дамуы, өріс ашуы да осыдан көрінеді.

Сонымен Қажымұқан негізінен спорт жолын ұстанды. Классикалық күрес түріне машықтанды. Қажет жерінде французша да күресті. Ажалға арандаған сұраусыз, белгілі тәртіпке бағынбайтын күрсе түрімен де шаршы кілемде күш сынасты. Өмір мен өлім арпалысқанда әруақ қолдап аман шықты. Есесіне, бетіне бір мемлекет, тұтас ұлт қарап отырған қарсыласы ажал тапты. Жеңіс – қазақтың қара баласының қолында. Ол – Қажымұқан. Бірақ, ол кезде қазақты біліп жатқан ел жоқ. Ресейдің бір отарын кім қайдан білсін?! Қажымұқанның небір күрестерге Ресей атынан түсуі, әйтпесе жапон балуаны атын жамылып шығуы содан.

Әлемдік күрес додаларынан ұдайы абыроймен оралып жүрген Қажымұқанның өмір жолы да тақтайдай тегіс бола қоймапты. Бір деректерде Ақмола өңірінде дүниеге келді десе, ендігі бір деректерде Оңтүстік өңірі, кәрі Отырар жерінде жарық дүниеге келген деседі. Қазандатып Санкт Петербургке жеткен жеңімпаз балуан өмірінің бірсыпыра уақытын кезіндегі қазақ жері – Омбыда өткізеді. Алғашқы демеушілері – татар кәсіпкерлері болып келетін Қажымұқанның өмір жолында талай зиялы азамат кездесіпті. Олар Қажымұқанмен мақтана білген. Демек, бүгінгі күні олардың есімі Қажымұқанмен бірге тарих сахнасынан айтылып, жарнамаланып жатса құба-құп.

Бәтима атанған поляк қызы, орыс қызы, қазақ қызы дегендей Қажымұқан жағдайын қарай көпнекелі болған азамат. Атақты жезтаңдай Майрамен көңіл қосып үш жыл тұрса керек Кереку жәрмеңкесінде. Қажымұқан, Майра, Иса болып бір жүріп, бірге өнер көрсетіпті. Жәмиғат шат болыпты. Омбыда біраз уақыт тағдырлас болып бір тұрған орыс қызының аты Қажекеңмен бірге атала бермейді. 1960 жылы Ресей циркі Қызылордаға келіп өнер көрсетеді. Балуандық өнерін көрсеткен қараторы жігіт Николаев «Мен Қажымұқанның баласымын»-дейді. Жұрт аңырай қарайды. Жауап тапқан балуан өмірінен «Қажымұқан» аталатын деректі-көркем туынды жазған Қалмақан Әбдіқадыров болыпты. Ол кезіндеҚажекеңді сөйлетіп жазып алған көне дәптерлерін қайыра ақтарып «Қажымұқанның» екінші кітабына кірісіп кетеді. Оның үзіндісін біз Қалмақан өмірінің ақырғы сәттерінде тұрған өзінің Шиелі ауданының аудандық газетінен тапқандай болып отырмыз. Сол секілді өмірінің ақабалы сәтінде Оңтүстікке келіп жайғасқан Қажекеңнің Жанәбіл (көзін көрген, бірге суретке түскен едік) перзентінің анасы – Бибігүл есімі де ауызға алына бермейді.

«Ауызға алына бермейді», «беймәлімдеу» деп отырғанымызбен Қажымұқан өмір дерегін там-тұмдап болса да бүгінгі күнге жеткізіп отырған – жазушы ағайын, журналист қаламгерлер. Оларға сондықтан да ризашылықпен қарайсың.

Әлемге әйгілі тұлғалардың өмір дерегіне үңілер болсақ, олар жайлы жазу екінің бірінің қолынан келе бермейтінін көреміз. Әсіресе ол Қажымұқан бабамыздай төрткүл дүниеге танымал тұлға болса. Сөйте тұра, уақытында Қажымұқан жайында аз жазылмаған. Қазақ поэзиясында Қажымұқан образы жасалды деуге болады. Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт Торайғыровтан тартып С.Сейфуллин, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов, Қ.Мырзәлиев, С.Асанов, Т.Айбергенов жазған поэтикалық туындылар балуан баба образын әр қырынан келіп, айшықты сөз, көрнекі бояумен бере алды. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» аталатын хикаяты – даңқы өмірді көркем әдебиетте толымды көрсетудің басы. Балуанды үйінде айлап күтіп, көп әңгімелесіп, аузынан шыққан әңгіменің бәрін дерлік қағазға түсіріп алған Қалмақан әуел баста көркем шығарма жаздым деп есептеген. Алайда, біздің білуімізде Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» туындысы деректі дүние. Рас, балуан аузынан жазылып алынған мәліметке сүйенгендіктен ол күреске түскен әлем балуандарының аты-жөні қате жүруі, Қажекең күресі әсіре баяндалуы әбден мүмкін. Оған қарап «Қажымұқанды» көркем әдебиет үлгісі райында қарау артық. Ақындық шабыт, көркем тілмен төгіліп жазылған «Қажымұқан» деректі-көркем туындысы өмірінен жазылған алғашқы сәтті дүниенің бірі. Шығарма кезінде өзбек тіліне аударылып (аударған Насыр Фазылов) жарық көрді. Қазақ тілінде әлденеше басылым көрген туынды, тәржіма тілінде де бірнеше рет қайта басылып жатса бәрі де шығарманың көркемдік сапасына байланысты болса керек. Жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Самолет қанша тұрады?» аталатын туындысы да деректі хикаят. Обалы не С.Бақбергенов Қажымұқандай алып күш иесінің ішкі жан-дүниесін, адами аңсары, отанын сүйген азамат райындағы тебіренісін тәп-тәуір ашқан аталмыш хикаятта.Документалист Әлімқұл Бүркітбаев, ғалым Мұратхан Тәнекеев жазған деректі туындылар – Қажымұқан абыройын асыратын дүниелер. Туындыгердің балуан баба ізімен жүріп отырып Ресей архивтерін ашуы, кезіндегі газет-журнал тігінділерін парақтауы көп дерек, дәйекке бастаған. Қазақтың тамаша режиссері Сұлтан Хожықов түсірген «Қажымұқан» фильмі де балуан бабаның қазақ киноөнеріндегі образын жасаудағы жақсы талпыныс. Тек кеңестік кезеңдегі Ресейге жалтақтаған сарынның салдары бар фильмде. «Қажымұқанды адам еткен орыс»-деген мотив көзге ұрғандай болып көрініп тұрады. Ә.Бүркітбаевтың сценарийімен «Қажымұқан» аталатын деректі фильм де түсірілген. Ғазизбек Тәшімбаев құрастырған «Күш атасы» (1984), Нармахан Бегалиев құрастырған «Қажымұқан қағанаты» (2001) қажымұқақантануда өз орны бар, орнықты атқарылған дүниелер. Қолдарыңыздағы «Балуан баба» да өзіне дейінгі еңбектердің заңды жалғасы. Әмсе соңғы екі кітапты бетке ала балуан бабаның туғанына 140 жыл толуына орай құрастырылып отыр. Дені – естеліктер. Бірыңғай естелікті іріктеп, сұрыптап алдық десе де болады.

Естелік – шыншыл жанр. Мемуардың ішкі жанрлық бұтағы саналатын естелікте Қажекеңнің қанаттас тіршілік кешіп, сыйласып тіршілік еткен жандардың куәлігі көп жәйтті аңғартқандай. Онда өмірінің бесін шағында елге оралып, ауылда өмір сүрген дауылпаздың даңқы өмір күндерін сағынуы, тұрмыс қинаған айналасындағы адамдардың тағдырына болысқысы келуі, бөлек жаратылысты алып тұлғаны жергілікті тұрғындардың «әулие» тұтуы, енді бір атқамінерлердің «ауылдағының аузы сасық» деген мешеулікпен Қажекеңе астамси қарауы... бәрі-бәрі де қарапайым естелікте қамтылып жатыр. Естелік айтушылардың арасында орыс поэзиясына «ғылыми поэзия» ұғымын енгізген ұлы ақын Л.Мартыновтың болуы, оның Қажымұқанды аса бір қайырымды мейірбан, ұлы гуманист есебінде бейнелеуі көңілге шуақ құяды. Ә.Тәжібаев сынды Қажекеңді үйінде айлап қонақтатып інілік парызын атқарған адам, тегеурінді ақынның Қажекеңді алып-қашпа әңгімелерден қорғаштап, нақты өмірде болған өнерпаз тұлғаны алға шығарғысы келген ниеті де құптарлық. Алайда мұны алып күш иесін аңыздан ажырату деп ұқпау керек. Прозашы Берқайыр Аманшиннің естелігі «Ай, қап» журналында 1913 жылы Балуан баба жайында жарияланған Жаһанша Сейдалиннің бір материалын жаңғырту райында жазылған екен. Материал әлі де Қажымұқан жайында кезінде жарияланған материалдар қазақ, орыс басылымдарында тығылып жатқанын көрсетеді. Демек, спорт тарихына, тұлға тағдырына қызығар ендігі буынды архивтерге бастайтын сүрлеу!

Осы тұрғыдан алғанда деректі әңгіме, естелік, мақала авторларының балуан туралы ізденістері өз межесіне жетті деп айта алмаймыз. Балуан атамызға деген шексіз сағынышқа толы алуан жанрлы дүниелер әлі талай жазыла береді. Кітапты оқып шыққан адам осындай ойға қалары анық. Өйткені әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына деген қаламгерлердің шексіз құрмет бояуы осы кітаптың әрбір парағына мөр етіп басылғандай сезінесің.

Қазақ даласы қашанда «елім, жұртым» дейтін ұлтжанды тұлғаларға кенде болмаған. Әріге бармай-ақ жалын атқан жас шағында-ақ халықтың қалаулысына айналған кешегі Шоқан, Абай, Мағжандарды айтсақ та болады. Сондай елі сүйген, елін сүйген дархан даланың дарынды ұлдарының бірі –Қажымұқан Мұңайтпасов болатын. Содан болар ол жайлы ел арасында аңыз, әңгімелер көп. Солардың бірін тыңдап көрейік: ...Балуан атамыз бала кезден-ақ жиын-тойларда күреске түсіп, «бала балуан» атанады. Қажымұқанның балуандық жолы – Омбы қаласында өткен балуандар чемпионатында орыстың атағы жер жарған тәжірибелі балуаны Иван Злобинмен кездесуінен басталады. Бұдан кейін ол Петербургтегі бүкіл Ресейге «Ваня ағай» деген атпен танылған Иван Лебедевтің балуандар мектебінде тәрбиеленеді. Осында цирк ойындарын көрсетуге машықтанады.

1908 жылы күрестен әлем чемпионы Георг Лурихтің ұйымдастыруымен Ресейдің ірі қалаларында өткен чемпионаттарға қатысып, «Ямогата Муханура» деген атпен аренаға шығады. Оңтүстік Американың қалаларын аралайды. Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен марапатталады. Чемпион ретінде әлемнің бірталай ірі қалаларында болып өнер көрсетеді. Түрік еліне барған сапарында түрік жұрты белдескен балуандарының бәрін жыққан қайратына риза болып, оған «Қажы» деген атақ береді.

1913 жылы Троицк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өтеді. Қажымұқан осы чемпионатта он сегіз балуанмен күресіп, соның бәрін де жығады. Оған 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына орай Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ береді. Қажымұқан Мұңайтпасұлы өз өмірінде 48 алтын, күміс, қола медальмен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Балуан баба кезінде өңіріне таққан небір алтын, күміс медальдар қолды болған. Ол да ендігі жас толқынды ізденіске бастар. Сол секілді 1927 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлына «Қазақ даласының Батыры» атағы берілген екен. Еңбегімен алған атақты қалпына келтіруді тиісті орындар ойланса жарасады-ақ. Сондай-ақ, кезінде Қазақ ССР-і үкіметі (Н.Оңдасынов) Қажымұқан Мұңайтпасұлын цирк өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ескере отырып «Қазақстанның халық артисі» атағына ұйғарған екен. Әрине, бүгінгі таңда Қажекеңнің өзі жоқ мынау өмірде.Алайда кезіндегі Үкімет ұйғарымын өзі жоқта жүзеге асырсақ - көзі барлыққа баланбас па?! Айта берсе мәселе көп.

Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ би айтқан екен. «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық» деп. Бұны адами болмысты айқындайтын алтын тұғыр десе де болады. Елім дейтін ерлердің бәрінде де осындай қасиеттер мен мұндалап тұратыны рас. Ал балуан атамыздың бойындағы осындай отаншылдық, ақындық, имандылық қасиеттер өз алдына бөлек дүние. Жасы келген шағында тылдағы еңбек майданы ерлерінің алдында өнер көрсетіп, самолет жасатуы, оған Аманкелді Имановтың есімін беруі, немесе қазақты әлемге таныту үшін «Ямагата Муханура» деген атпен кілемге шығуы кім-кімнің де жүрегін шымырлатары сөзсіз.

Қарап тұрсақ адам өмірі парақталған кітап беттеріндей, өткен кезең, жүрген із тасқа басылған таңбадай сайрап жатады. Алайда қара қылды қақ жарған әділ үкім – уақыт үкімі дейді даналар. Ендеше дара тұлғалар жайлы әділ қазы-уақыт десек артық айтқандық болмас. Кешеге дейін Қажымұқан атамызды Ақмола облысында туылды деп оқып келсек, бүгінде ол пікірдің ірге тасы шайқалып тұр. Оқырмандар бойындағы сыншыл ойдың жітілігі, парасаттылық, білімділік кейбір қате тұжырымдарды түзетуде. Ұлт зиялыларының, дария кеуде, тау мүсін көне көз қариялардың айтуынша Қажымұқан Мұңайтпасұлының кіндік қаны киелі Отырар топырағына тамған. Оның бабасы Ернақ осындағы Шілік ауылына жерленген. Ет жақын ағайын туыстары да осы Шілік, Ақтөбе ауылында тұрып жатыр. Балуан атамыздың өмірінің соңғы жылдарын өзінің туған жерінде өткізуі де біздің ойымызды растай түседі.

Бүгінде облыс көлемін айтпағанның өзінде бір ғана Отырар ауданында бір орта мектеп, бір спорт мектебі мен спорт кешені Қажымұқан атамыздың атымен аталады. Бұдан басқа жыл сайын көптеген мәдени-спорттық шаралар өткізіліп келеді. Ертеңгі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойында балуанның алып ескерткіш мүсіні салтанатты түрде ашылатын болады, қорыта айтқанда;

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып палуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып он екі жыл,

Жиырма төрт патшаның жерін басқам - деп жырлаған

балуан бабамыздың өнегелі ғұмыры жас ұрпаққа үлгі өнеге болары хақ. Шын мәнінде «Күш атасы» (1984), «Қажымұқан қағанаты» (2001) жинақтарынан және көзкөргендер аузынан жазылып алынған естеліктерден бас құраған бұл кітаптың Қажымұқантану ғылымына қосар үлесі аз болмаса керек.



Әуелбек ҚОҢЫРАТБАЕВ

БАҺАДҮР
«Мұртына қарай іскегі» дегендей, әр елдің қашан да болса өзіне жарасқан айыр тілді шешені, ел бастаған көсемі, данасы, ақыны, әншісі, күйшісі, батыры болған. Оларды халық тудырып, заман жаратады. Мұндай дарын иелері ерекше тумысымен, ел мен халқына сіңірген қызметімен бағаланады. Ел сасқанда, етегін басқанда, қол бастаған батырлар мен көсемдер аты шығады. Етекке ат толып, еңсесі биік төбеге ел жиналғанда, шешендер қызметі көзге түседі. Олардың атқарған қызметіне қарай халық өзінің кемеңгер ұлдарын әр кез қадірлеп, істерін үлгі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Халық сол көсемдердің жаратушысы ғана емес, мұрагері де болып табылады. Тұлғалы да туысты ұлдарының үлгісіне қарап, халық өзінің жаңа қаһармандарын жасайды. Оларға жаңа тұлға, жаңа қасиет, жаңа мінез береді.

«Өткенді айтпай, жаңа еске түспейді» демекші, сондай көрнекі адамдардың ісін, күресін, арманы мен өмір жолын білген ләзім. Осындай тұлғалы адамдардың бірі – атақты палуан Қажымұқан еді. Революцияға дейінгі жалшылық өмірден шыққан Қажымұқан өзін жер жүзіне таныта білген бұқара өкілі, жеке палуан емес, бүтін бір елдің палуаны.

1946-жыл болатын. Менің Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл-әдебиет институтында қолжазбалар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезім. Бір жолы көркем әдебиет секторынан мені Ғабит Мүсірепов іздепті. Барсам, Ғабең жұмыс үстінде екен. Мені көрген бете жүзінде қуаныш белгісі пайда болды. Жұмысын қоя бере:

- Жақсы келдің, Әуелбек. Сені бірер күннен бері іздеп жүр едім, - деді. Содан соң көзілдірігін шешіп, маған күлімсірей қарады да:

- Естуімше, сен Қажекеңді білетін көрінесің. Онымен таныстығың бар ма еді? – деді.

- Ол кім еді? – дедім мен мән-жайға түсіне қоймай.

- Әлгі атышулы палуан Қажымұқанды айтамын.

- Е-е, білемін, жақсы білемін. Ол кісімен сонау 23-25-жылдары Ташкент, Қызылорда арқылы таныстығым бар, - дедім мен әңгімеге кірісіп. – Ұмытпасам, 1923-жылдың күзі болатын. Менің Ташкент Казинпросында оқып жүрген кезім. Бір жағынан «Жас қайратта» жұмыс істеймін. Бірде қалада палуандар сайысы өтеді екен, оған қазақтың Қажымұқан дейтін алыбы қатысатын болыпты деген сөз тарады. Ұзамай палуандар сайысын да тамашаладық. Қажекеңді ең алғаш көргенім сол еді. Бұдан соң палуанды 1925-жылы қайта көрдім. Сол жылы Қажымұқан Қызылорда циркінде Прохоров дейтін палуанмен белдесіп, оны жыққаны бар. Ол да табаны ошақтай, тірсектері қайқы боп біткен шын дәу еді, - дедім мен өткен жайларды еске алып.

- Онда дұрыс болды. Бүгінде ол кісі егде тартып отыр. Біз болсақ күнделікті күйбеңмен батырдың өмірбаянын жазып алуды да ескермеппіз. Осы бір іс біздің бөлімге жүктелген еді, соның сәті түспей жүргені. Саған дейін бір адам жұмсаған едік, палуан онымен тілдеспепті. Сол себепті, батырды танитын адам іздеуге мәжбүр болып отырмыз. Енді, міне, істің аяғы өзіңе тіреліп тұр. Осы сапарға барып қайтсаң қайтеді? – деп өтініш білдірді.

Мен келісімімді бердім де, ұзамай жолға шықтым. Алматыдан Күн бата шыққан поезд темір стансасына Күн шыға жетті. «Жолы болар баланың жеңгесі шығар алдынан» дегендей, Қажекең де осында жүр екен. Амандасып, мән-жайды сұрасып, біраз шұрқырасып қалдық. Палуан базарлай шығыпты. Сөйтіп, Шәуілдірге бірге қайтатын болдық. Стансадан Шәуілдір 10 шақырымдай жер. Қажекең бір жеңіл машинаны тоқтатып:

- Шырағым, мына бала бізге келген қонақ еді, бізді Шәуілдірге ала кеткейсің, - деп еді, шофер кісі:

- Ақсақал, барар жерім басқа жақ. Шәуілдірге бұрылатын уақытым жоқ, - деп, машинасын от алдыра бастады. Қажекең машинаның артқы доңғалақтарын жерден тік көтеріп алып:

- Әй, Шәуілдерге жеткізіп саласың ба, жоқ машинадан аударып тастайын ба? – деді.

Шофер күле бастады. Ақыры бізді жеткізіп салып, палуанның алғысын алды. Байқауымша олар бұрыннан-ақ таныс сияқты.

Ауданға келген соң, Қажекең мені қымыз бен кәуапқа тойғызды. Өзі де ашығып қалған екен.

Сол күні кештетіп Шілікке жеттік. Үйінде Мінәй жеңгеміз, оның қарт шешесі, 6 жасар Айдархан деген баласы бар екен. Үйдің бір бұрышында Айша дейтін жас әйелі жатыр, бас көтермейді. Аяғы ауыр.

Ертеңіне палуанның үйіне ауыл адамдары ағылып келе бастады. Үй адамға лық толып, Қажекеңнің өмірбаянын тыңдады. Мен оны хатқа түсірумен болдым. Бірде палуан маған:

- Інім, маған сенен де бұрын адамдар келген болатын. Бірақ, көпшілігі тергеуші болып келеді. Ондайларды мен ұната бермеймін. Сен болсаң менімен үйлестің, - деді.

Ертеңіне түс кезінде Қажекең мені құдасының үйіне алып барды. Үй иесі қызметте екен. Әйелі «көрші үйге барып келем» деп, жоқ болды. Күте-күте шаршадық. Күн болса күйіп тұр. Қорада екі қой тұр еді, Қажекең соның бірін соямын деді.

- Иесіз үйдің малын сойғанымыз қалай болар екен? – деген сөзіме құлақ аспады. Болмаған соң, құдаңызды шақырып келейін деп кетіп қалдым. Ол финанс бөлімінде істейді екен. Түс кезі болатын. Кеңсеге келсем, ешкім қалмапты. Үйге қайта оралдым. Сөйтсем, Қажекең қозылы қойды сойып, ішек-қарынын теріге орап тастапты. Етін сол күйінде қазанға салып, қайнатып отыр. Ұзын бөрененің бір басын ошаққа тығып, екінші басында өзі отыр. Ошақ далада, күн шағыл. Үй иелерінен ешкім жоқ. Көрші үйге барсам, манағы әйел осында отыр екен. Болған жайды ол да біліпті.

Бір кезде көптен күткен үй иесі де келді-ау. Шәй келіп, дастарқан жайылған соң, Қажекеңнің ісін айтып, күлісіп алдық. Байқасам, құдасы ақ пейіл, ақ жарқын жан екен. Осы сапарымда мен палуанның үйінде май айының 15-25 аралығында он күндей болып, оның аузынан көптеген қызықты деректер жазып алған едім…



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет