Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет10/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

ҚОСЫМША ТАРАУЛАР

Бірінші тарау

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіндегі түйіндеме


Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, тек оның өзінің мойындауы бойынша төменде аталған құбылыстардың біреуі орын алған болса ғана, кәпір болып табылады. Яғни адам осыны рұқсат етілген деп табанды түрде тұрып алса (истихләл), Шариғат үкімін мойындамаса (жоққа шығарса) (жухд), Шариғатты өтірік деп есептесе (такзиб), Шариғаттан жақсырақ қандай да бір нәрсе бар деп айтса (тұжырым жасаса) (тафдыйль), басқа заңдар мен басқару жүйелерін Шариғатқа теңестірсе (мусауа) немесе Шариғаттың үкімдерін басқа үкімдермен алмастырып, Шариғаттың негізінде үкім шығарып жатырмын деп айтса (табдийль), өзін Аллаһпен бірге заң жасап шығаруға құқықты деп есептеп, Шариғатқа қайшы келетін үкімдерді енгізсе, мұндай адам кәпір болады және осыда ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ.

Қалғанының барлығы кіші күпірліктің (куфр асғар) санатына жатады. Басқаша айтқанда, мұндай іс-әрекет адамды Исламнан шығармайды және оны кәпір етпейді. Ал кім бұған қатысты басқа пікірді ұстанса, ол өзінің пікірін растайтын айқын және бұлтартпас дәлел келтірмепті.


Екінші тарау

Жоғарыда сипатталған тоғыз жағдайдың төртеуінде ғана ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар


1. «Табдийль» ұғымының анықтамасы. Бұл мәселедегі дұрыс пікір: «табдийль» - бұл адамның Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен жай ауыстыруы ғана емес, бірақ осы үкім Шариғаттың үкімі деп те айтуы.

2. «Ситуациялары жетінші жағдайда, яғни «истибдәл» жағдайында қаралатындардың кейбіреулері кәпір болып табылады ма?» деген мәселе. Кейбір ғалымдар басым көпшілікке қайшы келіп: «Бүкіл Шариғатты басқа заңдармен және үкімдермен ауыстырған және сонымен бірге оларды Шариғаттың үкімдері деп айтпаған адам бұл жағдайда кәпір болады», - деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

3. «Ситуациялары сегізінші, яғни «такнин» - Шариғатқа қайшы келетін заңдарды жасап шығару жағдайында қаралатындар кәпір болып табылады ма?» деген мәселе. Кейбір ғалымдар басым көпшілікке қайшы келіп: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарды жасап шығаратын адам кәпір болады», - деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

4. «Ситуациялары тоғызыншы, яғни «тәшри‘ ‘ам» - Шариғатқа қайшы келетін заңдарды енгізу және оларды жалпыға бірдей, орындауға міндетті заңдарға айналдыру жағдайында қаралатындар кәпір болып табылады ма?» деген мәселе. Кейбір ғалымдар, басым көпшілікке қайшы келіп: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарды енгізетін және адамдарды оларды орындауға міндеттейтін адам кәпір болады», - деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

Үшінші тарау

Менің қорытындыларымның қазіргі заманның үш ең ірі ғалымдарының пікірімен бірдей болуы (үйлесуі)


Олар: Абду-ль-Азиз ибн Абдуллаһ Ибн Баз, Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани және Мухаммад ибн Салих ибн Усәймин, Аллаһ оларды рахым етсін.

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару, адам осыны рұқсат етілген деп есептейтін жағдайдан (истихләл) өзге кезде, күпірлік болып табылмайды деп айтқан.136

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, әл-Әлбанидің келтірілген пәтуасына түсіндірме жасап, былай деген: «Мен мұны ақиқатқа сәйкес келетін құнды сөздер деп есептеймін. Оларды айтып, ол мүміндердің жолына ілесті. Ол, Аллаһ оған көмек берсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын адамды оның іс-әрекеті себепті ғана, егер ол жүрегінде осыны рұқсат етілген деп есептейтіні айқын түрде белгілі болмаса, кәпір деп айтуға ешкім құқықты емес екендігін түсіндіріп берді».137

Әл-Әлбанидің пәтуасын және Ибн Баздың пікірін Ибн Усәйминге, Аллаһ оларды рахым етсін, оқып бергенде, ол олардың сөздеріне қатысты өз пікірін білдірді және олармен келісті, бірақ адам Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен жай ауыстырып қана қоймай, оларды жалпыға бірдей заңдарға айналдырып, адамдарды оларды орындауға міндеттейтін жағдайдан (ташри‘ ‘ам) бөлек.138

Кейінірек Ибн Усәймин өзінің пікірінен бас тартты да, әл-Әлбани және Ибн Базбен толық келісті, бұл жөнінде жоғарыда шейхтың ескі және жаңа пәтуалары келтірілген кезде айтылған болатын.

Сөйтіп, бұл кітапта айтылған нәрселер қазіргі заманның үш ең көрнекті ғалымдарының айтқанына сәйкес болуымен нығайтылады, Аллаһ олардың барлығына рахым етсін.... Уа, Аллаһ, саған әуелінде де, ақырында да мадақтар болсын!


Төртінші тарау

Менің қорытындыларымның шейх Ибн Баз басқарған Пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің пікірімен бірдей болуы


Бірінші
пәтуа

Сұрақ: Қандай жағдайларда адамды кәпір деп есептеуге болады, ал қандай жағдайларда болмайды? Және Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» деген сөздерінде күпірліктің қандай түрі меңзеліп тұр?

Жауап: Сіздің «Қандай жағдайларда адамды кәпір деп есептеуге болады, ал қандай жағдайларда болмайды?» деген сұрағыңызға қатысты айтар болсақ, сіз өзіңізге не түсініксіз болып жатқанын түсіндіруіңіз керек, ал сол кезде біз сізге белгілі бір жағдайдайға қатысты Шариғаттың үкімі қандай екендігін айтамыз. Ал Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген сөздерінде аталған күпірліктің түріне келер болсақ, сөз ұлы күпірлік (куфр акбар) туралы болып тұр. Әл-Қуртуби өзінің тафсирінде Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сондай-ақ Муджахидтің, Аллаһ оны рахым етсін, былай дегендерін айтқан: «Құранды қабыл алмай және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін теріске шығарып, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес шешім шығармайтындар кәпірлер болып табылады». Ал егер адам өзінің Аллаһтың үкіміне бойсұнбай жатқанына сенімді болса, бірақ осыған оны оған ұсынылған пара немесе ол үкім шығарып жатқан адамға қатысты оның өшпенділігі, достығы немесе туысқандық қатынасы сияқты басқа нәрсе итермелесе, онда бұл үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылмайды. Мұндай жағдайда адам бойсұнбаушы болып есептеледі. Мұндай адам күпірлікке, зұлымдыққа және бұзақылыққа түседі, бірақ басқа жағдайларда орын алатынынан салмақсыздау дәрежеде. Аллаһ - тура жолға Салушы, әрі Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Комитетің басшысы: Абду-ль-Азиз ибн Баз

Комитет басшысының орынбасары: Абду-р-Раззақ Афифи

Комитеттің мүшелері: Абдуллаһ ибн Ғадьян және Абдуллаһ ибн Қууд139.



Екінші
пәтуа

Сұрақ: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушы мұсылман болып табылады ма? Әлде ол үлкен күпірліктегі (куфр акбар) кәпір ме?

Жауап: Аллаһ Тағала былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер»; «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар».140

Егер адам мұны рұқсат етілген деп санаса, онда бұл – адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар), үлкен зұлымдық (зульм акбар) және үлкен бұзақылық (фисқ акбар). Ал кім мұны пара үшін немесе басқа мақсаттармен істесе және сонымен бірге осы тыйым салынған деп сенсе, онда бұл кіші күпірлік (куфр асғар), кіші зұлымдық (зульм асғар) және кіші бұзақылық (фисқ асғар) болып табылады және адамды діннен шығармайды, мұны ғалымдар аталған аяттарға тафсир жасап, түсіндіріп бергеніндей.

Аллаһ - тура жолға Салушы, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Комитетің басшысы: Абду-ль-Азиз ибн Баз

Комитет басшысының орынбасары: Абду-р-Раззақ Афифи

Комитеттің мүшесі: Абдуллаһ ибн Ғадьян




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет