Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет14/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

Үшінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Саған түсірілгенге және сенен бұрын түсірілгенге иман келтірдік деп, бірақ тағутқа үкім үшін жүгінуді қалайтындарды көрмейсің бе? Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да. Шайтан оларды терең адасушылыққа кіргізуді қалайды».227

Біздің қарсыластарымыз былай дейді: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын адам кәпір болып табылады, өйткені Аллаһ оны екіжүзді деп атады, ал екіжүзділер кәпірлер болып табылады.

Жауап

1. Бұл аят екіжүзділерге қатысты түскені дұрыс айтылған. Алайда егер оның мағынасы туралы айтар болсақ, онда екі ықтималдылық бар.

1 — Бұл адамдар үкім шығару үшін тағутқа жүгінуді қалағандығы себепті екіжүзділерге айналғаны. Бұл қарсыластардың пікірі.

2 — Екіжүзділердің сипатына үкім үшін тағутқа жүгіну жатады, ал мүміннің екіжүзділерге олардың бір сипатындағы, мысалы өтірік айтудағы ұқсастығы, оны кәпір етпейді. Сөйтіп, егер мүмін Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқармаса (билік құрмаса) және шешім шығармаса, ол осынысында екіжүзділерге ұқсайды, алайда осы себепті кәпір болмайды, тек егер оның кәпір болғанына басқа дәлелдер жоқ болса.

Ал егер осы жағдайда адам кәпір болуы да, болмауы да мүмкін екені белгілі болса, біз оны кәпір деп санауға құқықты емеспіз, өйткені егер адамның кәпір болып табылмауы ықтимал болса, оны күпірлікте айыптауға болмайды. Біз адамды кәпір деп мұны абсолютті нақты білген кезде ғана және оның әрекеттерін өзгеше түсіну мүмкін болмаған жағдайда ғана айта аламыз. Бұл мәселеде өте күшті сақтық керек, әсіресе, егер бізде бұл адамдар дәл үкім үшін Аллаһқа жүгінбегендігі және Шариғатты басшылыққа алмағандығы себепті екіжүзділер деп аталғандығына дәлел жоқ болса.



2. Олардың үкім үшін тағутқа жүгінуді қалауы шектеусіз болып табылмайды. Керісінше, ол шектеулі болып табылады және онда олардың оған иман келтіруден бас тартпауына нұсқайтын нәрсе бар. Ал кім тағутқа иман келтірмеу міндетті емес деп есептесе, сол, ешбір күмәнсіз, кәпір болып табылады және бұл енді - адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар).

Әт-Табари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: "«Тағутқа», яғни өздері ұлықтайтынға және оның пікірі олар үшін беделді болғанға, және олар оның үкіміне разы болып, оны Аллаһтың үкімінің орнына қабылдайтынға үкім үшін жүгінуді қалайтындарды, яғни өздерінің келіспеушіліктері мен тартыстарында. Оларға оған иман келтірмеу бұйырылған болса да ”, яғни Аллаһ Тағала оларға өздері үкім үшін жүгінетін тағуттың алып келген нәрселеріне иман келтірмеуді бұйырды, ал олар Аллаһтың әмірін тастап, Шайтанның әміріне бағынды».228


Төртінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, шайтандар өз сыбайластарына сендермен тартысуды сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, көпқұдайшылдарға айналасыңдар».229

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһқа мойынсұну болған нәрседе Аллаһқа емес, өзгеге бағынса, сол Аллаһқа серік қосады, яғни ширк жасайды.

Жауап

1. Егер аятты сөзбе-сөз түсінер болсақ, онда Аллаһқа деген кез келген мойынсұнбаушылық Оған серік қосу (ширк) болып шығады. Алайда аятта бұл меңзелмейтіні айқын-ақ және мұндай тәпсірлеуді ғалымдардан ешкім мақұлдап айтпаған.

2. «Бағыну» дегенде сенімдер меңзеледі. Яғни шайтандар мұндай адамға халәл нәрсені харам деп, ал харам нәрсені халәл деп есептеуді бұйырады және ол осыда оларға бағынады.

Абду-ль-Латыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ Тағаланың «Расында, шайтандар өз сыбайластарына сендермен тартысуды сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, көпқұдайшылдарға айналасыңдар» деген аяттары туралы ойланыңдар.230 Аллаһ Тағала: «Шайтандарға бағынатын және Аллаһ тыйым салған (харам еткен) нәрсені рұқсат етілген (халәл) деп санай бастайтын адам Аллаһқа серік қосушы (мүшрик) болып табылады», - деп бекітті».231


Бесінші дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Немесе дінде Аллаһ бүйырмаған нәрсені олар үшін заңдастырған ортақтары бар ма?»232

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені Аллаһқа серік қосады.

Жауап

Бұл аят тек Аллаһтың үкімін басқа үкіммен алмастыратын (табдиль жасайтын) адам кәпір болып табылатынына нұсқайды, өйткені аяттан мына екі әрекетті: 1) «олар үшін заңдастырған» сөздерінде - заңдарды жасап шығаруды; 2) «дінде» деген сөзде соны дінге телуді - біріктірген адам кәпір болып табылатыны ғана келіп шығады.

Бұл - біз жоғарыда ол туралы айтқан тура сол «табдийльдің» өзі. Ал табдийль жасаушы адам, ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болып табылады, бұл туралы біз жоғарыда айтып кеткеніміздей.

Алтыншы дәлел


Аллаһ Тағала былай деген: «Ол өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды».233

Біздің қарсыластарымыз былай деп айтады: Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, кәпір болып табылады, өйткені шешім шығаруда өзін Аллаһқа серік етеді.

Жауап

1. «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы шешім шығаруында барлық жағдайда өзін Аллаһқа серік етеді» дегенге келісу мүмкін емес. Егер адам Шариғат үкімін өзге үкіммен алмастырса (табдийль) немесе өзін Алаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруға (билік құруға) және шешім шығаруға құқықты деп санаса (истихләл), онда ол шынында да шешім шығаруда өзін Аллаһтың серігіне айналдырады. Ал басқа жағдайларға қатысты айтар болсақ, оларға аятта аталған үкім күшке ие болмайды.

2. Кім мұны мойындағысы келмесе, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратындарды «барлық жағдайда Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы шешім шығаруда өзін Аллаһқа серік етеді» деген сылтаумен кәпір деп есептеуі қажет. Алайда Әһлю-Сунна өз басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беретін адам кәпір болып табылмайтынына келіскен.



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет