Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет17/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

Ибн Усәйминнің, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі бойынша берген «әт-Тахрир фи мәсәләт әт-тәкфир» деп аталған пәтуасы


Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Мен ешбір серігі жоқ Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екеніне күәлік етемін. Мен бұл сұрақты шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усәйминге, Аллаһ оған есендік берсін, телефон арқылы беріп отырмын, Аллаһ оны және ол сияқтыларды ұлы ғалым Ибн Баздың орнын басатын игілерден етсін.

Бұл сұрақ ислам білімдерін ізденушілердің арасында көптеген келіспеушіліктер туғызған тақырып бойынша болмақ. Дәлел ретінде олар жиі жағдайда шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усәйминнің, Аллаһ оған есендік берсін, сөздерін келтіреді. Ең алдымен шейхпен сәлемдесуден бастаймын. Ассаләму аләйкум уә рахматуллаһи уә баракатуһ! Аллаһ сіздің білімдеріңізді арттырсын және екі дүниеде де сіздің дәрежеңізді жоғарылатсын!

Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін! Ислам білімдерін ізденушілердің арасында Аллаһ Тағаланың Шариғатына қайшы келетін заңдармен басқаратын (билік құратын) әмір (билеуші) тақырыбында көп пікірталастар жүреді. Мұндай әмір (билеуші), ешбір күмәнсіз, адамдарға бұл заңдарды орындауды әмір етеді және оларды осыған міндеттейді және осы заңдарды орындаудан бас тартушыларды жазаға тартып, оларды орындаушыларды марапаттауы мүмкін. Ал егер біз Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қарасақ, бұл ойдан шығарылған заңдар Құран мен Сүннет мәтіндеріне қайшы келетінін көреміз. Мұндай адам адамдарды Шариғатқа қайшы келетін заңдарды орындауға міндеттейді, және (бірақ) сонымен бірге Шариғаттың ақиқат, ал қалған нәрсенің барлығы өтірік екенін және Құран мен Сүннеттегі нәрселердің ақиқат екенін мойындайды, алайда сонда да қандай да бір пікірлердің немесе өз әуес-қалауларының ықпалымен адамдарды Шариғатқа қайшы заңдарды орындауға мәжбүрлейді... Мұның мысалдарының аз емес екендігін Умайилердің және Аббасилердің дәуірін зерттегенде де көруге болады. Адамдарды өздерінің алдында өмір сүргендерден «мирас» етіп алынған Аллаһқа ұнамсыз нәрселерге мәжбүрлейтін әмірлер мен билік иелері аз емес еді. Мұның барлығы туралы сізге, әрине, мәлім. Олар билік үшін таласты, өздеріне жаман адамдарды жақындатып, игі және салиқалы адамдарды жанынан алыстатты... Олар адамдардарды мәжбүрлейтін өтірік нәрселермен келіскендерді жақындататын. Ал кім оларды ақиқатты ұстануға шақырып, жалғаннан тосса және ақиқат жолына үндеуге талпынса, олар солармен күресті...

Егер біздің заманымызда әмір (билеуші) соларға ұқсас заңдарды енгізіп, осылайша істесе, егер адамдарды осы заңдарды орындауға міндеттесе, ол кәпір болып саналады ма әлде жоқ па? Егер ол сонымен бірге өзінің Құран мен Сүннетке қайшы келіп жатқанын және ақиқат Құран мен Сүннетте екенін мойындаса, тек өзінің іс-әрекетінің себебімен кәпірге айналады ма? Әлде біз оның бұл мәселедегі сенімдеріне қарауымыз қажет пе? Мысалы, адамдарды өсімқорлыққа мәжбүрлейтін, өз елінде өсімқорлықпен айналысатын банктер ашатын, мемлекеттік банктен пайыздық, яғни өсімқорлық несие алатын және осындай нәрселерді экономикаға енгізетін адам. Егер сіз одан осы туралы сұрасаңыз, ол сізге: «Өсімқорлықпен айналысу – харам және ол рұқсат етілмеген», - деп, алайда ол бұған еліндегі экономикалық кризистің т.с.с. себептермен жүгініп жатқанын айтады да, орынсыз және орынды ақталуларын келтіреді. Мұндай адам кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па?

Көп жастар: «Сіз: «Мұны істеуші адамдар кәпір болып табылады», - деп айтқансыз», - дейді. Және сонымен бірге дүниенің барлық елдерінде мұндай көріністердің әртүрлі формалары бар – бір жерлерде аздау, ал бір жерлерде - көбірек, бір жерлерде жасырын, ал бір жерлерде – ашық. Аллаһ бізді барлық жаман нәрселерден сақтасын.... Сіздің жауабыңыз ислам білімдерін іздеушілерге және Исламды уағыздаушыларға пайда келтіреді деген ниетпен осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз, өйткені осындай келіспеушіліктер оларға қалайша әсер ететінін Сіз білесіз.

Бұл сұрақты Сізге қоюшы мен, Абу әл-Хасан Мустафа ибн Исма‘иль әс-Суләймани, Марибтенмін (Йемен), 22-раби әл-аууәл, хижраның 1420 жылы.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!

Шейх Ибн Усәйминнің жауабы:

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына, сондай-ақ оның ізінен Қиямет күніне дейін ауытқымай ергендерге сәлем және салауаттар болсын!

Сейсенбі күні 22 раби‘ әл-аууәлда хижраның 1420 жылы мен марибтік бауырымыз Абу әл-Хасанның қалдырған таспасын тыңдап шықтым. Ол өзінің жолдауын сәлем беру сөздерімен бастады және мен оған: «Саған да Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!», - деймін.

Күпірлікте айыптау – өте маңызды мәселе және оны терминдерді игерген және айтылғанды дұрыс түсінуге қабілетті, сондай-ақ адамды күпірлікте айыптаудың, немесе, керісінше, ол кәпір емес деп айтудың салдары қандай болуы мүмкін екендігін түсінетін ислам білімін ізденушілерден өзге ешкіммен талқыламау керек. Ал егер қарапайым адамдар туралы айтар болсақ, оларға жай: «Кәпір болып табылады, - немесе: - Кәпір болып табылмайды», - деп айтуға болмайды, өйткені бұл бұзықтықтар мен бүліктерге әкеп соқтырады.

Мен жастар «Әмір кәпір болып табылады ма әлде жоқ па?» немесе «Оған қарсы шығуға рұқсат етіледі ме әлде жоқ па?» деген сұрақтармен шұғылданбай, назарды Аллаһ оларға міндетті етіп бұйырған немесе Ол оны орындауға талпындыратын ғибадатқа бөлуі және Аллаһ Тағала ұнамсыз және харам деп атаған нәрселерді тастауы және сонымен бірге келісім мен бірлікке жетуге тырысуы керек деп есептеймін. Олар дін мәселесіндегі келіспеушіліктер сахабалардың кезінде де болғанын, алайда бұл келіспеушіліктер оларды бөлінуге дейін алып бармағанын білуі керек. Ақиқатында, жүректер біртұтас және жол да біреу...

Ал егер Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару туралы айтар болсақ, олар, себептеріне байланысты, Құранда айтылғандай, үш түрлі болады: күпірлік (куфр), зұлымдық (зульм) және бұзақылық (фисқ).

Егер адам өзінің әуес-қалауларына еріп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарып жатса және сонымен бірге ақиқат Аллаһ Тағаланың үкімдерінде екенін біліп-мойындаса, онда ол кәпір болып табылмайды да, зұлымдық пен бұзақылықтың арасында болады.

Ал егер ол жалпыға бірдей заңдарды енгізсе және осыда игілік көрсе, өйткені ол шатасты, ол тағы да кәпір болып табылмайды, өйткені көп әмірлерге (билеушілерге) надандық тән және оларда шариғи білімдер өте аз. Әмірлер (билеушілер) Шариғаттың үкімдерін білмейтін адамдармен араласып жатады және өздері оларды ғалымдар деп есептейді. Міне, сондықтан да олардың Шариғатқа қайшы келетіні шығады.

Егер әмір Шариғатты білсе, алайда оған қайшы келетін заңдарды енгізсе және оларды адамдар оған сәйкес өмір сүретін конституцияға айналдырса, сөйте тұра өзінің зұлымдық жасап жатқанына және ақиқат Құран мен Сүннет бізге алып келген нәрседе екеніне сенсе, онда біз мұндай адамды кәпір деп айта алмаймыз.

Біз кәпір деп «Аллаһтың заңдарына сәйкес емес өмір сүру адамдар үшін абзалырақ», - деп санайтын немесе адамдар ойлап тапқан заңдарды Аллаһтың заңдарына теңестіретін адамды ғана айта аламыз. Бұл адам – кәпір, өйткені ол Аллаһ Тағаланың «Аллаһ үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?»260 және Аллаһ Тағаланың «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»261 деген сөздерін жоққа шығарады.

Әрі қарай.

Егер біз біреуді кәпір деп атасақ та, бұл «оған қарсы шығу керек» дегенді мүлде білдірмейді. Өйткені әмірге (билеушіге) қарсы шығу үнсіздікке қарағанда көбірек жамандық алып келеді. Оның мысалдары арабтардың да, басқа халықтардың арасында өте көп, әрі бұл мысалдардың барлығын тізбектеп шығуға бізге уақыт жетпейді.

Әрі қарай.

Егер тіпті біз «осы әмірге қарсы шығуға рұқсат етіледі» дегенге көзіміз жетсе де, бізде жеткілікті күш және тиісті дайындық болуы қажет. Яғни біз осы әмірдің күшімен бірдей немесе тіпті одан да көбірек күшке ие болуымыз қажет.

Ал егер гранаталар, танктер тағы да сол сияқтыларға ие әмірге қанжарлар және найзалар мен қарсы шығу туралы айтар болсақ, бұл, ешбір күмәнсіз, ақымақтық және жөнсіздік болады, және бұл Шариғатқа қайшы келеді.

Қорытынды

Аллаһ Тағаладан барлық әмірлерді тура жолмен жетелеуді және оларды Құран мен Сүннетке сәйкес басқаруға (билік құруға) алып келуін және ақиқат төңірегіне біріктіруін, сондай-ақ оларды Исламның қызметіне қоюын тілеймін!

Мен сондай-ақ Аллаһтан адасушылыққа түскен мұсылмандарды тура жолға салуын және менің бауырларым – білім ізденушілерге және ақиқатты жақтаушыларға бірлік сыйлауын және олардың жүректерін біріктіруін сұраймын!

Және мен Одан бізге ақиқатты ақиқат етіп көрсетіп және оған ілесуге көмектесуін, өтірікті өтірік деп көрсетіп, бізге одан аулақ болуға көмектесуін тілеймін!

Аллаһқа барлық кездерде және мәңгілік мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Ассаләму аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Сіздердің бауырыңыз

Бандар ибн Найиф әл-Махьяни әл-Утайби



МАЗМҰНЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ 7

БІЛУГЕ ТИІС ЕРЕЖЕЛЕР 7

Мұндай ережелер алтау: 7

Бірінші ереже: 7

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқару (билік құру) және шешім шығару – әрбір мұсылманның жеке парызы (фард айн). 7

Екінші ереже: 9

Егер белгілі бір адам оларды істеген адам кәпір болатын амалдарды (мукаффират) жасаса, бұл бізге мұндай адамды кәпір деп атауға құқық бермейді, өйткені нақты адамды күпірлікте айыптаудың міндетті шарты оған қарсы тиісті дәлел келтіру болып табылады. 9

Үшінші ереже: 10

Әмірдің күпірлігі оған қарсы шығуға рұқсат етіледі дегенді білдірмейді. 10

Төртінші ереже: 12

Шариғатқа қайшы келетін амалдардағы негіз - күпірлікте айыптаудың (такфирдің) болмауы. Ал осы негізге келтіретін күпірлікте айыптау (такфир) одан келіп шығады. 12

Бесінші ереже: 13

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі кейбір жеке тұлғаларға емес, барлық адамдарға қатысты қаралады. 13

Алтыншы ереже: 14

Жалпылау – көптеген түсініксіздіктердің және күмәндардың себебі. 14

ЕКІНШІ БӨЛІМ 15

АЛЛАҺТЫҢ ТҮСІРГЕНІНЕ СӘЙКЕС ЕМЕС БАСҚАРУ (БИЛІК ҚҰРУ) ЖӘНЕ ШЕШІМ ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАУ 15

БІРІНШІ ЖАҒДАЙ 15

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару рұқсат етілген деп сену (истихләл). 15

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ: 21

Табанды түрде мойындамау (жоққа шығару) (жухд) 21

ҮШІНШІ ЖАҒДАЙ: 23

Өтірікке шығару (такзиб) 23

ТӨРТІНШІ ЖАҒДАЙ: 24

Қандай да бір нәрсені Аллаһтың Шариғатынан абзал көру (тафдыйль) 24

БЕСІНШІ ЖАҒДАЙ: 26

Қандай да бір нәрсені Аллаһтың Шариғатына теңеу (мусауа) 26

ЖЕТІНШІ ЖАҒДАЙ: 30

Ауыстыру (истибдәл) 30

СЕГІЗІНШІ ЖАҒДАЙ: 36

Өз заңдарын жасап шығару (такнин) 36

ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАҒДАЙ: 41

Конституция және барша үшін міндетті заңдар жасап шығару (ташри‘ ‘ам) 41

ҚОСЫМША ТАРАУЛАР 48

Бірінші тарау 48

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіндегі түйіндеме 48

Екінші тарау 48

Жоғарыда сипатталған тоғыз жағдайдың төртеуінде ғана ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар 48

Үшінші тарау 49

Менің қорытындыларымның қазіргі заманның үш ең ірі ғалымдарының пікірімен бірдей болуы (үйлесуі) 49

Төртінші тарау 50

Менің қорытындыларымның шейх Ибн Баз басқарған Пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің пікірімен бірдей болуы 50

Бесінші тарау 51

Менің қорытындыларымның Абду-ль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасанның және Суләйман ибн Сахманның пікірлерімен бірдей болуы, сондай-ақ осындай пікірді ғалымдар ұстанғандығын және ол біздің салиқалы алдынғы буынның өкілдерінен де жеткізілгендігін растау 51

Алтыншы тарау 52

Менің қорытындыларымның Ибн Аббасқа ілесушілердің пікірімен бірдей болуы 52

Жетінші тарау 53

Менің қорытындыларымның Ибн Аббастың пікірімен бірдей болуы 53

Сегізінші тарау 56

Қазіргі заманның үш ұлы ғалымдарына және олардың пікірлестеріне қарсы қойылатын айыптаулар 56

Бірінші дәлел 68

Екінші дәлел 69

Үшінші дәлел 74

Төртінші дәлел 75

Бесінші дәлел 76

Алтыншы дәлел 76

Жетінші дәлел 77

Сегізінші дәлел 78

Тоғызыншы дәлел 79

Оныншы дәлел 79

Он бірінші дәлел 80

Он екінші дәлел 81

Он үшінші дәлел 82

Он төртінші дәлел 83



Ибн Усәйминнің, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі бойынша берген «әт-Тахрир фи мәсәләт әт-тәкфир» деп аталған пәтуасы 85



1 Әл-Ләләкаи, «Шарх усуль и‘тиқад Әхлю-с-Сунна уәл-жама‘а», № 116.

2 Сол жерде, № 130.

3 Сол жерде. Бұл маңызды кітапты Аллаһтың қалауымен аударуды шештік, ол келесі жылдың басында басылып шығады деген үміттеміз. Аллаһ осыған себеп болған адамға есендік берсін.

4 Әл-Ләләкәи, «Шарх усуль и‘тиқад Әһлю-с-Сунна уәл-жама‘а», № 120.

5 Сол жерде, № 47.

6 Сол жерде, № 49.

7 Сол жерде, № 19.

8 Сол жерде, № 50.

9 Сол жерде, № 23.

10 Сол жерде, № 29

11 Сол жерде, № 35.

12 Сол жерде, № 53.

13 Сол жерде, № 112.

14 Сол жерде, № 261.

15 Сол жерде, № 732.

16 Сол жерде, № 2317.

17 «әл-Мәидә» сүресі; 49-аят.

18 «ән-Ниса» сүресі; 65-аят.

19 «әл-Мәидә» сүресі, 44, 45, 47 аяттар.

20 «ән-Нур» сүресі, 63-аят.

21 «Әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

22 «Әш-Шура» сүресі, 52-аят.

23 Ибн Таймийя «Мажму‘ әл-фатауа», 12-том, 466-бет.

24 Яғни осы адамның іс-әрекеттері – күпірлік және оларды өзгеше түсінуге болмайды.

25 Ибн Таймийя, «әс-Сарим әл-маслюль», 2-том, 413-бет.

26 Абдуль-Азиз ибн Баз, «әл-Фатауа», 8-том, 203-бет.

27 Ибн Усәймин «Әл-баб әл-мафтух», 3-том, 126-бет. № 51 кездесу, № 1222 сұрақ.

28 Ибн Абдуль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 315-бет.

29 Ибн әл-Мунзир, «әл-Әусат», 1-том, 230-бет.

30 Ибн әл-Мунзир, «әл-Әусат», 1-том, 174-бет.

31 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 18-том, 170-бет.

32 Ибн Таймийя, «Минһаж әс-Сунна», 2-том, 217-бет.

33 Ибн әл-Қайим, «әс-Сауаик әл-мурсалә», 3-том, 925-бет.

34 «Уйун әр-расаиль», 1-том, 166-бет.

35 Адамға Аллаһ Тағала бұл іс-әрекетті тыйым салғандығы туралы мәлім болған, бірақ ол Аллаһтың тыйымын мойындаудан бас тартып, қасарысып оны рұқсат етілген (халәл) деп санайтын жағдай туралы сөз болуда. Мысалы, шарапты немесе доңыздың етін харам екендігін біле тұра, саналы түрде халәл деп есептеуі.

36 Ибн Таймийя, «әс-Сарим әл-маслюль», 3-том, 971-бет.

37 «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

38 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 3-том, 267-бет.

39 Ибн Таймийя, «әс-Сарим әл-маслюль», 3-том, 971-бет.

40 Ибн әл-Қайим, «Иғасат әл-ләхфан», 1-том, 382-бет.

41 Ибн Усәймин, «әл-Бәб әл-мафтух», 3-том, 97-бет. № 50-кездесу, № 1198-сұрақ.

42 Усама өз сөздерімен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді қайталай бергені сонша – ол өзінің өте салмақты теріс қылық жасағанын сезіп, бір жаман іс жасап, сосын Ислам қабылдаған адамның орнында болуын қалағанын айтып тұр. Өйткені Исламды қабылдаған адамның оған дейінгі істеген барлық күнәлары кешіріледі.

43 әл-Бухари, «Сахих», № 4269, 6872.

44 Муслим, «Сахих», № 273.

45 Муслим, «Сахих», № 275.

46 Әл-Хаттаби, «Маалим әс-сунан», 2-том, 234-бет.

47 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 422-бет.

48 Ибн Абду-ль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 315-бет.

49 Ибн Таймийя, «әс-Сарим әл-маслюль», 3-том, 971-бет.

50 Ибн Хажжәр «Әл-исабта» бұл деректі ән-Насаиге, Ибн Мажжәһқа, Ибн Абу Хайсамаға, Ибн әс-Сакан әл-Барудиге және басқаларға тиісті деген. Ал Ибн әл-Қайим «Зад әл-мә‘адта» оны Ибн Абу Хайсамаға қатысты еткен. Алайда мен бұл қосымшаны ән-Насаиде және Ибн Мажжәһта, Аллаһ олардың барлығын рахым етсін, таппадым.

51 Ибн әл-Қайим, «Заад әл-ма‘ад», 5-том, 15-бет.

52 Абу Жа‘фар әт-Тахауи, «Шарх ма‘ани әл-асар», 3-том, 150-бет.

53 «Ән-Ниса» сүресі, 22-аят.

54 Әс-Синди, «Шарх «Сунан» ән-Насаи», № 3332 хадис.

55 Абдуллаһ ибн Ахмад ибн Ханбәл, «Масаиль».

56 Әт-Тахауи, «Шарх ма‘ани әл-асар», 3-том, 149-бет.

57 Әш-Шәукани, «Найль әл-аутар», 7-том, 131-бет.

58 «Әли-Имран» сүресі, 7-аят.

59 Абдуль-Азиз ибн Баз, «әл-Фатауа», 7-том, 78-бет.

60 Мухаммад ибн Ибраһим, «Тахқим әл-қауанин», 14-бет.

61 «Ән-Намль» сүресі, 14-аят.

62 Әр-Рағиб әл-Асфахани, «Әл-муфрадат», 95-бет.

63 Әл-Файрузабади, «Әл-қамус әл-мухит», 1-том, 389-бет.

64 Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

65 Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.


66 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 2-том, 79-бет.

67 «Әл-Ән‘ам»сүресі, 33-бет.

68 Ибн әл-Қайим, «Мадариж әс-саликин», 1-том, 346-бет.

69 Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

70 Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

71 «Әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

72 Ибн Баз, «әл-Фатауа», 4-том, 416-бет.

73 Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

74 «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.

75 «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.

76 «Әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

77 Ибн Баз, «әл-Фатауа», 1-том, 132-бет.

78 «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.

79 «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.

80 Ибн Таймийя, «Мажму ‘ әл-фатауа», 3-том, 267-бет.

81 Әш-Шанқиты, «Адуа әл-байан», 1-том, 407-бет; әл-Куртуби, «Ахкам әл-Қуръан», 2-том, 625-бет.

82 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 3-том, 268-бет.

83 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 3-том, 267-бет.

84 Ибн Абду-ль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 358-бет.

85 «Әл-Мәида» сүресі, 44, 45, 47 аяттар.

86 Ибн Хазм, «әл-Фасль», 3-том, 278-бет.

87 Әл-Бухари, «Сахих», № 3635 хадис.

88 Әл-Бухари, «Сахих», № 4556 хадис.

89 «Әт-Таубә» сүресі, 103-аят.

90 Ибн Хажжәр, «Фатх әл-Бари», 12-том, 288-бет.

91 Ибн Абду-ль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 358-бет.

92 Бұл хадисті әт-Тирмизи және әл-Хаким, сондай-ақ әл-Маруази «Та‘зым кадар әс-саләт» еңбегінде келтіреді. әл-Хаким оны әл-Бухари мен Муслимнің талаптарына сәйкес келетін сахих хадис деді, ал әз-Захаби онымен келісті. Әл-Әлбани де «Сахих әт-тарғибте» (хадис № 564) оны сахих деді.

93 «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

94 Яғни Ирактағы Харура деген жерге жиналып, халифа Али ибн Абу Талибты, Аллаһ оған разы болсын, діннен шыққан деп есептеген ертедегі хауаридждер. - Редакцияның ескертпесі.

95 «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

96 «Әл-Ән‘ам» сүресі, 1-аят.

97 Әл-Ажжурри, «әш-Шари‘а», 44-бет.

98 Ибн Абду-ль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 312-бет.

99 Әл-Қуртуби, «әл-Муфхим», 5-том, 117-бет.

100 Абу Хаййян әл-Андалуси, «Әл-бахр әл-мухит», 3-том, 493-бет.

101 Оның “Тіпті бұл туралы мүлде ешкім айтпаған» деген сөзін екі мағынада түсінуге болады: не ол хауариждердің пікіріне қайшы келмей, Әһлю-Суннаның пікірін жеткізуде; не болмаса кіші және үлкен күнәлар аяттың жалпы мағынасына кіреді, ал хауариждер тек үлкен күнәлар үшін күпірлікте айыптайды дегенді меңзеп тұр.

102 Мухаммад Рашид Рида, «Тафсир әл-манар», 6-том, 336-бет.

103 Ибн Абду-ль-Барр, «әт-Тамхид», 16-том, 358-бет.

104 «Әл-Мәида» сүресі, 44, 45, 47 аяттар.

105 Ибн Хазм, «әл-Фасль», 3-том, 278-бет.

106 Әл-Бухари, «Краткое изложение на русском языке», № 48 хадис.

107 Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-Фатауа», 7-том, 187-бет.

108 Әл-Әлбани, «Сильсиләт әл-һуда уан-нур», 218-аудиотаспа.

109 Әл-Бухари, «Сахих», № 5953; Муслим, № 5509-хадис.

110 Әл-Бухари, «Сахих», № 5954; Муслим, № 5494-хадис.

111 Толығырақ «Являются те, кто назван тагутом, неверными?» деген мақаланы


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет