Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет3/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

Үшінші ереже:

Әмірдің күпірлігі оған қарсы шығуға рұқсат етіледі дегенді білдірмейді.


Әмірге қарсы шығу рұқсат етілуі үшін бес шарттың орындалуы қажет:

1. Әмірдің Аллаһ бізге ол күпірлікке қатысты оның шындығында да күпірлік болып табылатындығы туралы дәлел түсірген айқын күпірлікке түсуі.

2. Әмірге қарсы дәлелді алу.

3. Әмірді құлатуға деген қабілеттілік.

4. Құлатылған әмірдің орнына жаңа мұсылман әмірді қоюға деген қабілеттілік.

5. Әмірді құлату мұсылмандарға оны құлатудан бас тартуға қарағанда көбірек зиян әкелмеуі.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер мүмін өзі әлсіз болған жерде болса, немесе әлсіздікті бастан кешіп жатқан уақытта болса, ол Аллаһ пен Оның Елшісіне сөз тигізіп жатқан Кітап иелері және көпқұдайшылдарға қатысты сабырлық пен кешірімділікті әмір ететін аяттарға сәйкес амал жасауы қажет. Ал күшке ие болғандар дінді қаралайтын күпірліктің жетекшілеріне қарсы, сондай-ақ Кітап иелеріне қарсы, олар қорланған күйінде жизия төлемейінше, соғысуды бұйыратын аятқа сәйкес амал етуі қажет».25

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл мұсылмандар әмірдің анық күпірлікке кіргенін көргенде және бұл жөнінде оларда айқын дәлел болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонда ғана олар мұндай әмірге қарсы көтеріліске шығуларына болады, егер олардың күш-қуаты бұған жеткілікті болса ғана, кері жағдайда қарсы шығуға болмайды, өйткені бұл оларға көбірек зиян әкеледі. Шариғаттың барша мойындаған ережелерінің біріне сәйкес жамандықты одан да асқан жамандықпен тоқтатуға (жоюға) болмайды, жамандықты оны жоятын нәрсемен немесе жеңілдік әкелетін нәрсемен ғана тойтару керек. Ал жамандықты одан да асқан жамандықпен жоюға келер болсақ, бұған жол берілмейді, мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі осындай.

Егер күпірлікке айғақ болатын амалдар жасап жатқан әмірді орнынан құлатуға ниеттенген адамдардың бір тобында оны құлатып, орнына ізгі және салиқалы әмірді тағайындауға қажетті қабілеттілігі болса, әрі бұл (әрекет) мұсылмандарға зиян тигізбесе және бұрынғы әмірден де асқан жамандыққа айналмаса, онда бұл рұқсат етіледі. Ал егер көтеріліс зиян келтірсе және қоғамдық тәртіптің бұзылуына, жазықсыз адамдардың жәбір шегуіне және өлтірілуіне, сондай-ақ өзге де үлкен апаттарға әкеп соқса, онда бұған тыйым салынады».26

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, кәпір әмірге қарсы шығу туралы былай деген: «Егер біз бұл әмірді алып тастауға қабілетті болсақ, оған қарсы шығамыз, ал егер бұған қабілетті болмасақ, қарсы шықпаймыз, өйткені барлық діни міндеттердің ажырамас шарты болып оларды орындауға деген қабілеттілік және мүмкіндік табылады.



Әрі қарай, біздің әмірге қарсы шығуымыз оны тыныш қалдыруымыздан да көбірек зиян алып келуі мүмкін, өйткені егер біз қарсы шықсақ, ал ол өзіне қарсы шығуды басып тастай алса және әрі қарай да күшке ие болса, біз бұрынғымыздан да қорланған жағдайға түсеміз, әрі ол өзінің бұзықтығында және күпірлігінде одан әрі кетеді».27

    • Сөйтіп, егер әмір (билеуші) ғалымдар үлкен күпірлік саласына жатқызған нәрсені (куфр акбар) жасаған болса, бұл «оған қарсы шығуға рұқсат етіледі» дегенді білдірмейді, тіпті оған қатысты дәлел алынған болса да. Әмірге қарсы шығуды рұқсат ету үшін қажетті өзге де шарттарды назарға алу қажет.

Төртінші ереже:

Шариғатқа қайшы келетін амалдардағы негіз - күпірлікте айыптаудың (такфирдің) болмауы. Ал осы негізге келтіретін күпірлікте айыптау (такфир) одан келіп шығады.


Бұл «Шариғатқа қайшы келетін амалдардың ешқайсысы, оларға қатысты шариғи дәлелдер болғандарынан басқа, адамды кәпір етпейді» дегенді білдіреді. Бұл ережеден екі мәселе туындайды.

1. Кім кез-келген тыйым салынған амалды негізден (күпірліктің болмауынан) оған қарама-қарсы кейіпке (күпірлікке) жатқызғысы келсе, шариғи дәлел келтіруге міндетті болады, ал егер ол осындай дәлел келтірмесе, оның сөздері ешқандай салмаққа ие емес.

2. Кім қандайда-бір тыйым салынған нәрсені жасаған адамды кәпір деп атаудан бас тарса, оған дәлел ретінде негізге және бұл негізден келіп шығатын шариғи дәлелдің жоқтығына сілтеме жасау жеткілікті болады.

Ибн Абду-ль-Барр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл мәселедегі дұрыс ұстаным мынандай: уақыттың белгілі бір кезеңінде ол мұсылман еді деп нақты анықталған әрбір адам, бұл жөнінде мұсылмандар бірауызды куәлік еткен болса, кейін күнә істеген немесе бір нәрсеге дұрыс емес түсіндірме жасаған болса және осыдан кейін мұсылмандар ол жөнінде «ол Исламнан шықты ма, әлде мұсылман болып қалды ма?» деген келіспеушілікке түскен болса, онда олардың осы келіспеушілігі, оның мұсылман болғандығы туралы бір ауызды пікірінен кейін, (оны күпірлікте айыптауға) дәлел болып табылмайды. Мұсылмандардың бір ауызды пікірі бойынша мұсылман болған адам оның Исламнан шыққанын растайтын мұсылмандардың өзге бір ауызды пікірінен, немесе оған ешнәрсені қарсы қоюға болмайтын бекітілген Сүннеттен өзге жолмен Исламнан шықпайды»28.



    • Бұл ережеге қатысты түсіндірме жасайтын мысал ретінде кіші дәретті (вуду) жарамсыз ететін амалдарды келтіруге болады. Ғалымдардан ешкім шариғи дәлелдерге ие болмай, адамның дәретін жарамсыз деп санамайды және егер олардың біреуі кіші дәретті бұзатын нәрселер туралы өздігінен, шариғи дәлелдерді келтірмей айтса, басқа ғалымдар оның сөздерін қабылдамас еді.

Ибн әл-Мунзир, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер адам рәсімдік тазалануды (дәрет алуды) орындаған болса, оның осы кейіптен шыққандығы туралы дәлелдер пайда болмайынша, ол рәсімдік тазалық (дәретті) күйінде тұр деп саналады».29

Ол сондай-ақ былай деген: «Аталған жағдайда кіші дәретті жаңарту қажет деп санайтындарда дәлел жоқ, өйткені, біз бұл жөнінде алдын айтып кеткеніміздей, ғалымдар егер адам тазаланған болса, ол рәсімдік тазалық күйінде (дәретті) болады дегенге бір ауызды келіскен. Сонымен бірге, ғалымдар рәсімдік тазалық (дәрет) мұрыннан қан ағудың, денеден қан ағудың және қанның жарадан өзге басқа жерден шығудың, сондай-ақ құсудың нәтижесінде бұзылатындығына қатысты түрлі пікірлерге бөлінген. Бір ғалымдар аталған жағдайларда рәсімдік тазалық (дәрет) бұзылады деп санаған, ал басқалары қарама-қарсы пікірді ұстанған. Ғалымдардың бір ауызды келісімі бойынша бар деп саналатын рәсімдік тазалықты (дәретті), тек егер ғалымдардың оның бұзылғандығын растайтын өзге бір ауызды келісімі, немесе Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған еш нәрсе қарсы қойылмайтын хабар болмаса, бұзылған деп санауға болмайды».30



  • Ал егер мұсылман ғалымдары рәсімдік тазалықтың (дәреттің) бұзылуы туралы пікірді, осы туралы айтушыдан тиісті дәлелдерге ие болмай, сөзсіз қабылдаудан бас тартқан болса, онда, күмәнсіз, Исламнан шығу, бұл туралы тұжырымды сөзсіз қабылдамауға едәуір лайықты. Өйткені Исламнан шығу туралы үкімнің дәреттің бұзылғандығы туралы үкімнен салмақтырақ екені айдай анық, өйткені бұл маңызды!

  • Сөйтіп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіндегі негіз – бұл амал адамды Исламнан автоматты түрде шығара салмайтындығы. Кім мұсылманды күпірлікте айыптаса, ол осы мәселенің қай қырын қозғаса да, бұған шариғи дәлел кетіруі қажет. Ал егер күпірлікте айыптаушы тиісті дәлел келтірмесе, оның сөзі ешқандай салмаққа ие емес.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет