Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет4/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

Бесінші ереже:

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесі кейбір жеке тұлғаларға емес, барлық адамдарға қатысты қаралады.


Яғни біз бұл мәселені қарағанымызда тек қады (сот), әкім немесе мемлекеттің әмірі туралы ғана айтумен шектелмейміз. Іс жүзінде бұл екі тараптың арасында үкім шығаруға келіскен кез-келген адамдарға қатысты болады.

Бұл туралы шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп өте жақсы айтқан: “Екі адамның арасында үкім етушінің кез келгені үкім шығарушы болып табылады, мейлі ол әскери, кеңсе басшысы немесе жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюшы адам болсын. Тіпті сызықша ойнап жатқан балалардың арасында үкім етушіні де сахабалар үкім шығарушыға жатқызған!”31



  • Сөйтіп, әмірге және кез келген өзге адамға қатысты үкім бірдей болуы қажет. Кім адамды аталған істің негізінде кәпір деп санаса, сол істі істейтіндердің барлығын: әмірді де, кез келген өзге адамды да кәпірлер деп санауы қажет.

Алтыншы ереже:

Жалпылау – көптеген түсініксіздіктердің және күмәндардың себебі.


Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жалпы сипатта айтылған сөздерге (мужмәлمجمل) нақтылаусыз бекіту немесе теріске шығару қолданыла бастағанда, мұның салдары надандық, адасушылық, бүліктер және бұрмалаулар болады».32

Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Құран мен Сүннетке іс жүзінде надандықтан өзге еш нәрсе болып табылмайтын өзінің ой-тұжырымдарын қарама-қарсы қоятын бұл адамдар өздерінің пайымдауларын әртүрлі етіп түсінуге болатын бір мағыналы емес сөздерге және айтылған пікірлерге негіздейді. Бұл айтылған сөздердің көп мағыналылығы және оларды жалпылау оларды ақиқат нәрселерді растауға да, жалған нәрселерді дәйектеуге де пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ішіндегі шындық болып табылатын нәрселердің себебімен бұл жөнінде білімге ие болмаған адам олардың ішіндегі жалған болып табылатын нәрселерді қабылдайды, ал бұл осындай айтылған сөздердің түсініксіздігінен және бір мағыналы болмауынан орын алады. Ал содан соң мұндай адамдар бұл айтылған сөздердегі жалған нәрселерді пайғамбарлардың мәтіндеріне қарсы қояды. Бізден алдын өмір сүрген қауымдардың адасушылығы дәл осыдан басталған болатын және діндегі кез келген жаңалық та (бидғат) осылай басталады... Адамзаттың адасушылығының негізінде бір мағыналы емес, жалпыланған, екі мағыналы етіп айтылған сөздер жатыр, әсіресе егер осы айтылған сөздер естен жаңылған бастарда құнарлы топырақ тапқан болса»33.

Абдуль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасан Әл әш-Шейх, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бір нәрсе туралы жалпылама түрде, шектеусіз және нақтылаусыз айтылып жатса және сонымен қатар адамда айтылып жатқан нәрсені сөзбе-сөз түсінуге тыйым салатын кедергілер туралы білімі болмаса, мұның салдары түсініксіздік, қателіктер және Аллаһтан бізге келген нәрселерді бұрыс түсіну болады. Ал бұл дінді бұзады, оның бұрыс қабылдануын туғызады әрі Құран және Сүннет пен адамның арасында бөгет құрады».34


  • Сөйтіп, әрбір (жеке) мәселеде нақтылау және шариғи дәлелдерде жете баяндалған жан-жақты талдау қажет, әрі шариғат дәлелі бізге беретін егжей-тегжейліктерді ескермей Шариғаттың үкімдерін тиісті амалдарға қолдануға рұқсат етілмейді.

Осы ережеден шыға келе, зерттеуіміздің екінші бөліміне көшеміз.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

АЛЛАҺТЫҢ ТҮСІРГЕНІНЕ СӘЙКЕС ЕМЕС БАСҚАРУ (БИЛІК ҚҰРУ) ЖӘНЕ ШЕШІМ ШЫҒАРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАУ


Төменде біз тоғыз жағдайды қарастырамыз. Олардың алтауы үлкен күпірлік (куфр акбар) санатына жатады және осыда ғалымдар арасында келіспеушілік жоқ. Қалған үшеуіне қатысты кейбір кейінгі ғалымдардың пікірі ертедегі ғалымдардың пікірінен ерекшеленген. Алайда іс жүзінде олар кіші күпірлік санатына жатады.
  • БІРІНШІ ЖАҒДАЙ

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару рұқсат етілген деп сену (истихләл).


Бұл - адамның Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару рұқсат етілген және тыйым салынбаған деп сенген күйінде Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы.

Бұл жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: бұл іс-әрекет адамды Исламнан шығаратынына және үлкен күпірлік (куфр акбар) санатына жататынына ғалымдар бірауызды келіскен.



Дәлелдер:

1. Әһлю-Сунна белгілі бір тыйым салынған (харам) нәрсені рұқсат етілген (халәл) деп санайтын адам кәпір болып табылатынына бірауызды келіскен. Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кім қандай да бір тыйым салынған (харам) нәрсені рұқсат етілген (халәл) деп санаған күйінде істесе35, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болып табылады».36

2. Әһлю-Сунна Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару рұқсат етілген (халәл) деп санайтын адам кәпір болып табылатындығына бірауызды келіскен. Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер адам мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған (харам) болып табылатын нәрсені рұқсат етілген (халәл) деп есептесе немесе мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша халәл болып табылатын нәрсені харам деп есептесе немесе оған қатысты мұсылмандардың бірауызды келісімі бар Шариғаттың үкімін өзгертсе, онда ол кәпір және діннен шыққан (муртад) болып табылады, бұл жөнінде мұсылман фақихтарі бірауызды айтатынындай. Екі пікірдің біріне сәйкес дәл осы жөнінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздері түсірілген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер»37. Яғни (аятта) Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес үкім шығаруды рұқсат етілген (халәл) деп санайтындар туралы айтылуда»38.

Осы жағдаймен алты мәселе байланысты.



Бірінші мәселе:

Егер адам Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес үкім шығару рұқсат етілген деп сенсе, ол кәпір болады, тіпті егер өзі осыны істемесе де.



Екінші мәселе:

Егер адам белгілі бір нәрсені халәл десе, бұл жүректің амалдарына жатады, өйткені белгілі бір нәрсенің халәл екендігі туралы сенім тек жүректе болады. Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Истихләл” — адамның бір нәрсені халәл деп сенуі».39

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бір нәрсеге қатысты “мустахилль” - осы істің халәл екендігіне сеніп, оны орындаушы адам».40

Ибн Усәймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Истихләл” — бұл адамның Аллаһ харам еткен нәрсені халәл деп сенуі. Ал жүректің сенімінде емес, амалдарда көрініс табатын тыйым салынған (харам) нәрсенің рұқсат (халәл) етілуіне қатысты айтар болсақ, онда мұны жан-жақты қарап шығу қажет. Мысалы, егер адам өсімқорлықты халәл деп санамаса, бірақ онымен табанды түрде айналысса, онда бұл (әрекеті) оны кәпір етпейді, өйткені ол бұл істі халәл деп есептемейді».41

Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді тек адамның өзі оның жүрегінде не бар екендігін жариялағанда ғана білуге болады (3 және 4-мәселелерді де қараңыз).

Үшінші мәселе:

Бақылаулардың нәтижесінде алынған деректер (қараин — قرائن) өз әрекетімен харам нәрселер жасап жатқан адам туралы үкімге әсер етпейді. Бұған дәлелді біз бірнеше мұсылманды өлтірген, ал кейіннен Усама ибн Зәйд, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, оны қуып жеткенде, куәлік сөздерін («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деп) айтқан адам туралы деректен табамыз. Алайда Усама оны өлтірді, өйткені әлгі адам осы сөздерді тек төбесінен көтерілген қылыштан өзін сақтап қалу үшін айтты деп есептеді. Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!», - деп айтса да, сен оны өлтірдің бе?!», - деп, оны осы әрекеті үшін сөкті. Усама: «Ол осы сөздерді мен: «Қап, мен Исламды бүгін ғана қабылдағанымда ғой», - деп өкінгеніме дейін қайталай берді42», - деп баяндаған43.

Ал басқа риуаятта Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен оның жүрегін, ол осы сөздерді (жүрегімен) айтты ма, әлде айтпады ма, білу үшін ашып көрдің бе?!», - деп айтқаны келтіріледі.44. Келесі бір риуаятта Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал сен «Лә иләһә иллә-Ллаһ» сөздерімен, олар Қиямет күні келгенде, не істемексің?!», - дегені жеткізіледі.45

Егер бақылаулардың нәтижесінде алынған деректер адамның жүрегінде не бар екендігі туралы тұжырым жасаудың құралы ретінде алынғанда, онда Усама ибн Зәйдтың ижтихады ең бірінші кезекте дұрыс болар еді. Өйткені осы аталған жағдайда әлгі адам кәлима сөздерін ықылассыз айтты деп есептеуге өте сенімді алғышарттар бар еді және олар басқа бір осындай жағдайлардағы алғышарттардан едәуір сенімдірек еді. Осыған қарамастан, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл данқты сахабаның ижтихадын қайтарды және оның ақталуын қабыл етпеді де, оған жүректердегі нәрселер туралы алғышарттар бойынша үкім шығаруға болмайтынын түсіндірді. Ал сахаба емес адамның ижтихады қайтарылуға тіпті лайықты болып табылады.

Әл-Хаттаби, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен оның жүрегін ашып көрдің бе?», - деді. Бұл сөздерде «Адам туралы тұжырым сыртқы белгілерге негізделеді» дегенге дәлел бар, ал оның жүрегінде не бар екендігі Мінсіз Аллаһтың сотына қалдырылады».46

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Иман да сондай. Оның негізі, толықтығы, сыртқы және ішкі көрініс табуы бар. Ал егер онымен өмір сүру құқығы, мал-мүлікті, мирасты иемдену құқығы және қылмыстар үшін жазалау сияқты шариғи құқықтар мен жазаларға қатысты дүниелік заң ережелерді байланыстыратын болсақ, онда олар иманның сырттай көрініс табуымен байланысты. Өзгеше болуы мүмкін де емес, өйткені бұл нормаларды иманның ішкі көрініс табуымен байланыстыру өте қиын. Ал егер кейде иманның жасырын көрініс табу мәселесін қозғауға тура келсе, мұндай жағдайда өз шешіміңді білім мен қабілеттілікке негіздеу өте қиын. Өйткені бір нәрсе туралы білім оның сыртқы белгілерінің негізінде расталса ғана, ол нәрсе туралы мәлім болады, ал тіпті егер құқық бұзушылық туралы жасырын белгілер негізінде мәлім болған болса да, мұндай білімге сүйеніп жаза тағайындау мүмкін емес».47

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың Шариғатына сәйкес үкім шығарудан және шешім шығару барысында оны басшылыққа алудан бас тартатын адам туралы былай деген: «Егер ол мұны рұқсат етілген деп санамаса, онда біз оның амалдары туралы оның осы сөздеріне сүйеніп үкім шығаруымыз керек және оны кәпір деп санамауымыз қажет».

Төртінші мәселе:

Күнә жасауда қасарысып тұрып алу да, оны жасаудың ұзақтығы да осы адамның өзі жасап жатқан харам нәрсені халәл деп есептейтініне дәлел бола алмайды. Бұған төрт факт келтіруге болады:



Бірінші факт: бұл жөнінде бұрын өмір сүрген ғалымдардан ешкім айтпаған. Егер іс осылай болғанда, онда олар осы жөнінде бірінші болып айтар еді.

Екінші факт: Егер істің жайы осылай болғанда, онда ғалымдардың екі бірауызды келісімімен қарама-қайшылық туындайтын еді.

1. Ғалымдардың «Күнәлар адамды кәпір етпейді» деген бірауызды келісімі. Ибн Абду-ль-Барр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Әһлю-Сунна – ал дәл солар ғана фиқх пен хадистерді ұстанушы болып табылады – адамның күнәлары, олар қандай үлкен болса да, оны Исламнан шығармайды дегенге бірауызды келіскен».48

Ғалымдардың осы бірауызды келісімі (ижмаъ) жалпыға бірдей және шектелмеген болып табылады және ол күнәларында қасарысып тұрып алғанға да, ұзақ мерзім бойы күнә жасап жүргенге де қатысты күшке ие.

2. Күнәны ол рұқсат етілген деп есептеген күйде жасаған адам кәпір болатыны туралы ғалымдардың бірауызды келісімі. Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кім белгілі бір харам нәрсені халәл деп істесе, сол ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша кәпір болады».49

Сөйтіп, күнәхарларға қатысты күпірлік туралы үкім шығарылмайтыны туралы ғалымдардардың бірауызды пікірі, харам нәрсені халәл деп есептеген адам кәпір болады деген олардың бірауызды пікірімен бірге, «күнәны жасаудың ұзақтығы немесе оларды жасаудағы табандылық бұл адамның осы күнәларды жасау рұқсат етілген деп санайтынына нұсқау болып табылмайды» дегенге дәлел болады. Осыны есте сақтаңдар, өйткені бұл маңызды!

Үшінші факт: Егер де күнә жасау мерзімінің ұзақтығы немесе оларды жасаудағы табандылық бұл адамның осы күнәларды рұқсат етілген деп санайтынына нұсқау болғанда, онда бұдан «Күнәларды жасау адамды кәпір етеді» деген тұжырым шығатын еді. Ал бұл тұжырым ғалымдардың «Күнәлар адамды кәпір етпейді» деген бірауызды пікіріне қайшы келеді, өйткені мұндай жағдайда егер адам күнәларды ұзақ мерзім бойы жасаса немесе оларды жасауда табанды болса, онда ол кәпір болатыны келіп шығады ғой. Алайда Әһлю-Суннаның бірауызды пікірі бойынша бұл олай емес.

Төртінші факт: «Истихләл» түсінігі — бұл, біз бұл жөнінде айтып кеткеніміздей, бір нәрсенің халәл екендігіне нық сену, ал қандай да бір адамның шынайы сенімдері туралы, егер оның өзі ол туралы айтпаса, нақты білу мүмкін емес. Сондықтан біз күнәхарлардың өз күнәларын мойындағанын, насихат пен игі кеңес оларға терең әсер еткенін және олардың кейбіреулері тіпті тәубеге келіп жатқанын көрудеміз. Ал өз күнәсін мойындаған адам оны рұқсат етілген деп санай алмайды.

Бесінші мәселе:

Адамның іс—әрекеттерінен оның белгілі бір күнәны рұқсат етілген деп санайтынын білуге болады деп санайтындардың кейбіреулері өз әкесінің жесіріне үйленген және Аллаһтың Елшісі (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өлтіруді бұйырған адам туралы сахих хадисті келтіреді. Бұл хадисті әт-Тирмизи (№1362), ән-Насаи (№3331) және Ибн Мажжәһ (2607) келтіреді. Ал Абу Дәуд (№4475) және ән-Насаи (№3332) келтірген нұсқаларында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның мал-мүлкін тәрк етуді бұйырғаны келтіріледі. Хадиске жасалған бір қосымшада оның мал-мүлкінен бестен бір бөлігін (хумс) алуды бұйырған деп те келеді.50

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, бестен бір бөлікті алу туралы қосымшасымен келген бұл хадис туралы: «Яхъя ибн Мәин бұл хадисті сахих деген», - деп айтқан.51 Ал Ибн Хажжәр, Аллаһ оны рахым етсін, оның иснады жақсы деген.

«Оның мал-мүлікінен бестен бір бөлігі (хумс) ажыратылып алынды» дегені мал-мүліктің өзі мұсылмандар шайқасусыз қол жеткізген кәпірлердің мал-мүлкінің санатына (фай) жатады дегенді білдіреді, ал бұл осы адамның діннен шыққан (муртад) ретінде өлім жазасына тартылғанына нұсқайды.52

Алайда бұл хадисті дәлел ретінде қолдануға болмайды, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамның осы күнәні өз жүрегінде рұқсат етілген деп сеніп істегенін білген деп тұжырымдауға болады. Бұл пікір төрт фактімен расталады.

1. Исламға дейінгі жәхилиет кезінде арабтар әкесімен некеде болған әйелге үйленуді рұқсат етілген деп және осыны мұрагерліктің бір түрі деп санаған. Бұл адам адамдар Исламға дейінгі жәхилиет кезінде істейтін нәрсені рұқсат етілген деп нық сеніп істеді.

Әс-Синди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Ол өз әкесінің жесіріне, Исламға дейінгі жәхилиет кезіндегі адамдар өз әкелерінің жесірлеріне үйленіп және осыны мұрагерліктің бір түрі деп санап, осылайша істейтіндей, үйленді. Сондықтан Аллаһ Тағала мұның тыйым салынғандығы туралы ескертіп: «Әкелерің некеде болған әйелдерге үйленбеңдер»,53 - деді. Бұл адам мұны рұқсат етілген деп санап, Исламға дейінгі жәхилиет кезіндегі адамдардың жолымен кетті де, сол үшін діннен шыққан (муртад) ретінде өлім жазасына тартылды. Бұл хадисті сөзбе-сөз түсінуден бас тартатындардың түсіндіруі осындай».54



2. Ғалымдар, Аллаһ оларды рахым етсін, хадисте аталған адам осы күнәні рұқсат етілген деп жасады деп есептеді. Имам Ахмад, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Біз: «Ол бұл амалды рұқсат етілген деп істеді», - деп есептейміз, ал Аллаһ барлық нәрсе жөнінде жақсырақ біледі».55

Әт-Тахауи, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл адам істеген нәрсесін осындай неке рұқсат етілген деп есептеп істеді. Осыда ол Исламға дейінгі жәхилиет кезінде өмір сүрген адамдардың ізімен кетті. Сөйтіп, ол діннен шыққан (муртад) болды да, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты діннен шыққандармен істеу қажет болған нәрселерді істеуді бұйырды».56

Әш-Шаукани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл хадисті өзгеше түсіну мүмкін емес: бұл адам осындай некеге тыйым салынғандығын білді және осындай амалды рұқсат етілген деп санаған күйінде істеді, ал бұл міндетті түрде күпірлікке алып келеді».57

3. Ғалымдар өз әкесінің әйелімен зина жасаған және тіпті осыны бірнеше рет қайталап істеген адамға қатысты ол Исламнан шыққандығы туралы үкім шығармайды!

Егер өз әкесінің жесіріне үйленген адам мұны өз жүрегінде рұқсат етілген деп санамаған күйде, жай осыны істегендігімен ғана кәпірге айналатын болғанда, онда ғалымдар өз әкесінің әйелімен зина жасаған адамды кәпір деп санауы қажет еді. Осыны есте сақтаңдар, бұл өте маңызды!



4. Тіпті егер, тек жорамал ретінде, хадисте түсініксіздік және бірмағынасыздық бар деп есептесек те, біз оны бақылаудың нәтижесінде алынған деректерге сәйкес жүректегі нәрселер туралы үкім шығаруға болмайтынына нұсқайтын өзге айқын және бірмағыналы мәтіндерге сәйкес түсінуіміз қажет. Мысал ретінде жоғарыда келтірілген Усама ибн Зәйдтың хадисін келтіруге болады. Және Әһлю-Суннаның «Күнәлар, олар адамда қаншалықты көп болса да, оны кәпір етпейді» деген бірауызды пікірі, сонымен бірге «Аллаһ тыйым салған нәрсені рұқсат етілген деп санайтын адам кәпір болады» деген бірауызды пікір бар екендігін ұмытпаған жөн. Түсініксіз және бірмағыналы емес шариғи мәтінді дұрыс түсіну үшін осы тақырып бойынша анық шариғи мәтіндерге жүгіну керек. Әһлю-Сунна, бидғаттардың жақтаушыларынан айрықша, осылай істейді. Аллаһ Тағала былай деген: «Ол - Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар».58

Алтыншы мәселе:

Кейде ғалымдар «истихләл» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда пайдаланады, алайда сол мезетте бұл амалдың халәл екендігі туралы жүректегі сенімді емес, харам нәрсе істелген фактінің өзін ғана меңзейді. Бұл жағдайларда адамның кәпір болып табылатыны меңзелмейді. Бұл жағдайда «истихләл» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сол үшін оның нақты бір адамға қатысты қолданылғандығы бізге оны кәпір деп санауға негіз бермейді (болмайды).




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет