Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»



жүктеу 1.65 Mb.
бет5/18
Дата31.03.2016
өлшемі1.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бидғаттардың (діндегі жаңалықтардың) жаман салдарлары: 1 – Бидғаттар Аллаһтың дініне бөлінушілік салады
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері
manhaj -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ:

Табанды түрде мойындамау (жоққа шығару) (жухд)


Бұл – адамның Аллаһтың үкімін табанды түрде мойындамауы (жоққа шығаруы) себепті Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) немесе шешім шығаруы.

Бұл жағдайға қатысты шариғат үкімі: бұл амал адамды кәпір етеді және үлкен күпірлік (куфр акбар) санатына жататынына ғалымдар бірауызды келісімде.



Дәлелдер:

1. Әһлю-Суннаның «Аллаһтың дінінен қандай да бір нәрсені мойындамаған (жоққа шығарған) адам кәпір болып табылады» деген бірауызды пікірі. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ оны міндеттеген нәрселерден қайсысын болса да табанды түрде мойындамайтын (жоққа шығаратын) адамға қатысты Шариғат үкімі осындай... Мұндай адам кәпір және діннен шыққан (муртад) болып табылады... Ғалымдардың бірауызды пікірі осындай».59

2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндетті екендігін мойындамайтын (жоққа шығаратын) адам кәпір болып табыладытындығы туралы Әһлю-Суннаның бірауызды пікірі. Мухаммад ибн Ибраһим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушілік жоқ... Мұндай адам Исламнан шыққан кәпір болады».60

Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты.



Бірінші мәселе:

Адам Аллаһ түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндеттілігін мойындамаса (жоққа шығарса), кәпір болады, тіпті ол өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарында болмаса да.



Екінші мәселе:

Мойындамау (жоққа шығару) жүректің амалдарына жатады. Мойындамаудың (жоққа шығарудың) мәні – адамның өз жүрегімен мойындаған нәрсесін сырттай мойындамауы (жоққа шығаруы). Аллаһ Тағала былай деген: «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра, зұлымдықпен және менмендікпен қарсы шықты».61 Бұл аят мойындамаушы адам өзі сырттай мойындамай (жоққа шығарып) тұрған нәрсесін жүрегімен мойындап тұрған болуы мүмкін екендігіне нұсқайды.

Әр-Рағиб әл-Асфахани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Жухд” — бұл адамның оның жүрегі растайтын нәрсені мойындамауы (жоққа шығаруы), сондай-ақ оның жүрегі мойындамайтын нәрсені растауы»62.

Әл-Файрузабади, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Жәхада” — (мойындамайтын нәрсе туралы) білімге ие бола тұра, мойындамау (жоққа шығару)».63

Мойындамау жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді тек адамның өзі өзінің ішіндегісін жариялаған кезде ғана білуге болады.64

Үшінші мәселе:

Бақылауларға негізделген деректер харам нәрселерді істеп жатқан адам олардың харам екендігін мойындамайтынына (жоққа шығаратынына) дәлел бола алмайды.65



Төртінші мәселе:

Кейде ғалымдар «жухд» сөзін күнәхарлар туралы сөз еткенде де қолданады, алайда онымен жүректің сенімін емес, харам нәрсені істеудегі фактісін ғана меңзейді. Бұл жағдайларда адамның кәпір болып табылатындығы меңзелмейді. Бұл аталған жағдайда «жухд» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сондықтан оның нақты адамға қатысты қолданғандығы бізге оны кәпір деп есептеу үшін негіз бермейді (бола алмайды).


  • ҮШІНШІ ЖАҒДАЙ:

Өтірікке шығару (такзиб)


Бұл – адамның Аллаһтың үкімдерін өтірік деп есептеп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудан (билік құрудан) және шешім шығарудан бас тартуы.

Шариғаттың осы жағдайға қатысты үкімі: ғалымдар бұл әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфруль акбар) санатына жататынына бірауызды келісімде.



Дәлелдер:

Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үкімдерін өтірік деп есептейтін адам кәпір болып табылады дегенге қатысты ғалымдардың бірауызды пікірі.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер олар: «Иман - жүрекпен мойындау немесе тілмен растау немесе олардың екеуі де бірге», - десе, біз олардан: «Бұл мойындау жалпылама болып табылады ма, әлде нақтылаудың болуы қажет пе?», - деп сұраймыз. Мысалы, егер адам Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) – Аллаһтың Елшісі екенін мойындаса, бірақ Аллаһтың сипаттарын білмесе, ол мүмін болып табылады ма? Егер олар: «Ол мүмін болып табылады», - десе, онда «Егер ол Аллаһтың сипаттары туралы білсе, бірақ оларды өтірік десе, ол ғалымдардың бірауызды келісілген пікіріне сәйкес мүмін болып табылмайды», - деп айту керек болады».

Ол сондай-ақ былай деген: «Елшілер алып келген нәрселерді өтірік деп есептеушінің әрбірі кәпір болып табылады».66

Бұл жағдаймен бес мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Адам Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды өтірік деп санап тұрғанында кәпір болып табылады, тіпті егер оның өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарына жатпаса да.



Екінші мәселе:

Аллаһ Тағала былай деген:

        

«Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келуде67.

Аллаһ залымдарды, олар Пайғамбарды өтірікке шығарғаны үшін емес, Аллаһтың аяттарын табанды түрде мойындамағаны үшін сөкті, екі ұғымның айырмашылығы да міне осыда. «Жухд» — бұл адамның Аллаһтың үкімдерін табанды түрде теріске шығаруы, бірақ жүрегінде олардың хақтығын мойындауы. Ал «такзиб» — бұл адамның Аллаһтың үкімдерін теріске шығарып қана қоймай, оларды жүрегімен өтірік деп санауы.



Үшінші мәселе:

Өтірік деп санау жүректің амалдарына жатады. Оның мәні - адам белгілі бір нәрсені сырттай көрінісімен өтірік деп есептеуі және осының өтірік екендігіне іштей сенуі.

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Өтірік деп санағандықтың салдарынан болған күпірлік (куфр такзиб) – бұл Аллаһтың елшілерін өтірікшілер деп сену».68

Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді адамның өзі ішіндегісін жариялаған кезде ғана білуге болады.69



Төртінші мәселе:

Бақылауларға негізделген деректер харам нәрселерді істеп жатқан адам олардың харам екендігін өтірікке шығарып жатқандығына дәлел бола алмайды.70



Бесінші мәселе:

Кейде ғалымдар «такзиб» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда қолданады, алайда онымен жүректің сенімін емес, харам нәрсені істеудегі фактісін ғана меңзейді. Бұл жағдайларда адамның кәпір болып табылатындығы меңзелмейді. Бұл аталған жағдайда «такзиб» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сондықтан оның нақты адамға қатысты қолданғандығы бізге оны кәпір деп есептеу үшін негіз бермейді (бола алмайды).




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет