Банк қызметінде тәуекел менеджментті жетілдіру жолдары how improve risk management in banks бигельдиева З. А., Исаева М., Каратаев Т., О. Барак



Дата03.05.2016
өлшемі102.11 Kb.
УДК 336.22:352

UDC 336.22:352


БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
HOW IMPROVE RISK MANAGEMENT IN BANKS
Бигельдиева З.А., Исаева М., Каратаев Т., О. Барак

Bigeldiyeva Z.A., Isaeva M., Karatayev T., O. Barak

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет, Шымкент, Қазақстан

Университет Акдениз, Турция

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan.

Akdeniz University, Turkey

1989mereika-@mail.ru


Резюме

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.

Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.

Осы проблемаларға байланысты әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады және банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруі, валюта бағамдарының төмендеуі, қарыз берушілердің банкроттығы және т.б. сияқты қиындықтарды алдын ала уақытында болжап әрі оларға жол бермеуге тиіс.

Abstact

Kazakhstan's economy depends on the stability of the stability of the bank. The rapid development of the country's banking system will not, because the process of the formation of the banking services market expanded, improved from year to year, as well as new operations, services and technologies are introduced. Therefore, the new challenges of the banking system and other purposes.

Of course, banks use various methods of protection against different types of risks. Global best practices to prevent and reduce the risk of their methods can be developed, in spite of this, the banks operate in different sectors of the financial market, you want to get to meet a lot of risks and costs and income will have to make a choice between the risks.

Associated with each of these problems directly involved in risk management, the bank will require the formation of a functional structure. This structure is called in accordance with the requirements of modern risk management and to work effectively with all sectors of the financial market conditions, as well as changes in interest rates, foreign exchange rates decline, borrowers, bankruptcy, etc. to predict the time of difficulties, such as preliminary and should be avoided.
Кілттік сөздер: Банк қызметтері, тәуекел-менеджмент, банк қызметтер нарығы, банк тәуекелдері, банктің инновациялық қызметтері

Кеуwords: Banking services, risk management, banking services market, the risks of the bank, the bank's innovative services
Банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады.

Олардың ішінде жиі кездесетіндер: диверсификация; нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу; лимиттеу; өзін-өзі сақтандыру;хеджирлеу; сапаны басқару.

Банк қызметін басқарудың бүкіл жүйесі тәуекелді басқаруға негіз­делген. Банктер актив және пассив операцияларын жүргізе отырып, тәуекел­дердің қосымша факторларымен бетпе-бет келеді. Сондықтан тәуекелдерді басқару банкті стратегиялық басқарудың өзекті міндеттерінің қатарына кіреді. Банктің басқарушылық функцияларының табысы бақылау мен менеджменттің жай-күйі мен стратегиясына, оны ұйымдастыру жүйесіне байланысты.

Екінші деңгейдегі банктерде осы процесті сапалы ұйымдастыру үшін арнайы маман­дан­дырылған бөлімдер тәуекел-менеджмент бөлімі ұйымдастырылады, оның қызметі белгіленген принциптер мен ережелерге негізделеді, ал оларды бұзу жекелеген операциялар мен жалпы банк бойынша залалға әкеп соқтыруы мүмкін. Тәуекел-менеджменті бөлімін ұйымдастыру үшін айрықша жағ­дайларда жұмыс істеп, нақты болжам жасай алатын және қаржы нарығындағы жағдайды қадағалап отыратын білікті мамандарды іріктеу қажет.

Несиелік тәуекел несие берілгеннен кейін емес несие беру процесінде ескерілуге тиіс. Банктің қарыз қоржынын және несие қызметін талдау және бағалау банктің жалпы қаржылық жай-күйін анықтаудың аса маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.

Несиелік тәуекелдің пайда болуына және оның пәрменділігіне ықпал ететін сыртқы да және ішкі де көптеген факторлар себеп болуда, барлық факторларды төмендегі түрлерге бөлеміз (кесте 1):

Кесте 1 – Банктің несиелік тәуекелінің факторлары



Сыртқы

Ішкі

- форс-мажор жағдайлары

- шарттық міндеттемелерді орындамау

- тұрақсыз экономикалық және саяси ахуал

- қарыз алушының несиеге қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарды төмен­дету

- мемлекеттік экономикалық саясаттың қо­лайсыз өзгеруі

- кепілдіктердің төмен сапасы, кепіл­зат­ты бағалаудағы қателіктер

- ақпаратты бұрмалау тәуекелдері

- ырықтандырылған несие саясаты

- қызмет бабын теріс пайдалану тәуекелі

- банкті басқару тәуекелдері

- кредитті мақсатқа сәйкес емес пайдалану тәуекелі

- банк олар жөнінде жеткілікті ақпараты жоқ жаңа және жуықта тартылған клиент­тердің өзіндік салмағы

- жауапкершіліктен жалтару

- өзара байланысты қарыз алушыларға берілген қомақты сомалар




- экономикалық дамудың қолайсыз сала­лық және өңірлік үрдістері

Ескерту – автро құрастырған

Несиелік тәуекел құрамынан тәуекелдердің мына түрлерін ерекше бөліп атауға болады, олар:

– несиені өтемеу тәуекелі қарыз алушының несиелік шарттық қарыздың негізгі сомасын толықтай және уақытылы қайтару, сондай-ақ пайыздар мен сыйақы төлеу ережелерін орындамау қаупін білдіреді;

– төлемдерді кешіктіру тәуекелі несиені қайтаруды кешіктіруді және пайыздарды уақытылы төлемеу қаупін білдіреді және ол банктің өтімлік қаражатының кемуіне әкеп соқтырады. Кешіктіру тәуекелі өтемеу тәуекеліне айналуы мүмкін;

– несиені қамтамасыз ету тәуекелі тәуекелдің дербес түрі болып табылмайды және несиені өтемеу тәуекелі пайда болғанда ғана қарастырылады.

Қазіргі уақытта банктердегі тәуекел-менеджмент бөлімінің функция­лары айтарлықтай кеңейгенін атап өту қажет. Мысалы, кейбір банктерде тәуекел-менеджменті қызметіне несиелеумен байланысты барлық салым­шылардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың сондай-ақ банк сатып алуға ниет білдіретін вексельдердің эмитенттерінің, индоссанттардың және авалистердің қаржылық жағдайын талдау жүктеледі. Жекелеген банктер несиелік қызметкерлер мен дилерлерді қаржылық талдау жүргізумен байланысты техникалық жұмысан босату мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімінің функциясын осылай кеңейтті. Сонымен бірге актив операциялар жүргізетін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері өздеріне қажетті ақпаратты оны тәуекел-менеджменті қызметі талдап өңдегеннен кейін алады.

Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте 2):

Кесте2 – Тәуекелдерді басқару жүйесі



Тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері

Операция жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту

Тәуекелдерді болжау

Ысырапты материалдық өтеу

1. Сенімсіз клиенттер

мен әріптестерді анықтау.

2. Тәуекелі жоғары операция­лардан бас тарту.

3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу.



1. Ықтимал ысыраптың ба-
рынша көп шамасын және барынша аз шамасын алдын ала есептеу

2. Ысыраптың ықтималды­ғын анықтау.

3. Ықтимал ысыраптың уа­қытын есептеу.


1. Сақтандыру.

2. Хеджерлеу

3. Ішкі бақылауды күшейту.

4. Тәуекелдер мониторингін енгізу



Тәуекелдерді басқару объектілері

1. Қаржы тәуекелі

2. Валюталық тәуекел

3. Несиелік тәуекел

4. Инвестициялық тәуекел



1. Өтімділік тәуекелі

2. Операциялық тәуекел



1. Пайыздық тәуекел

2. Қор тәуекелі.

3. Валюталық тәуекел.

4. Несиелік тәуекел.

5. Инвестициялық

тәуекел


Ескерту – Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген

Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға алынады:

банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету қабілетін көрсетуге тиіс;

– банк басшылығы заңнаманы және белгіленген ішкі ережелерді,


ҚРҰБ-тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын сақтауға;

– банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк орта­сының өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралым­дылығағын) көрсетуге тиіс;

– банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;

– банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін қамтамасыз етумақсатында қызметкерлерді оқытуға;

– банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі, әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.

Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегия­сының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдас­тырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.

Сондықтан банк тәуекелдерін басқаруда ең бастысы сол немесе басқа операциялар жасағанда тәуекелдің мүмкіндігін дұрыс бағалап, оны барынша төмен деңгейге дейін қысқарту. Банк менеджментінің ең маңызды міндеті банктің пайдалылығы, тәуекелдігі мен сенімділігінің арасындағы оңтайлы арақатынасты табу. Ал осыған банктің негізгі тәуекелдерін реттеу, яғни несиелік тәуекелді басқару арқылы қол жеткізуге болады.

Пайыздық тәуекелді басқару міндетіне осы тәуекелді банктің пайдалылығы мен мақсаттарының шектерінде барынша төмендету кіреді. Коммерциялық банктер пайыздық тәуекелге жол бермеу үшін:

1) пайыздың ақша нарығының жаңа жағдайларына бейімделу ережесін (несиелік шарттарда) пайдалануға;

2) баланстың құрылымын өзгертуге бағдарланған саясат жүргізуге;

3) пайыздық тәуекелдің өтемақысын белгілеуге тиіс.

Қазақстан банктерінің тәуекелдерін жекелеген банктің микродеңгейде төмендету мәселесін қарастыра отырып, мына шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынуға болады:

– банк бөлімшесінің құрылымын өкілеттіктерді қатаң шектеу принципіне сәйкес құру. Аталмыш тәжірибені негізінен шетел капиталының көмегімен құрылған банктер ғана пайдаланады;

– банктің стратегиясын маркетингтік зерттеулер мен банктің алдына қойылған мақсаттардың негізінде әзірлеу;

– банкті аудиторлық компаниялар тарапынан ұдайы тексеру (жиірек болса – банк операцияларын бақылау тәуекелі де аз болады). Осы тәжірибені қазақстандық банктер енгізе бастады. Мәселен, Каспийский банкі 1997 жылы банкті тоқсан сайын аудиторлық тексеруге (аутсорсинг) «Қазақстанаудит» фирмасымен келісім жасады;

– банктің өтімділігі бірнеше клиентке немесе нарықтың жекелеген сегментіне тәуелді болмас үшін банктің пассивтері мен активтерін әртараптандыру. Банктер осы мақсатта филиалдарды көптеп құруға және көбірек клиент тартуға тырысуға тиіс;

– экономиканың нақты секторын несиелеуге ойластырылған тәртіптеменің болуы. Мұның өзінде несиеленетін кәсіпорын­дардың ең кемінде мына екі талапқа жауап беруі, яғни несие бойынша пайыздық ставканы жабатын деңгейдегі пайдалылығы және нарықтарда жылдам өтетін сапасы бар жеткілікті кепілзаты болуы тиіс;

– нарықтағы әлі бос орынды жаулап алу мақсатында практикаға жаңа құралдар мен қызметтер енгізу;

– ықтимал залал мен шығынды барынша төмендету мақсатында, қаржы және валюта нарығында негізгі операцияларды міндетті түрде лимиттеу. Атап айтқанда банк тәуекелдерін шектеу жөніндегі тиімді шаралардың бірі ретінде ашық жайғасымды лимиттерді, арнаулы лимиттерді және залал лимиттерін қолдану ұсынылады;

– банк қызметкерлерін тұрақты оқыту және қайта даярлау негізінде банк ұйымын басқару сапасын арттыру.


Әдебиеттер

  1. Долан Э. Дж, Кэмпбелл К., Кэмпбелл Р. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. — М., 2007.

  2. 2.Жуков Е.Ф. Менеджмент и маркетинг в банках: Учебное пособие для вузов. – М.: Банки и биржи, 2007.

  3. ҚР Ұлттық банкі статистикалық мәліметтері


References

  1. Dolan E. J, K. Campbell, Campbell R. Money, Banking and monetary and credit policy. - M., 2007.

  2. 2.Jwkov EF Management and marketing in banks: Textbook for higher education. - M .: Banks and Exchange 2007.

  3. According to the statistics of the National Bank of the Republic of Kazakhstan

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет