«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



жүктеу 79.96 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі79.96 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің





Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы 4 наурыздағы

№ 1168


Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН





«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың

дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын болу дәрежесі туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшiн қолжетiмдi орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттiк қызмет тұтынушы өтініш жасаған және осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттардың толық пакетi ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

2) қажеттi құжаттар пакетi кезек күтпестен осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiкке салынады);

3) қорытындыны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен бередi.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Құжаттарды қабылдау және беру, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарының ғимараттарында көрсетiледi. Аумақтық филиалдардың ғимараттары мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қолжетiмдi болуы үшiн пандустары бар кiру есiктерiмен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушының қорытындыны алуы үшiн талап етiлетiн құжаттар:

1) өтiнiш хат;

2) үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы тұтынушының үй-жайларын қарап шығу нәтижелері негізінде береді. Үй-жайларды қарау нәтижелері бойынша Қарап шығу актісі жасалады.

Үй-жайларды қарап шығу барысында қосымша мынадай құжаттар тексеріледі:

1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау актісі;

2) күзет қызметін көрсетуге арналған шарт;

3) техникалық нығайтуы көзбен қарап шығуға мүмкіндік бермейтін үй-жайлар (қойма, сейф бөлмесі, депозитарий) болған жағдайда ғана жасырын жұмыстарға арналған акт.

12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш хат еркін нысанда толтырылады. Өтініш хатта міндетті түрде тұтынушының байланыс телефонының нөмірі көрсетіледі. Шетел тiлiнде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiне мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасымен ұсынылады.

13. Құжаттар қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты бөлiмшесiнің қарауы үшін жібереді.

14. Құжаттар пакетiн қолына тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон берiледi.

Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы құжаттар пакетін тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

15. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қорытындыларды берудi есепке алу журналына қол қойғыза отырып бередi. Тұтынушының уақтылы келмеуі себебінен қорытындының 10 (он) жұмыс күнінен асатын мерзімде берілуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды.

16. Мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған құжаттардың пакетi осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде үй-жайларды тексеріп қарауға мүмкіндік бермесе;

3) тұтынушының үй-жайлары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, қорытынды беруден бас тартылады.

Қорытынды алу үшiн құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалына оларды соңғы берген сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негiзде қаралады және мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушының өтiнiштi және қажеттi құжаттардың пакетін қайта берген күнiнен бастап есептеледi.

Қорытынды беруден бас тарту себептерi жазылған дәлелдi жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде берiледi. Жауап почтамен жiберiледi не тұтынушыға, не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептiлiк;

2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттiк қызметтiң уақтылы көрсетiлуi;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшiн келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген мерзiмде олардың сақталуы.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекiтіледi.



5. Шағымдану тәртiбi
20. Іс-әрекеттерге (әрекетсiздiктерге) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тиісті аумақтық филиалының жауапты орындаушысы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

21. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына берiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) байланыс деректерi осы Стандарттың 6-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi аумақтық филиалының басшысына шағым жасай алады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тiркеледi.

25. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы мына мекенжайда: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үйдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.



Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.nationalbank.kz).
______________________






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет