Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы



жүктеу 477.48 Kb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі477.48 Kb.
  1   2   3   4
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 16:56:39
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 Қаулысы

(2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 9 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4038 тіркелген).

3. Осы қаулы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев

 

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Төрағасы

_________________

(қолы, күні, елтаңбалық мөр)

 

Қазақстан Республикасы



Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігі

Басқармасының 2007 жылғы

30 сәуірдегі № 121

қаулысымен бекітілді



 

 

Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның банкті ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына лицензия беру, оны беруден бас тарту, банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына берілген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртібін және талаптарын айқындайды.

Ереже ислам банктеріне де қолданылады.

2. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі



 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:

1) құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін - Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды) қоса беріледі.



Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;

2) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:

Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері;

Банктер туралы заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;

құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Банктердің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін ұсынылатын тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 4 тамызда № 464-470 (27543) жарияланған) бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалады.

6. Құрылтайшылар банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары)______________».

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.

8. Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш осы Ереженің 3-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша құрылтайшылармен беріледі және оны уәкілетті орган өтініш берушінің уәкілетті органмен сұратылған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап, алты айдан астам емес уақыт ішінде қарайды.

9. Банкті ашуға рұқсат осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

10. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 24-бабында көрсетілген негіздер бойынша жасалады.

Банкті ашуға берілген рұқсат Банктер туралы Заңның 49-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарылып алынады.

11. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

3-тарау. Банкті лицензиялаудың жалпы шарттары



 

12. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 5-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, банктер жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен  тарау 12-1 тармақпен толықтырылды  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

12-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 5-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.»;

13. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға, банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен тарау 13-1 тармақпен толықтырылды  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

13-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 6-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға және ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

14. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 27-бабымен, Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

15. Банкке бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны беруден бас тарту Лицензиялау туралы Заңның 45-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

16. Банк лицензиясын қайта ресімдеу Лицензиялау туралы Заңмен көзделген негіздемелер және тәртіп бойынша жүргізіледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктің жазбаша өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беру және лицензияның жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазу арқылы лицензияның телнұсқасын береді.

 

 

4-тарау. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны



беру тәртібі және шарттары

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.30.06 № 99 Қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)  (бұр.ред.қара); 2008.28.11 № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ редакцияда жазылды;ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен  (бұр. ред. қара)  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 18 тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18. Жаңадан құрылған банк уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу операцияларын қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке қолданылмайды), Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Ереженің 7, 7-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішін береді.

Жаңадан құрылған ислам банкі ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішіне қосымша исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін қоса береді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.30.06 № 99 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

18-1. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды жүзеге асыруға лицензия алудың шарты болып жаңада құрылған банк осы Ереженің 18-тармағына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап банктің бір күнтізбелік жыл ішінде қызмет етуі табылады.

Осы тармақтың талаптары жаңадан құрылған еншілес банктерге таралмайды.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19. Банк банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін Банктер туралы заңның 26-бабы 2-1-тармағының талаптарын орындаған кезде лицензия беру туралы өтінішпен бір уақытта мыналарды:

1) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын құжаттарды;

2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты (төлем тапсырмасын) ұсынады.

20. Уәкілетті органның банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлеріне, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлеріне лицензия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкке банктік және өзге операциялардың қосымша түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін енгізумен қатар жаңа лицензия беріледі. Банктің бұрынғы лицензиясы уәкілетті органға қайтарылуға жатады.



5-тарау. Банкке бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны беру тәртібі және шарттары

21. Лицензия банкке Банктер туралы Заңның 30-бабының 12-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыру үшін беріледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22. Банк үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:

1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы;

2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан алты айдан кем емес кезең ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және уәкілетті органның банкке қолданған санкцияларының болмауы.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет