Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы



жүктеу 477.48 Kb.
бет2/4
Дата28.04.2016
өлшемі477.48 Kb.
1   2   3   4
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банк үшін бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:

1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді, сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы;

2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айдан кем емес кезең ішінде сақтауы және лицензия алуға өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш ай ішінде банкке қатысты санкциялардың болмауы.

24. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін банк уәкілетті органға ұсынады:

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен  1) тармақша өзгертілді  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

1) осы Ереженің  8, 8-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша лицензияны беру туралы өтініш;



2) лицензияны беруге лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) директорлар кеңесі бекіткен және «Бағалы қағаздар рыногы туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының  48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтері бар алдағы үш жылға жасалған бизнес-жоспар;

4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын банк филиалдарының тізімі (осындайлар болған кезде);

5) банктің қызметкерлерінің фамилиясын, атын және болса, әкесінің атын, атқарып отырған лауазымдарын көрсете отырып, штаттық кестесінің көшірмесі;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелген құрылымдық бөлімшелер («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес келетін) туралы ереже;



ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) банкте программалық-техникалық құралдардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың бар болғандығын растайтын мына құжаттардың көшірмесі:

жабдықтарды жеткізуге шарттың;

жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;

лицензиялардың санын көрсетіп, программалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және (немесе) жеткізуге шарттың;

программалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;

қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібін сипаттау, деректерге қол жетімділікті бөлу механизмін сипаттау, қайта қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмі).

Банк программалық өнімді дербес әзірлеген не өтініш берушіге программалық өнімді басқа тұлға ақысыз берген жағдайда, осы тармақтың екінші-бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар берілмейді.

Берілген құжаттарда сонымен қоса мына ақпарат көрсетіледі: қолданылып жүрген программалық қамтамасыз етудің, версияның атауы, лицензия бар болғандығы туралы мәліметтер.

Құжаттардың көшірмелері банктің бірінші басшысының қолымен және  банк мөрінің таңбасымен расталады.

25. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алудың шарты уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясының болуы болып табылады.

26. Банк осы Ереженің 22-25-тармақтарында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды қарамастан қайтарады.

 

 

6-тарау. Банкке банктік және өзге операциялардың барлық және жекелеген түрлерін,



сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің барлық және жекелеген түрлерін жүргізуге

берілген лицензияны тоқтата тұру не қайтарып алу

 

27. Банк лицензиясын тоқтата тұру не айыру Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



28. Лицензияны тоқтата тұру не одан айыру туралы шешім банкке орындау үшін жіберіледі.

29. Лицензиясы тоқтатылған банк ай сайын әрбір айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданысы жаңартылған не лицензия тоқтатылған мерзім аяқталған күнге дейін) уәкілетті органды анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банк жүргізген іс-шаралар туралы хабарлайды.

30. Банктің жекелеген банктік және өзге операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға (оның ішінде лицензиядан жекелеген операциялар және (немесе) қызмет түрлерін лицензиядан алып тастау) берілген лицензияны ерікті қайтаруы банктің осы операциялар немесе қызмет түрлері бойынша барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін ғана банктің өтініші негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты банк оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Банк уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде бір уақытта өтінішпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалғанын растайтын хатпен ұсынады.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер



 

31. Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген тазартылып өшірілген не қосып жазылған, сөздері сызылған құжаттарды қарауға қабылдамайды.

32. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.



 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Банкті ашуға рұқсат беру,

сондай-ақ банктер бағалы

қағаздар рыногында жүзеге

асыратын қызметті, банктік

және өзге операцияларды

лицензиялау ережесіне

1-қосымша

 

 

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

________________________

(банктің атауы)

20__ жылғы «____» ________________

 

1. Құрылтайшы

__________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

2. Туған күні

__________________________________________________________________________________________________________________

3. Туған жері

__________________________________________________________________________________________________________________

4. Азаматтығы

__________________________________________________________________________________________________________________

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

__________________________________________________________________________________________________________________

6. Тұрғылықты жері

__________________________________________________________________________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауазымы

__________________________________________________________________________________________________________________

8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)

__________________________________________________________________________________________________________________

9. Білімі

__________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

__________________________________________________________________________________________________________________

(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

11. Құрылтайшы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

 

Қолы __________________ күні ___________________

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Банкті ашуға рұқсат беру,

сондай-ақ банктер бағалы

қағаздар рыногында жүзеге

асыратын қызметті, банктік

және өзге операцияларды

лицензиялау ережесіне

2-қосымша

 

 

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

________________________

(банктің атауы)

20__ жылғы «____» ________________

 

1. Құрылтайшы _____________________________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы)

2. Мекенжайы ______________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

3. Мемлекеттік тіркеу _________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________

(құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)

4. Қызмет түрі ______________________________________________________________________________________________________

(қызметінің негізгі түрлерін көрсету)

5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын)

6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туған күні)

Білімі _____________________________________________________________________________________________________________

(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

7. Соңғы күнтізбелік үш жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(олардың туындау себептері)

__________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________

(бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционері болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:

ұйымның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркеу туралы деректер:

__________________________________________________________________________________________________________________

ұйым қызметінің түрі

__________________________________________________________________________________________________________________

осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы

__________________________________________________________________________________________________________________

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.



10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

____________________________________

 (қолы)

___________________________________

 (күні)

___________________________________

 (мөр)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Банкті ашуға рұқсат беру,

сондай-ақ банктер бағалы

қағаздар рыногында жүзеге

асыратын қызметті, банктік

және өзге операцияларды

лицензиялау ережесінің

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

Банкті ашуға рұқсат беру туралы

өтініш

 

_______________________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)

_______________________________________________________________________________________________________________

 (осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын

нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

 (өтініш берушінің жұмыс орны мен оның лауазымы, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы)

Құрылтай жиналысының ______жылғы «___»____________ № ____ шешіміне (хаттамасына) сәйкес

_______________________________________________________________________________________________________________

(құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)

_______________________________________________________________________________________________________________

ашуға рұқсат беруді сұрайды.

Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына байланысты сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.

Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысының парақтар саны):

_______________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________

_________________________________

 (өтініш берушінің қолы, күні)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 235



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет