Банктік салым шарты Осы Шарт



жүктеу 155.12 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі155.12 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Банктік салым шарты
Осы Шарт «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы (әрі қарай – Банк) және Салымшы арасында банктік салым шартының талаптарын және салымды жүргізу және қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

  1. Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар

    1. Төлем картасын пайдаланумен банктік шот (әрі қарай – ТК шоты) – Төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған банктік операциялар көрсетілетін Салымшының банктік шоты.

    2. Салым Салымшымен сақтау және пайыздық сыйақы ретінде қосымша табыс алу мақсатында орналастырылатын ұлттық және шетел валютасындағы ақша. Мерзімдік депозиттерден (депозиттер) және талап еткенге дейінгі салымдардан тұрады.

    3. Салымшы – Банкпен БСШ жасайтын жеке тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті және/немесе бейрезиденті.

    4. Салымшы кітапшасы – банктік салым шартына қосымша/толықтыру болып табылатын құжат. Салым кітапшасында жүйелі күндермен салым бойынша жүргізілетін жазбалар көрсетіледі. Салым кітапшасы Банк пен Салышмның есеп айырысу фактісін белгілейді, алайда есеп айырысатын тараптарға уақыт және мерзім бойынша белгілі бір міндеттемелерді жүктемейді.

    5. Енгізуші – Салымшының жинақ шотына ақша енгізетін (қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аударым арқылы) салымшы не болмаса кез келген жеке немесе заңды тұлға.

    6. Депозит – Салымшымен Банкке тікелей Салымшыға не болмаса оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға алдын айтылған үстемемен немесе үстемесіз толық немесе ішінара алғашқы талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылатына қарамастан номинальды түрде қайтару шарттарында берілетін ақша. Мультивалюталы БСШ аясында әртүрлі валютамен бірнеше Жинақ шотын ашуға болады.

    7. Банктік салым шарты (әрі қарай БСШ, Шарт) – Салымшының пайдасына түсетін ақша, Шартпен қарастырылған мөлшерде және тәртіпте сыйақыны төлеу және Салымның осы түрі үшін заңнама актілерінде және Шартта қарастырылған талаптарда және тәртіпте Салымды қайтару туралы Банк пен Салымшы арасындағы келісім.

    8. Капиталдандыру – Салым бойынша есептелген сыйақыны жинақ шоттағы ақша қалдығына аудару.

    9. Қазақстан Республикасы – ҚР.

    10. ТК – төлем карточка.

    11. Дербес деректер – электрондық/қағаз және/немесе басқа материалды жеткізгіште жазылған Салымшыға қатысты, соның ішінде келешекте туындайтын мәліметтер, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгертулер және/немесе толықтырулар.

    12. Келісім - Салымшымен дербес деректерді жинауға және өңдеуге ұсынылатын жазбаша келісім.

  2. Шарттың мәні

    1. Осы Шарттың талаптарына және тәртібіне сәйкес Банк Салымшыға теңгемен, АҚШ долларымен және еуромен («Sprint» және «Дружба» банктік салымдарын қоспағанда) үш жинақ шотын ашады (әрі қарай мәтін бойынша – Шот/-тар), ал Салымшы оларға осы Шартқа қосылу туралы өтініште белгіленген сомаға, мерзімге және талаптарға сәйкес ақша (әрі қарай – Салым) салады.

  3. Шарттың негізгі талаптары

3.1 Есеп айырысу үшін 360 күнге тең шартты жыл және 30 күнге тең шартты ай қабылданды.

3.2. Шарт бойынша салымға қызмет көрсетумен байланысты комиссияларды ұстап қалған жағдайда, сыйақының тиімді ставкасы шот бойынша жүргізілетін операцияларға сәйкес өсуі немесе төмендеуі мүмкін.

3.3. Алу фактісі Шартқа қол қойған күні белгісіз болған комиссиялар төлемнен кейін Салымшының талабы бойынша сыйақының тиімді ставкасын қайта есептеу кезінде ескеріледі. Комиссиялар Салымшыға төленетін сомалардан шегерілуі мүмкін.

3.4. Егер талап осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілсе, Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде Салымшы және/немесе үшінші тұлға Салымның кез келген валютасымен қосымша ақша жарнасын енгізу арқылы Салымды толтыра алады. Қосымша ақша енгізу қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз, соның ішінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа банктерден аудару арқылы жүргізіледі. Шотқа алғашқы жарна енгізу валютаның түріне сәйкес алғашқы жарна үшін белгіленген ең төменгі мөлшерді сақтаған жағдайда жүргізіледі.

3.5. Егер талап осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілсе, Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Салымшы ішінара алу күні белгіленген есептік бағам бойынша теңгемен есептелген Шоттардағы ақшаның жалпы қалдықтары арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде және салым бойынша төмендетілмейтін қалдық сомасында салымның кез келген валютасында Шоттан ақшаны ішінара алуы мүмкін.

3.6. Егер талап осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілсе, Салымның бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде Салымшының жазбаша өтініші негізінде Банк айырбастау күні Банкпен белгіленген айырбастау бағамы бойынша Шоттардағы соманы осы Шартпен қарастырылған басқа валютаға айырбастауды жүргізеді. Соңғы айырбастау осы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүргізілуі мүмкін.

3.7. Салымдарды қолма-қол ақшасыз айырбастау сенбі, жексенбі және жалпы белгіленген мереке күндерінен, сондай-ақ валюта айырбастауға жататын валюталау жоқ күндерден басқа, барлық жұмыс күндері Алматы уақыты бойынша күн сайын 10:00 бастап 17:00 дейінгі кезеңде жүргізіледі.

3.8. Салым бойынша айырбасталған ақша сомасын айырбастау күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей Шотқа міндетті түрде орнластыру қарастырылған. Салым бойынша қолма-қол ақшасыз арқылы түскен ақшаны түскен күннен бастап 30 күн ішінде Шотқа міндетті түрде орналастыру қарастырылған.



  1. Салымды және сыйақыны төлеу

    1. Салым бойынша Сыйақы төлеу мерзімін санау Салымшының шотына ақша түскен күннен кейін басталады және осы Шарттың әрекет етуін тоқтатқан күнмен аяқталады.

    2. Салым бойынша сыйақы есептеу әрбір Валюта үшін белгіленген Салымның сыйақы ставкасы бойынша Шоттардағы ақша қалдығына бөлек жүргізіледі.

    3. Шотта нақты сақтау мерзімі Шарттың әрекет етуі аяқталған күнге дейін кемі 30 күнді құрайтын қосымша жарна сомасына сыйақы есептелмейді.

    4. Егер талап осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілсе, ақшаны ішінара алған/соманы басқа валютаға айырбастаған жағдайда сыйақы есептеу ішіара алу/айырбастау жүргізілген валюта үшін Шартта көрсетілген негізгі салымның сыйақы ставкасы бойынша Шоттардағы нақты ақша қалдығына жүргізіледі.

    5. Егер талап осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілсе, Банкпен Салым бойынша сыйақыны төлеу ТК шотына жүргізілуі мүмкін. ТК шотының валютасы Салымшымен белгіленеді. ТК шотының валютасымен сәйкес келмейтін есептелген сыйақы сомасы төлем картасы бойынша сатып алу-сату бағамымен ТК валютасына айырбасталады. Салымшы сыйақыны капиталдандыруды таңдаған жағдайда, Банк әрбір Шот бойынша есептелген сыйақыны Шоттағы ақша қалдығына аударады.

    6. Сыйақыны төлеу жүргізілетін төлем карточкасын пайдалану арқылы ашылған банктік шот жабылған немесе төлем карточкасының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайда, сондай-ақ Салымшы төлем карточкасына тапсырыс жүргізбеген жағдайда, Банк бір жақты тәртіпте 3 (үш) жұмыс күні ішінде әрбір Шот бойынша есептелген сыйақыны Шоттардағы ақша қалдығына аударады (капиталдандырады).

    7. Салымды төлеу Салымшының өтініші түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда жүргізіледі.

    8. Салымшы осы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған күні салым сомасын талап етпеген жағдайда, ал Салым бойынша сыйақы ставкасының мөлшерін және талаптарын есептемегенде, мерзімі өткен Шартпен белгіленген талаптарда, ұқсас банктік салымды капиталдандырылған және сыйақыны есептеген жағдайда, Банк автоматты түрде Банктік салым шартының мерзімін ұзартады және салым сомасын аударады. Сыйақы ставкасы Банктік салым шартының мерзімін ұзартқан күні қолданыстағы Банк ставкасына сәйкес Банкпен белгіленеді. Кепілдік салымның талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

    9. Банктің Уәкілетті органы банктік салымның қандай да бір түрінің әрекет етуі/мерзімі аяқталғаны туралы шешім қабылдаған жағдайда, Банк мерзімі өткен Шарттың мерзімін ұзартады және арнайы талаптар бойынша Шоттардағы ақша қалдығына сыйақы есептейді.




  1. Шартты мерзімінен бұрын бұзу

    1. Мерзімінен бұрын бұзу талаптары осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілген және салымның түріне байланысты. Артық төленген сыйақы сомасы салымның негізгі сомасынан ұстап қалынады.

    2. Айырбастау күнінен бастап кемінде 30 күн шотта орналасқан айырбасталған соманы алған кезде Банк Шартты бұзған күні әрекет ететін Банк тарифтеріне сәйкес алынуға жататын айырбасталған сомадан комиссияларды ұстап қалады. Шотқа қолма-қол ақшасыз түскен соманы түскен күннен бастап кемінде 30 күн орналасқан соманы алу кезінде Банк Шартты бұзған әрекет ететін Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялар ұстайды.

    3. Шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқаннан кейін Салымшының бастамасы бойынша Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Салым бойынша сыйақы осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілген талаптарға сәйкес есептеледі, Салымды орналастыру мерзімін есептеу Салымның әрекет ету мерзімін ұзартқан сәттен бастап жүргізіледі.

  2. Банктің салымға кепілдік беруі

    1. Банк жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын, уәкілетті органмен берілген Куәлік негізінде әрекет етеді.

    2. Салымға кепілдік беру талаптары Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.

  3. Банктің құқықтары мен міндеттері

    1. Банк құқылы:

      1. Осы Шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан жағдайда, Салым бойынша сыйақы ставкасы бір жақты тәртіпте өзгертуге.

      2. ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Салымға кепілдік беру талаптарын бір жақты тәртіпте өзгертуге.

      3. Салымшыға шоттар ашқан кезде, Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттарды талап етуге;

      4. Салымшы Шот бойынша операциялар жүргізген кезде (Салымның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат алу/Салымды толтыру/Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда немесе оның мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Шотты жабу), Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттағы оның қолтаңба үлгісімен сәйкестілігін, сондай-ақ Кодтық сөзді салыстыруға. Қолтаңба, Кодтық сөз сәйкес келмеген жағдайда, жағдайлар анықталғанға дейін Шот бойынша операцияларды жүргізбеуге құқылы.

      5. Салымшының Шоттарынан Банк тарифтеріне сәйкес, Шартпен қарастырылған комиссияларды ұстап қалуға. Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде ұстап қалуға жататын, комиссия сомасы Салымшының Шоттарындағы ақша қалдығынан асқан жағдайда, Банк Салымшыға Шартты мерзімінен бұрын бұзуды қабылдамауға құқылы.

      6. Банк салымның белгілі бір түрі бойынша ұтыс ойын (акция) өткізген жағдайда, ұтыс ойынды (акцияны) өткізу ережелерін және тәртібін, сыйлық қордың сапалы әрі санды құрамын, ұтыс ойындарға қатысу талаптарын, ұтыс ойындардың жеңімпаздарын хабардар ету тәртібін және мерзімін, жүлдені алу талаптарын және негіздерін, ұтыс ойынды (акцияны) өткізу үшін қажетті басқа талаптарды, кез кезлген өзгерістерді және толықтыруларды белгілеуге.

      7. Осы Шартқа қол қоя отырып, Салымшы Банкке Банкте және Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жердегі басқа банктерде (банк операцияларын жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған Салымшының кез келген банктік шоттарынан Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша барлық Берешек сомасын акцептсіз алуға (есептен шығаруға) сөзсіз құқығын ұсынады. Салымшының банк шоттарында ақша сомасы болмаған немесе жеткілікті болмаған жағдайда, Банк карточкада орналасқан (төлем ордері, төлем талаптары – тапсырмалары, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған, акцептсіз тәртіпте орындалатын басқа төлем құжаттары), төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін, оларды жинау арқылы, Салымшының Банк алдындағы міндеттемелері бойынша Берешек сомасының аясында банктік шот бойынша Салымшының шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

    2. Банк міндетті:

      1. Салымшыға осы Шартқа қосылу туралы өтінішке сәйкес Шот/Шоттар ашуға және ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте Салымшымен және/немесе үшінші тұлғалармен осы Шоттарға қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аудару арқылы енгізетін, ақшаны шотқа есепке алуға.

      2. Салымшыға осы Шартқа қосылу туралы өтініштің талаптарына сәйкес салым бойынша сыйақыны есептеуге және төлеуге.

      3. Салымшының жазбаша өтініші негізінде Салым Шоттарындағы соманы басқа валютаға айырбастауға.

      4. Шотта орналасқан ақшаның және Шот бойынша жасалатын операциялардың қатаң құпиялығының сақталуын қамтамасыз етуге. Салымшының банктік шоттары бойынша операцияларға қатысты мәліметтер ҚР заңнамасымен және/немесе осы Шартпен белгіленген тәртіпте үшінші тұлғаларға мәлім болуы мүмкін.

      5. Тиісті уәкілетті органдарының ақшаға тыйым салу шешімі туралы қаулысын, үкімін және анықтамасын) жою туралы жазбаша хабарламасының негізінде Салымшының ақшасынан тыйым салуды алуға және Шот бойынша операцияларды жаңғыртуға.

      6. Салымшы жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке қорғаушы, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұрған жағдайда, Салық комитетіне Салымшының банктік шотының нөмірі туралы ақпарат ұсынуға.

      7. Банктің ставкалары мен тарифтері өзгерген сайын осы ақпаратты Банк филиалдарында орналастыруға және Банк филиалына келген немесе телефон соққан салымшыға оның сұратуы бойынша болған өзгерістермен таныстыруға.

      8. Салымшының бастамасымен немесе ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте шоттарды жабуға.

  4. Салымшының құқықтары мен міндеттері

    1. Салымшы құқылы:

      1. Салымды және Салымның талаптарына сәйкес есептелген сыйақыны алуға.

      2. Банктік шоттардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат алуға.

      3. Сыйақы ТК төленген жағдайда, ТК валютасын белгілеуге.

      4. ҚР заңнамасымен белгіленген, тәртіпте сенімхат ресімдеу арқылы үшінші тұлғаларға салымды билік етуді сеніп тапсыруға.

      5. Банкке болжамды бұзу күніне дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын міндетті түрде хабарлап, осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға.

      6. Егер Салымшыға төлем карточкасы берілсе, Шарттың әрекет етуі тоқтаған кезде Банктің «Салымшының карточкасы» төлем карточкасын пайдалануды жалғастыруға. «Салымшының карточкасы» төлем карточкасының әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін Салымшы жеке карточкалар бойынша Банктің ресми тарифіне сәйкес карточканы қайта шығару құнын төлеуі тиіс.

    2. Салымшы міндетті:

      1. Шотты/-тарды ашу үшін Банкке Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа құжаттарды ұсынуға.

      2. Салым бойынша ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік, қорғаушылық, жеке нотариустық, сонымен қатар жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операцияларды жүргізбеуге.

      3. Осы Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қойған күні онда көрсетілген кез келген Шоттарға белгіленген соманы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз арқылы аудару арқылы ақшаны енгізуге. Салымшы қалауы бойынша Салымға алғашқы жарнаны бір валютада енгізуі мүмкін, бұл ретте Банк Салым бойынша алғашқы жарнаның ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда, Салымшымен көрсетілген Салымның басқа валютасына ағымдағы айырбастау бағамы бойынша алғашқы жарнаның бір бөлігін айырбастайды.

      4. Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде осы Шартқа қосылу туралы өтініште көрсетілген төмендетілмейтін қалдық сомасын Шотта сақтауға.

      5. Банкке соманы Салымның басқа валютасына айырбастау туралы белгіленген түрдегі жазбаша өтінішті ұсынуға.

      6. Шот бойынша операциялар жүргізген кезде (салымның ағымдағы жағдайы туралы мәліметтер алу/Салымды толықтыру/Шотты жабу және басқалар) Банкке Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға және «Код сөзін» хабарлауға.

Банкке барлық жағдайлар: тұрғылықты мекенжайының, байланыс телефонының, аты-жөнінің, Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттардың өзгеруі; Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттардың/ осы Шартқа қосылу туралы өтініштің меншікті данасының түпнұсқасының жоғалуы немесе ұрлануы, Салымшымен берілген нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша Сенімді тұлғаның өкілеттіктерінің тоқтатылуы және/немесе оларға берілген сенімхаттан бас тарту туралы хабарлауға.

      1. Шоттағы қалдық ақша комиссияны өтеуге жетіспеген жағдайда, мерзімінен бұрын бұзу кезінде Шотқа жетіспеген ақша сомасын қолма-қол салуға немесе жетіспеген комиссия сомаларын есептен шығару үшін кез келген Шотты көрсетуге.

      2. Банкке өзінің шотынан 1 000 000 (бір миллион) теңгеден жоғары немесе шетел валютасындағы осыған баламалы сомада қолма-қол ақшаны шығару бойынша операцияның болжамды күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын міндетті түрде Банкке хабарлауға.

      3. Банк тарифтеріне сәйкес Банктің қызметтерін төлеуге.

      4. Банктің ставкалары мен тарифтерінің өзгеруі туралы Банк филиалдарынан немесе анықтама қызметінің телефондары бойынша өз бетінше біліп отыруға.

Салымшының бастамасы бойынша осы Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған кезде Банкке жеке басын куәландыратын құжатты және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа құжаттарды ұсынуға.

9. Сенімхат негізінде Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру

9.1. Банкпен сенімхат бойынша операцияларды жүргізу ҚР қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

9.2. Салымшының пайдасына үшінші тұлғаға (әрі қарай – Сенім білдірілген тұлға) Шот ашқан кезде Сенім білдірілген тұлға Банкке келесі құжаттарды ұсынады: Салымшының жеке басын куәландыратын құжатты ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа құжаттарды; Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты; Салымшымен Сенім білдірілген тұлғаға Салымшының атынан жинақтау шотын ашу және салымды енгізу құқығын беретін нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын.

9.3. Сенімді тұлға Шоттар бойынша операцияларды жүргізген жағдайда, Сенімді тұлға Банкке Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, салымға билік жүргізуге Салымшымен Сенімді тұлғаға берілген нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға және «Код сөзін» хабарлауға міндетті. Салымшының Мұрагерімен Шоттар бойынша операциялар жүргізілген жағдайда (салымшы қайтыс болған жағдайда), Мұрагер Банкке Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты және мұрагерлікке құқық беретін куәліктің түпнұсқасын ұсынуға міндетті.

9.4. Салымшы тиісті сенімхат өзгертілген немесе нотариуспен тиісті түрде куәландырылған бас тартылған құжаттың түпнсқасын ұсыну арқылы сенімхат негізінде Салымға билік жүргізуге құқылы тұлғалардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Банкке 1 (бір) күн ішінде жеке өзі хабарлауға міндетті.

9.5. Салымшы Банкке келесі жағдайларда Сенімді тұлғаның шоты (шоттары) бойынша операцияларды жүргізуден бас тарту құқығын береді:



  • Сенімхат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделмеген жағдайда;

  • Сенімді тұлғамен «Код сөзі» хабарланбаған жағдайда, осыған байланысты Сенімді тұлға «Код сөзін» ауыстыруға құқықсыз болады;

  • Сенімхатта Салымшының қолтаңбасы Банктегі қолтаңбалар үлгісі бар құжатқа сәйкес болмаған жағдайда;

  • Сенімді тұлғамен сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда.

9.6. Осы Шартқа қол қоя отырып, Салымшы Банкке Салымшымен сенімхатты беру фактісін анықтау бойынша шараларды жүргізу, сонымен қатар шот (шоттар) бойынша операцияларды Сенімді тұлғамен Банкке сенімхат ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырмау құқығын береді.

9.7. Егер Банкке Салымшының қайтыс болуы туралы факті белгілі болмаса, сонымен қатар Салымшы осы шарттың 8.2 тармағының талаптарын орындамаса, Банк Салымшы қайтыс болған жағдайда сенімді тұлғаның шоттарынан сомаларды сенімхат бойынша беру үшін жауап бермейді.



10. Дауларды шешу тәртібі. Тараптардың жауапкершілігі

10.1. Осы Шартты орындау барысында Банк пен Салымшы арасында пайда болуы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді ерікті түрде және өзара келісім принциптерінде реттеу үшін Тараптар барлық қажетті мүмкіндіктерді қолданады. Банк пен Салымшы арасында келіспеушіліктер келіссөздер барысында реттелмеген жағдайда, осы мәселелер Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға берілуі мүмкін.

10.2. Соғыс, әскери іс-әрекеттер, террорлық актілер, табиғи апаттар, ереуілдер, электр қуатының сөнуі, байланыс желілерінің бұзылуы және басқа да Тараптардың еркіне байланыссыз жағдайлар, сондай-ақ Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін заңдарды, жарлықтарды, қаулыларды және нұсқауларды мемлекеттік органдардың қабылдауы міндеттемелердің орындалуына кедергі жаса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған үшін жауап бермейді.

11. Қорытынды ережелер

11.1. Банк пен Салымшы арасында қолданыстағы немесе болашақта жасалатын шарттар бойынша талап құқықтары кез келген нысанда Банкпен шеттетілген жағдайда, Салымшы осы Шартқа негізделген Банкке қарама-қарсы біркелкі талаптарды есепке алу арқылы осы шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін тоқтатуды талап етпейді.

11.2. Банкпен қабылданған Салымшының барлық өтініштері Шарттың және осы Шартқа қосылу туралы өтініштің ажырамас бөлігі болып табылады.

11.3. Осы арқылы Салымшы Банкке осы Шартқа қол қойғанға дейін осы Шарт бойынша Банк алдында өз міндеттемелерін тиісті түрде орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Дербес деректерді жинау және өңдеу қажеттілігі туындайтын/бар болған басқа жағдайларда, электрондық, қағаз және кез келген басқа жеткізгіште жазылған мәліметтерді қоса өзінің Дербес деректерін барлық көздерден Банкпен жинауға және кез келген өңдеуге өзінің шартсыз және кері шақыртусыз келісімін береді.

Осы арқылы Салымшы қажет болған жағдайда, дербес деректер немесе Дербес деректер мазмұндалған құжаттар қосымша келісімсіз Банк пен Салымшы арасында жасалған осы Шартта және басқа шарттарда, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында қарастырылған негіздер бойынша Банкке қатысты жүргізілетін аудит аясында аудиторларға; Банк кеңесшілеріне; коллекторлық компанияларға осы Шарт бойынша талап ету құқығын ақылы/ақысыз беру нәтижесінде Банкпен берілуі мүмкін екендігін мойындайды және растайды.

11.4. Банктік құпия: Салымшының өзіне, сондай-ақ осы Шартта, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңында қарастырылған тәртіпте және негіздер бойынша басқа тұлғаларға; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне; Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік органға; Банкке қатысты жүргізілетін аудит аясында аудиторларға жария болуы мүмкін. Одан басқа, банктік құпия Салымшы сөзсіз келісетін банктік құпия болып табылатын ақпаратты сұраған тұлағаның/органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған негіздер бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілмеген тұлғаларға, сондай-ақ басқа үшінші тұлғаларға, соның ішінде коллекторлық компанияларға, Банк кеңесшілеріне осы Шарт бойынша талап ету құқығын ақылы/ақысыз беру нәтижесінде немесе басқа негіздер бойынша жария болуы мүмкін.

11.5. Осы Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар, Банктің тарифтерін және осы Шартпен белгіленген Салым, комиссиялар бойынша сыйақы ставкасы туралы шарттардың өзгертулерін қоспағанда, олар Банктің ресми сайтында орналастырылған жағдайда жарамды болады.

11.6. Осы Шартқа қол қоя отырып, Салымшы Банк оның ресми WEB-сайтында тиісті ақпараттарды орналастыру және Банктің бөлмелеріндегі жарнама стенділерінде көрнекі ақпараттарды орналастыру арқылы сыйақы ставкаларының, Салым бойынша комиссия мөлшерінің өзгерістері, қызметтерінің жаңа түрлерінің пайда болуы туралы хабарлайтындығына келіседі.



11.7. Тараптар салым бойынша комиссиялар және (немесе) сыйақы ставкаларының мөлшері өзгерген жағдайда, тиісті өзгерістер Банк оның ресми WEB-сайтында және Банк ғимараттарында жарнама стенділерінде орналастырған күннен бастап Шартқа енгізілген болып саналатына келісті.

11.8. Осы Шартқа қол қоя отырып, Салымшы шарттың барлық талаптарын ешқандай наразылықтарсыз және ескертулерсіз қабылдай отырып, Шарттың барлық талаптарына келіседі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет