Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалиновтың 2011 жылы ауданның әлеуметтік



жүктеу 164.58 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі164.58 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалиновтың 2011 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыру қорытындылары жөніндегі есебі және алдағы кезеңге міндеттер туралы

2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтумен ерекшеленді. Бұл атаулы мерейтой еліміз үшін маңызды бағыт болып белгіленді, жыл табысты және тарихи оқиғаларға толы болды.

Осы мерзім ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштермен сипатталды. Оған аудан аумағында іске асырылған мемлекеттік, аумақтық және аудандық, сонымен қатар, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламалар зор ықпал жасады.

Ағымдағы жылдың 1-қаңтары жағдайына аудан тұрғындарының саны 63 мың 252 адам болды. Орташа еңбекақы 68 мың теңге құрады, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 16 % өсті.

Бюджеттің кіріс бөлігі 5 млрд.121.5 млн. теңге, оның ішінде 2 млрд. 656,2 млн. теңге (52 %)- субвенция, 1 млрд. 504,2 млн. теңге (29%) – жоғарғы бюджеттердің трансферттері, 961,1 млн. теңге (19%) - аудандық меншікті табыс құрады.

Бюджеттің шығындары:

Білім беруге - 2612,8 млн. теңге немесе шығындардың 51%;

Әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға - 186 млн. теңге, 3,6 %;

Тұрғын үй және оларға инженерлік коммуникациялар құрылысына - 341млн. теңге, 6,6 %;

Мәдениетке - 272,3 млн. теңге немесе 5,3 %;

Спортты дамытуға - 25,4 млн. теңге;

Газеттер және теледидар арқылы ақпараттық саясат жүргізуге - 8,5 млн. теңге немесе 0,2%;

Елді мекендерді жарықтандыруға және көркейтуге - 108 млн. теңге немесе 2,1 %;

Су құбырларының құрылысына және ұстауға - 959,1 млн. теңге, 19%;

Жолдардың қызмет көрсетуіне – 25 млн. теңге, 0,5%;

Эпизоотикалық қарсы іс-шаралар жүргізуге - 24,9 млн. теңге немесе 0,5 %;

Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге - 35,5 млн. теңге, 07 %;

Жергілікті атқарушы және өкілеттік органдарды ұстауға және қызмет көрсетуіне - 523 млн. теңге, 10,2 %.

Ауданда өнеркәсіп өндірісі тұрақты дамып отыр. Физикалық көлем индексі 120,5 % болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 7 млрд 372 млн. теңге құрады. Бұл көрсеткіштерге кен өндіру секторындағы «Сәт Көмір» және «Қамбар» және өңдеу саласындағы «Казтерм» ЖШС, «Сұңқар астық компаниясы» ЖШС, «Максам Казахстан» ЖШС, «Хлебная компания» ЖШС, «Вест» ӨК кәсіпорындарында өндіріс көлемінің өсуі есебінен қол жеткізілді.

Шағын және орта бизнесте 1710 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс атқарады, оларда экономикалық белсенді тұрғындардың 15% немесе 5887 адам қамтылған. Бөлшек тауар айналымы 13 % өсті және 1278 млн.теңге құрады. Физикалық бөлшек тауар айналымы 113,3 % болды.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет «Жол картасы-2020» бағдарламасын қабылдады. Осы бағдарлама аясында 5 кәсіпорын өздерінің өндірістерін модернизациялауға несиелер алды. Субсидияланған пайыздық жүктеменің жалпы сомасы 100,7 млн. теңге құрады. Жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды өткізуге 3 кәсіпорынның жалпы сомасы 720,9 млн. теңге жобалары мақұлданды, оның ішінде «Здоровые продукты» ЖШС электр желілерінің құрылысына, канализация және су құбырын өткізуге (электр тасымалдау желілері, подстанция - 45,7 млн.теңге, канализация - 317,8 млн. теңге, су құбыры - 104,2 млн. теңге), жол құрылысы (204,5 млн. теңге) және Үштөбе селосындағы құс фабрикасында электр қуаттылығын арттыру (33,8 млн. теңге), сонымен қатар Ақжар селосында «Береке» ШҚ мал базасына трансформатор орната отырып, электр желілерінің құрылысына (14,9 млн. теңге).

Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау «Экспорт-2020» экспортты дамыту және ілгерілету Бағдарламасы аясында да іске асырылады (ҚР Үкіметінің 29.11.10 ж. №1265 қаулысы), бұл экспортерлердің шығындарын өтеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама казақстандық өнім экспортының географиясының көлемін арттыруға және кеңейтуге бағытталған.

Біздің ауданымыздың «Волынский АӨК», «Медео ҚФ», «Ақнар», «Морская империя» өздерінің өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруға жұмыс жасауда. Осы кәсіпорындардың өнімдері сертификатталған және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. «Сункар и К» астық компаниясы КазГрейн компаниясының ресми өкілі арқылы жақын шетелдерге өнімдерін шығарады (Өзбекстан, Азербайжан, Ауғанстан). Жалпы экспортқа шығарылған астықтың сомасы 1 млрд 693 млн. теңге құрады немесе жалпы өнімнің 76 %.

ҚР 2010-2014 жж. арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес (ҚР Президентінің 19.03.20 ж. №958 Жарлығы) мемлекеттің ресурстарын қорландыру экономиканың басымды секторларын дамытуға негізделген, оның бірі - агроөнеркәсіп кешені.

2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 млрд 756 млн. теңге болды, физикалық көлемінің индексі 122 %, жалпы көлемінің үлесі облыстық өндіріс көлемінің 16 % құрады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2011-2015 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін индустриалдық-инновациялық дамыту Концепциясының біздің аудандағы табысты нәтижесін атап өтуге болады.

Ауданның аграрлық секторы жылды жақсы табыстармен аяқтап отыр. Кейінгі 20 жыл ішінде астықтың рекордтық өнімі жиналды. Осынау астық науқанының жоғары өнімділігіне ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының, ұжымдарының қажырлы еңбегінің, мемлекеттің дәйекті аграрлық саясатының нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл жеңілдетілген салық салу, несиелеу және субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының арзандатылған лизингі, сонымен қатар т. б. факторлар.

2011 жылы астық дақылдарының егістік көлемі 115,2 мың га құрады. Ылғал сақтау технологиясын енгізу және модернизациялау нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері гектарынан 11,9 центнер шығымдылыққа қол жеткізді. Киров атындағы ӨК, ҚӨШСҒЗИ, Айхан ШҚ негізгі астық кәсіпорындарында гектарынан 20 центнерден астам астық жиналды.

Картоп 1586 га жерге отырғызылды, шығымдылығы 198 центнер құрады. Бұл көрсеткіш озық кәсіпорындардың тамшылап суару және жоғары өнімді технологиялар мен комплекстер сатып алу нәтижесінде мүмкін болды.

Егістіктің 50 пайызында ылғал сақтау технологиясы қолданылды, ол тек ылғалды сақтап қана қоймай, сонымен қатар жер құнарын арттырады.

Ағымдағы жылы 67 мың га жерден көпжылдық шөптер- житняк, эспарцет және люцерна шабылды, 290 мың тонна шөп жиналды. Гектардың шығымдылығы 4,3 га құрады.

2009-2011 жылдар аралығында житнякты жаңарту 3 мың га астам құрады. 53 мың га көлеміндегі 10 жылдан астам уақыт жаңартылмаған жерлер ескірген күйінде қалып отыр, олар шығымдылықты кемітеді және жемшөп әзірлеу шығынын көбейтеді.

Мал шаруашылығын инновациялық дамыту үшін негізгі резерв - суармалық жерлерде жемшөп өндірісін дамытуды бастау қажет.

Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі құрамдас бөлігі мал шаруашылығын дамыту болып табылады. 2011 жылдың ақырғы айларында ірі қара мал басы тұрақтандырылды, ІҚМ басы 48,3 мың бас, шошқа 55,7 мың бас құрады.

Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында (ҚРҮ 12.01.2011ж.№ 1052 қаулысымен бекітілген) «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында аналық асыл тұқымды мал сатып алу үшін мемлекет материалдық қолдау көрсетіп отыр, қазіргі күнге 600 бас аналық асыл тұқымды мал әкелінді.

Қой мен ешкі басының саны 12 % өсті, жылқы басы 2010 жылдың деңгейінде сақталды-14,7 мың бас.

23,4 мың тонна көлемінде ет өндірілді, 2010 жылдың деңгейіне 113 %. 47,4 мың тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 18,4% кем, бұл жазғы маусымда аналық мал басы санының азаюына байланысты болды.

Құс шаруашылығы тұрақты дамып отыр. Ағымдағы жылы 176,2 млн. дана жұмыртқа алынды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 47,7 млн. данаға артық. Біздің аудан Қарағанды облысының нарығына құс жұмыртқасын шығарудың негізгі жеткізілімшісі болып табылады.

6,4 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 12 % жоғары. Бройлер еті өндірісінің инновациялық технологияларын қолдану кондиция деңгейіне жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік жасады.

24,3 млн. теңге қаржы есебінен малдарды дер уақытында вакцинациялау және өте қатерлі ауруларды диагностика жасау жүргізілді. Қабылданған шаралар инфекцияның таралуына тосқауыл қойды және тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай туғызды.

Жылдың басынан 35760 бас ІҚМ бірдейлендірілді (жоспарға 100 %), ветеринариялық төлқұжаттар берілді және мәліметтер базасына енгізілді.

2 сою цехы және 17 сою алаңдары жұмыс істеп тұр. Олардың бәрі ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Мемлекет тауар өндірушілерді қолдау саласында тиімді шаралар қабылдап отыр, шығындарды субсидиялау жүзеге асырылуда. 2011 жылы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге, егістікті тыңайту мен гербицидтармен өңдеуге 85 млн. 463 мың теңге өтелді, бұл 2010 жылдан 61 % артық, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруға 917 млн. теңге жұмсалды, 2010 жылға - 56 %.

Ел Президентінің ауыл шаруашылығы бағыттағы жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасының аясында жерлердің инвентаризациясы жүргізілді, жалпы аумағы 125,1 мың га тиімді пайдаланылмайтын немесе мүлдем пайдаланылмайтын 204 жер учаскесі анықталды.

Жер учаскелерін кері қайтарып алу жөніндегі жер заңнамасымен қарастырылған барлық іс-шаралар қабылданып отыр.

Бүгінгі күнге 11 шаруашылық ерікті түрде жерлерді қайтарып берді, 25 жер пайдаланушылар бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату жөнінде қаулылар шығарылды, 8 жер учаскесі бойынша материалдар Аумақаралық жер инспекциясына берілді. 2011 жылы екі конкурс өткізілді, оларда аумағы 11,3 мың га 37 жер учаскесі сатылды.

Негізгі капиталға инвестициялар салу 12,8 млрд теңге, физикалық инвестиция көлемінің индексі 107,4% құрады. Облыстық инвестиция көлемінде біздің аудан үлесі 5,1 %.

Ауданның экономикалық потенциалы әр түрлі деңгейдегі бюджетке 1 млрд 877 млн. теңге салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, оның ішінде аудандық бюджетке 1045 млн. теңге жинауға мүмкіндік берді, бұл былтырғы көрсеткіштен 10,6% артық.

2011 жылы бюджет шығыны 5141 млрд теңге құрады, 97,5 % орындалуы қамтамасыз етілді.

Ел Президенті Жолдауы міндеттерінің әлеуметтік блогына және Үкіметтің тұрақтылық бағдарламасын негізге ала отырып, аудандық атқарушы билік үшін әлеуметтік бағдарламаларды орындау және тұрғындардың аз қамтылған қатарын қолдау басымды міндет болып табылады. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары 186 млн. теңге құрады, бұл жалпы шығындар көлемінің 3,6 %, оның ішінде жоғарғы бюджеттердің трансферттері 32,5 млн. теңге.

Қызметкерлерді негізсіз жұмыстан босату және өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқығын, әлеуметтік-экономикалық мүддесін және кепілдігін қорғау мақсатында ауданның жүйе құрушы кәсіпорындарымен 110 меморандумға қол қойылды.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын одан әрі нығайту мақсатында жұмыссыз тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленген, соның аясында 2011 жылы 1750 адам жұмысқа орналастырылды, 190 жұмыссыз үшін еңбек нарығында қажеттілігі бар мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылды. Уақытша жұмыспен қамту мақсатында әр сала бойынша 640 жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, олар арқылы жұмыссыз адамдар жұмыс тәжірибесіне ие болады. Осы жұмыс қорытындысында ауданда тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 11,7 мың адам құрады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылып отыр. Бірінші бағыт бойынша оқуға 72 адам жіберілді, оның ішінде ветеринариялық фельдшер мамандығы бойынша Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінде 6 адам, 4 адам агроном мамандығы бойынша Мичурин агротехникалық колледжінде оқиды, 62 адам облыстың кәсіптік лицейлерінде 3 айлық курстардан өтті.

«Айхан» ШҚ 5 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, орташа жалақысы 52,0 мың теңге, мерзімі - 11 ай.

Бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыру бойынша 41 меморандум жасалды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша –«Синтекс» ЖШС шағын несие ұйымына 112 бизнес-ұсыныс қабылданды және жолданды. Осы бағытты қаржыландыруға 106 млн. теңге бөлінді. 191 ықтимал қатысушы әріптестік және бизнес Институтында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтті.

Үшінші бағыттың аясында он екі пәтерлі бес үйдің құрылысына қаржы бөлінді. 2 үй Ботақара кентінде және бір-бір үйден Заречное, Тұзды селоларында. Новоузенка селосында үйдің құрылысы аяқталды. Бұл елді мекендердің жоғары даму потенциалдары және жаңа жұмыс орындары құрылатын перспективалық инвестициялық жобалар бар.

Үшінші бағыттың ықтимал қатысушыларына қатаң талаптар қойылады: жиынтық отбасы табысы отбасының әр мүшесінің өмір сүру мөлшерінен аспау керек. Осы жағдайда олар тұрғын үй алуға ғана емес, сонымен қатар отбасы басшысына 10 айлық есептік көрсеткіш және әр мүшесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия алу құқығы бар.

Білім беру нысандары қызметінің шығындары 2612,8 млн. теңге немесе аудандық бюджеттің 51% құрады. 2011 жылы мектепке дейінгі оқыту мекемелерін дамыту жөніндегі жұмыс белсенді жүргізілді. Ауданда 5 балалар бақшасы және 34 шағын орталық жұмыс істейді, оларда 2340 орын бар, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 83,6 % қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2011-2013 жылдарға арналған «Балапан» Концепциясы әзірленді, оған сәйкес 2011 жылы Үміткер, Березняки, Шешенқара, Центральное, Ростовка, Дубовка және Гагарин атындағы мектептер жанында қосымша шағын орталықтар, ал Киров орта мектебінде шағын орталық ашылды.

2012 жылы Үштөбе, Көкпекті селоларында балабақшаларын ашу, «Колокольчик» балабақшасында топты кеңейту, 9 елді мекенде мектептер жанында шағын орталықтың 12 тобын ашу жоспарлануда, сөйтіп 602 жұмыс орны құрылады, мектеп жанындағы орынмен балалар 100 % қамтамасыз етіледі.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыс жалғасын табуда. Білім беру қызметінің сапасын жақсарту, 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мектептерде көп салалы интерактивтік жабдықтар орнатылған, әр түрлі пәндер бойынша жаңа модельді 60 қазіргі заманғы кабинеттер жұмыс жасайды. Жыл сайын оқулықтар жаңартылады.

2011 жылы шығындарды оңтайландыруға қарамастан, аудандық бюджет қаржысынан оқу жиһаздарын жаңартуға, мультимедиялық-лингафондық және пән кабинеттерін сатып алу үшін 100 млн. теңге бөлінді. Мектептердің компьютер паркі кеңейтіліп, жаңартылуда, аудан бойынша 1 компьютерге 6,2 адамнан келеді, облыс бойынша орта көрсеткіш – 8 адам.

Барлық мектептер Интернет желісіне қосылған, 14 немесе 25 % мектептер кең жолақты интернетке қосылған.

Білім беру жағдайлары жақсарып келеді. Үштөбе және Дубовка орта мектептерінде ғимараттың төбесіне күрделі жөндеу жүргізілді, шығын - 25,6 млн. теңге. 8 нысан ағымдағы жөндеумен қамтылды: Гагарин атындағы орта мектеп - 585 мың теңге, Калинин ОМ - 960 мың теңге, Тасауыл НМ - 480 мың теңге, Березняков ОМ - 5859,1 мың теңге, Гагарин ОМ - 834 мың теңге, Новоузенка ОМ - 450 мың теңге, Кузнецкий ОМ – 2300 мың теңге, Бұқар жырау ОМ - 2200 мың теңге, 7 мектепте - Киров, Үміткер, Сарытау,Токаревка, Амангелді, Алғабас, Ленин мектептерінде 6640 мың теңге сомаға жылу қазандықтары айырбасталды. Демеушілік көмек есебінен Тегісжол мектебі жөндеуден өткізілді.

Білім беру қызметінің сапасын бақылаудың ішкі критерийлерінің бірі Ұлттық бірыңғай тест болып табылады. Ағымдағы жылы 619 оқушы орта білім туралы аттестат алды, олардың 129 мемлекеттік экзамен, ал 489 оқушы ұлттық бірыңғай тестіден өтті.

ҰБТ бойынша орта балл 81 болды, орта облыстық көрсеткіш - 81 балл. Біздің аудан облыс бойынша төртінші орын алды, Ростовка орта мектебі облыс мектептері арасында екінші орынға ие болды. Бес мектеп бітіруші «Алтын Белгі», ал 3 бала үздік аттестат иегері атанды.

Балаларды мектепке тасымалдауға назар аударылды, биылғы жылы 4 жаңа екі есікті, бағасы 5 млн. теңге автобустар сатып алынды - Ғ. Мұстафин кентіне, Доскей ауылына, Гагарин, Самарканд селоларына.

Дене шынықтыру және спортты тиімді дамыту жөніндегі іс-шаралар аясында ауқымды жұмыс жүргізіліп отыр. Ағымдағы жылы 3 спорттық көп салалы алаңдар, бағасы 5 млн. теңге - Ақбел, Үміткер, Молодецкое селолары мектептерінің жанында және Нұра ОМ жанында бағасы 7255 мың теңге хоккей корты салынды және пайдалануға берілді. Аудан спортшылары әр түрлі деңгейдегі 40 жарыстарға, оның ішінде 16 республикалық және 8 халықаралық жарыстарға және турнирлерге қатысты. 50 жүлделі орындарға қол жеткізілді.

Балаларды сауықтыру және бос уақытын дұрыс өткізу мақсатында жазғы мерзімде мектеп жанында лагерьлер жұмыс істейді, бюджеттің және білім беру қызметкерлері кәсіподағының қаржысы есебінен 42 бала «Шапағат» лагерінде сауықтырылды. «Қазақмыс» Корпорациясының демеушілік көмегінің есебінен 4 бала Көкшетау облысында балалар лагерінде демалды. Шығын 1560 мың теңге құрады.

Жыл сайын денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру ұлғаюда, 2011 жылы шығын 560 млн. теңге болды, материалдық-техникалық база нығайып келеді, көрсетілетін медициналық көмек көлемі артып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңеюде.

Осының бәрі тұрғындардың денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің жақсаруына жол ашып отыр.

Балаларды қорғау бойынша үлкен жұмыс атқарылды, дәрігерлер штатына қосымша балалар дәрігерлері - невропатолог, окулист, оториналоринголог, жасөспірімдер дәрігері бірліктері енгізілді. Одан басқа, есепті мерзімде 4 дәрігер және 47 орта медициналық қызметкерлер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Мемлекет Басшысы қашанда мәдениетті елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерден бөліп қарауға болмайтынын атап өтеді, сондықтан біздің ауданда мәдениетті дамыту, қоғамның рухани қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі үнемі назарда тұрады. Мәдениет саласына 272 млн. теңге жұмсалды, бұл жалпы шығын көлемінде 5% құрайды.

2011 жылдың қаңтарында «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін Ақбел селосында клуб пайдалануға берілді. Ынтымақ селосында клуб ашу үшін ғимарат сатып алынды және клуб пайдалануға берілді. Г.Мұстафин кентінде Мәдениет Үйінің алдыңғы беті жөнделді және алдындағы алаңды көркейту жөніндегі жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта фойе және көрермендер залы жөнделіп жатыр.

Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда: клубтар үшін музыкалық инструменттер сатып алынды, сахна киімі жаңартылды, кітапханалар үшін жиһаз, көркем әдебиет және компьютерлік жабдықтар сатып алынды.

Доскей ауылындағы халық аспаптары оркестрі республикалық аттестациядан өтіп, «Халықтық» деген атағын қорғап қалды, ал «Эдельвейс» би тобы «Үлгілі» атағына ие болды.

Тұрғын үй құрылысы саласында 7458 шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2010 жылдың деңгейіне 129 %.

Екі он екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, пәтерлер жалдамалы үй алу кезегінде тұрған аудан тұрғындарына берілді.

Одан басқа,«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-бағытының қатысушылары үшін Новоузенка селосында 12 пәтерлі тұрғын үй салынды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру басталды (ҚРҮ 09.11.2010 ж. №1176 қаулысымен бекітілген), оның аясында 7 елді мекенде - Центральное, Дубовка, Үштөбе, Новоузенка, Заречное, Ақбел селоларында, Ботақара кентінде жалпы 901,8 млн. теңгеге су құбырлары желілерін қайта жаңарту қамтылған. Ботақара кентінде су құбырларын жаңарту жөнінде жұмыс аяқталған жоқ. .

Петровка, Тоғызқұдық, Корнеевка, Ақтөбе, Тасшоқы селоларында және Нұра станциясында су құбырлары желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Коммуналдық инфрақұрылымның тозуына байланысты тұрғын үйлерде энергия шығынын азайтуды қамтамасыз ету, оларды күрделі жөндеу үшін 2020 жылға дейін республикалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы қабылданған (ҚРҮ 30.04.2011 ж. № 473 қаулысы).

Бұл бағдарламада тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге ерекше назар аударылған. Біздің ауданда 192 көп пәтерлі үйлер бар, олардың 80 % -на күрделі жөндеу қажет. Осы проблеманы шешуде тұрғындар басты роль атқарады.

Бұқар жырау ауданының 2011-2013 жылдарға арналған кешенді энергия үнемдеу жоспары іске асырылып отыр.

Осы кешенді бағдарламаны іске асыру аясында:

- 6 мыңға жуық энергия үнемдеу лампалары;

- 5 селоның скважинасында және білім беру нысандарында 52 үш тарифті электр энергиясын есептеу приборлары;

- саны 74 дана «Грюндфос» маркалы электр үнемдеуші су насостары, электр титандар, желдеткіштер, ауа үрлегіштер орнатылды.

2011 жылы шығындар көлемі 20,2 млн. теңге құрады, 2012 жылы электр үнемдеу шығындарын 22 млн. теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл шығындар жергілікті бюджеттен жүргізіледі.

Аудан автомобиль жолдарының үзіліссіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасына 25,2 млн. теңге бөлінген. Ақтас кентіне кірме жол жөндеуден өткізілді, «Қарағанды-Новодубовка», «Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара», «Қарағанды-Ақбел-Трудовое», «Қарағанды-Аяғөз-Белағаш-Керней-Семізбұғы»жолдарының учаскелері 470,1 млн. теңгеге жөнделді. Қаржы мүмкіншілігіне байланысты жолдар алдағы уақытта да жөнделетін болады.

Мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген елді мекендерді көркейту Ережелерін орындау, сонымен қатар елді мекендер және аудан орталығының бейнесін жақсарту мақсатында аудан әкімдігінің ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша күзгі және көктемгі екі айлық өткізу жөнінде қаулы қабылданды. Осы екі айлық мерзімінде 115 рұқсат етілмеген үйінділер жойылды, 27 мың тонна қоқыс шығарылды, елді мекендерді көгалдандыру жөнінде іс-шаралар өткізілді.

Мемлекеттік санитарлық бақылау қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, аулаларды аралады,103 мың теңге сомада 396 ескерту хат жолданды.

Барлық елді мекендерге аудандық ұйымдардың басшылары мен мамандары бекітілген, олар селолық округтар мен кенттер әкімдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шағын-орта бизнес субъектілерімен бірлесіп, сенбіліктер және санитарлық тазалау жүргізеді.

Елді мекендерді көркейту жөнінде іс-шаралар қабылданған, осы шараларға шығындар 78,3 млн. теңге құрады, осы қаржыға:

Ботақара кентінде «Тәуелсіздік» стелласы орнатылды, билбордтар мен баннерлер жаңартылды.

Қушоқы кентінде, Дубовка және Үштөбе селосында балалар ойын алаңдары орнатылды.

Ғ.Мұстафин кентінде, Байқадам, Дубовка, Көкпекті, Тегісжол, Баймырза селоларында декоративтік қоршаулар орнатылды.

Ғ.Мұстафин кентінде,Тегісжол, Үміткер, Ақбел, Тоғызқұдық, Қарақұдық селоларында көшелерді жарықтандыру жүргізілді.

Барлық іс-шаралар Тәуелсіздіктің 20 жылдығы логотивімен, мерекелеу Концепциясы күнтізбесінің тақырыптық бағытына сәйкес өткізілді. Тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау назарда болып отыр. Оған құқық қорғау органдары мен ішкі саясат бөлімінің белсенді жұмысы ықпал жасап отыр, олар құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға, ашуға бағытталған іс-шаралар өткізеді, үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, жастар қозғалысымен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.

Есепті мерзімде 423 қылмыс тіркелген, бұл 2010 жылдың деңгейінен 62% артық. Қылмысты ашу 65,2%, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 16 % кем. Сот органдарына 178 қылмыс бойынша материалдар жолданды.

13 ауыр қылмыс тіркелген, былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде 11, ауыр қылмысты ашу 81 % болды.

Мал ұрлығының 62 оқиға тіркелді, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 9 оқиға.

Ауданда бағаларды тұрақтандыру және Бұқар жырау ауданының 2011-2013 жж. азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Кешенді шаралар әзірленді және бекітілді.

Осы Кешен аясында 7 әлеуметтік-маңызды азық-түлік бойынша өткізілетін сауда интервенциясы бойынша іс-шаралар қарастырылып отыр. Осы мақсатта ұлттық ең аз тұтыну нормаларына сәйкес әр азық-түлік түрі бойынша жылдық қажеттілік анықталды. Кешен бойынша жалпы шығын 17 млн. теңге, оның ішінде 15 млн. теңге Агроконсалтинг қаржысы, 2 млн. теңге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тауар сатып алу есебінен. Азық-түлік қорын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың аяғына дейін әр азық-түліктің 4 айлық тұтыну нормасының 20 % қорға салу жоспарланып отыр.

Ауданда мемлекеттік қызмет заңнамасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын және мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін сақтау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр.

Барлық бөлімдерде конкурстық, аттестациялық,тәртіптік конкурстар, сонымен қатар құқықтық жалпыға бірдей оқыту мектептері құрылған.

2011 жылы мемлекеттік қызмет Агенттігінің мамандарын шақыра отырып, екі рет мемлекеттік кадрлық модель және мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің Концепциясы бойынша семинар-кеңестер өткізілді.

Тоқсан сайын есепті кездесулер өткізіледі, онда бюджеттік ұйымдардың басшылары және әкімдер тұрғындар алдында есеп береді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа оперативті назар аудару үшін аудан әкімі аппаратында және ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде сенім телефондары орнатылған.

Есепті мерзімде келесі кадрлық өзгерістер жасалды: 16 адам жоғары лауазымға ауыстырылды, олардың 5-і –Абай ауданына, 2-і Қарағанды қаласына, басқалары аудан ішінде.

3 мемлекеттік қызметші зейнеткерлікке шығуына, 1- денсаулығына байланысты, 2-отбасы жағдайына, 4-өз ниеті бойынша жұмыстан босатылды.

Бұқар жырау ауданы бойынша барлық тағайындаулар мен ауыстырулар облыс әкімінің және Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің тәртіптік Кеңесі басқармасымен келісілген.

Есепті мерзімде 655 өтініш тіркелді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 53-ке артық. Өтініштің негізгі бөлігі - ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және сәулет мәселелері – 320 өтініш. Проблемалық мәселелер бойынша 139 өтініш түсті, 65 өтініш жоғары инстанцияларға жолданған шағымдар. Ең көп өтініштер Ботақара кентінен, Ғ.Мұстафин кентінен, Үштөбе және Көкпекті селолық округтарынан түскен.

2011 жылы есепті кездесу қорытындысы бойынша канализациялық жүйені қайта жаңарту және мәдениет нысандарын ашу мәселелері бойынша 7 ұсыныс пен ескерту түсті.

5 типтік мәдениет нысанының құрылысы мәселесін шешу үшін ауданда мәдениет нысандарының құрылысына көмек көрсету жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Д.М.Құсайыновқа, облыстық мәдениет Басқармасының бастығы Б.Т.Байсағатовқа өтініштер, сонымен қатар мәдениет Басқармасына инвестициялық жобалар тізіліміне енгізу үшін бюджеттік өтінімдер жолданды.

Дубовка селосында канализациялық жүйені қайта жаңарту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде 2012 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қаржы бөлінді, қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар 2013 жылы басталатын болды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Менің есебімде 2011 жылғы жұмыс қорытындысы баяндалды, алайда әлі де шешімін табатын проблемалар баршылық. Бұлар:

Мемлекет Басшысының барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің 10 % өсіміне қол жеткізу тапсырмасын орындау.

Мемлекеттік бағдарламаларды: оның ішінде ҮИИДМБ, «Ақ бұлақ», «ТҮКШ модернизациялау», «Аумақтарды дамыту», «Балапан», «Жұмыспен қамту-2020», 2020 жылға дейінгі стратегиялық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру.

Инновациялық технологияларды енгізе отырып, агроөнеркәсіп кешенін диверсификациялау және еңбек өнімділігін төрт есе арттыруды қамтамасыз ету.



Мен бірлескен күш-жігермен жаңа табыс биіктеріне жетеміз және ауданымызды көркейтеміз деп сенемін.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет