Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына



жүктеу 56.1 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі56.1 Kb.


Бұқаралық ақпарат

құралдарының

басшыларына

(тізім бойынша)

Батыс Қазақстан облысының ТЖ Департаменті 2014 жылғы үшінші тоқсанында төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелінің факторлары және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралары туралы ақпарат жолдайды.

Қосымша:6 бет.



Департамент басшысы Қ. Бисембаев


Орынд. М.Отаров

Тел/факс:503489

2014 жылғы үшінші тоқсанында төтенше жағдайлардың пайда болу тәуекелінің факторлары, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі

шаралары туралы
Төтенше жағдайлардың талдауы негізінде жазғы мезгілде әр адамға ескерулері үшін, болуы мүмкін тәуекел факторлары туралы облыс тұрғындарына хабарлаймыз.

Жазғы маусымда табиғи төтенше жағдайлардың ішінде ең жиі орын алатындар ормандық өрттер және далалық өртенулер, күшті жел.



Ормандық және далалық өрттер. Осы жылдың үшінші тоқсанында ауаның жоғарғы температуралары пайда болуы басталысымен ормандық және далалық өрттердің көбеюі ықтимал. Облыс аумағындағы орман қоры 206,1 мың га құрайды. Орман жолақтарының жалпы көлемі 3 мың га. 2013 жылғы деректер негізінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 10273,3 га алаңында 92 табиғи жану оқиғалары және 4 табиғи өрт тіркелді. 2014 жылы 253 табиғи жану оқиғалары және 7 табиғи өрт тіркелді.

Жайық өзенінің жайылмалы ормандары, автомобиль жолдарының бойымен және Орал қаласының, Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесінің әуіттер мен су қоймаларының айналасындағы орманды қорғау жолақтары Батыс Қазақстан облысының негізгі ормандық алқабы болып табылады.

Далалық және астық пен орман алқаптары көптеген ерекше жанғыш материалдарына толы және олар өрттердің пайда болудың негізгі көздері болып табылады. Әдетте, олар жоғары өрт қауіпсіздігі кезеңінде үлкен материалдық залал келтіреді. Ауаның жоғарғы температурасы, құрғақшылық, аңызақ және күшті жел облыс аудандары үшін сипатта болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде өрттер жиі болып тұрады. Күн күркіреп тұрғанда орман найзағайдан өртену мүмкін, өздігінен жануды да естен шығаруға болмайды.

Құрғақ маусымда ормандық және далалық өрттер пайда болу кезінде өртену майданы бірнеше шақырымға дейін таралған, 15 жуық өрт ошағы пайда болу мүмкін. Далалық өрттер болған кезде электр берілісі мен байланыс желілеріне залал келтіріледі. Кейбір жағдайларда өрт мал шаруашылық нүктеріне ауысу қауіпі туындайды, сондықтан адамдар мен малдың шығыны болу мүмкін.

Орал қаласы маңында ең көп өрттер саны аптаның демалыс күндері мен табиғат аясында туристер демалғаннан кейін - дүйсенбі күндері тіркелген.

Суға шомылу маусымы. Жазғы уақытта өзен, көлдің жағасында демалысты өткізу өте тамаша. Қалжырататын ыстық шаршатады, қала көшелерінің жанып тұрған асфальтынан көлеңкелі жағажайға барып, өзен суының сергітетін салқындығына шомылғың келеді. Жағажайда жақсы демалуға, күш алып, денсаулығыңызды шынықтыруға болады. Суға шомылу, жүзу, күн сәулесінің ванналары ағзаны шынықтырады, сергектік береді, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Алайда, суда тәртіп ережелерінің бұзылуы жазатайым оқиғаларға әкеледі.

Суға шомылу маусымы басталуымен бірге су қоймаларында тұрғындардың қаза болу деректерінің пайда болу қауіптілігі жоғарлайды.

Батыс Қазақстан облысының көптеген су айдындары демалыс, балық аулау, аңшылық және шаруашылық мақсатқа қолданылады, өкінішке орай жыл сайын су айдындарында адамдардың қазасымен аяқталатын төтенше жағдайларда тіркеліп отырады.

Су айдындырында адам қазасының орын алуының негізгі себептері: суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау, ересектердің балаларды қараусыз қалдыру, мас күйінде суға түсу.

2013 жылы облыстың су айдындарында 14 адам суға батып кетті, соның ішінде 1 жасөспірім. 2014 жылы су айдындарында 17 адам суға батып кетті, соның ішінде 6 жасөспірім. Жыл сайын суға бату оқиғалары облыс орталығында, Зеленов, Тасқала, Бөрлі аудандарында орын алады.

Су айдыны маңында демалыс өткізген жағдайда өз өміріңіздің амандығы үшін Сіз келесі күрделі емес қауіпсіздік ережелерін білуіңіз қажет:



  • Қауіпсіз және рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылыңыз.

  • Жағажай, суға шомылу орны, су станциясы болмаған жағдайда түбі жазық, таза құмды өзен жағасын таңдау қажет. Судың түбінде қауіпті заттар болу мүмкін, сондықтан таныс емес жерлерде суға сүңгуге болмайды.

  • Суға терлеп, ыстықтап келіп бірден түсуге болмайды. Суға шомылудың алдында демалып алу қажет.

  • Тамақтанғаннан кейін және спирттік ішімдік ішіп алып суға шомылуға болмайды.

  • Діріл пайда болу кезінде суға шомылуды тоқтату қажет. Тәулігіне екі мәрте: таңертен және кешке суға шомылуға ұсыным беріледі.

  • Суда жүзу кезінде сіңір тартылып қалу мүмкін. Сіңір тартылып қалу бұлшық еттердің салқындауы, қатты қозғалыстар мен қалжу кезінде болады. Сіңір тартылып қалуда көмекке шақыру қажет. Сабырлық сақтау қажет. Судан шығудың жағдайы болмаса, мына іс-әрекеттер жасау керек:

    • Саусақтар құрысып қалған кезінде, тез, күштеп қолды жұдырыққа түю, басқа жаққа қолды тастап жіберу және жұдырықты ашуды жасау керек;

    • Балтырдағы бұлшық ет құрысып қалса, бүгіліп, құрысып қалған аяқтың табанын қолымен ұстап өзіңізге күшпен тарту қажет;

    • Жамбастың бұлшық еттері құрысып қалса, аяқты сыртқы жағы тобықтан ұстап алып, тізеге бүгіп, оны артқы жаққа арқаға тарту керек.

  • Егер сіңірдің тартылып қалуы кетпесе, осы әдісті қайталау қажет.

  • Күшті су ағынға түсіп қалу кезінде, онымен күресуді жасамаңыз, ағын бойымен жүзу қажет және өзен жағасына жақындауға тырысыңыз. Егер, су иірімге түсіп қалу кезінде, абыржымаңыз, өкпеге көбірек ауа жұтып, суға сүңгу қажет және иірімнен алыстап, ағынша бағыты бойынша судың бетіне шығыңыз.

  • Келе жатқан кемелердің қасына жүзуге болмайды – өміріңізге аса қауіпті.

  • Суда дөрекі ойнауға жол бермеңіз, оның арты қайғылы жағдайға әкелуі ықтимал.

  • Судан шығу кезінде құрғақ сүлгімен денені сүрту қажет.

Біздің қала және облыс тұрғындарын тағы да ескертеміз: жазатайым оқиғаларына жол бермеу үшін судағы тәртіп ережелерін сақтаңыз!

Статистикаға сүйенсек судағы 10 оқиғаның ішіндегі 9 оқиғада адамдар өз кінәсі бойынша суға батады. Егер, ересек адамдар негізінде өз немқұрайлығынан қаза табатын болса, балалар ересектер қарамағаннан немесе жеңілтектіктен болады. Абай болыңыздар! Тәртіп – судағы қауіпсіздіктің кепілі екенін есте сақтаңыз!



Күн тию – орталық жүйке жүйесіне күн сәулесінің тікелей әсер ету нәтижесі. Зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін ол қауырт шараларды талап ететін ауыр күймен жиі сипатталады. Күн сәулесінің әсер ету нәтижесі, әдетте, тез, алайда бірқатар оқиғаларда күнде бірнеше сағат болғанда ғана айқын көрінуі мүмкін. Негізінде күннің белсенділігі шілде айында болады, шамамен 14-тен 16 сағат аралығында. Сол себепті тұрғындардың осы уақытта суға түспеуі, күн сәулесін қабылдамауы қажет, бұл шараларды түскі мезгілге дейін және сағат 16 кейін ұсынамыз.

Егер сіздің жақын адамыңызға күн тиіп, жағдайы нашарласа келесі шараларды жасаңыз:

- Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, зардар шеккен адамды көлеңке немесе салқын бөлмеге жеткізіңіз.

- Зардап шеккен адамды шешіндіріп, салқын ылғалды ақ жаймаға орап, салқын су беріңіз.

- жүрегі тоқтап қалған жағдайда, қолдан дем беруге «ауыздан ауызға» тырысыңыз. Өте күрделі жағдайда жедел жәрдем шақырып, жан сақтау бөліміне жеткізу қажет.

Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, әдетте қыркүйек айы күшті жел соғумен сипатталады. Бұрынғы жылдарда тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың ғимараттары мен құрылыстардың шатырларының зақымдануы, электр беріліс және байланыс әуе желілердің бұзылуы орын алып, ол шаруашылық нысандардың тіршілік әрекетінің бұзылуына әкеліп соқты. Осындай деректер биылғы жылда да болу мүмкін.

Сонымен қатар, жазғы маусымда кеміргіштердің, эктопаразиттердің және жайылым кенелердің арасындағы эпизоотиялар Жайық, Шаған, Көшім, Елек, Сары Өзен және Қара Өзен өзендерінің арналары мен жайылмалары бойынша жыл сайын тіркелуде.

Адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі өз қолымызда екенін есте сақтау қажет, ол үшін жазғы маусымда өрт қауіпсіздігі ережелерін және су қоймалар маңында болған кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ұсынамыз.


БҚО ТЖД ТЖ

алдын алу бөлімінің бастығы

өртке қарсы қызмет капитаны М.Отаров


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет