«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



жүктеу 1.53 Mb.
бет8/9
Дата01.04.2016
өлшемі1.53 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
umkd -> ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Абайтану» пәнінің 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]


Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де объектіні қою үшін қандай команда орындаймыз?

  2. Қандай объектілер қою мүмкіндігі бар?

  3. Мәтін үстіне объектіні орналасатырудың неше тәсілі бар?


Зертханалық жұмыс № 12
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу

Мақсаты: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Кескіндерді орнына қоюды үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker



Қысқаша теориялық нұсқау:

Кескін графикалық редакторда жасалынған (салынған) немесе сканерлеу жолымен алынған болуы мүмкін. Кейін ол графикалық пішімдердің – tif, gif, jpg, bmp, wmf, eps, emf — бірінде сақталады.

Кескінді жарияланымда орналастыру үшін, Файл => Орналастыру (Поместить) командасын орындалады.

Тапсырма:

Қосымша №15 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Жаңа басылым құрыңыздар:

    • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    • Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;

    • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

    • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

  1. Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Келесі Орналастыру сұхбат терезесі ашылады (Сурет 35):



Сурет 35. Орналастыру терезесі

  1. Собачка.jpg файлын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыз. Ашу батырмасын басыңыз. басылымын ашыңыздар. Кескінді қою белгісі пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасымен басылымға шертіңіз.

  2. Кескіннің өлшемі үлкен болып орналасады. Кескінді белгілеп, пайда болған бұрыштарындағы қара маркерлер көмегімен көлемін қосымшадағыдай етіп азайтамыз (Қосымша №15). Екінші тәсілі Басқару тақтасында кескіннің ені мен биіктігін беретін өрістерге 50 мәндерін енгізіп Enter пернесін басамыз. Кескін көлемі азайды.

  3. Егер кескін анық болмай бұлыңғыр немесе сұр төртбұрыш түрінде шықса, онда Файл – Реттеу (Настройки) – Негізгілер (Основные) командасын орындаймыз. Келесі Реттеу (Настройки) сұхбат терезесі ашылады (Сурет 36). Осы терезед Экрандағы кескін (Изображение на экране) тізімін қараңыздар.



Сурет 36. Реттеу терезесі

  • Плашек түрдегі кескін шапшаң жұмыс жасау үшін сұр төртбұрыш тәріздес болады:

  • Стандарт түрдегі кескіндердің барлық нүктелері анық емес және түсі бұлыңғыр болып келеді;

  • Үлкен мүмкіндікпен (С высоким разрешением) кескіннің дәл анық және берілген түспен көрсетілуін қадағалайды.

  1. Басылым тақырыбын ЖАНУАРЛАР деп енгізіңіз. Тақыры параметрлері:

  • Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –жартылай қарайтылған;

    • Түсі – BLАСК, өңділігі – 100%.

  1. Кескіннің маңайына мәтін орналастыру үшін объектілермен жұмыс жасағандағы секілді, жанама мәзірден Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындап, қажет параметрлерін орнатамыз. Енді осы тәсілмен кескіннің бетіне ИТ сөзін Қосымша №15 етіп орналастырыңыздар.

  2. Қалған екі кескінді жоғарыда орындаған ретпен орналастырыңыздар. Кескіндерді алу үшін Зайка.jpg және Кошки.jpg файлдарын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыздар.

  3. Соңғы кескінді және ҚОЯН сөзін объектіні бұру құралы арқылы бұрып, қосымшадағыдай түрге келтіріңіз.

  4. Басылымды ЖАНУАРЛАР атымен сақтаңыздар.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]



Бақылау сұрақтары

  1. Кескіндермен қандай жумыс жүргізуге болады?

  2. Кескіндерді қалай орналастыру керек?

  3. Кескін өлшемін өзгерту үшін не қажет?


Зертханалық жұмыс № 13
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу
Мақсаты: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеп үйрену. Беттер қосудың, алудың әдістерін меңгеру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де көп бетті басылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Кез келген мәтіндік редакторда терілген құжатты беттеу керек болса, оны Adobe PageMaker-де ашып, өңдеуге болады. Басылымның неше беттен тұратынын терезенің сол жақ төменгі бұрышынан көре аласыз. Жаңа беттер қосуды немесе жоюды бет номері үстіне барып, жанама мәзірден Беттер қою (Вставить страницы), Беттерді жою (Удалить страницы) командаларын орындау арқылы немесе мәзір қатарынан Жоспар (План) - Беттер қою, Жоспар (План) - Беттерді жою командалары арқылы орындауға болады (Сурет 37).





Сурет 37. Бет қосу

Тапсырма:

Қосымша №16 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Жаңа басылым құрыңыз.

    • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі;

    • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

    • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

    • Бірінші беттің нөмірі — 1.




  1. Жаңадан 10 бет қосыңыз.

  2. Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Менің құжаттарым бумасынан АҚПАРАТ.doc мәтіндік файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз.

  3. Мәтіндік блоктармен жасаған жұмысты еске түсіре отырып, блокқа сыймай тұрған мәтінді келесі беттерге көшіріңіз. Бос қалған беттер болса оларды жойып тастаңыз.

  4. АҚПАРАТ сөзін теріңіз:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –жартылай қарайтылған;

    • Түсі – RED, өңділігі – 90%.

  1. Осы сөзді 450-қа бұрып, әр бетке көшірмесін алып орналастырып шығыңыз. Осы сөзді мәтіннің арт жағына орналастырыңыз.

  2. Көпбетті басылымды фреймдарды қолданып беттеңіздер. Ол үшін құралдар тақтасынан көпбұрышты фреймді таңдап салыңыз. Осы құралдың жанама мәзірінен Көпбұрыштың орнатылымдары (Установки многоугольника) командасын таңдаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 38):




Сурет 38. Көпбұрышты орнату терезесі
Осы терезедгі параметрлерді орнатып, ОК батырмасына шертіңіз.

  1. Салынған көпбұрышты фреймді тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз. Сонда фрейм төбелерінде төртбұрышты маркерлер пайда болады. Осы маркерлер көмегімен фрейм төбелерінің координаталарын өзгертуге болады.

  2. Фреймнің түсін, шектеуінің түсін, түрін өзгертіңіз.

  3. Объектіні мәтіндік блоктың арт жағына орналастырыңыз. Осы әрекетті әр түрлі фреймдарды пайдаланып көпбетті басылымның әр бетіне орналастырыңыз (Қосымша №16).

  4. Басылымды АҚПАРАТ деген атпен сақтаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]


Бақылау сұрақтары

  1. Көп бетті мәтін қалай жүктеледі?

  2. Басылым беттері бойынша жылжу калай іске асырылады?

  3. Беттерді қосу және жою қалай жасалады?


4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1
Тақырыбы: Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау
Мақсаты: Қазіргі заманғы баспа жүйелерін ДК пайдалана отырып, практикада қолдану
Тапсырма:

ТП MS Word қолдана отырып, Сурет 1 көрсетілген тапсырманы орындаңыз.


Сұрақтар:

  1. Компьютерлік беттеуге қатысатын объектілер қайдан алынады?

  2. Қандай баспа жүйелерін сіздер білесіздер?

  3. Мәтіндік редактолар мен баспа жүйелерінің айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?

  4. Мәтіндік процессорда қандай операцияларды орындаған қолайлы?

  5. Баспа жүйелерінде қандай операцияларды орындаған қолайлы?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Келесі суретте (Сурет 1) жалпы құжатты құрайтын жекелеген объектілердің шектеулері көрсетілген. Әрбір объектінің еркін орнын ауыстыруға болады. Объектілер әр түрлі қабаттарда орналаса алады.



  1. Мәтіндік болкқа үстінен басқа объект әкеліп қойса, мәтін сол объектіні жағалай орналсады.

  2. Мәтіндік объектілер тіктөртбұрышты формаға ие және мәтін енгізуге арналған. Мәтіндер байланысқан бола алады. Бұл жағдайда мәтін бір блоктан екіншісіне көше береді.

  3. Графикалық объектілер алдын-ала дайындалған кескіндерді қоюға арналған.

  4. Графикалық объектілерді тек тіктөртбұрышты етіп қана орналастырмайды, ол автордың өз еркінде.

  5. Тек дөңгелек, төртбұрыш, сопақша формалардан басқа еркін түрдегі формаларды да қолданады.

  6. Баспа жүйелерінде стандартты элементтерде кеңінен қолданылады. Солардың бірі – түзулер.

ЕСКЕРТУ: Бірнеше үлкен өлшемді күрделі суреттерді біріктіру кезінде қиындықтар тууы мүмкін. Осы жұмысты жеңілдету үшін объектілерді топтау қолданылады.

Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,5,6,7]






Сурет 1

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2
Тақырыбы: MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мақсаты: Мәтінді бағандарға бөлуді, WordArt компонентін, формуланы, сурет қоюды қолданып үйрену
Тапсырма:

Қосымша №2 тапсырмасын орындаңыздар.


Сұрақтар:

    1. Мәтінді көпдеңгейлі тізім ретінде қалай өңдеуге болады?

    2. Керек маркерді қалай таңдауға болады?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №2 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[2,3,5,6,7]/[6]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

Мақсаты: Microsoft Word программасында Сурет салу тақтасының компоненттерін қолдануды және стиль құруды үйрену.
Тапсырма:

  1. Сурет салу тақтасының құралдарын қолдана отырып қосымша Қосымша №3 тапсырмасын орындаңыздар. Символдар қойып, қаріп параметрлерін қосымшадағыдай дұрыс таңдаңыздар.

  2. Өз бетіңізбен өткізілетін жаңа жыл кешінің хабарландыруын жасаңыз. Онда стильдер құрыуды, автофигураларды қоюды, оларды топтауды, маркерленген тізімді қолданыңыз.


Сұрақтар:

  1. Құрылған стильді өзгертуге бола ма?

  2. Символды қалай қоюға болады?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №3 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[2,3,5,6,7]/[6]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №4
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-де дайын басылымдар шаблондарымен жұмыс жасау және оларды түрлендіру
Тапсырма:

Қосымша №6 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Визиткалық карточкалар – Қарапайым (Простой) – Визитная карточка. Каскад таңдаңыз. Эмблеманы өзгерту, қаріп түрлерін өзгертуді алдыңғы тапсырмаға қарап отырып орындаңыз. Түстік схема – Вереск. Жұмысыңызды ВИЗИТКА деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.
Сұрақтар:

  1. Түстік схеманың қызметі қандай?

  2. Есептер облысы терезесінің қызметі қандай?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №4 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №5
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау
Мақсаты: Өз бетімен дайын шаблондарды өз басылымдарын құруда қолдану және өңдеу
Тапсырма

Қосымша №8 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Мәзір (Меню) – Ерекше тағамдар (Особые блюда) – Зубчики Эмблеманы өзгерту, қаріп түрлерін өзгертуді алдыңғы тапсырмаға қарап отырып орындаңыз. Жұмысыңызды МЕНЮ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз
Сұрақтар:


    1. Форматтау тақтасында қандай компоненттер орналасқан?

    2. Microsoft  Office Publisher программасында қаріпті форматтау үшін қандай мәзірді пайдаланамыз?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №5 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №6
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің барлық компоненттерін және мүмкіндіктерін таратпа немесе көрнекілік материалдарын құру үшін қолдану

Тапсырма

    1. Қосымша №10 тапсырмасын орындаңыз. Ол үшін Бос басылымдар ішінен Бос бет (Целая страница) таңдаңыз. Бет параметрі – альбомная. Басылым макеті – КЛИНЬЯ. Объектілер тақтасының компоненттерін қолданып сызықтық алгоримтнің блок схемасын салыңыз. Блок схеманы топтаңыз (группировать). Жұмысыңызды АЛГОРИТМ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.


Сұрақтар:

  1. Бетті қалай номерлейді?

  2. Басылымның макет түрін қалай өзгертуге болады?

  3. Суреттерді, кескіндерді қалай орнатуға болады?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №6 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[3]/[7,11]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №7

Тақырыбы: PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
Мақсаты: PageMaker-де басылымның параметрлерін орнатуды, басылымды сақтау және ашуды үйрену
Тапсырма

Берілген параметрлермен жаңа басылым жасаңдар: қағаз пішімі А4; бағдары Кітап түрі (Книжная); бір жақты; өрістер: сол жақ — 25, оң жак — 20, жоғарғы — 20, төменгі — 15. Басылымдыды pub1 атымен сақтаңдар. Басылымды қайта ашып көріңдер.


Сұрақтар:

  1. Басылымды құрайтын PageMaker объектілерін атап шығындар.

  2. Басылымды құру, ашу, сақтау, жабу командалары қай мәзірде орналасқан?


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №7 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]




Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу
Мақсаты: PageMaker-де құралдарын қолдана отырып, суреттер салу, оларды топтау, түрін түсін өзгерту
Тапсырма

Келесі Қосымша №12 тапсырманы өз беттеріңізбен орындаңыздар. Тіктөртбұрыш, түзу, эллипс элементтерін қолданасыздар. Шекаралар және бояу терезесіндегі параметрлерді өз беттеріңізбен таңдаңыздар. Басылымды ДОМ атымен сақтаңыздар.


Сұрақтар:

  1. Бағыттауыш құралының қызметі қандай?

  2. Бетті қарауды қалай іске асыруға болады?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №8 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтінді өңдеп және форматтап үйрену
Тапсырма

Қосымша №11 тапсырмасын өз беттеріңізбен аяқтаңыздар. Ол үшін алдыңғы сабақтағы БАСПА файлын ашыңыз. Салынған схеманы мәтіндерін енгізу арқылы аяқтаңыз. Басылымның төмен жағындағы мәтінді теріңіз. Басылымды қайта сақтаңыздар. Мәтіннің параметрлерін өзгерту үшін Қаріп параметрі (Параметры шрифта) сұхбат терезесін пайдаланыңыздар. Ол терезені ашу үшін Ctrl+T пернелерін басыңыз немесе Мәтін – Символы командасын орындаңыз.
Сұрақтар:

  1. Қаріп сипаттамаларын өзгерту қалай орындалады?

  2. РМ-де мәтінмен жұмыс істеу қалай ұйымдастырылған?



Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №9 берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу
Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау: бөлу, біріктіру, орын ауыстыру және форматтап үйрену
Тапсырма

Әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, келесі тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Сұрақтар:

  1. Мәтінді бұру қалай іске асырылады?

  2. MS Word пен Page Maker де мәтін өңдеуді салыстырыңыздар.


Тапсыру формасы:

Тапсырманың электронды нұсқасын оқытушыға көрсетіңіз және сұрақтарға СОӨЖ дәптеріне жауап жазыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Зертханалық сабақ №10 және келесі берілген әдістемелік нұсқауларға қарап орындаңыз.


1 Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі;

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

2 ОК батырмасын шертіңіз.

3 Келесі мәтінді теріңіздер:




Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиім ді пайдалану мәселелірн шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.

Информатика:

  1. ақпарат, жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;

  2. ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;

  3. ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық; ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

4 Басылым параметр мәтіннің параметрлерін өзгерту үшін Қаріп параметрі (Параметры шрифта) сұхбат терезесін пайдаланыңыздар.



  • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Arial;

    • Өлшемі – 16;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Түсі – BLUE, өңділігі – 70%.

5 Басылымға ИНФОРМАТИКА ҒЫЛЫМЫ тақырыбын беріңіздер. Тақырыпты 350-қа бұрып жоғары жағына орналастырыңыздар.

6 Мәтінді екі мәтіндік блокқа бөліп, қайта біріктіріңіздер. Орындау ретін оқытушыға түсіндіріңіздер.

7 Басылымды ИНФОРМ атымен сақтаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер

[1]/[1,3,11]



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №11
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдері
Мақсаты: Adobe PageMaker-де объектілер қою, блок схемалармен жұмыс жасау, мәтінді көшіру, қою тәсілдерін меңгеру
Тапсырма

Қосымша №14 тапсырмасын өз беттеріңізбен орындаңыздар. Жаңа басылым құрыңыздар:



      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ИНФОРМ басылымындағы мәтінді көшіріп осы басылымға қойыңыздар. Ары қарай объектілер жиынымен жұмыс істеуді, объект қоюды, объектілерді топтастыруды еске түсіре отырып басылымды жасаңыз.



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет