Баспа релизі алматыда Даму жөніндегі ақпарат орталығының ашылуы Алматы, 2009 ж



жүктеу 29.82 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі29.82 Kb.
: INTKAZAKSTANINRUSSIAN -> Resources


Национальная библиотека Республики Казахстан

Всемирный банк, Департамент ЦАРЭС Азиатского банка развития, Евразийский банк развития, Исламский банк развития, Организация Объединенных Наций


БАСПА РЕЛИЗІ

Алматыда Даму жөніндегі ақпарат орталығының ашылуы
Алматы, 2009 ж. 24 қыркүйек. Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанда жұмыс істейтін ең ірі бес халықаралық ұйымның Даму жөніндегі ақпарат орталығының (ДАО) ашылуы болып өтті, атап айтқанда, олар: Азия Даму банкі (АДБ), Дүниежүзілік банк (ДБ), Еуразия даму банкі (ЕАДБ), Ислам Даму банкі (ИДБ) және Бірікке Ұлттар Ұйымы (БҰҰ).

Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен серіктестікте ашылды. ДАО-ның түбегейлі мақсаты Қазақстан азаматтарының өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың озат тәжірибесі мен жинаған білімін қалың бұқараға жеткізу болып табылады. Орталық баршамызға даму саласындағы білімге тегін әрі ашық қол жеткізімділік пен халықаралық ұйымдардың қазіргі заманғы ұдайы жаңарып отыратын қорын пайдалануға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына мемлекеттік сала, ғылыми сала, оқу орындарының, кітапхана, мұрағат, мұражай, бұқаралық ақпарат құралдарының, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі және Біріккен Ұлттар Ұйымының салтанатты рәсімде сөз сөйлеген өкілдері қазақстандықтардың халықаралық ұйымдар мен олардың елде іске асырып отырған жобаларын, жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму процестерін жақсы түсінуге септігін тигізетін осы жалпы бастаманың маңыздылығын бірауыздан атап өтті. ҮЕҰ, ғылыми сала өкілдері өз тарапынан дамудың барлық мәселелері бойынша бүкіл әлемдегі әріптестермен жинақталған ең озат тәжірибелерді алмасу үшін мұндай ақпараттық орталықтың аса қажеттілігін атап өтті. ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директорының 1-ші орынбасары Балабекова Гүлисаның пікірінше, ДАО студенттер мен оқытушыларды, ғалымдарды, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді және жеке сектор өкілдерін қоса әр түрлі қоғамдық топтарға пайдасын тигізеді.

Еліміздің бас кітапханасында орналасқан ДАО әлеуметтік және экономикалық дамуға қатысты қорды жан-жақты танып, зерттеуге, халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы және бүкіл дүние жүзіндегі қызметі туралы ақпаратқа қоғамның қолжеткізілімдігін қамтамасыз ететін әмбебап орын болуға арналған. ДАО ақпарат пен білімнің бірегей дерек көзі болып табылады, қолжеткізімділіктің қарапайымдылығы мен біркелкілігін қамтамасыз ету үшін, онда төрт халықаралық қаржы инситтуты мен БҰҰ-ның арнайы мекемелерінің қоры жинақталған. Қалың бұқараға даму саласындағы білімді қалыптастыруға септігін тигізетін бірқатар қызметтер ұсынылады. ДАО дамудың әр түрлі бағыттары, әлемдік тәжірибе әрі қазіргі заманғы статистикалық және талдау ақпараты бойынша қомақты деректер қорына ашық қолжеткізімділік береді. ДАО-ға кірушілер ақпарат іздестіруде кеңес пен көмек алып, Ғаламторға тегін кіре алады. ДАО жиынтығында даму мәселелеріне қатысты экономикалық шолу, салалық зерттеулер, жобалық құжаттама және Қазақстанда қызмет атқаратын көптеген халықаралық ұйымдардың есептері бойынша, сонымен қатар шетелдік баспалардан шыққан басылымдарды қоса 1000-нан астам басылым, мерзімді басылымдар, мультимедиялық материалдар бар.

Болашақта ДАО-да көпшілік іс-шаралар, соның ішінде жаңа басылымдардың көрсетілімдері, семинарлар, әр түрлі тақырыптар мен оқиғаларға арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі деп күтілуде.

ДАО Ұлттық кітапхананың 3 қабатында (Әлем әдебиеті залы) орналасқан, жексенбіні қоспағанда күнделікті сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Байланыс:

Раиса Таскеновна Джиенова (ҚР ҰК)
Максат Кыстаубаев (АДБ) Шолпан Нуртаева (ИДБ)
Властимил Самек (БҰҰ)
Елена Серебренникова (ЕАДБ)
Кубат Сыдыков (ДБ)

+7 (727) 267 2848, worldbooks@nlrk.kz


+7 (727) 330 0950, mkystaubayev@adb.org
+7 (727) 272 7001, sholpan@idb.org
+7 (727) 258 2643, dpi.kz@undp.org
+7 (727) 244 4044, serebrennikova_ep@eabr.org
+7 (727) 298 0580, ksydykov@worldbank.org

ДАО мекен-жайы:
Алматы, Абай д-лы, 14,
3-ші қабат, ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті залы
www.nlrk.kz/dic




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет