Баспасөз хабарламасы 2015 жылы 9 желтоқсанда сағат 16. 00-де



Дата28.04.2016
өлшемі18.2 Kb.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2015 жылы 9 желтоқсанда сағат 16.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ.Сәтбаев көшесі, 2. Бас ғимарат, Тұңғыш Президент аудиториясы - 208) Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтеді.

Шараға академиктер – Сейіт Қасқабасов, Мұқтарбай Өтелбаев, Ғарифолла Есім; мемлекет және қоғам қайраткерлері – Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы, Сайлау Батыршаұлы, Жандарбек Мәлібеков, Ғаділбек Шалахметов, Нәубет Қалиев, Мырзагелді Кемел, Намазалы Омашев; Еуразия ұлттық университетінің профессорлары –

Қаржаубай Сартқожаұлы, Тұрсын Жұртбай, Сатай Сыздықов, Рәтбай Мырзақұлов, Кенжеғали Мыржықбай, Жантас Жақыповтар қатысады.

Салтанатты шара барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов пофесссор-оқытушылар құрамы мен сала қызметкерлерін, студент-жастарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай келіп, білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану профессоры Алмас Алматовты «Күлтегін» медалімен, Мина Романенконы «Лев Гумилев» медалімен марапаттайды.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану профессоры Алмас Алматовтың «Ұлы Дала сазы» атты шығармашылық кешіне ұласады.

Анықтама үшін:

Алмас Алматов қазақтың жыршылық, жыраулық өнерінің әлемдік саханаға шығуына алғаш жол салған өнер иесі.  «Парасат» орденінің иегері. Өнер жолында жүзден астам шәкірт тәрбиелеп, халқаралық, республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындаған және ғылыми зерттеу жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыратын білікті ұстаз.

Отбасылы. Жұбайы Мейрамкүл Алматова музыка маманы, оқытушы. Алла берген, Бес баланың әкесі. Төрт келін, жеті немеренің атасы... Әулеттің үлкені.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com




Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет