Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу



Дата28.04.2016
өлшемі60.17 Kb.
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу

9-сынып


Массасы  33,3  г кальций хлориді бар ерітінді мен массасы  16,4 г натрий фосфаты бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі?

Берілгені:

m (СаСl2) = 33,3 г

m (Nа3РО4) = 16,4 г

Т/к m (Са3РО4)2)

Шешуі:


1-әдіс.

1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

ЗСаСl2 + 2Nа3РО4 = Са3(РО4)2↓+ 6NаСІ

М (СаСl2) = 111 г/моль

М (Nа3РО4) = 164 г/моль

М (Са3РО4)2) = 310 г/моль

2) Реакция теңдеуі бойынша :

З•111г СаСl2 –––––––––– 2 •164 г Nа3РО4

33,3 г СаСl2 –––––––––– х г Nа3РО4
33,3 •328

х = –––––––––– = 32,8 г

33,3 

3) 33,3 > 32,8 болғандықтан, кальций хлориді артық мөлшерде алынған. Әрі қарай есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:



2 •164 г Nа3РО4 –––––––––– 310 г Са3(РО4)2

16,4 г Nа3РО4 –––––––––– х г Са3(РО4)2


310 •16,4

х = –––––––––– = 15,5 г

328 
2 -әдіс.

1) Есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

М(СаСl2) = 111 г/моль

М(Nа3РО4) = 164 г/моль

М(Са3РО4)2) = 310 г/моль

2) Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін есептейміз:

m 33,3 г

= ––––– ; (СаСl2) = ––––––––––– = 0,3 моль

М 111 г/моль


16,4 г 

(Nа3РО4) = ––––––––––– = 0,1 моль

164 г/моль


3) Реакция теңдеуін жазып, заттардың формулаларының үстіне анықтаған зат мөлшерін, ал астына теңдеу бойынша реакцияға түсетін зат мөлшерін жазамыз:
0,3 моль 0,1 моль ? моль

З СаСl2 + 2Nа3РО4 = Са3(РО4)2↓+ 6NаС1

3 моль 2 моль 1моль

Реакция теңдеуі бойынша 3 моль кальций хлориді 2 моль натрий фосфатымен әрекеттеседі. Бастапқы заттардың мөлшерін салыстырамыз: v (3СаСl2) > v (2Nа3РО4)

3) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалатын болғандықтан, есептеуді натрий фосфаты бойынша жүргіземіз:
         

0,1моль   х моль

ЗСаСl2 + 2Nа3РО4 = Са3(РО4)2↓+ 6NаСІ

        2 моль    1 моль


2 моль Nа3РО4 –––––––––– 1 моль Са3(РО4)2

0,1 моль Nа3РО4 –––––––––– х моль Са3(РО4)2


0,1 •1

х = –––––– = 0,05 моль

m = М •; m(Са3(РО4)2) = 0,05 моль•310 г/моль = 15,5 г



Жауабы: 15,5 г.

Массасы 10 г алюминий карбиді (Al4C3) массасы 10 г сумен әрекеттескенде түзілен метанның (қ.ж.) көлемін есептеңіздер. Берілгені: m (Al4C3) = 10 г m (Н2О) = 10 г Т/к V (СН4) Шешуі: 1) Реакция теңдеуін жазып, есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:

  10г   10г ?

Al4C3 + 12Н2О = 3СН4 + 4Al(ОН)3

1 моль   12 моль 3 моль

144 18 Vm =22,4л/моль

М(Al4C3) = 27 •4+12• 3 = 144 г/моль

М(Н2О) =1•2+ 16 = 18 г/моль


2) Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін заттардың зат мөлшерін есептейміз:

m 10 г


= ––––– ; (Al4C3) = ––––––––––– = 0,069 моль

М 144 г/моль


10 г 

2О) = ––––––––––– = 0,55 моль

18 г/моль

Реакция теңдеуі бойынша, 1 моль Al4C3 12 моль сумен әрекеттеседі, 0,069 моль Al4C3 мен 0,069•12=0,828 моль су қажет. Демек, 0,55 моль су 0,069 моль Al4C3 - мен әрекеттесуге жеткіліксіз. Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалатын болғандықтан, есептеуді су бойынша жүргіземіз:

3 1 0,55 моль

3) (СН4) = ––––– 2О) = ––– 2О) = ––––––––– = 0,137 моль

12 4 4


4) Реакция нәтижесінде бөлінетін газдың көлемін зат мөлшері бойынша есептейміз:

V(CH4) = (CH4) • Vm = 0,137 моль • 22,4 л/моль = 3,07 л

Жауабы: 3,07 л.

ЕСЕПТЕР
1) Массасы 29,2 г тұз қышқылы мен массасы 44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 46,8 г.
2) Массасы 47 г калий оксидіне массасы 40 г азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген калий нитратының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 64,12 г.


3) Массасы 40 г мыс (II) оксидіне массасы 49 г сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 80 г.


4) Массасы 36 г алюминийге массасы 64 г күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий
сульфидінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 100 г.


5) Массасы 53 г натрий карбонаты бар ерітіндіге массасы 49 г күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 71 г.


6) Массалары 34 г күміс нитраты бар және 34 г натрий хлориді бар ерітінділерді араластырды. Реакция нәтижесінде түзілген күміс хлоридінің массасы мен реакцияға түспеген натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.

Жауабы: 28,7 г және 22,3 г.


7) Массасы 10 г күкірт қышқылы мен массасы 9 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырды. Түзілген натрий сульфатының массасын есептеңіздер.

Жауабы: 14,5 г.


8) Массасы 16,8 г натрий гидрокарбонаты массасы 56 г тұз қышқылымен әрекеттесті. Реакция нәтижесінде түзілген көміртегі (ІV) оксидінің көлемін (қ.ж.) және ракцияға жұмсалмаған заттың массасын есептеңіздер.

Жауабы: 4,48 л және 47,45 г.


9) Массасы 20,8 г барий хлориді мен массасы 8,0 г натрий сульфатының ерітінділерін араластырғанда түзілетін тұнбаның массасын есептеңіздер.
Жауабы: 23,3 г.
Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет