Бастауыш сынып оқушыларына рухани тәрбие беруде дәСТҮрлі халықТЫҚ музыканың тарихилығЫ



Дата28.04.2016
өлшемі88.18 Kb.
ӘӨЖ 37.091.313
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚТЫҚ МУЗЫКАНЫҢ ТАРИХИЛЫҒЫ.
С.З.Байбатшаева
ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Танымдық белсенділік — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде, бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы-музыкалық өнер. Соның ішіндегі бастауыш мектеп  оқушыларының бастапқы музыкалық  мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.

Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру–музыкалық ынтасын,қажеттерін,қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Тәрбиенің аса маңызды құрамы -өнер. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын-музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира байтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасаған.Бүгінгі заман талабы- еліміздегі болып жатқан  саяси экономикалық , ғылыми-техникалық , мәдени өзгерістерге байланысты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр.Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемдеу, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен мінезін  сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі рухани тәрбие. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудіді қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек.Яғни, ұрпағымызға ұлттық тарбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті.Және әрбір ұлттың баласы  өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай

саласын болса да сол фольклорымыздан тауып, ажырата аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбиенің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай рухани - мәдени мұраларынының бірі музыкалық фольклор. Фольклор-ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің бір тұтастығына

негізделген ерекше бір сала .[6] Халықтық арман-мұраттар мен рухани құндылықтарды орнықтыруға мүмкіндік туғызуға ықпал ететін этномәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып біз фольклордың мәні –рухани мұра, қалың көпшіліктің шығармашылығы, көптеген ұрпақтардың мәдени тәжірибесінің қорытылуы этностардың көпсалалы тәрбиелік

құралы екендігін айқындаймыз. Мұндай шығармашылық әсіресе музыкалық фольклорлық жанрларда айрықша сезіліп оның өрісі айқындай түседі. Сол сияқты, қазақ халқының да ауызша музыкалық поэтикалық мәдениеті адамзаттың кейінгі ұрпаққа қалдырған, мәдени мұрасының жарқын белгілері болып отыр. «Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды білдіреді. Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Ол- бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан, ол көпқатпарлы, көпсатылы, көпмағыналы және көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер- бір жағынан фольклор, өйткені олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда олар - сол дәуір қоғамының мәдениеті, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Әр түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Түптеп келгенде сол көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді. Қазақ музыка фольклорының шын мәнінде қолға алынып жиналуы тек Қазан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ халықтың музыка өнерін зерттеуге деген қамқорлық күшейді. Бұл мәселені сөз еткенде, біз ең алдымен атақты фольклоршы А.В.Затаевичтің есімін еске түсіреміз. Қазақтың 2000-нан аса бағалы музыкалық шығармаларын жазып алып, «Қазақтың 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән, күйі» атты екі томдық жинақтарының алғы сөзінде, ескертулерінде халық музыка өнеріне байланысты шығармаларының құрылысы, өзгешеліктері және халық композиторларының, орындаушыларының әрқайсына тән ерекшеліктері туралы түйінді пікірлер айтты.

Қазақ музыка мәдениетінің өзіндік даму, өсу жолдары бар десек, сол жолда талай-талай қиындықтар мен бөгеттер кездесіп отырды. Солардың бірі-музыка мамандарының тапшылығынан туған жай еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде қазақ музыкасын дамыту тұрғысында жаңа бастамалар жинақталып, тың күштердің алғашқы сапы келіп қосыла бастады.

Кеңес дәуірінде фольклордың көбіне сөз өнері ретінде танылып келген белгілі. Ол халық шығармашылығы, ауыз әдебиеті мағынасында ғана қолданылып, негізінен тұрмыс-салт жырларын, ертегі, аңыз, көне, батырлық, романдық, тарихи жырларды қамтыды.Музыкалық фольклор осы аталған жанрлардың басым көпшілігімен сабақтас. Бері келе қазақ фольклор музыкалық әуеннен тыс дамитын мақал-мәтел, шешендік сөздер, жұмбақ секілді шағын үлгілері де зерттеле бастады. Музыкалық фольклор осы аталған жанрлардың басым көпшілігімен сабақтас. Бірақ оны бір ғана сөз емес, саз өнері деген жөн. Себебі, белгілі бір музыкалық-эпикалық дәстүр аясында жеткен фольклор шығармаларының барлығы дерлік өнерімен тығыз байланысты.Музыкалық фольклор шеңберінде халық ән-күйлерінің құрылымдық, ладтық, интонациялық, ырғақтық, т.б. ерекшеліктері де қарастырылады. Ән жанры тұсында олардың көркемдік жүйесі мен поэзиялық өлшем - құрылымы да назардан тыс қалмауы шарт.

Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу, тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір қажеттілігінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған. Салтқа байланысты музыкалық шығармалардың құрылымы қарапайым келеді. Салттан тыс фольклор үлгілеріне халық әндері мен күйлерін жатқызамыз. Олар авторы жоқ, бірақ тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар. Мысалы, "Келіншек", "Ақсақ құлан", "Қамажай", "Маусымжан",т.б. шығармалардың иесі болмаса да, олардың фольклорлық мұра екендігі айқын. Оның үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Салттан тыс фольклордың басым көпшілігін лирикалық жанр құрайды. Тарихи әндер сиректеу. Мұның өзі халқының әсемдік, сұлулық, туралы эстетикалық, талғамының өскендігін байқататын белгі. Музыкалық фольклор - көркем әрі тарихи категория. Оны түрлі кезеңдердің үн-әуенін бойына жинақтаған тарихи дереккөз ретінде бағалауға да толық негіз бар. Көптеген фольклор шығармаларының мазмұны нақты бір тарихи оқиғаларға құрылған болса, олардың тарихи табиғатына тереңдей түскен жөн. Тарихилық тек қана шығарманың атауы немесе белгілі бір тарихи оқиғаға қатысына байланысты емес, ең алдымен фольклор туындысының өз табиғатынан анықталуға тиіс.

Қазақ фольклоры туындылырының саласындағы тарихшылдығы-оның ұлттық қасиеті болып саналады. Фольклор туындылырының тарихилығын қарастырғанда өткен дәуірдегі көшпелі қазақ халқының әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени мәселелермен бірлікте қарау басты міндет болуы тиіс. Қазақ фольклорын халықтың тарихы,әдебиеті тілі, салт-дәстүрі, этнографиясы, географиясы сияқты салалардан бөліп алып тексеру қиын олай болуы да мүмкін емес. Себебі бұлар әр уақытта қоғамы мен заманына байланысты тығыз бірлікте, бір-бірін толықтырып, толыққанды мазмұнға ие болатыны сөзсіз. Бұл салада фольклор халықтың тұрмыстық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, дүниетанымын белгілі дәрежеде жоғары сатыға көтереді, оның жанрларының синкреттілігі, көп функциялылығы мәселені кең көлемде қамтуды қажет етеді. Бұлар фольклор туындыларының негізгі арнасы болып табылатын тарихнамамен тығыз байланысты. Олай дейтініміз тарихнама фольклордың және тарихи-этнографиялық еңбектердің сапалығын айқындайтын өлшемнің бірі. Фольклор туындыларының ортақ нышаны бір туындыда талай заманның елесін бере алатын көп қабаттылық болып табылады.

Фольклордың тарих және әлеуметтік шындықпен байланысы туралы мәселе Ш.Уәлиханов еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ш.Уәлиханов фольклордың тарихилығын алғы шарт деп санады. Ол өзінің жазбаларында "Көшпелі, жазу-сызуы болмаған халықтардың тарихи фактыдан гөрі аңыздарында сақталған" - деп көрсеткен. Фольклордың тарихилығы деген ұғым өте кең ұғым. Фольклордың тарихилығы тарих, этнография, география өнер сияқты туыстас ғылымдармен өте тығыз байланыста болады, мазмұны жағынан бір-біріне толықтырып, оның сипатын атап көрсетеді. Фольклордың тарихилығының ең басты сипаттары-біріншіден, фольклорлық шығарма, екіншіден, заттық және рухани мәдениеттің мәліметтері, үшіншіден, тарихи оқиғаларға тікелей және жанама байланыстығы, төртіншіден, әр дәуір мен қоғам өміріне сәйкес өзгеріске ұшырауы. Бұл салалар фольклордың этнографиялық шындыққа қатысын, жанасылымдығын көрсетеді. Жалпы, фольклорда кездесетін этнографиялық мотивтер, сюжеттер этнографиялық болмысты, келтіруге өте құнды дерек көз болып саналады.

Қазақ музыка фольклорының кәсіби негізде зерттелуі А.Жұбанов, Б,Ерзакович, Л.Хамиди, Е.Брусиловский ізденістерінен бастау алады. Б.Ерзаковичтің «Песенная культура казахского народа» атты еңбегі қазақ халқының музыкалық фольклорын теориялық деңгейде зерттеудің үлкен бір көрінісі болады. Қазақтың әншілік және күйшілік дәстүрін бергі жерде зерттеген ғалымдар санатына А.Ахметова, А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова, Б.Қарақұлов, С.Елеманов, т.б. қосуға болады. Бүгінгі фольклортану ғылымының алдында тұрған басты міндет-халық ән – күйлерінің тарихилығы, қазақ этногенезінің қалыптасуына тигізген ықпалын анықтау болып табылады. Мақсатымыз: өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін, өнерін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылыққа ұштастыра білетін мәдениетті, өнерлі тұлға тәрбиелеу. Музыкалық тәрбиенің ерекшелігі – музыка  пәні арқылы сөзбен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудырады. Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Тарихи әуендер, эпикалақ жырлар, тұрмыс салт жырлары, лирикалық әндер т.б, міне осы фольклорымызбен- ақ  ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім- тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық.

Резюме
В данной научной статье рассматривается роль традиционной народной музыки в духовном воспитаний учеников начальных классов.
summary
In this scientific Article, it is said about the educating the pupils of primary school with the traditional folk musik history by the spiritual behaviour.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Балабеков Е. Қазақтың музыкалық фольклоры. – Алматы, 2006.

2. Абылқасымов Б. Фольклор шындығы. - Алматы, 1990.

3. Арчажникова Л.Г. Профессия - учитель музыки. - М., 1986.

4. .Қоңыратбаев Т. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991.

5.Сейсен Мұхтарұлы Шоқан және өнер.-А,:1985

6. «Қазақ фольклорының тарихилығы» Алматы 1993

7. Бетлугина. «Музыкалық тәрбие беру методикасы.» Алматы «мектеп баспасы



8. С. Ұзақбаева «Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие» Алматы 1993
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет