Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда сөздік қорды дамытудың маңызы Ш.Ә. Нұратаева



жүктеу 62.47 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі62.47 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда сөздік қорды дамытудың маңызы
Ш.Ә.Нұратаева.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық интситутының ІІ курс магистранты



Ж.А.Абилхаирова

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы



Аннотация. В статье рассматриваются вопросы развития словарного запаса в формировании культуры речи младших школьников.

Түйін сөздер: сөйлеу мәдениеті, сөздік қор, бастауыш сынып оқушылары.
Адам басқа да тіршілік иесінен тілі арқылы ғана дараланады, яғни адамның адамдық қасиеті тілінде. Алайда, тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның өмір сүруінің негізгі факторы. Ана тілінің қоғамдық қызмет атқаруы – ұлттың өмір сүруінің кепілі. Яғни ұлттың басты белгісі – тіл, тіл иесі – халық. Демек, қазақ халқының ана тілі, ұлттық тілі, мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ал мемлекеттік тіл – оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге тиісті тіл. Тіл байлығын игеру-ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Сондықтан бастауыш мектептен бастап бала ана тілін білу, үйрену, тіл мәдениетін арттыруды барлық саналы өмірінің әрекеті деп түсінуі керек. Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетін қалыптастырудың маңызды шарты сөздік қорын байыту болып саналады. Оқушының сөздік қоры сөздерден құралатыны белгілі. Сөз-тілдің негізгі бірлігі. Тіл арқылы айтылатын ой сөзге, сөз тіркесіне, солардан құралған сөйлемдерге негізделеді. Сөз адамның өзіндік әрекетін білдіреді. Осыған орай бұл ұғымға лингвистикалық сөздіктерде мынадай түсініктемелер беріледі: «Сөз – тілдің құрылымдық-семантикалық негізгі бірлігі, ол заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, болмыстағы қатынастарын атап білдіреді. Сөздің өзіне тән белгілері оның тұтастығында, өз алдына және өмір сүре алу және еркін қайталап отыру қабілетіне ие екендігінде. Сөз құрылымы жағынан фонетикалық, морфологиялық, семантикалық сипатта болып келеді. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары болады. Сөз семантикалық, грамматикалық белгілеріне қарай сөз таптарына қатысады. Сөз мағынасында адамдардың танымдық әрекетінің нәтижесі белгіленген. Сөз арқылы ұғым қалыптасады. Сөз сөйлем үшін құрылыс материалы ретінде қызмет етеді» [1].

Сөз тілдің барлық қызметін іске асырады, жарыққа шығарады. Сондықтан оның тілден басты бір ерекшелігі ол белгілі бір мақсатқа бағытталады. Сөздің материалдық жағы бар. Ол нақты жағдаяттарға байланысты болады. Ол жеке адамның нақты жағдайдағы ойын жеткізу әрекеті. Ол сол адамның сөйлеу (ойын бере алу) мүмкіндігін білдіреді. Бір адамның сөзін екінші адам дәл сол тұрғыда қайталай алмайды. Сондықтан сөз – нақты және қайталанбайтын әрекет. Біз ойымызды жүйелі, бірізді беруге тырысамыз. Сөз белгілі бір қарқынмен, ұзақ немесе қысқа уақытқа тыңдаушыларына түсінікті, анық, айқын жеткізіледі. Бала мектеп табалдырығын ең алғаш аттаған кезде, оның қазақ тілінің грамматикасын меңгеруге жеткілікті сөздік қоры болады. Бірақ оқу үдерісінде бала лексикалық сөздік қорының аздығын сезінеді. Бастауыш сынып оқушыларының сөздігіндегі мұндай қарама-қайшылықты бала тілді мектепке дейінгі кезеңде, қарым қатынас жасау және ойын жеткізу мақсатында ғана қолданғандығымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты ғалым М.Балақаев: «Тіл-әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдалануды табиғи айналадан үйренеді. Балаға дем алу, тамақтану қаншалықты табиғи болса, жастайынан тіл үйренуде сондай табиғи. Бірақ олардың әрқайсысының тіл үйрену негізі, болмаса оның себеп-салдары әр түрлі. Заттың аты мен заттың өзі бір емес, бірақ затты басқа заттардан айырып тану арқылы бала сол заттың атын, басқа қасиеттерін біледі. Қой, ат, ит, мысық сияқты заттардың ойыншық арқылы, тірі қалпында көріп-біліп тануы баланың ақыл-ойына олардың атымен бірге қалыптасады да, бара-бара ол атаулар да бала үшін өз үйінде қорасында көрінген заттары ғана болмай, жалпылық қасиеті бар заттардың абстракт аттар болып ұғынылады. Сөз адамның обьективті болмысты тануының жалпылама аты, сондықтан оқушының сөз байлығы оңайлықпен қалыптаспайды», - дейді [2].

Баланың мектепке алғаш келуінен бастап тіл дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Оқу үдерісінде материалды игеруге, ойын анық, айқын жеткізуге оқушыға сөздік қоры жетпей жатады. Бұл жаста бала көбіне айналасындағы заттар мен құбылыстар жөнінде түсінгенін көбіне жеткізе алмай жататындығы белгілі. Сөз үйретілмейтін сабақ болмайды. Сабақта оқушылар өзге адамның сөзін түсінуді және сөйлеуде сөзді түрлі грамматикалық формада қолдануды үйренеді. Сөздік қорды байытуға байланысты мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде оқушылардың сөздік қоры байып, әр сөздің әр түрлі мағынада қолданылатынын түсіне бастайды. Оқушының сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда мұғалім түрлі әдістер арқылы сөздің мағынасын түсініп, сөйлеуде сөзді орнымен, дұрыс қолдануға үйретеді. Мұғалім оқушыға сөзді біліп, түсініп қана қоймай, оны дұрыс қолдануға тәрбиелеуі керек. Мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуда – сөз мағынасын жете түсіндіріп, оны балалар күнделікті пайдалануы үшін жаттығулар жүйесі жасалады. Әдебиеттік оқу сабағында мәтінді оқушының тезірек меңгеріп кетуі үшін, мұғалім әрбір жеке сөздің мән-мағынасына баланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің ара қатынасын, байланысын, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып отыруы керек.

Сөздік қорды байыту оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруіне байланысты. М.Р.Львовтың пікірінше бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры күнделікті молайып, шамамен 4-5 сөзге көбейіп отырады [3]. Оқушының сөздік қорын күнделікті толықтырып отыру, тілді меңгеру, сөз мағынасын ұғыну барысында кездесетін төмендегі кемшіліктерді жояды:

- сөз мағынасын білу, бірақ сөзді есінде сақтамау;

- сөздің мағынасын жеке тұрғанда түсінбеу, тек мәтінді оқу барысында сөйлем ішінде түсіну;

- сөйлегенде сөзді қолдану, бірақ сөздің мағынасын жете түсінбей, сөзді қолданғанда түрлі қателіктер жіберу;

- сөзді есінде сақтамай, тек мағынасын білу, сөзді мәтінде танып, сөз мағынасын дұрыс түсіндіре алу;

- сөз мағынасын дұрыс түсініп, дұрыс қолдану, бірақ сөзді дұрыс дыбыстамау;

- сөзді тек тура лексикалық мағынасында қолдану және білу.

Бастауыш сынып оқушыларын сөздің түрлі мағынасымен, оның ішінде сөздің тура және ауыспалы мағынасымен таныстыру, сөздік қорының молаюына септігін тигізеді. Оқушының сөздің мағынасын түсінуі, сөз қолданысындағы көптеген қателіктерден құтылуға көмектеседі. Дегенмен, оқушы сөзді қолданысқа түсірмей жатып, сөздің семантикасымен таныстыру арқылы, сөзді оқушының сөздің қорына қосылды деп есептеуге болмайды. Бастауыш сынып оқушысына айтылатын ойдың мақсатына сәйкес сөзді орынды қолдану жеңіл емес. Ол туралы К.Д.Ушинский былай дейді: ««Вызов слов и форм языка из детской памяти очень полезен: у детей запас слов и форм родного языка обыкновенно не мал, но они не умеют пользоваться этим запасом, и вот этот – то навык отыскивать быстро и верно в памяти требуемое слово и требуемую форму есть одно из важнейших условий развития дара слова» [4].

Тілде белсенді (актив) сөздер тобы және белсенді емес (пассив) сөздер тобы болады. Бұл ерекшелікті оқушылардың сөздік қорына да қатысты айтамыз. Оқушылардың сөздік қоры белсенді, белсенді емес сөздер тобына бөлінеді. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытудың жолдарының бірі - баланың сөздік қорындағы сөздерді белсендіру. Кандай да бір дербес сөзді, оқушының белсенді немесе белсенді емес сөздік қатарына жатқызуымыздың әлеуметтік, психологиялық және әдістемелік себептері бар. Әлеуметтік себепке әдеби сөзге жатпайтын сөздерді қолдануға тыйым салуды жатқызамыз, яғни сөз тазалығын сақтау. Алайда, балалар сөзінде кейде ауызекі тілге тән, диалектизмдер сияқты сөздер де кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларына тіл мәдениетін меңгертеміз, сондықтан тіл мәдениетіне жатпайтын сөздерді қолданбау керек екенін мұғалім түсіндіруі қажет. Психологиялық себепке балалардың кей өзіне етене таныс сөздерин, ұялшақтық сияқты жеке дара психологиялық ерекшелігіне байланысты қолдана алмауын айтсақ, әдістемелік себепке балалардың қарым-қатынас жасау мақсатына сәйкес, сөзді таңдап, талғап қолдана алмауын айтамыз. Аталған себептердің барлығы, балалардың сөздік қорының азаюына немесе молаюына әсер етеді. Демек, белсенді сөздікті байыту баланың сөзді сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысымен тікелей байланысты. Сондықтан синоним сөздердің айтылатын ойға қайсысы дұрыс келетінін балаға тыңдатып жаттаттыру, антоним сөздердің сөйлеуде қайсысын қолдану орынды екенін балаға таңдатып, өзіне шешім қабылдатып дағдыландыру пайдалы.

Қорыта келгенде, оқыту ісінде сөздік қорды дамытуда қойылатын талаптар мен қажеттіліктерді естен шығармай, орынды іске асыру арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөздік қорларын байытамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Санат, 1993.

  1. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.– Алматы, Мектеп.–1989.

  2. Львов. М.Р. Основы теории речи.-М.: Академия, 2002.

  3. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения. - Т.5. М., – 1990.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет